«Ұлттық салт – сананы баланың бойына сәбилік шағынан қалыптастыру».
«Қазақ дәстүрінде баланы әлдилеу, жұбату, ойнату,
тәрбиелеу үстінде,оның алдында неше алуан тілек,
мақсат қою – өлеңмен, жырмен, әнмен, көркем сөз
арқылы айтылған».
М.Әуезов.
Болашақ бала тәрбиесіне ұлттық сананы, ұлттық дүние танымды қалыптастыру, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін санасына сіңіру – біздің басты міндетіміз. Халқымыздың кешегісі мен бүгінгісін жалғастыра отырып, ата-бабадан қалған ұлттық тәрбие тағылымдарын жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу борышымыз. Халықтың туғызғын тәрбиелік дәстүрлерінің бәрін жас ұрпаққа дарыту, сонымен бірге ұлы мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, оны сақтап, өміршең ету қазіргі өмір талабы. Халқымыздың әдебиеті мен мәдениетінің, ғасырдан-ғасырға өткен әдет-ғұрпының тарихын, бастапқы шығу төркінін білу әркімнің абзал борышы. Өз халқының ұлттық салт-дәстүрін білмеген адам қоғамның келешегін де ойламайды. Сондықтан да оқу-тәрбие жұмысына халқымыздың салт мұраларын барынша ендіріп, балалаларға ұлттық педагогиканың сан қырынан дәріс беру бүгінгі күннің негізгі міндеті.
Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұрасының бір түрі- халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде қазақ халқы өзінің тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен күйініші, дүние танудағы көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең-жыр, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар ойлап шығарған және оларды ауыз екі айту күйінде тудырған. Халық шығармаларды есіне сақтап және ауызша айтып ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген.
Қазақ халқының ертегілері, аңыз әнгімелері балалардың қиялына қанат бітіріп, ойлау қабілетін, тілін дамытуға, шешендікке, тапқырлыққа, олардың бойына адамгершілік түсініктерді қалыптастыруға септігін тигізеді.
Ауыз әдебиеті – ертеден келе жатқан мұра. Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Әр алуан тақырыпқа шығарылған өлеңдер, мақал- мәтелдер 49.
жұмбақтар, аңыз-әңгімелер, ертегілер, батырлар жыры т.б Қазақ халқы ертегіні сүйіп тыңдау үшін, баланы ертігіге еліктіру үшін ,
Ерте, ерте, ертеде,
Ешкі жүні бөртеде
Қырғауыл жүні қызыл екен.
Құйрық жүні ұзын екен. деп әндете ертегіні бастаған кезде балалар қызығушылық танытып,тыныштала қалады. 1жас 6 ай балаларға мазмұны жағынан қысқа да, қызықты, оқиғаға толы ертегіні бір рет әңгімелеп, екінші рет қайта еске түсіру арқылы бекіту нәтижесінде жүргізіледі.Әр бір жүргізілген ертегі мен әңгіме сюжетті суреттер арқылы, немесе бейне клиптер арқылы жүргізсе, балаға түсінікті болады.Баланың ертегі кейіпкерлеріне жанашырлық таныту, өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарға жауап беруге тырысады.Осы жаста «Торғай мен түлкі», «Мысық неге тамақ ішкен соң жуынады?», «Шалқан», «Әке мен бала және ескі құмыра» т,б. 2 жастан бастап қазақ және басқа халықтардың шығармаларымен жазушылармен, таныстыру.Ертегі мен әңгімені зейін қойып, алаңдамай, құрдастарымен тыңдауға, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге тәрбиелеу.Өздеріне таныс кейіпкерлердің іс-әрекетіне жанашырлық білдіріп,таныс шығармалардағы қарапайым сюжеттерді ойнап, сахналап көрсеруге талпындыру. Түрлі халық ертегілерін тыңдау және сахналау. «Бауырсақ», «Шалқан», «Түлкі мен әтеш», «Үш аю», «Қияр мен капуста» т.б. Ертегілерден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, қиялы, дүние танымы мен көз қарасы көрініп отырады.Халық өзінің ертегілерінде, қиял түрінде болса да, қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Оларды халық тілегі, көпшілік мүддесі тұрғысынан әңгімелейді. Ертегілерде айтылған әңгімелерде халық өзінше қорытынды жасап, әділ бағасын береді, нені ұнататынын, нені ұнатпайтынын нені жек көретінін суреттейді. Ертегілер арқылы біз балаларды жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелейміз. Өз ойларын, пікірлерін, айтуға үйренеді. Халық ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәні зор.
Мақал-мәтелдерде халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтады. Көптеген мақал- мәтелді балаларға үйрете отырып, біз балаларды еңбекті сүюге, оқу-білімді, Отанды сүюге, үлкенді сыйлауға, кішіге жанашыр болуға тәрбиелейміз. Балаларға қазақтың мақал- мәтелдерінің мән мағанасын түсіндіріп, оларды қалай, қай жерде қолдану керек екенін және сөз арасында сол мақал –мәтелдерге мысал келтіріп, балаларды ата- анасын сыйлауға, мәдениетті, сапалы еңбекқор игі қасиеттері қалыптасқан, сезімтал сәбиді 50.
тәрбиелеу. Мақал–мәтелдердің отбасына, еңбекке, білімге, мал шаруашылығына, өнерге, достыққа арналған түрлері өте көп.Мысалға
Өнер алды- қызыл тіл.
Ашу- дұшпан, ақыл-дос,
Досы көпті, жау алмайды,
Ақылы көпті, дау алмайды.
Кім еңбек етсе-сол тоқ.
Мал өсірсең, қой өсір.
Пайдасы оның көл көсір.
Жұмбақтар- ойға алған нәрсенің өзін айтпай, оның сырт көріністерін, сыртқы бейнелерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ еткен затты табу.
Жұмбақтарды жасыру арқылы біз балалардың ойлау қабілетін, тілін дамытып, тапқырлыққа тәрбиелейміз. Жұмбақ нақты бір зат туралы тұспалдап, ұқсатып, бейнелеп айту арқылы баланы ойлату, танымдық, білімдік ұғымдар мен түсініктерді ой- қиял елегінен өткізіп, тұжырым жасап, шешімге келуде, тапқырлық пен дүниетанымдық дәрежесін бақылау үшін, халық ертеден-ақ жұмбақтардың алуан түрлерін шығарған
Көкшіл айна үйдегі,
Көрсетеді киноны (теледидар)
Темір сирақты,
Алып жирафты,
Жұмсап көр енді,
Үй сап береді.(Көтергіш кран)
Отқа жанбас,
Суға батпас. (Мұз)
Жұмбақ затты бейнелеп, баламалап сипаттау арқылы ұқсас заттардың қасиеттері мен түріне, аумағына, көлеміне зер салып, жұмбақты шешуші жұмбақты шешеді, Әр заттарды салыстыра көз алдына елестетіп, дүние танымдық қабілетін дамытады. Жұмбақтар , көбнесе үйлесімді ұйқасы, әсем де ұрғақты өлеңмен құрылады.
Өлең- тақпақтарды үйрету арқылы балалардың тілдері дамиды, сөздік қоры дамиды, таза, анық, түсінікті сөйлеуге үйренеді. Есте сақтау қабілеті дамиды Халық даналығы өлең, жыр, жұмбақ, мақал – мәтел, ертегілер арқылы ұрпақтан – ұрпаққа жетіп отырады. Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты бейнеленген.
Балалардың бір-бірімен өзара тіл табысуы, түсінуі, ортақ шешімге келуі оларды қуанышқа, шаттыққа бөлейді. Балалар арасында бірлік болса, олар ынтымақта, тату-тәтті өмір сүреді. Өзара сыйласып, ұйымшылдық 51. көрсеткен кезде ғана бірлікке қол жеткізеді. Тілін, дәстүрін құрметтеп, сақтайтын бала жақсы азамат болып өседі. Адам өзін және өзгелерді жақсы көру арқылы өмірін шаттыққа бөлейді. Сәбилік шақтан бастап әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге құрмет, кішіге қамқорлыққа баулып, адамдық қасиеттерді қалыптастыру.
«Бала бір нәрсеге ұмтылса, сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы, сезімі, қайраты - бәрі бірге жұмсалады» - деп М. Жұмабаев ағамыз айтқандай, баланы тәрбиелеуде ақыл, ішкі сезім, қайрат қатынасатын болғандықтан үшеуін бірдей тең тәрбие қылу тәрбиешілер - біздің міндетіміз.
«Халық өлеңдері мен жырлары, әндері, балаларды салт-дәстүрмен, табиғат әсемдігімен кең даладағы құстардың сан алуан ырғақ, дыбыстарымен, үй жануарларының үні арқылы таныстырып, қызығушылығын, еліктеу қабілетін өсірген» - деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, мен балалармен өткізген әр күн, әр оқу іс –әрекетімді көркем сөз, яғни мақал – мәтел, жұмбақтар, өлең - тақпақтар, ертегілер қолдану арқылы өткіземін. Біздің міндетіміз жаңа қоғамға лайықты тұлғаны тәрбиелеу, балаларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, бауырмашылдыққа үйрету, ұлттық салт – сананы баланың бойына сәбилік шағынан қалыптастыру. Ойын немесе оқу іс-әрекетінде алған көркем сөздердің барлығы баланың құлағына жағымды тәрбелік жағынан күш беретін беретін, баланың қиялына қанат бітіріп, ойлау қабілетін, тілін дамытуға, шешендікке тапқырлыққа тәрбиелеуге септігін тигізеді. Бесік жыры бөбекті жұбату үшін ғана емес, сабырлы екпінде айтылатын қоңыржай әуен бөбектің сезім мүшелері арқылы, оған сүйкімді, сүйсінерлік әсер етіп, жан-жүйесін жадыратады, яғни ұнамды әсерімен баланы жұбатады.Мысалға Әлди, әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем,
Жылама, бөпем, жылама
Жілік ағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Әй-әй бөпем,әй бөпем,
Ән айтайын, бал бөпем. Бесікке бөлеу жыры нәрестені бесікке салғанда қуаныш тілек ретінде, көбнесе көңілді, әуезді тілек ретінде айтылады.Көркем сөз, көбінесе ойын сабақтың немесе ойынның тақырыбына байланысты алынады. Тақырыпты жан-жақты ашу мақсатында, көркем сөздер оқылады. 2 жасқа дейін тәрбиешінің қалауы бойынша мынадай көркем сөздер алынады. «Қуырмаш», «Бесік жыры», «Әлди-әлди», «Өс-өс», «Қаз-қаз бас», «Тәй-тәй» т.б. 2 жастан- 3жасқа қарай «Санамақ», «Қуырмаш», «Қуыршақ», 52. «Тәй-тәй қуыршақ», «Шөжелерім» т.б. Әр бір оқылған көркем сөз баланың тәй-тәй басып тұруына, қаз-қаз басып жүруіне себепші болады, көңіл-күйлерін көтереді, қоршаған ортаны танып білуге деген ынтасы арттады. Санамақтарды халық, негізнен жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар әрі сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілеттін дамытады.Санамақтардың түрлері көп, санамақты айту арқылы сан үйреніп қана қоймай,санға аты ұйқасқан заттарды танып біледі. Бір дегенім білеу,
Екі дегенім – егеу,
Үш дегенім- үскі,
Төрт дегенім- төсек,
Бес дегенім- бесік. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге ынталандырады.
Халық баланың тілін ширату үшін, оған сөз үйретіп, дүниетанымын дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Бөбектің тілі шығып, балдырған жасында сөздік қоры молая бастаған кезде, кейбір дыбысты айта алмай немесе қинала айтады.тілін мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін, қиналып айтатын дыбыстары бар сөздерді бала неғұрлым жиі-жиі дыбыстап айтып, жаңылмай жаттықса, сөйлегенде де мүдірмей, өз ойын толық жеткізетін болады. Жаңылтпаштарды халық бала психологиясы мен тілінде болатын мүкістерге сәйкес шығарған.Бала тілінде көбінде «Р», дыбысы мен «Ш», дыбысын «С» дыбыстарын шатастыру болады. Соған байланысты жаңылтпаштар шығарған Дегенде, әй Тайқарбай, әй, Тайқарбай, Қойынды май жусанға жай Тайқарбай. – Тайқарбай, Майқарбайлар толып жатыр, Әй, Тайқарбай, дегенің қай Тайқарбай. Бұл жаңылтпаштардың оқу барысында бірнеше дыбыстарды біз жиі естіп отырмыз. Мысысалға айтар болсақ «Т», «Р», Сол сияқты басқа да, шығарған жаңылтпашта осындай бір немесе бірнеше дыбысқа арналады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз