Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар тақырыбында эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген жастар»


Ұлттық құндылықтар қасиетті халқымыздың ұлылығын айқындайтын асыл дүниелер. Сайын даланы ен жайлаған қазақ барлық игі бастамалардың негізін қалап кеткен-ді. Уақыт керуені ілгері жылжыған сайын адамзаттың ақыл-ойы озып кеткен жұрттың ортасында қазақ баласы жаһандық көшіне ілесе ала ма? Қалай? деген сұрақтар мені мазалайды.

Иә, ғасырлар қойнауынан қалыптасқан ұлт даналығы мен жаһандық жаңалықтардың бір арнаға тоғысқан кезеңі келіп жетті. Еліміз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, еңсесін тіктеп алды. Бүгінгі күнде ел болудың қамы жасалуда. Еліміз де жеріміз де қазынаға бай. Мұнайы мен ураны, алтыны мен күмісі ешбір елдің қазынасынан кем түспейтін қазақ елі алпауыт елдермен иық тіресе алатын жағдайы бар. Қазақ баласының бойына үш түрлі маңызды қасиетті сіңіріп өсірген екен: олар – обал, сауап, ұят. Бір Димаштың ғана өзің алар болсақ, әлемдік сахнада тұрған сәттерінде тұла бойынан қазақылықтың өзін танығандай боламыз. Әлем сахнасында қазақ әнін әуелетіп, қазақша сөйлеуден және ұлтың дәріптеуден әсте жалыққан емес. Қазірде Димаш айтқан қазақ халық әндерін жарты әлем айтып жүрген болса қателеспес едім. Міне, ұлы даладағы аз халықтың жер-жаһанға атын шығарып, ұлттығын танытудың айқын көрінісі осы емес пе!

Туған жерінің тарихы мен мәдениетіне қанып өскен ұрпақтың өзін танып, өзгені танып оларға құрметпен қарағаны – бабаларымыздың тәрбиесі. Дүниенің «көрінетін һәм көрінбейтін сырларын» ұғуға талпынған жастар өзге тілді үйреніп Еуропада білімдерін шыңдап жатыр. Ұлттық тәрбиеден сусындаған саналы жастарымыз заманының заңғар талаптарына төтеп беріп, әлемдегі ең ірі Гарвард университеттерінің түлектері атануда. Қара басының қамынан гөрі ұлттық мүдде, ар-ұят, талап дейтін құндылықтарды бәрінен биік қойып жатқан жастарымыз аз емес. Барлық күш-жігерін, ғылыми әлеуетін ел игілігіне жұмсап жүргендер аз емес. Жусанның иісін Батыстың даңғаза тірлігіне айырбастаған жоқ. Мысалы, Шығыс Қазақстандық Сәкен Нұртазаев ауыл әкімі болса, қызылордалық Дәулет Қанашаев барлық білімін ұлттық мұнай компанияларының бірінде жұмыс істеуге арнап отыр. Бұлар – мыңның бірі. Меніңше, мұндай адамдар перзенттік парызын бәрінен жоғары қойып отыр.

Қорыта айтқанда, рухты жастар ғана ұлттық мүдде мен жаһандықтың ара-жігін ажыратып, бағамдай алады. Алаштың арда азаматы Әлихан Бөкейхановтың «Ұлтқа қызмет ету – көркем мінезден» деген сөздерімен ойымды түйіндегім келеді.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
172
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі