«Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі»атты мерекелік кешінің сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі»атты мерекелік кешінің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі»атты мерекелік кешінің сценарийі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таяуова Салтанат Жубаткановна

«№39 қазақ орта жалпы білім беру мектеп-лицейі»КММ

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары


«Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі»атты мерекелік кешінің сценарийі


Өткізілетін күні:15.12.23ж

Өткізілетін уақыты:12.00

Безендірілуі:Шарлар,банер, презентация


ФАНФАР


Жүргізуші №1:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар!

Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Ұлттық рух-тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы
Енді ағайын көгінде қалықтасын
Қазағымның қастерлі – Әнұраны!

(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындалады)

Жүргізуші №2: Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!
Тәуелсіздіктің түп – тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екеніне ешкім дау айта қоймас. Десек те, 1986 жылдың қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Бостандық деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз. 32 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз.

(1 мин үнсіздік)


Жүргізуші №1: Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс,
Егемендік-ел бақыты, ертеңі,
О, халайық, құтты болсын қуаныш.


Жас домбырашылар оркестрінің орындауында Малкеждар Әубәкіровтің күйі «Өрнек»


Жүргізуші №2: Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан

Ата-бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан-Гулстан!


Жас әншілер тобының орындауында «Қазақстан елім»әні

Қабыл алыңыздар!





Жүргізуші №1: Шаттық нұры шашылып зеңбірікте

Шуағын күн төгеді енді көктен
Шылбыр үзді даланың арғымағы
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен

Халық күйі «Тепең көк»

Жүргізуші №2:Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

(Мәнерлеп оқу)

Жүргізуші №1: Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

«Көк тудың желбірегені» орындайтын

3 «ә»сыныбының оқушысы Миров Тамерлан



Жүргізуші №2: Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

«Қазақтай ел қайда»»әні орындайтын Жас әншілер тобы


Жүргізуші№1: «Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі» дей келе бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 32 жылдығына арналған «Ұлттық рух-Тәуелсіздік тірегі» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

БІРГЕ: Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.10.2025
18
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі