400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар - тәрбиенің түп тамыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы Сондықтан да кешеден бүгінге сол құндылықтарымыз  қалай жетті, ертеңгі күнге жеткізе аламыз ба деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұхтар Арын атындағы 24 мамандандырылған лицейі


Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп тамыры»

Мақсаты:   Оқушыларды ұлттық құндылықтардықұрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар  біздіңтіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асылмұра екенін түсіндіру.
Көрнекілігі: қанатты
 сөздер, қолөнер бұйымдары, слайд, шарлар.
Түрі:  танымдық
 кеш
Әдісі:  сұрақ— жауап, пікірлесу.
 


Ой толғаныс.
 Құндылық дегеніміз не?
Оқушылар өз ойларын айтады.

Бейнеролик көрсету

Мұғалімнің кіріспе сөзі

      Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Оқушы санасына ұлттық құндылықтарды сіңірудің тағы бір жолы – халық ауыз әдебиетінде жатқандығы белгілі. Өйткені жасынан ертегі, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, шешендік сөздер мен батырлар жырларын, жыраулар шығармаларын оқып, жаттап, маңызды да, құнды тұнығына қанып өскен баланың бойында еліне, жеріне, халқына адамзатқа деген сүйіспеншілігі арта отырып, ұлтжанды, намысқой, арлы азамат қалыптасады. Ендеше сөздердің назарларыңызға 9ә сынып оқушыларының «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын ұсынамыз. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру. 


Елбасымыз:

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңежаның ашыса, азаматтық намысың болса,қазақтыңұлттық мемлекетінің нығайып көркеюі жолындажан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдіңде иесі екеніңді ұмытпа» деген болатын. Расындада, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – бізболамыз.


Барысы:

I. «Таңқалмаңыз» телебағдарламасы

  1. Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры.

Себебі, еліміз бен тілімізболашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей, ақыры мақсатынажетті деп жатамыз. 

Сіздердің тілге деген көзқарастарыңыз қандай?

  1. Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрлері, ырымдары көп.

Қазақ «қазақ» деген атпен осы күнге дейін қазақи салт-дәстүрлерімен, ырымдарымен, той-мереке, тағы басқа жол-жосындарымен талай елді таңқалдырып келеді. Ата-бабамыздың қалдырған асыл мұрасын қадірлеп, жоғалғанды жаңғыртып, қайта жаңарту ендігі болашақ ұрпақтың өз қолында.

Қазақ салт-дәстүрлері қазіргі таңда сақталуда ма? Сіздің пікіріңіз?


II.Топтық жұмыс.

Сырым Датұлының айтуы бойынша  үш көз:
Су анасы  бұлақ
Жол анасы  тұяқ
Сөз анасы –құлақ

Әнет Бабаның айтуы бойынша үш арсыз:       

Ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз.

Үш қуаныш:

1.Алғыс алу.  2. Өзіңді көптің іздеуі.    3.  Ісіңнің өшпеуі

Үш тәтті   

1. Жан тәтті

2. Мал тәтті

3. Жар тәтті                               

Бес қару:  Айбалта, найза, қылыш, садақ, мылтық.

Жеті жетекші:

Адамның басшысы  ақыл

Жетекшісі  талап

Жолаушысы  ой

Жолдасы  кәсіп

Қорғаны  сабыр

Қорғаушысы  мінез

Сынаушысы  халық

Жеті қазына:

Ер жігіт

Сұлу әйел

Ақыл, білім.

Жүйрік ат

Қыран бүркіт

Берен мылтық

Құмай тазы (ит)

Жеті жетім:

Тыңдамаған сөз жетім,

Киюсіз тозған бөз жетім,

Иесіз қалған жер жетім,

Басшысы жоқ ел жетім,

Аққу-қазсыз көл жетім,

Жерінен айырылған ер жетім,

Замандасы қалмаса сол жетім.


Қорытынды: Міне, балалар біз тәрбие алатын  ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған  шешендік сөздері, салт-дәстүрі, ырым, тиым сөздері   өте көп. Олардың барлығын   бір тәрбиесағатында айтып бітіру мүмкінемес.  Әлі де  оқып білмегенімізді толықтырамыз!  ХХІ  ғасыразаматының бойында  өркениетті  өміргеталпынатын,  атабаба дәстүрінжалғастыратын,  кіндік қамы тамған туғанжерін, асқақтаған көк тулыОтанын сүйетін,  үлкенкішіге мейірімді, ізетті, текті,  дені сау  азамат және азаматша болып өсулеріне  тілектеспін!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19.04.2023
612
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі