Материалдар / ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Біздің халықта ежелден келе жатқан ұғым – тәлімді, өнегелі қыздың ер жетіп өсуі ата-анаға және оның тәрбиесіне байланысты. Данышпан ақын Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты білік» деген еңбегінде «Қызға үлгі көрсет, ерлік ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп пен инабаттылықты үйрет. Сұрағанын бер, көз алдыңнан таса қылма, мықтап күзет. Мезгілі жеткенде тұрмысқа бер» дей келе қыз баланың барлық талап – тілегін орындау арқылы қатал ұстауды міндеттеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
2859
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Кіріспе

Shape1


«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін

қызмет қылатын болғандықтан,

тәрбиелі баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»
М. Жұмабаев













Біздің  халықта ежелден  келе  жатқан  ұғым – тәлімді, өнегелі  қыздың ер  жетіп  өсуі ата-анаға және  оның  тәрбиесіне  байланысты. Данышпан  ақын  Жүсіп  Баласағұн  өзінің  «Құтты  білік» деген  еңбегінде  «Қызға үлгі  көрсет, ерлік  ізгілікті басшылықа ала отырып, әдеп  пен инабаттылықты  үйрет.  Сұрағанын  бер, көз  алдыңнан  таса  қылма, мықтап  күзет. Мезгілі  жеткенде  тұрмысқа  бер» дей  келе қыз  баланың  барлық  талап – тілегін орындау  арқылы қатал  ұстауды   міндеттеді.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: – Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса  алатын тұлға өсіре аламыз, – деген болатын. Ол  үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін  жақсы білетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің  маңызы зор.
Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен  оқытудағы адамгершілікке бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады. Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей тұрғанмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде  тұлға құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.

«Қыз – болашақ ана», «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі».  Сөзімді  бұрынғы   білімпаздардың «Әйелдері  тәрбиелі болған халық - тәрбиелі, әйелдері  тәрбиесіз болған халық - тәрбиесіз. Әйелдері үнемшіл, пысық, жігерлі, талапты болса – халық бай, ал жалқау, салақ болса – халық  пақыр, кедей болады» деген екен.

Мені мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде бірнеше сұрақ мазалады:

  • Ұлттық құндылық дегеніміз не?

  • Мектебіміздегі қыз оқушылардың ұлттық құндылықтар туралы таным-

түсінігі қай деңгейде?

  • Қыз оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалай сіңіруге болады?

Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында зерттеу тақырыбымды «Ұлттық құндылықтар арқылы қыз баланы тәрбиелеудің маңызы» деп алдым. Бұл тақырыпты таңдау мақсатым – сан ғасырлар бойы бабалар аманатындай болып бізге жеткен ұлттық құндылықтарымызды, атап айтар болсам, қыз балаға қатысты салт-дәстүр, ырым-тыйымдар, отбасына қажетті ыдыс-аяқ, тұрмыстық дүниелер, аты аңызға айналған аруларымыздың өнегелі өмірін, рулы елдің қамын жеген ел анасы мен ел басына күн туғанда қолына қару алып, жауға шапқан қазақ қыздарының қайталанбас ерлігін қыз оқушылардың бойына сіңіре білудің жолдарын айқындау еді.

Тәрбие барысындағы міндеттерім:

  • Ұлттық құндылықтарды бағалай алатын қыз оқушыларды тәрбиелеу;

  • Ұлттық құндылықтарды тәрбие барысында жүйелі түрде ұйымдастыру;

  • Қыз оқушыларымызға ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында нұсқау беру.

Күтілетін нәтиже:

1) Әр қазақ қызының бойында ұлттық құндылықтарға деген сый-құрметі артады;

2) Ұлттық құндылықтарға қызығушылығының артуы нәтижесінде тәрбиесі жақсарады;

3) Қандай заман болмасын, өз ұлтының ғана жағдайын ойлайтын, өз ұлтын мақтан тұтатын, өз елінің болашағына алаңдайтын, Отанының өркендеуіне үлес қосуда белсенділік танытатын тұлға қалыптасады;















Қазақ даласындағы әлемді таңдандырған абзал аналар мен үкілі қыздар

Қазақ даласында әлемді таңдандырған абзал аналар мен үкілі қыздар аз болған жоқ. Қыз оқушыларымыз шетелдік жұлдыздар мен кино әлеміндегі түрлі кейіпкерлерге еліктемей-ақ, қазақ даласындағы әлемді таңдандырған абзал аналар мен үкілі қыздар туралы оқып-білу арқылы да тәрбиелене алады. Қазақ қыздарының ерлігі әйгілі Кирдың басын алып, патшалық құрған Тұмар ханымнан басталып, сол ерлік жолын 1986 жылы қазақ елінің тәуелсіздігінің жолында жанын қиған Сәбира мен Ләззаттар жалғастырады.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,

Арулар аз болды ма атқа қонған? – деген өлең жолдары дәл осы қазақ қыздарына арналғаны анық.

МShape2

ДОМАЛАҚ АНА. Домалақ ана - халқының абыз аналарының бірі. ҮІ-ҮІІ ғасырлар тоғысында өмір сүрген. Бәйдібек батырдың үшінші әйелі, Албан, Суан, Дулаттың анасы. Шын аты - Нұрилә. Өзгені де баласындай көріп, төңірегіне аналық мейірін шашқан, барынша кішіпейіл, алдағы күннің жайын ойлап, айтар сөзі ақиқатқа айналған болжампаз, көреген қасиетін құрметтеген ұрпақтары сол заманның өзінде-ақ оның атын атамай, жаратылысынан бойы шағын болғандығына қарай «Домалақ ана», «Домалақ ене» деп атап кетіпті.

ен бұл тізбектегі ханға әдiлдiгiн айтқан Қарашаштан бастап, ел тұтқасы болған Айғаным мен Фатима ханшалар, жауға қарсы шапқан ержүрек Гауһар мен Бопай сияқты батыр жарлар, сондай-ақ есiмдерi тұтас жұрттың тәрбиесі бесiгiне айналған басқа да аналардың рухани тұғыры уақыт өткен сайын асқақтай беретінін атап өткім келеді [6.17].

  

Shape3

Домалақ ананың қадір-қасиеті ерте-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме көп. Солардың бірі мынадай: «Бәйдібек заманында жайлауында үйір-үйір жылқысы, келе-келе түйесі, отар-отар қойы өрген, шығыс пен батысқа керуендер жүргізген асқан бай адам болған.

 

Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын шауып, сан мың жылқысын түре айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан жау шапты деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрилә: «Байеке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман болсын, осы тілегімді беріңіз», - деп өз отауының белдеуінде матамен байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау аттанға ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінеді дейді. Сол күні кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ түгел қайтарып алса керек. Мұндай әңгімелер көп-ақ.

Бәйдібек ауылының көші Ташкенттен Қаратауға көшіп бара жатқан жерде Балабөген өзенінің жағасында Әулие ана намаз оқып отырған жерінде қайтыс болған. Домалақ ананың немересі Дулат Бұхарадан Абдулла Шері есімді шеберді алдыртып, ана басына төрт қанатты күмбезделген кесене-там тұрғызады. Домалақ ана кесенесі бірнеше рет бұзылып қайта өңделген.

ХХ ғасырдың басында қойылған ескерткіш дөңгелек пішінді, сыртынан алты нишалы, ал күмбез негізгі ғимараттың үстінде болған. 1957 жылы қайта жаңартылғанымен кесене көп сақталмаған. 1996 жылы Маңғыстаудан арнайы әкелінген ақ таспен жаңадан өрілген. Жерден биіктігі 12 метр биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігіне күмбез орнатылған. Домалақ ана кесенесіне 2000 жылы айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары толық аяқталған. Кесененің құрылысын жүргізуші және жобасын жасаушы сәулетшісі - Сайын Назарбеков.

 БЕГІМ АНА.

Shape4

Бегім Ана - Қарабура әулиенің қызы, Салжұқ мемлекетінің ханы Санжар сұлтанның әйелі. ХІ ғасырдың тұсында Мәлік шахтың патшалық құрған тұсында Салжұқтар елі әбден кемеліне келген екен. Мәлік шах өлгеннен соң таққа оның баласы Санжар отырады. Санжар астанасын Хорасаннан көшіріп, Сыр бойындағы Жанкентке орналастырады да, бұл шаһарды мықты бекініске айналдырады.

   

Ол аң аулап, сейіл құрғанды ұнатады екен. Сөйтіп жүріп Созақ маңайында өмір сүрген Қарабура әулиенің қызы Бегімге үйленеді.

Бегім жаратылысынан көркіне ақылы сай, парасаты мол қыз болыпты. Санжарды да табындырған осындай сан қырлы қасиеттері болса керек.

Санжар аңға шығып бара жатып құлын үйінде қалған қанжарды әкелуге жұмсайды. Қанжарды ұсынғанда Бегім сұлудың аппақ қолын көріп құл есінен айырылып құлап қалады. Кешігу себебін түсіндірген құл: «Ханым білегімнен ұстап жібермей қалды», - депті. Санжар ақ-қарасын тексермей Бегім сұлудың оң қолын, оң бұрымын кесіп, оң танауын тіледі де, зынданға тастайды. Келесі күні Қарабура әулие қиналып жатқан қызының түсіне кіріп: «Балам, бұлтартпай шыныңды айт. Ақпысың, әлде қарамысың? Ақ болсаң Аллам жәрдем беріп жараңды жазар, қара болсаң қарғар, тек турасын айт!» -депті. Сонда Бегім жылап тұрып: «Атажан, құдай атымен сіздің алдыңызда ант етемін! Егер, Санжарға қиянат жасасам, Тәңірі атсын, өмірімді қысқартсын. Ақпын, ата!» - деп зар еңірейді.

Осыдан соң Қарабура Санжардың да түсіне кіріп: «Сен де бір балам едің. Егер менің қызым арам болып, саған қиянат істесе, келесі күні сол қолы, сол бұрымы кесіліп, сол танауы тілінген күйде мүгедек болып қалсын! Егер, керісінше болса, қызымның ақ пен қарасын тексермей жаза қолданғанда, бір ауыз әділ сөзін айтпаған сенің шаһарыңды тірі адам қалдырмай жылан жұтсын!» деп қарғап, теріс батасын береді. Келесі күні таң ата хан зынданға адам жібереді. Жіберген адамы барса, Бегім баяғы сау қалпында отыр екен дейді. Содан бастап ханды үрей билейді. Кеш болады. Хан кеңесшілерімен отырғанда іңір уақытысында аспаннан бір мес шаһардың ортасына түсіп жарылады. Местің іші толы жылан екен. Жылан тысқа тірі жанды шығармай, шағып өлтіреді. Сонымен жайнап тұрған Жанкент шаһары Санжар сияқты қатыгез ханның кесірінен қас пен көздің арасында опат болады. Ал Бегім сұлу болса өз әкесі Қарабура әулиенің көмегімен Бегім ана белгісін салдырып: «Мұнан былай еркекті көрмеймін» деп, қалған жұмбық ғұмырын сол мұнараның ішінде өткізген. Ата-бабасының қасиеті дарып, кейін Бегім Ана әулие атанады. 13-ғасырда салынған Бегім Ана кесенесі қазір Қазалы ауданының жерінде тұр.

Shape5

Айша бибі (ХІ-ХІІ ғғ.) Қараханидтер әулетінің негізін қалаушы Қараханның қалыңдығы, оның басына қазіргі Тараз қаласының жанындағы, сонау сақтар заманынан бастап-ақ қазақтың қол өнеріне енген, содан бері қолданылып келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін қамтитын күрделі де сәулетті «Айша бибі кесенесі» атты архитектуралық әсем ескерткіш тұрғызылған.

 АЙША БИБІ

 

 Айша бибінің кім екені жөнінде атадан балаға қалған аңыз болмаса, тарихи деректер жоқ. Ал аңыз оны төрт түліктің бірі сиыр малының атасы деп есептейтін Зеңгі бабаның қызы еді дейді.

Сол аңыздың айтуынша, Айша бибі Түркістанда жас батыр Қараханмен кездесіп, бірін-бірі ұнатқан екі жас бас қосып, өмірлік серік болуға уағдаласады. Жаугершілік заман болса керек, тұс-тұстан анталаған жаумен арпалысып, елін-жерін қорғаумен жүргенде Қараханның уәделі мерзімде Айша бибіге баруға мүмкіндігі болмайды. Арада біраз уақыт өтіп кетеді. Ақыры шыдамы таусылған Айша бибі Қараханның мекені Тараз қаласына өзі іздеп бармақ болып, қасына күтушісі Баба әже қатынды ертіп, жолға шығады. Бірнеше күн жол жүріп, Таразға жетеді.

Қаланың төбесі көрінгеннен кейін өзеннің жағасына тоқтап, сол арада суға түсіп, шаң тозаңнан арылып, біраз дем алуға тоқтайды. Күтушісі ас жабдығына кіріседі.Салқын суға шомылып, денесі сергіп шыққан Айша бибі күтушісі ас әзірлегенше дем алмақ болып, арнайы өзіне төселген төсенішке келіп жатады. Су сабатының салқын ауасына қосылған таудың самал желі ұзақ жолдан шаршаған жас арудың балғын тәнін аялай сипап, рахат құшағына бөлейді. Сүйіктісінің ауылының төбесін көріп көңілі жайланған, енді аз уақыттан кейін онымен кездесетінін ойлап, тәтті қиял бесігінде тербеліп жатып, маужырап ұйықтап кетеді. Осы ұйқыдан оны даланың улы жыланы шағып оятады. Денесін у жайлап, тынысы тарылып бара жатқан Айша бибі дереу Қараханға хабар бергізеді. Қарахан тәуіптерін, молдасын алып жеткенде ару қыз ісіп кеуіп екі дүниенің арасында жатыр екен. Қарахан молдаға екеуінің некесін қиғызады. Содан кейін ол қызды қолына алып, жаны үзіліп бара жатқан Айшаның құлағына: «Айша, сен енді бибі болдың!» деп үш рет айқайлапты. Ханның өлі қызбен неке қиысқаны одан бұрын да, кейін де тарихтан кездеспейді. Қайғырып, қан жұтқан Қарахан сүйген жарының денесін арулап жерлеп, басына әсем күмбез орнатады. Жауын шайып, жел мүжіп, уақыт өз белгісін салғанымен бір-бірін шынайы сүйген ғашықтардың махаббатының өшпес белгісіндей болып, сол күмбез әлі тұр Тараз қаласының іргесінде. Халық Айша бибіні әулие санатына қосып, табынады. Айша бибі хикаясын зерттеген тараздық журналист Б.Әбілдаев «Айша бибі» деген пьесасын жазды.

БОПАЙ ХАНЫМ. Бопай ханшайым - Әбілқайыр ханның зайыбы. Қазақ халқы бастан кешкен аса күрделі кезеңдердің бірі ХҮІІІ ғасыр болса, сол кездің саяси-әлеуметтік істеріне белсене араласқан көрнекті қайраткерлердің бірі Бопай (Бәтима) болған. Бопай - Кіші жүздің ханы Қожасұлтанұлы Әбілқайырдың зайыбы әрі мүдделесі. Сол кездегі қазақ халқының басына ел болу немесе елдігін мүлде жоғалту қауіпі төнгенде Әбілқайыр ұстанған саяси бағытты Бопай жалтақсыз қолдап, ең бір шешуші кезеңдерде айрықша икемділік-тапқырлық танытып отырған.
Бопай ханым ұзақ жасап, тоқсанға жақындаған жасында 1780 жылы дүние салды. Топырақ бұйырған жері Елек өзенінің бір тармағы - Жосалының жоғарғы жағындағы қорым.

Аңызға айналған аруларға қысқаша тоқталып өтейік [5. 8] :
Гауһар – Қабанбай батырдың жары, арғын Малайсарының қарындасы.
Айтолқын – Абылай ханның қызы. Талай шешуші шайқастарда ерен ерлікпен көзге түскен.
Жандай – найман жұртшылығының батыр қызы.
Мамыр – арғын Байғазының қызы. Қалқаман деген жігітке ғашық болған.
Еңлік – матай Қарабатыр Ысқанның қызы.
Айбике – Бұланбай батырдың жары, шолғыншы сарбаздардың басшысы.
Тайқара – Нұралы ханның қызы, Нұрмұхамед қажының әйелі.
Есенбике – Олжабай батырдың анасы.
Ақбике – ел анасы, Тәуке ханның замандасы.
Ақбикеш – ХҮІІ ғасырда өмір сүрген көріпкел.
Айғаным - ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Шоќанның әжесі.
Аққыз – ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген күйші.
Арықова Нағима – 1902-1956 жылдары өмір сүрген қоғам қайраткері.
Асфандиярова Гүлсім – 1880-1941 жылдары өмір сүрген алғашқы дәрігер.
Әмина – Мұхаммед пайғамбардың анасы.
Зере – Абайдың әжесі.
Қызтумас – Бауыржанның әжесі.
Бөрте ханым – Шыңғыс ханның әйелі.
Назым – Қабанбай батырдың қызы.
Қалампыр ана – Балуан Шолақтың анасы.
Айша Қабыланқызы – Қожаберген жыраудың жары.
Қарашаш – Жиренше шешеннің жары.
Дина Нұрпейісова (1861-1955) – күй анасы, 30 күйі бар.
Сара Тастанбекқызы (1878-1916) – ақын, әнші.
Зағира Күленова – қазақтың тұңғыш парашютші қызы.
Шара (Гүлшара) Жиенқұлова (1912-1981) – биші, халық әртісі.
Күләш (Гүлбаһрам) Байсейітова Жасынқызы (1912-1957) – әнші.
Бижанова Галина Ержанқызы – физика-математика саласындағы тұңғыш доктор.
Нәзипа Құлжанова – бала тәрбиесі туралы кітап жазған
Мәдина Бегалиева – самолет жөндеуші механик.
Аққағаз Досжанова – ұшқыш.
Хиуаз Доспанова – ұшқыш, батыр.
Ал, Әлия мен Мәншүктің ерлігі бір төбе!
Мен бұл аналарымыз бен аруларымызды текке тізіп отырғаным жоқ. Егер көз жүгіртіп тоқталар болса, әрқайсысы бір-бір тарих, бір-бір өнеге мектебі.





Қазақтың салт-дәстүрлерінің қыз бала тәрбиесіндегі алатын орны

Қазақ халқы қыз тәрбиесiне ерекше қарап, оның өзiндiк ерекшелiгiн ескере тәрбиелеген.

Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерiнде тастай  батып, судай сiңiп  кетуiн, жақсы жар, әдептi келiн, аяулы ана болуын армандайды. Қасиеттi ана қызының тәрбиелi болып өсуi үшiн жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсiредi. Халқымыз “Келiннiң–аяғынан, қойшының – таяғынан” дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделiн, болашақ ұрпағына дұрыс тәлiм-тәрбие беруiн келiннiң жақсы-жаман қасиеттерiмен өлшеген.

Қазақ халқы келiннiң келген жерiнде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, бiрiншiден, оның өскен ортасына байланысты десе, екiншiден, келген жерiне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен жас келiнге енелерi қонақ күту, ас ұстау, бала күту, т.б. мәселелерде үнемi ақыл-кеңес берiп үйретiп отырады.  “Келiннiң  жақсы болмағы қайын ененiң топырағынан” деп, ененiң жас келiнге қамқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да “Жақсы ауылға келген келiн – келiн, жаман ауылға келген келiн-келсап” деп текке айтпаған.

Әйел қандай биiк дәрежелi жұмыс iстемесiн, қайда болмасын оның ең басты мiндетi–өмiрге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының берiктiгi әйелге байланысты. Әйел сабырлылығы, кешiрiмдiлiгi, сыпайылығымен, т.с.с. жақсы қасиеттерiмен үй-iшiне береке әкелiп, шаңырақ бақытын орната алады.

Үлкендi сыйлау–бiздiң халқымыздың ежелгi дәстүрi. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннiң алдын кесiп өтпеуге,  сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, тiптi үлкендердiң алдында қатты күлмеуге тиiс. Осындай ата дәстүрiмiздi бүгiнгi жастар жадында сақтап, жалғастыра бiлуi қажет.

Бойжеткен қыздардың киiм киiсiне де ерекше көңiл бөлген.

Адам көркi–шүберек,

Ағаш көркi–жапырақ”,

Қыз өссе–елдiң көркi”,–

деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет,  кәмшат бөрiк, қос етек көйлек, биiк өкше етiк тiктiрiп кигiзген. Сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. “Қыздың көзi – қызылда” деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiлдiредi.

Ұзатылатын қыздың аулында айтылатын “Жар-жар”, “Жұбату”, “Сыңсу” өлеңдерiнде, келiн түсiру тойында орындалатын “Беташарда” қыздың, жас келiннiң басты-басты киiмдерi, сән-салтанаты мадақтала жырланған.

Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсiнiн шебер суреттеудегi мақсат – жастарды әсемдiк сезiмге бөлеу. Сұлулықты терең сезiнiп, соған елiктесе екен деген ой-пiкiрден туған.

Халқымыз қыздың көркiне ақыл-ойы, мiнезi сай болуын қалаған. “Қыз – қылығымен сүйкiмдi”, “Қызым үйде, қылығы түзде” деп, қыз тәрбиесiнiң ерекшелiгiне аса жоғары мән берген.

Қыздың ұзатылып барған жерiнде өсiрген ата-ананың, өскен ауылдың атына кiр келтiрмеуiн, сағын сындырмауын тiлеген.

Адамның мәдениетi мен тәрбие деңгейi оның сырт бейнесiнен, киiне бiлуiнен де көрiнедi. Бiздiң этикалық-эстетикалық мұратымыз – сырт көрiнiстiң әдемiлiгi   мен   рухани   кемелдiлiктiң   табиғи  бiте қайнасуы. «Сырт пiшiннiң адам өмiрiндегi мәнi зор, – деп жазды А.С.Макаренко. – Ұқыпсыз, салақ адамды өз iсi мен қылығына есеп бере алады деп ойлау көбiне қиын. Киiне бiлу әдемiлiгiнiң де, жүрiс-тұрыс әдемiлiгiнен маңызы кем емес”. Қоғамның дамуына байланысты киiмнiң сәнi де өзгерiп отырады. Адамның әр уақытта өз тұсындағы сәнге сәйкес киiне бiлуi оның әсем-кербез талғамына байланысты. Жарасымды киiну дегенiмiз – ең алдымен адамның үстiне киген киiмнiң бойына, түсiне, жас ерекшелiгiне үйлесiмдi болуы.

Киiмнiң сәндi де жарасымды болуымен қатар,  киiп барған жерiндегi жағдайға, отырған орнына, iстейтiн қызметiне сәйкес келуiн де ескеру қажет.

Ишанбай Қарақұлов: ”Адам жарасымды тәуiр киiне бiлуi керек. Бұған кiмнiң таласы бар. Әйтсе де бүгiнгi жастарға әдебi мен әдетi көпке үлгi жас ұрпақ өкiлдерi екендерiн қашан да, қайда болса да есте сақтаңдар дегiмiз келедi. Өзiңдi басқаларға үлгi ет, басқаларды қызықтыратындай әдептiлiктiң иесi бол деймiз. Денсаулыққа, тазалыққа, сыпайылыққа зиянды ерсi әдет қай жерде де жеткiлiктi. Қыс пен күздiң суық күндерiнде де келте көйлекке қызығып, денсаулығына зиянын тигiзiп алған, боянамын деп әсем шашын әлемештеп алған, кiрпiктерiн жұлып, ендi оны қайта өсiре алмай жүрген бикештер аз ба?» “Әсемпаз болма әрнеге” деген Абай атамыздың ойы осыған қатысты айтылғандай боп көрінеді.

Бiз жастардың, әсiресе, балаларымыздың әдептi, сыпайы болғанын өте ұнатамыз. ”Әйелдiң бойындағы әлсiздiктi ұнатам” дегенде К.Маркс оларды тiптi де кемсiтiп айтпаған ғой”.

Жаным — арымның садағасы. Қазақ халқы неке тазалығына, қалыңдықтың арын сақтап, қыздың қасиетiн жоғары ұстауына өте зор мән берген. “Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын” деп, ата-бабаларымыз қыздың абыройын бүкiл ауыл-аймақ болып қорғаған.

Неке тазалығы — болашақ шаңырақты  қолайсыз жағдайда қалдырмау үшiн бойжеткен қыздарды жеңгелерi үнемi қорғап жүрген. Айт пен тойға бiрге барып, жалғыз жiбермейтiн болған. Ар тазалығы үшiн күрестi жоғары санаған ата-бабаларымыз ”қыз қылығымен” деп, әдептi, инабатты, арлы болуын қалаған. ”Жаным — арымның садағасы” деп санаған.

Ар тазалығы отбасы берiктiгiне де себепкер болған.    Қазан төңкерiсiне дейiнгi отбасында айрылысу, баланы тiрi жетiм ету дегеннiң болмауына да осы ар тазалығы үлкен әсер еткен.

Бұл тұрғыда мектебімізде ерте жүктілік және оның алдын-алу бағытында түрлі іс-шаралар жоспарланып, жоспарға сай жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде, мектебімізде ерте жүктілікке қатысты тіркеуде тұрған оқушы жоқ.

Ұлттық құндылықтарымыздың санатына сәндік әшекей бұйымдарды да жатқызуға болады. Сәндік әшекей бұйымдар – тазалық таразысы. Қазақ зергерлері негізінен әйелдердің сәндік әшекей заттарын (сырға, білезік, жүзік, сақина, шолпы, алқа, қатырма, шашбау, т.б.), ұсталары – батырлардың қару-жарақтарын (айбалта, көксүңгі, алдаспан, дулыға, кісе, қорамсақ, садақ, шоқпар), шеберлері – үй іші мүліктерін (кебеже, жүк аяқ, ағаш төсек, асадал, адалбақан, зерлі аяқ), аңшылық жабдықтар (томаға, тұғыр, балдақ, оқшантай), музыка аспаптарын (асатаяқ, қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, сазсырнай) әсем жасай білген. Қазақтың зергерлік заттарында жан-жануарларға байланысты мифтік ұғымдағы өрнек түрлері (қошқар мүйіз, түйе табан, таңдай), көкөніс өрнектер (жапырақша, гүл, сабақша), ұласымды өрнектер (ырғақ, сағақтау, айқас), геометриялық өрнектер кездеседі.
Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап  алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған.
Әшекей - киімді, тұрмыстық бұйымдарды безендіруге пайдаланылатын, сәндік үшін жасалынатын бұйымдар және зат, бұйымның бетіне салынатын ою-өрнек, түрлі нақыштар [1.17].

Мұндай әшекей-нақыштар жүн бұйымдарының (текемет, сырмақ, алаша, қоржын т.б.), киіз үйдің бау-басқұрларының, ат жабдықтарының (былғары тоқым, кежім, жабу), құрылыс-сәулет орындарының (есік, маңдайша, ұстын, жақтау, дуал және т.б.), киім-кешектердің, ыдыс-аяқтар мен жиһаздардың, қару-жарақтардың т.б. өн бойында қолданылады. Қазақта әшекейленбеген зат, бұйым жоқ деуге болады, себебі қазақ қолөнер шеберлері ұлттық нақыштағы әшекейлерді өңдеп, түрлендіріп, жетілдіріп қолданып отырған. Кәсіби деңгейдегі шеберлер қазақ даласының әр өңірінде болған.

Шеберлердің талғампаздығы мен дарындылығы, тудырған дүниесінің жасампаздығы мен жаңалығы жасаған өнімдерінің сұранысынан көрінетін. Қазақ шеберлері технологиялық тәсілдерінің жеңілдігі мен құралдарының қарапайымдылығына қарамастан, зергерлік әшекей бұйымдарының үздік үлгілеріне жататын өнер туындыларын жасаған.

Әшекейлер тағылатын түрлеріне қарай бірнеше топтарға бөлінеді [1.28]:

Басқа тағатын әшекей түрлері: шеке, самай, маңдай, құлақ, мұрын, бұрымға тағылатын әшекейлік заттар.

Шекеге тағылатын әшекей түрлері: шекелік.

Самайға тағылатын түрлері: сырғалық, айшық, жақ моншақ, сырға.

Маңдайға тағылатын әшекей түрлері: күміс теңгелер, шырмауық.

Құлаққа тағылатын әшекей түрлері: сырға, бет моншақ.

Мұрынға тағылатын әшекей түрлері: зере, зерен, зейір, зер.

Бұрымға тағылатын әшекей түрлері: шашбау, шашқап, шолпы, шашқа тағатын түйреуіштер, шашмоншақ.

Мойынға тағылатын әшекей түрлері: алқа, бойтұмар, моншақ, тұмарша, әйкел, ділда алқа, тұмар.

Кеудеге тағылатын әшекей түрлері: өңіржиек, түйреуіш.

Қолға тағылатын әшекей түрлері: білезік, мөр, сақина, балдақ, жүзік.

Киімге тағылатын әшекей түрлері: түймелер, қапсырмалар, жапсырмалар, белдік, белбеу, тана, танакөз, тал моншақ.

Ертеде қазақтар әшекейленген шытыра, зерен, сырға, зер, тұмар және т.б. зергерлік бұйымдарды мал бойына және ер-тұрмандарына да таққан. Тас дәуірінен жалғасқан тасшылық өнері қола дәуірінің осы өркениетіне тоғысып, гауһар, жақұт, алмас, қас тасы, меруерт сияқты аса бағалы тастардан көз орнатқан сәндік жабдықтарды, әсемдік бұйымдарды жасау технологиясын қалыптастырды. Мәселен, қазақтар ағашқа, ер-тұрманға асыл тасты не тассыз күміс әшекейлі шытыраны пайдаланған. Ал зейірді қойдың мұрнына өткізілетін зерлі шығыршық ретінде таққан. Ертеде қазақтар тіл-көзден сақтасын деген мақсатта жүйрік аттарының мойнына әйкел таққан. Зергерлер әшекейлеген тұрмыстық бұйымдар алтын аяқ, жағдан, адалбақан, алтын ер, пышақ және т.б. адамдар күнделікті тұрмыста жиі қолданған. Әшекей түрлері негізінен қоғам мүшелерінің әлеуметтік мәртебесін айқындайтын қызмет атқарады. Қазақ шеберлері зергерлік бұйымдар жасауға қажетті материалдарға алтын, күміс, бақыр, мыс, жез, темір, қалайы, қорғасын, ақық, березе, алмас, гауһар, зуһра, көк тас, лағыл, маржан, меруерт, інжу сияқты асыл тастарды пайдаланған. Қазақ зергерлері алтынмен аптау, алтынмен булау, алтын шабу, күміспен күптеу, қақтау, көз орнату, сымға тарту, қара ала жүргізу, сымкөп жүргізу, ою салу сияқты әшекейлеу, өңдеу тәсілдерін жиі қолданған. Әшекейді ерекшелеп, айшықтап ондағы әртүрлі зат тарды әдемі, сәнді көрсететін үкі, шоқ, әдіп, алтын-күміс ілгектер, шытыралар, салпыншақтар, қоңыраушалар сияқты құрамдас бөліктер де бар[1.45].





Shape6



Олардың ішіндегі ең көрнекті де

қымбаттысы – сәукеле.



Shape7

Қазақ әйелдерінің ең көп тұтынатын бұйымы – білезік. Ол көбінесе жұмыр, төрт қырлы және ширатпалы болып келеді. Білезіктің ашылып жабылатын түрі де болады. Әйелдерге арналған әсем бұйымның бірі – жүзік. Оның үстіңгі бетіне әр түрлі тастардан не өңді әйнектерден ою-өрнек жүргізіледі. 



Shape8

Жүзікке көбінесе күмістен көз, балдақ, құс тұмсық орнатылады. Соған орай көзді, балдықты, құс тұмсық жүзік деп аталады. Сондай-ақ мөр жүзіктер де болады. Әйелдерге және ерлерге арналған сақиналар да соғылады. Күміс сақиналар көбінесе шапқымен шикіліп, бізбен ғана безіледі.



Shape9

Беті көлемді құдағи жүзіктер де істеледі. Әйелдер құдағи жүзігін көбінесе келіндеріне, не қызының біріне мұра ретінде сыйға тартқан. Шебер ұсталар сақина мен жүзікке есімдерді де өрнектеген. Аса қадірлі жүзікке Мұхамедтің атын жазған. 



Shape10

Қазақ әйелдерінің ең жеңіл бұйымдарының бірі – алқа. Ол бір-бірімен шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрыш, үш бұрыш, дөңгелек әшекейлерден көрініп тұратын болғандықтан асыл тастармен, өңді әйнектермен безендіріледі. 


Shape11

Мойынға тағатын әшекей заттың бірі –

 бойтұмар. Оны ертеде әйелдер ғана емес, еркектер де тағатын болған. Тұмар іші қуыс, әдемі былғарыдан тігіліп, ою-өрнектеліп күміс шынжырмен мойынға асып алады. Адамды пәле-жаладан, тіл-көзден сақтау үшін оның қуысына қасиетті дұғаны қағазға тығып қояды. 



Shape12

Қазақтың бойжеткендері шолпы таққан. Шолпыны кестелі бауға тағып, шашпен бірге өріп қойған. Шолпының да өзіндік құпиясы бар. Ол қыз баланың жүріс-тұрысынан хабар беретіндей. Жас әйелдердің көп қолданылған әсем бұйымының бірі – шаш қалта. Оны тана моншақпен безендіріп өрген шашты соған салып қояды.




Shape13

Әйелдер мен еркектер үшін істеліп, көп тұтынатын заттың бірі – түйме. Шебер зергерлер бойжеткен қыздың немесе батырдың түймесін алтын, күміс, мыс т.б. металды қолданып, әшекейлеп, оюлап жасайды. Дөңгелек, үш бұрыш, төрт бұрыш түймелер істелген. Түйменің сабағы, сағағы жоғын тана деп атайды.




Shape14

Қазақ зергерлері қыздар мен келіншектердің ісмер, шебер болуы үшін және қолды жарақаттап алмауы үшін оларға арнап әдемі оймақтар жасаған. Оймақ көбінесе күміс пен мыстан өрнектеліп, ине тоқтар жері көп шұқыланып бейнеленген. Оймаққа өте жіңішке күміс бау да тағылған. Оймақ былғарыдан да жасалады. Оны матадан көйлек, камзол т.б. киімдер тігуде қолданады. 

 Picture 11


Shape15

Қазақ келіншектерінің ең әдемі, ең көп қолданған әшекей заты – түйреуіш. Әсіресе, кербез әйелдер алтындаған, күмістеген және оқшантайлы белбеу буынған. Қазақ әйелдері алтындаған, күмістеген, әрі жіңішке әрі жібекпен шеккен, шығыршықты ілмекті үзбелі белбеу тұтынған. Оның қалай және неден істелгенін, қалай әшекейленгенін, нендей қосымша пайдаланатын құралы барлығын білдіреді.Оның қалай және неден істелгеніне байланысты «шығыршықты белбеу», «мақпал белбеу», «дүрия белбеу».







Shape16

Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған.  



Сырға мен сақинаның қазақ салт-дәстүрінде алар орны ерекше. Бұл екі бұйым да алтын және күмістен жасалады. Ықы­лым заманнан келе жатқан зергерлік бұйымдар қатарында. Қыз бала жеті жасқа толғанда оның құлағын тесіп, сырға тағатын бол­ған. Бұл - баланың білімге, ілімге назар аударатын уақыты. Яғни сырға салғаннан кейін, қуыршақ ойнауды қояды. Ал бүгінде баланың тұсауын кеспес­тен, құлағына сырға салатын болдық. Әрине, мұның мәнін ешкім де түсіндіріп бере алмайды. Сақи­наны да сәнге айналдырып алдық. Той-томалақсыз-ақ, барын қолдарына жалт-жұлт етіп тағып алатын бикештер қатары артты. Атам қазақ «Сақинаны сәнге салмайды, ол – тазалыққа таразы», «Сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас» [8.87] деп айтып кеткен. Ертеде халқымыз ас адал болу үшін, тамақ даярлайтын әйел қолында міндетті түрде сақи­на не жүзік болуы керек деп есептеген. Себебі, сақина соғылатын күміс, алтынның даттану­ға ұшырамайтынын, судың, тамақтың тез бұзылмауына септігін тигізіп, денсаулыққа пайдалы әсер ететінін сол кезде білген. Тіпті күні бүгінге дейін ауылдық жерлерде жас келіншектер нәрес­тесін шомылдырар алдында, яки баланың жөргек жаялығын жуар сәтте, оған сол үйдің үлкендері: «Қолыңа сақина салып­ ал, тазалыққа тән болады», - деп ескертіп жүреді. Біреу білер, біреу білмес, бірақ қазақ халқының «ит аяғына салу» дәс­түрі бойынша, жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда не «есік көруге» шақырылғанда, әйелдер мен әжелер оған «итаяғына сал» деп сақина, күміс жүзік сияқты заттарды береді. «Ит­ая­ғына салу» дегеніміз – келіншек босанып, баланың «шілде суын­а» әлгіндей күміс жүзік, сақина, түйме секілді заттарды­ ыдысқа салады. Содан кейін жүзік салынған суға нәрестені жуындырған. Шомылдырып болғаннан кейін, әлгі заттарды сол жердегі әйелдер ырым қылып бөлісіп алады. Мұнда­ғы мақсат сыйлық жасау емес, асыл бұйымдарды қасиетті санау­дан, тазалыққа мән бе­руден шыққан. Жақсылыққа жорып, бұл фәниде әрдайым сыңғырлаған күмісті көлде шомылсын, «басы алтын, ар­қасы күміс» жаратылмаған пендесін алтындай, күмістей қымбат етпек болғаны шығар[9.27].

Бүгінде сақина неке қиған екі жастың символына айналды. Неке жүзік арқылы адамдардың отбасылы екендіктерін айырамыз. Бір қызығы, уақыт өткен сайын қолданыстағы неке сақиналарының бейнесі де, пішіні де өзгеріп келеді. Мәселен, бұрнағы жылдары жіңішке неке сақина­ сән болса, ал бүгіндері жалпақ, қалың неке сақинасы көп сұранысқа ие. Сақинаның қалың болуы некеде екендігін анығырақ айшықтаудың, иесінің отбасылы екендігін дәлелдей түсуінің жаңа тәсіліндей. Бір айта кетерлігі, ер адамдарға алтыннан жасалған бұйым тағуға шариғатта тыйым салынған.

«Дәстүрдің озығы бар, тозы­ғы бар» [8.58] дегендей, бүгінде қыз балаға балиғат жасында сырға салуға қарсы шығып жат­қандар бар. Керісінше, бесік­тен белі шықпастан балаларының аузы-мұрнына дейін сыр­ға тағып, «бояушы, бояушы дегенге сақалын бояптының» керін келтіріп жүргендер де кездеседі. Негізі қазақ халқында сақина мен сырғаның орны ерекше. Тек батысқа еліктеп, артық қыламыз деп, тыртық қылып жүрген жайымыз бар.

  Заманына қарай адамы деп, жастарымыз күннен күнге жала­ңаштанып барады. Тіпті кіндіктерін көрсетіп, оған сыр­ға салуды да сәнге айналдырды. Қаладағы жолаушы­ларға арналған өзі тар, өзі аласа­ шағын қоғамдық көлік­терге мінген кезде, бұрымдылардың ер адамдардың, үлкендердің алдында, өздері «әде­мі» санаған киімдерімен барлық денесін көрсетіп тұрғанына қымсынбайтынына қарның ашады.Әрине, бес саусақ бірдей емес. «Қыздардың барлығын ардан безген» деп жазғыра алмайсың. Тек өздерінің болашағына балта шауып жүрген қыздарға қарап күйіне­сің. Алла тағала біздерге дене­мізді аманат етті. Ал, аманатқа­ қиянат жасау - үлкен күнә. Ертең Алла тағала алдында сол денеміздің әр тесігіне, әр тырты­ғына жауап береміз. Қабірдегі «дене мүшеңді қалай пайдаландың?» деген сұраққа қалай жауап­ береміз? Бұл дүние - бес күндік, жалған. Мәңгі өмір әлі алда. «Ештен кеш жақсы» демекші, бұрымдылар бұл әрекеттерін ой таразысына салса, нұр үстіне нұр болар еді.



















































Ұлттық құндылығымыздың ұйытқысы – тәрбиелі қыз

Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына, алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралығымыз бар. Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған. Тіліміздің өзін ана тілі деп атауы – аналарға көп жүк артады. Аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. 
Ана–барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Ол адамды өзінің тілінде, ана тілінде сөйлетеді. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. Халқымыз «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама философиялық ой сыйғызған. Яғни қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы ғана жауапты емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отыр. Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу – халқымыздың игі дәстүрлерінің бірі. 
Ал, қазіргі заманда бала тәрбиесіне тек қана ана емес, бұқаралық ақпарат құралдары жан-жақты әсер етіп, оны тәрбиелеуде.
Бұл тәрбиенің жағымды жақтары да, жағымсыз жақтары да толып жатыр. Ата-аналары күнұзақ жұмыста, бала тәрбиесіне бөлінетін уақыт күннен-күнге азайып барады. Сондықтан қыздарымыз өзімен-өзі қалып бара жатқан жайы бар.
Мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тәрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мәдениетін дамыту.
Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тәрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнәрсе бүкпейді. Қит еткен нәрсенің бәрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру – басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан әрқашан нұр болып төгіледі.
Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тәрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз
[4.34].
Қыз баланы құрметтеу, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізу, киімнің әсем-сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау – ежелгі дәстүр. Жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркежан», «Шырайлым» деп еркелеткен. Орта Азия мен Қазақстанда жалғыз келе жатқан қызды көрсе, оған қорғаныш болып, баратын жеріне дейін шығарып салатын болған. «Қыз өссе-елдің көркі, гүл өссе-жердің көркі» дегендей
[8.75], қызғалдақтай болып өсіп, көктеп келе жатқан гүлдің мезгілсіз солып қалмауына қамқорлық жасаған. «Қызға қырық үйден тыю» [8.56] деген мақал да осының айғағы. Міне, осындай тәрбиелік мәні зор дәстүрлерді атадан балаға мирас етіп қалдырып отырған.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, кілем тоқу, арқан есу, көрпе көктеу тағы басқа өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан даярлай бастаған.
Қыздарымыздың асыл қасиеті, жан-дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа, жиһазға қызықпағандығын жыр-дастандардан білеміз. Қазақ қыздары махаббат атты асыл сезімді айрықша қастерлеп, аялаған. Сүйген адамымен қол ұстасып бірге жүрсе, тіпті қатықсыз қара көже ішсе де бақыттымын деп, өмірге риза болған.
«Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Ұлттың бойындағы бар жақсы қасиеттерді – тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дәстүрін немересіне, немересінен шөбересіне жеткізуші, дамытушы, әрине, әйел-ана. Халқымыздың ырысты ынтымағын, береке-бірлігін, туыстың татулығын іске асыратын да, ұйымдастыратын да әйел-ана. «Ағайын тату болса – ат көп, абысын тату болса – ас көп», – деген ұлағатты сөз осыдан туса керек.
Кең байтақ ұлы даланы мекендеген қара орман халқымыздың бір тілде сөйлеп, әдет-ғұрып, салт дәстүрінің, мінез-құлықтарының да біркелкі ұқсас болып келуі бұрынғы өткен қасиетті Домалақ ана, Айша бибі, Жаған бегім, Нұрбике ханым, Айғаным,Ұлпан, Зере, Ұлжан сынды дана аналарымыздан қалған үлгі.
Қазақтар әдетте елге келін болып түскен қыз өз елінің барлық жақсы қасиеттерін, рухани-моральдық құндылықтарын өзімен бірге ала келіп, табалдырығын аттаған босағасының игілігіне, қала берді бүкіл сол бір қалың елге сіңірген. Бұл жақсы үрдіс, ғибратты ғадет бүкіл ұлттың бірлігіне, рухани болмысына игі ықпалын тигізген. Сондықтан да халқымыз қыздарына төрден орын беріп, қонақ деп еркелеткен, парасаттылыққа баулып еркін өсірген.
Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Бетін бүркемеген, сөйте тұра еркіндік пен есерліктің ара жігін ажырата білген парасатты, тапқыр, төзімді, өнерлі, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздар қазақта болған.
«Тар қолтықтан оқ тисе, тартып алар қарындас» деп қызға сеніммен арқа сүйеу де тек қазақта. Қыздар тәрбиесі қоғамда рухани құндылықтарды, ұлы мұраттарды иманды және инабатты бәсекемен қалыптастырады. Бұл адамның ішкі түйсігіне өрелі қасиеттерді алға шығарады. Сол адамдық қасиеттерді бойына сіңіре білген жандардан тараған ұрпақ ақыл мен алғырлықтың бүкіл бітім-болмысын одан да артығырақ жақтырады. Қызды тәрбиелеу, өсіру, ер жеткізу ең маңызды мәселе. Қыз өсіру – гүл өсірумен бірдей! Гүлге әлсін-әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арам шөптерден тазартып отыру керек. Мұндай тиянақты күтім болмаса гүл солып қалады. Қыз да сондай. Оған тәлім мен тәрбие, өнер мен өнеге, білім мен мәдениет керек. Қазақта әр ата-ана өз қызын өнегелі етіп өсіруге бар күшін салып отырады. Білген білімін аямайды. Әр қыз өз отбасының тәрбиесімен ұядан ұшып, өмір деген үлкен әлемге қанат қағып жатады. Әрине, бұрын отбасылардың бәрі бірдей білімді болған жоқ. Өнерден құралақандары да көп болған. Ғылымға қол жетпейтін еді.
Қазақ қыздары ғасырлар бойы осындай отбасылық тәрбиемен өсті. Олардың отбасынан алған бар тәрбиесі жақсы келін болу ғана еді. Одан өзге ешқандай мамандықтары болған жоқ. Жан-жақты білім беретін, әртүрлі мамандықтарға үйрететін, өз бойындағы өнерін өрістететін мемлекеттік тәрбие алуға қазақ қыздарының қолы XX ғасырдың орта кезінде ғана жетті.
Қазіргі біз өмір сүріп жатқан қоғамға тоқталсақ, тәуелсіз, еркін еліміз осы заманның даму үрдісі жылдамдығымен зымырап келеді. Алдағы мақсат – дамыған отыз елдің қатарына ену. Ал қоғам да уақыттан қалмай, ортамызға келген жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Уақыт талабы – жарнамалық технология. Сондықтан қоғам уақыт талабына сай өмір сүру үшін, заман, адамдардың жеке тұлғалық факторларды талап етеді. Ұлттық сана-сезімге сіңіп, арғы тегімізден келе жатқан адами қасиеттерімізді жойып алмауды қажет еткендей. Қазақ халқы ежелден келе жатқан мәдени мұрасымен тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрін жалғастырып келеді. Осы байлықты нарықты заманда қалыптастырып, ұлттық қасиетін жоймау керек. Ең басты мәселе адам тәрбиесі, оның қоғамдағы алатын орны. «Орта түзер ойыңды, ойың түзер бойыңды» – деп, Абай атамыз айтқандай, мемлекеттік тұрғыда назар аударуды қажет ететін ұлттық сана-сезім, тәрбие бар. Осы орайда-болашақ сүйікті жар, ардақты ана-қыз баланың алар орны ерекше. Негізінен ұлттық сипаты бар тәрбиенің негізі – ауыл. Ал ауыл жастары қалаға келе тілдерін бұза сөйлегеннен бастап, ұлттық сипаты бар тәрбиеден аулақтай бастады. Осыдан бастап өзгергенде бейне бір жарнамалық заманмен жарысқа түскендей. Ұлттық сипаты, рухани құндылығы жоқ «Батыстың» тәлім-тәрбиесін қомағайлана жұтады. «Батыс» демекші, технология әлемін, теледидар беттерін жаулаған рухани құндылыққа зәру жарнамалық дүниелері – бейне бір жер шарындағы ірге тасынан өз тілі, діні, ұлттық мәдениеті бар елдермен күреске түскендей. Осы орайда «Батыс мәдениетін» дүние жүзіне таралған жайылмалы дертті ісік екенін мойындағандай боласың. Мәселен: парасатты, кішіпейіл, сыпайы тағы басқа ибалық мінездердің бәрін иманды қаракөз қыздарымыздың арасында сақтаулы. Өкінішке орай, біреуден көргенімізді қайталап істеу керек болып тұрады.

І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында қазақ қыздарына темірдей тәртіппен қарап, қажет жерінде шара да қолданып отырғандығы туралы айтылады. Мысалы, Әбілқайырдың Маңғыт руынан алған бәйбішесінен туған он жеті жасар, аппақ жұмыртқадай, жастық желікті ерте бастаған жеңіл мінезді, ерке қызы Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімнің сұлу жүзді, арыс тұлғалы Жәнібекке көңілі кеткен. Хан қызына қолы жете алмай өліп жүрген өзге батыр, сұлтандарға көзі түспей, төрт әйелі бар Жәнібекке неге сонша құмар болғанын кім білсін, әйтеуір қыздың өзі ортаға жеңгелерін салып, ұзатылғанша сұлтанмен көңіл қосуға тілек білдірген. Бұл кезде Әбілқайырмен арасы іштей әбден суып болған Жәнібек: «әкесінің кеудесіне міне алмасам да, қызын тоят етсем, о да ханнан бір өшімді қайтарғаным емес пе» деп, алдымен хан қызымен жақындасады да, артынан қыздың оңашадағы сан түрлі назды қылықтары ұнап, оған үйленбекші болады. Ханға қызын берсін деп, шөбере ағасы Керейді салады. Жайшылықта қастарымен татуласу үшін қыз алып, қыз беруге оңай баратын Шыңғыс тұқымы, бұл жолы қасара қалады. Жәнібекпен, түбі бірге от жағып, түтін түтете алмайтынын сезген хан, қызын беруден үзілді-кесілді бас тартты. Бірақ жауабын тікелей айтуға, Тоқай Темір ұрпағын біржолата шамдандырып алармын деп ойлайды да, «Жақсы, ойланып көрелік, шешімін күз қыстауға қайтқанда естірсіңдер» дейді Керейге. Ханның бергісі келмей отырғанын түсінген Керей намысқа шауып, Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімнің бетінің ашылып қалғанын алыстан тұспалдап сездіреді. Енді қызының абыройы үшін Жәнібекке бергенің дұрыс деген сыңай білдіреді. Қызының мұндай күйге ұшырағанына намыстанып қалған хан, сырттай сыр бермей:

— Жақсы, жауабын күз қыстауға барған соң аларсыңдар, — дейді жаңағы сөзін қайталап, сазарған қалпында, Керей кеткеннен кейін, дәйекші Инелікті жіберіп, шымшып алар еті жоқ, қан-сөлсіз сұп-сұр боп қатып қалған Құрыбай жан алғышты шақыртып алады.

— Менің қызым Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегім бабалары заңы бойынша «қан төгілмей» өлуге тиісті! — деді оған.

«Қан төкпей» өлтіру — ақ кигізге орап, екі жағынан бұрап тұншықтырып, не аяғы мен басын артына қайырып, бел омыртқасын сындырып өлтіру. Көне монғол ғұрпында бұл жеңіл өлім.

Ертеңіне Ғайып-Жамал-Сұлтан-Бегімді бабасы Жошы ажал тапқан көне монғол әдісімен емес, басқа тәсілмен: жүрегіне қанжар салып өлтіріп кетеді. Бұлай өлтіру кімнің ісі екенін білсе де жұрт үндемейді. Хан жарлығы екенін сезіп, жұмған ауыздарын ашпайды [6.17].
Артымызда өсіп келе жатқан сіңілілеріміздің өзі есепшіл, өркөкірек, сезімге сенбей «ақшаға» ғана сенетіндер қатары көбеюде. Тәрбиені ата-анасынан емес, теледидар, интернеттен алып келе жатқан жастар буыны қалыптасып келеді. Кейбір ата-ананың баласымен араласуға да уақыты жоқ. Осыдан барып бала әке-шешесінен суып, оларға деген сыйластықтан мүлдем қалады. Бала кезінен жылылық мейірімді көрмеген адам баласы қатыгездікпен өседі. Жүрегін бойлаған суық ызғардың өшін өзгелерден алатын жандар болады. Сондықтан бұл да ата-ананың жылылығы, жақындығы жастар тәрбиесіне әсерін тигізеді. Қазір, жасыратын не бар, бұрын дәстүрімізде болмаған сүреңсіз жағдайлар бой көрсетуде. Түрлі жарнамаларға өз ұлтымыздың апталдай азаматтарымен емес, өзге ұлт өкілімен түседі. Бұл көрініс бір емес, бірнеше рет қайталанғандықтан, қалыпты жағдай іспетті ешкім үрке қарамайтын болды. Ал, өткен жылғы адам түгілі айуан бармайтын әрекетке барып, көшеге баласын лақтырған кім? Қазақ қызы! Қоқысқа, әжетханаға баласын безбүйректікпен тастаған кім? Қазақ қызы! Қаптаған қара қытайдың қалталы азаматтарына тұрмысқа шыққысы келіп, ата-бабамыздан естіп көрмеген әрекетке барып, еш қымсынбастан қалтасынан қаражат шығарып, тіркеуге тұрған кім? Қазақтың уыздай жас қыздары!

Әрине, мұндай қаныпезерліктің өзіндік себептері көп екенін білеміз. Бірақ, ең бастысы, тәрбиенің кемшілігі екендігінде дау бола қоймас.

Мұндай сұрқия іс-әрекетке бой бермес үшін, менің ойымша, әр ана, әр тәлімгер, ең алдымен, өз бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, оны қыз бала бойына құюға жұмыстануы керек.

Осы тұрғыда Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» атты кітабындағы мына бір жолдар еріксіз еске оралады [3.102].

  • Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек, себебі ол жерге көп көзінің құрты түскіш келеді;

  • Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағаңды жоясың;

  • Қарқылдап күлу – дарақылық белгісі!

  • Қызға қатты күлудің қажеті жоқ, жігіттерге оның жымиғаны жетіп жатыр;

  • Ауыз шешендік әркімде болады.Әсіресе, қыздың аузы сүйреңдеп, көп сөйлемегені абзал. Өйткені, қыздың күлкісі, жымиюы, бас изеуі, көзқарасы, жүріс-тұрысы – бәрі де сайрап тұрған сөз;

  • Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді;

  • Махаббат барша байлықтан күшті;

  • Еркекке жүрек, әйелге тірек керек;

  • Жазғы салқыннан жаныңды аяма;

  • Ешқашан да ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

Жоғарыда атап көрсетілген ұлттық құндылықтарымызға ой жүгіртіп, бір сәт құлақ түріп, қыз бала бойына дарытуға жұмыстанар болсақ, қазақ қыздары ешқашан ардан аттамас еді.

Қыз бала тәрбиесіне тек ата-ана немесе мұғалімдер ғана емес, қоғам болып алаңдауымыз керек. Себебі, ертеңгі ел болашағы – қыз балаға тікелей қатысты. Қыздарымыздың бүгінгі жағдайы осы болса, олардан үлгі алар болашақ бүлдіршін қыздарымыздың ертеңін елестетудің өзі қорқынышты. Әрине, мен көпке топырақ шашудан аулақпын. Көргенді ата-ана тәрбиесін алып өсіп келе жатқан бойжеткендеріміз де баршылық. Алайда, ескеретін бір жай – «бір құмалақтың бір қарын майды шірітпесе» болғаны.













































Қорытынды


Тек өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. 
Қыздарымыз осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен, сүйкімділігімен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы, сыйлы.

Ертеңгі күні не болатынын білмегендіктен, тек өздеріне сеніп, бүгінгі күнмен ғана өмір сүретін адамдар тобына айналып бара жатырмыз ба? – деп қорқамыз. Себебі, біздің қоршаған ортамыз келген жаңа дүниелерге еніп, қалыптасу үстінде. Сондықтан шығар, біз, өзіміздің адами құндылықтарымызды жоғалтып, кейбірі ну орманның ішінде жүргендей адасып, теріс жолға түскендері қаншама? 
Қазір қазақ қыздары бұзылу қаупін бастан кешіруде. Олардың бірсыпырасының әрекеттері ұлттық психологиядан ауытқып бара жатқаны байқалады: ар сақтау, ұятты білу, үлкенді ардақтау, кішіні құрметтеу, адамды сыйлау ұмытылып барады, тіпті жойылып барады деуге болады. Сондықтан барлық оқу орындарында қыз тәрбиесіне арналған арнаулы курс жүргізілсе, бұл ұлттық маңызы бар оқиға болар еді. Қыз тәрбиесіне байланысты арнаулы оқулықтар шығарылуы қажет. 
Өз халқын сүйе білген жас адамдардың бойында ұлттық намыс та, ұлттық рух та, жарасымдылық та молынан табылады. Жас өскін талшыбық сияқты. Оны аялап-мәпелесең, бәйтерек болып өседі. Қыздар саналы да тәрбиелі болып өссе, терең білім алса, жоғарыда айтылған өрелі міндет биігінен көрінеріміз хақ. 
Жастардан жиіркенуге шақырудан аулақпын. Күнделікті өмірде тіл мен сипаты бұзылмаған, көркемділігі мен инабаттылығы бойына жарасқан қаракөз апай-сіңілдерімізді топтап жолықтыруға болады. Ұлттық салт-дәстүрімізді, рухани қазынамызды жоғалтпай заман ағымынан қалмау – уақыт талабы. Өсіп-өркендеп келе жатқан мемлекетіміздің тірегі жастар! Ал біздің жастарымыздың баянды болашағына сеніміміз мол!

Сөзімнің соңын З.Әбдіқожаеваның «Қыздарға» өлеңімен түйіндегім келеді: Өмір – қатал, көтермейді ойынды,

Ұқпайды да кейде ізгі ойыңды.

Тағдыр – жолың жіңішкелеу өмірде,

Жаман аттан аулақ ұста бойыңды.



Қыз ғұмырың үлпілдеген гүл дер ем,

Тербетілген ақ самалмен, гүлменен.

Абайлап жүр ерте үзуге тым құмар,

Тасбауырдан қадіріңді білмеген.



Байқа, ботам, өте нәзік жаның да,

Аңқау болма, қызыққа көп салынба.

Кір келтірме қыз атыңа, арыңа,

Шалыс басып түсіп кетпе жалынға.



Төтеп берсін дауылдарға желкенің,

Сарқылмасын бал қылықты ертегің.

Күрес еркем, жамандықтан жасымай,

Күндей нұрлы болу үшін ертеңің!



Қыздарымыз сұрқия саясаттың құрбаны болмай, ар-намысы мен ожданын биік қояр қазақ қызы деген атқа лайық болсын!

10


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!