400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы. ЭССЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ұлттық құндылықтар-тәрбиенің түп қазығы.



Эссе

Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Ғасырдан - ғасырға жеткен халықтың қазынасы –  тілі, діні, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлтымыздың рухани байлығы. 

Біздің ата-баларымыз  бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - әлемде теңдесі жоқ тәрбие десек артық айтқандық емес. Баланың жастайынан ұлттық құндылықтарды дәріптеуінің, елімізді, туған жерімізді, дініміз бен тілімізді құрметтеуінің негізі осы ұлттық тәрбиенің негізінде жатыр. Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат тәрбиелеу үшін ұлттық құндылықтарымызды басшылыққа алу қажет. Оның маңыздылығы мен қажеттілігі зор. Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына.

 

Осы ұлттық тәрбиені балалардың бойына сіңіру мақсатында МКҚК «Алмагүл» балабақшамызда Ұлттық бұрыштар жасалды, кітап бұрыштары, ата-аналар бұрышы, безендіру барысында ұлттық оюлар ілініп, шаңырақ ілініп, ұлттық киімдерді әр аптаның сәрсенбі күні кигізіп жатыр. Наурыз мерекесі үлкен дәрежеде өтілуде, Әжелер мектебі, Аналар мектебі, Әкелер мектебі жұмыс атқарылып жатыр. Барлық балабақшаның кеңестерінде талқыланып, көрнекіліктерде ұлттық нақышта жасалып жатыр. Балаларға мақал-мәтел, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ерегілер кеңінен түсіндіріліп жатыр. Ұлттық тағам түрлерін әжелер келіп құрт, май жасап көрсетеді.

Әр жылы «Атам ана және мен», «Ата көрген оқ жонар, Ана көрген тон пішер» , «Ханталапай » ойындары Республикалық көлемде өтілуде.

 

Қорыта айтқанда, қазіргі заманда бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін, алдымен, өзіміздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүрді, мәдениетімізді сақтай отырып, келешек ұрпақты сол арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеуіміз керек. Салауатты да саналы ұрпақ қамын ойлар болсақ, сол қоғам иелерін жан-жақты, ақыл парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ұстаздың, әрбір ата-ананың қоғам алдындағы борышы деп білеміз. 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 желтоқсан
332
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі