Материалдар / "Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы"
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Іс-шара тақырыбы: Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы
Мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруда оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, ұлттық құндылықтар - біздің тіршілігіміз,бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін ұғындыру.
Көрнекілігі: қанатты сөздер, интерактивті тақта
Түрі: ой-танымдық кеш
Әдісі: сұрақ - жауап, ойталқы
Іс-шара барысы:
Жүргізуші 10б-сынып оқушысы Албина:
-Армысыздар, құрметті көрермендер, ардақты ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Менің елім - Қазақстан! Бұл ұлт перзентінің әрқайсысының көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, туған жеріңнің нығайып көркеюі жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі екеніңді ұмытпа!» деп ұлылар айтқандай, расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де – біз боламыз. Бүгінгі шарамыз «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы» деп аталады және шара «Ой-думан», «Жыр -думан», «Сән-думан», «Ән-думан» айдарларына «Мектеп Парламенті» өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшыларының қонаққа келіп өз ой-талқыларын ортаға салмақ. -«Ой-думанның» қонақтары, « Мектеп парламенті» көшбасшылары, мектебіміздің үздік оқушылары,11-сынып оқушылары: Айдынғалиева Дилназ бен Оңғарбай Аңсарды қарсы алыңыздар! Келіңіздер, төрден орын алыңыздар./Қонақтарды төрге отырғызады/
Жүргізуші Албина: Қазақ тілі — халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес асыл мұрасы.Сондықтан ана тіліміздің қасиеті туралы қанша айтсақ та артық болмайды.. Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы. Әр азамат өзінің ана тілін көзінің қарашығындай сақтап, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Бүгінгі күні күнделікті ауызекі сөйлесудің өзінде туған тілімізді шұбарлап, орыс тілінде немесе жаргон сөздермен сөйлесетіндерді жиі кездестіреміз. Басқаларды айтпағанда, өз ішіміздегі қазақ ұлтының өкілдері қазіргі күні өзге тілде сөйлеуге көп көңіл аударады. Әсіресе жастар қазақ тілінде сөйлесуден гөрі орыс тілінде қарым-қатынас жасағанды «сән» көреді. Туған тілден безінген азаматтарды көргенде орыс жазушысы К.Паустовский «Туған тіліне жаны ашымаған адам — жәндік»  деп ашына айтқаны ойға оралады.Ендеше, Қазақтың біртуар ақыны Мағжан Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады» — деген. Демек, қай салада қызмет етсек те, қандай тілді үйренсек те біздің басты байлығымыз қазақ тілі болмақ. Ендеше, Ой- думан қонақтарына сұрақ: -Бүгінгі күні жас буынның ана тіліне құрметі қандай? Тіл-ұлттың рухы,тұғыры мен намысы дегенді қалай түсінесіздер? Қандай кітап оқып жатырсыздар,Кітап оқыған адамның ойы тұнық,білімі терең деген ұғымға келісесіздер ме? /Ой-думан қонақтары Дилназ бен Аңсардың қойылған сұрақтар аясындағы пікірі тыңдалады/ Жүргізуші Албина: Шарамыздың келесі бөлімі Жыр-думан қонақтары, «Жас ұлан»ұйымының белсенді оқушылары Аймауыт Інжу мен Ғабдолла Ершат Ана тілге деген құрметті өлең жолдарымен жеткізбек: Аймауыт Інжу: «Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!» .... деп қазақтың көрнекті ақыны М. Жұмабаев жырлап өткен. Осы бір өлең жолдарын оқи отырып, шынында да ана тіліміз – қазақ тілінің тарихытереңде екеніне көзіміз жетеді. Бабаларымыздан асыл мұра болып қалған ана тіліміздің сақталып, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалу үшін қаншама тер төгіліп, қаншама еңбек етілді десеңші! Осы орайда мен сіздерге Т. Молдағалиевтің «Менің тілім өлмейді халқым тірі» өлеңін оқып берейін. Осы өлең ана тілге деген сүйіспеншіліктеріңізді одан сайын арттырар деп ойлаймын.
Ғабдолла Нұршат:
Иә, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен еліміз егемендігін алып, тәуелсіз ел болып, тіліміз шұбарланбауы үшін қаншама қиындықтарды бастан өткерді. Қазіргі күн – біздің басымызға бақ қонған күн. Тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқы көптеген елеулі істерге қол жеткізді. Соның ішінде біз мақтанып айтатындай қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. Ендеше, осы тіліміздің болашағы бұлыңғыр болмау үшін Қазақстандық әр азамат өз үлесін қосуы керек. Мен үнемі қазақ ақын - жазушыларының тіл, Отан, тарих, салт - дәстүр жайлы жазған өлеңдері мен шығармаларын көп оқимын сіздерге М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңін оқып берейін.
Жүргізуші Албина:
Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас – деп ұлы Абай атамыз таңырқап, тағзым еткен. Олай болса, сіздердің ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңызға тілектеспін!
Ендеше, келесі айдар:«Дәм думан». «Дәм-думан» кезеңінің қонағы «Мектеп парламенті» көшбасшысы, Pro eco Республикалық экологиялық жобалар конкурсының жүлдегері Қайырғалиева Дилназды қошеметпен қарсы алайық. Алдымен мына жағдаятқа назар аударайық.
( «Қымыз бен Кока – кола» көрінісі көрсетіледі.)
Екі оқушы дүкенге келе жатыр.
Айдын: - Сәлем, Ұлан! Қайда бара жатырсың?
Ұлан: - Мені анам базарға жұмсап еді, қымыз алуға бара жатырмын.
Айдын: - Қымыз?! Қымыз дейсің бе? Оны не қылмақсың?
Ұлан: - Не қылғаны несі, ішемін. Біз отбасымызбен қымыз сусынын жақсы көреміз.
Айдын: - Ой, Ұлан, мынадай Кока - кола сусыны тұрғанда қымызды не қыласың. Өзің ішіп көрші, сондай дәмді, әрі шөліңді тез қандырады.
Ұлан: - Айдын, сен қателесесің. Кока - кола адам денсаулығына зиян. Коланың құрамында неше түрлі химиялық қоспалар бар
Айдын: - Ей, қойшы, сен де ақылды болады да жүреді екенсің. Өзімнің Колама ешқандай сусын жетпейді.
Жүргізуші Албина:
Ал, енді сіздің пікіріңізді тыңдап көрелік. Қайырғалиева Дилназ: - Шынымен де қазір көп оқушылар «Қандай сусынды жақсы көресің?» деп сұрасаң, Кола, Пепси, Спрайт деп жауап береді. Ал Кока - коланың адам ағзасына зиян екендігін білмейді. Кока - коланың құрамындағы ортофосфор қышқылы адам ағзасындағы кальций тапшылығына әкеледі.Ал, қымыз – мың ауруға ем. Қымызбен туберкулез ауруын емдеген, әрі адам ағзасына жақсы әсер етеді. Дәрумені мол. Қымыздың құрамында: А және С, Д, Е, Ғ, В 1, В 12дәрумендері бар. Жоғарыда көрсетілген «Кока – Кола» мен Қымыз сусынының пайдасы мен зиянын ажырату балалар мен ата - аналардың таңдауында.
Қазақ халқының жүз жасаған бәйтерегі Жамбыл атамыз:
Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға - ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз,- деген екен. Сондықтан өз денсаулығымызға зиян келтірмейік!
Жүргізуші Албина:
- Пікіріңізге көптен - көп рахмет. Келесі кезекте ортаға «Сән думан» қонағы 10в-сыныбының үздік оқушысы Сарсенова Лейланы шақырамыз.
-Өнер адамның дүниетанымына, сеніміне алдына қойған мақсатының айқындала түсуіне игілікті әсер етеді. Сол себепті де халық өз ұрпағының өнердің сан – саласынан толық мағлұматы болуын аңсап, бұған қатты көңіл бөлген. Осы пікірмен келісесіз бе?
Лейла:- Иә. Қазақ халқы “Жігітке жетпіс өнер де аз”, “Өнер таусылмас азық, жұтылмас байлық” – деп өнерді құдіретті күш, адамның жан серігі, ертеңгі күнгі жейтін тамағы, ішетін сусыны, рухани байлығы деп бағалаған.
Қазақтың ән өнері, қолөнері, зергерлік өнері өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән - мағынасымен шын мәніндегі халқымыздың ғасырлар тағылымынан өткен асыл қазынасы.
Мен ұлттық ою - өрнектерге сондай қызығамын және әрбір қолөнер бұйымдарына деген ықыласым зор. Қазақтың ұлттық киімдеріне, ұлттық әшекейлеріне салынатын оюларды зерделеп, оның қандай мағына беретіндігін үнемі ойыма тоқып жүремін.
Құс мұрын оюы – ұшқан құстай ерікті, бақытты болыңдар деген тілекті білдіреді.
Омыртқа оюы – бірліктің, ынтымақтың, беріктіліктің белгісі.
Қошқармүйіз — әл – ауқатымыз жақсы, молшылықтамыз деген белгі.
Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады. Арқар мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, қос мүйіз.
Құстаңдай оюы – шешендердің, ақындардың үні құстың сайрағанындай құлаққа жағымды, жан жұбатарлық деген тілекпен өнер адамдарының шапандарына кестелеп тігіледі.
( Қазақтың ұлттық киімдері бойынша мектеп оқушыларының сән көрсетілімі сән үлгісін көрсетеді)
Лейла: - Міне, қандай жарасымды. Біз ұлттық киімдерімізді тек мереке уақытында ғана кимей,мектебімізде «Ұлттық киім күні» деп аптаның жұма күні ұлттық киімдерімізді насихаттап киіп неге дәріптемеске, басқа уақытта да ұлттық нақыштағы киімдерді неге ойлап таппасқа?!
Жүргізуші Албина:
Шынында да, осы асыл қазынаны жоғалпай, әрі қарай дамыту баршамыздың міндетіміз. Табиғаттың тебіренген, қуанған шағының перзенті - әнші десек, сол перзенттің иесі де, іздеушісі де халқы.«Ән көңілдің ажары десек» кәусар сезім мен тояттамас көңіл, шалқыған шаттық пен мұңға тұңған махаббат, буырқанған шабыт пен сабырға көнбес сағынышты да осы әннен табасыз. Думанымыздың келесі айдары «Ән- думан». Ән думанның қонағы өнерлі оқушы: Нұржанов Расул. Расул, қазақ халқы ән десе ішкен асын жерге қояды. Қазіргі кезде жастар жеңіл музыканы ұнатады. Сіздің көзқарасыңыз қандай?
Расул:
- Осы ана тіліміздің ең асқар биігі, мөлдір маржаны, қасиетті кәусары — ән.
Ән – тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны. Қазағымның қасиетті қара домбырасымен айтылатын әндердің орны мүлдем бөлек. Мен үшін дәстүрлі әндердің шоқтығы қашанда биік.
Жүргізуші Альбина:
- Ал, Расул қасиетті қара домбыраны ала келген екен. Оның сыры неде?
Расул:
- Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымның астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп - біліп, ұшырастырып та жүрміз. Домбыраны қастерлеп әр үйдің төріне іліп қойған.
Домбырамен орындалатын күй – арқаны қоздырып, рух беретін, бірде сайын даланы шарлатса, енді бірде сағыныш лебі ескен самалдай болады.
Жүргізуші Альбина:
Нағыз қазақтығымызды танытатын керемет бір күй шертіп берсеңіз.
Расул:
Мен сіздерге «Адай» күйін орындап берейін.Алдымен тарихына тоқталсам, Құрманғазы бірде келе жатып, қазақтың адай руының 300 жауынгеріне кездеседі. Сол жерде ол қазақтардың алда тұрған 2 мыңдай түрікменнің жауынгерлерімен соғысайын деп тұрғанын естіп, бұлар өздерінен бірнеше есе көп жауға қалай шабайын деп тұр? Қалай болар екен деп биікке, тауға шығып ұрыстың бағытын қарап тұрған. Бұл кезде қазақтың адамнан құрылған 300 жауынгер бір қатарға қатар тұрып, сосын аттарының құйрығына қойдың терісін (тулақ) байлап, қатар тұрған күйінде қаптап тұрған түрікмендерге қарсы шапқан. Түрікмендерге қатар шауып келе жатқан 300 адай аттардың сүйреген тулағынан үлкен шаң көтеріліп, оларға өте көп болып көрінген. Түрікмендер сасып, қорқып адайлар жақындағанда кейін қарай бытырай қашқан. Адайлар артынан қуып, жеткендерін құлатып, қырған. Бұны көріп тұрған Құрманғазы адайлардың тапқырлығына, батырлығына таң қалып, сол жерде «Адай» күйін шығарған екен.  Қабыл алыңыздар.
Жүргізуші Альбина: Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең, менше сүй – деп Абай атамыз жырлағандай мектебіміздің өнерлі оушылары Малика мен Сабинаның «Қазақ елі» әсем әнін тыңдасақ.
-Бүгінгі кеште құнды - құнды пікірлер айтылды. Сөз соңында айтарымыз: Қасиетті төрт анамыз ешқашан ұмытылмасын, Әніміз әуелеп, күйіміз күмбірлесін, Ұлттық құндылықтарымызды аялы алақанымызда ұстайық. Еліміз - аман, жұртымыз - тыныш болсын.

Жасанова Ботакоз Жолдаскалиевна

37 ЖОББМ-нің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!