Тақырыбы: Ұлттық салт-дәстүр – ұлттық байлығымыз
Мақсаты:
І.Білімділік: Балаларға ата-бабаларымыздың салт-дәстүрі туралы түсінік беру. Қазақтың салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру.
ІІ.Дамытушылық: Балалардың өз халқына, ұлтына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
ІІІ. Тәрбиелік: Балаларды ұлағатты салт-дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, слайдтар
Өткізілетін орны: Арнайы мектеп – интернаты
Өткізілетін күні:
Өткізілу барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші: Құрметті балалар және ұстаздар! Мен сендерді бүгінгі сабағымда көргеніме қуаныштымын. Бүгінгі сабағымыздың қызықты өтетініне сенімдімін.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі мақсаты – халқымыздың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын болашақ ұрпақтың бойына сіңіру. Әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Біздің тәрбиеміз ананың ақ сүтінен, атаның қасиетті сөздерінен бастау алады. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері өте көп. Халқымыздың әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын білу, оны қастерлеу – әрқайсымыздың борышымыз.
Сондықтан да, балалар, халқымыздың салт – дәстүрі мен әдеп – ғұрпын танып, білу үшін бүгін біз екі топқа бөлініп жұмыс жасаймыз. Ол үшін біз мына сандықшаның ішінде екі топтың аты жасырылған құпия ашық хатымызды алып алайық.
(екі топ құпия хатты ашып, өз топтарының атын таңдап алады).
Тәрбиеші: Ия, біздің балаларымыз «Шаңырақ» тобы және «Алтын бесік» тобы болып екі топқа бөліндік. Енді, балаларымызға жетекші ретінде екі топқа екі апайымыз көмектесулерін сұраймыз. «Алтын бесік» тобына , «Шаңырақ» тобына
зор қошаметпен қарсы алайық.
Ал, ені екі топқа ортақ сұрақ:
Алтын бесік: Алтын дегеніз байлық болса, Бесік деген ол- қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып саналады. Сондықтан да біздің тобымыз алтын бесік деп аталынды деп ойлаймыз.
Шаңырақ: Біздің топтың «Шаңырақ» деп аталуы қазақта үлкен әулетті, туып өскен үйді қара шаңырақ деп атайды. Сондықтан да «Шаңырақ» деп аталдық.
ІІІ. Негізгі бөлім.
Тәрбиеші: Өте жақсы, біз топқа бөліндік, топ атымен таныс болдық. Енді назарларыңызды тақтаға аударыңыздар. Бүгін біз аулыға саяхатқа шығамыз. Ол жерде біз ауылдың тұрмыс – тіршілігі мен салт – дәстүрлерімен танысып қайтамыз. Біз баратын ауылдарымызбен таныс болайық:
1. «Ұлттық салт – дәстүрлер» ауылы
2. «Ырымдар мен тыйымдар» ауылы
3. «Ұлттық ойындар мен тағамдар» ауылы
4. «Атамекен» ауылы
Тәрбиеші: Балалар, әр ауылға барғанда бізді түрлі тапсырмалар мен сұрақтар күтіп тұрады. Барлық тапсырманы орындауға, сұрақтарға мүдірмей жауап беруге дайынсыңдар ма?(балалар жауабы).
Тәрбиеші: Жақсы,әр ауылға барғанда, берген жауаптарың мен орындаған тапсырмаларыңа қарай мен сендердің қоржындарыңа асық салып отырамын. Тәрбие сағатымыздың соңында қоржындағы асық санына қарай қай топтың жеңіске жеткенін анықтайтын боламыз.
Ал, біздің бірінші болып тоқталатын жеріміз «Ұлттық салт - дәстүрлер» ауылы. «Ұлттық салт – дәстүрлдер» ауылының сұрағына назар аударайық. Екі топқа жеке – жеке сұрақтар қойылады.
(экраннан сұрақ беріледі)
«Алтын бесік» тобына сұрақ: Салт- дәстүр дегеніміз дегеніміз не? Қазақтың ұлттық салт-дәстүрінің бірі - Шілдехана, Бесікке салу, Қырқынан шығару салтын таныстыру.
Жауап: Салт- дәстүр дегеніміз әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне,ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып,өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Біздің қазақ халқы салт – дәстүрді өте биік ұстаған халық. Олардың түрі өте көп. Мысалы:
Шілдехана. Баланың шыр етіп дүниеге келуі тек ата-анасының ғана емес, бүкіл ауылдың қуанышы болып есептеледі.Міне, осы күндері оның алғашқы тойы жасалады. Ол тойды шілдехана деп атайды.
Бесікке салу. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрлердің бірі. Баланы бесікке салып бесік жыры айтылады.
Қырқынан шығару. Қырқыншы күні «қырқынан шығару» салты өткізіледі. Ыдысқа қырық қасық су құйып, баланы шомылдырады. Баланың тырнағы мен шашын бірінші рет алады.
«Шаңырақ» тобына сұрақ: Әдеп-ғұрып дегеніміз не? Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше әдеп-ғұрыптарын атап өтіңдер.
Жауап: Әдеп –ғұрып дегеніміз қазақтың өмір салтын қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз. Қазақ халқында қалыптасқан бірнеше ғұрыптар:
1)Ат қою(ғұрып). Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған.Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған.
2)Айдар(ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қояды. Бұл ғұрып, ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
3)Кекіл (ғұрып). Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны «кекіл»дейді.
/Балалардың жауабын тыңдау,сараптау/
Тәрбиеші: Өте жақсы, балалар. Біз бірінші ауылымызда салт- дәстүрлер мен әдеп-ғұрыптарымызбен таныстық. Ал, біздің «Ырымдар мен тыйымдар » ауылы бізге қендай тосын сый дайындап қойған екен. Назарымызды тақтаға аударайық.
Сұрақ: Қазақ халқының ырым – тыйымдары. Берілген ырым – тыйым сөздердің жалғасын табыңдар.
«Алтын бесік» тобына:
*Қазақтар шашты неге жерге тастамайды деп ырымдаған? – бас ауырады деп ырымдайды.
* Шашты далаға тастамайды, жерге көмеді дегеннің себебі неде? Себебі оны құс ұясына салса, иесі дертке
шалдығады деп түсінеді.
* Тырнақ өсірмейді деген тыйым сөздің мағынасы неде? – астына шайтан ұялайды дейді.
* Ас бөлмесінде тырнақ алмайды. Себебі неде? Тамаққа түссе – адам жазылмайтын ауруға
шалдығады деп түсінеді.
«Шаңырақ» тобына:
* Нанды баспайды деген ырым сөздің мағынасы неде? Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшырайды деп ұғады.
* Қыз балаға неге желке жегізеді? шашы өссін деп желке жегізеді.
* Бесіктің бас жағына неге пышақ, қайрақ, қамшы немесе үкінің тұяғын қояды?
Мұндайдшайтан, жылан, жәндік, тышқан келмейді деп жорыған.
* Cәби тоңқайып екі аяғының арасынан қараса,.. күткен жолаушы келеді немесе қонақ
келеді дейді.
Тәрбиеші: Ата дәстүр абырой халқымызға,
Қаншама жыл сән берген даламызға.
Тоқталамыз енді біз, ал балалар,
«Ұлттық ойындар мен тағамдар» ауылына.
Біздің тәрбие сағатымыз ойыныойнап, тағам әзірлеумен одан әрі қыза түсетін секілді. Ендеше, ұлттық ойынымыз бен тағамымызға да кезек берейік. Ол үшін біздің сыйқырлы қобдишамызды ортаға алдырайық.
(ішінде ұлттық ойын мен ұлттық тағам дайындауға арналған керекті азық-түліктер мен заттар салынған қобдиша әкелінеді)
Тәрбиеші: Мінекей, балалар, мына сыйқырлы қобдишада бір сары және бір қызыл қобдиша бар. Әр топтан бір – бір баладан келіп, таңдап аласыңдар. Таңдағандарыңа байланысты бір топ ұлттық ойын түрінің шартымен таныстырып, ойнап көрсетеді. Ал, екінші топ берілген азық түрінен тағам түрін жасап көрсетеміз және ол тағамның атын, жасалу жолдарын таныстырып өтеміз Тапсырма түсінікті болса, әр топтан бір баладан сықырлы қобдишаға келулеріңізді сұраймын.
-
Асық ойыны
-
Қазақтың ұлттық тағам түрі – құрт.
Тәрбиеші: Бәрекелді, жарайсыңдар, ойын ойнап, ас әзіреп біз тағы бір ауылға деп келіп жеттік. Бұл ауыл «Атамекен» ауылы деп аталады. Атамекен дегеніміз адамның туып өскен жері, елі екенін білеміз. Ендеше, әр топ салт- дәстүрге байланысты өлең шумақтары мен ән – жырларын бүгінгі қонақтарымызға тарту етеді. Қабыл алыңыздар.
1-оқушы:
Қазағымның салт - дәстүрі
жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі
қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық
ағайын
Қазақ атты үлкен, кіші
балдырған.
2-оқушы:
Әдет - ғұрып, салт - дәстүрі
қазақтың,
Жарасымды, ұнасымды, ғажап
шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді
сақтайық,
Насихаттап, жаңартудан
қашпайық.
3-оқушы: Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған
антымыз.
Кең даланың ежелгі,
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
4-оқушы:
Ата салтым – асыл мұрам, ардағым,
Бабалардың жалғастырар арманын.
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен
жалғадым.
5-оқушы: Тойың-тойға ұлассын, ұлы халқым!
Өрлей берсін қияға атақ-даңқың.
Аялайық, қастерлеп, ұлы күнді,
Жеткізейік ұрпаққа Ата салтын!
6-оқушы: Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы Қазақстанда туғаным!
О, туған жер! Тамашасың, көркемсің!
Тәрбиеші: Енді біз бүгінгі тәрбие сағатымыздың соңын екі топқа арналған виктариналық сұрақтармен аяқтаймыз. Ал, балалар қоржынымыздағы асықтар санын толықтыруға тағы бір мүмкіндік туып тұр. Ол үшін жылдамдық пен, ептілік керек. «Алтын бесік» тобы мен «Шаңырақ» тобы дайын болса, біз бастайық.
-
Көшіп- қонуға арналған қазақ халқының баспанасы. (Киіз үй)
-
Кез келген мерекеде сыйлы сүйектермен дайындалатын қазақтың ұлттық тағам түрі. (Ет)
-
Жылқының сүті қалай аталады? (қымыз)
-
Түйенің сүті қалай аталады? (шұбат)
-
Қазақ халқының сыйлы қонаққа кигізетін ұлттық киімін ата. (шапан)
-
«Наурыз» сөзінің баламасы. (жаңа күн)
-
Наурыз көжені қанша дәннен жасайды? (7)
-
Қазақ халқы жақсы жаңалықты жеткізу үшін қандай сөзді пайдаланады?
-
Қазақ халқының ұлттық күрес түрі. (қазақша күрес)
-
Қазақ халқының танымдық ойын түрлерін ата (асық, тоғызқұмалақ)
Тәрбиеші: Мінекей, балалар, біздің жоспарлаған тәрбие сағатымызда аяқталып қалды. Ендеше, өз білімдері мен өнерлерін көрсеткен топтарымыздың жинаған асық санын есептейтін кезге келіп жеттік.
(екі топтың қоржынындағы асық санын есептеп, жеңген топты анықтау)
VІІ. Қорытынды
Тәрбиеші: /тәрбиеші сөзі/
Туған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтады надан деп.
Ашық болсын күніміз,
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде,
Айтылады жырымыз! – деп бүгінгі тәрбие сағатымызда балалар халқымыздың мол мұрасының бір бөлшегін танып, білді деген оймен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Ұлттық салт- дәстүр - ұлттық байлығымыз" Тәрбие сағаты

шағым қалдыра аласыз