жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлттық сананы жаңғыртудың игі бастауы - ұлы Абай мұралары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Кафедрасы: Биология және биотехнология

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Мұнай шығаруын жоғарлатуының микробтық әдістері, қолданатын микроорганизмдер және бактерияларды өсіруінде биогенді заттардың C-N-P оңтайлы қатынасы
Орындаған: Нұрмахан Жандар
Тексерген: Кайырманова Гульжан
Алматы, 2020ж
ЖОСПАР
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі.
2.2. Зерттеу әдістері.
2.3. Мұнаймен ластанған топырақты биоремедиациялау.
2.4. Бактериялық препараттарды қолдану.
2.5. Мұнай өндірісінде қолданатын микроорганизмдер.
2.6. Мұнай өндірісіндегі бактерияларды өсіруінде биогенді заттардың C-N-P оңтайлы қатынасы.
2.7. Мұнайды бөліп алу әдістері.
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақты тазарту өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Мұнайды жер қойнауынан шығару, тазалау және оны тасымалдау техникалық жағынан қиын әрі қауіпті үрдістерге жатады. Себебі, кең орындарын өндеу кезінде табиғи ортасы сақталынбайды. Мұнайды шығарудың әр сатысында мұнайдың белгілі мөлшерінің төгілуімен жүреді. Ол өз кезегінде орны толмас ахуал тудырады. Мұнайдың үздіксіз төгінділері адам өміріне және қоршаған ортаға жағымсыз әсер етеді.
Мұнай және мұнай өнімдерімен
ластанған топырақты тазарту үшін түрлі әдістер қолданылады:
физикалық, механикалық, термиялық, химиялық және т.б. бұл
әдістердің қажеттісін таңдау келесі факторлар бойынша
қарастырылады: ластану дәрежесіне, ластану
ұзақтылығына, ластаушы мұнай
құрамына, топырақтың құрамына,
қасиетіне және ландшафтық және климаттық жағдайларға байланысты
таңдалады. Экологиялық тұрғыдан қарағанда, биотехнологиялық
әдістерді қолдана отырып тазалау тиімді болып табылады.
Мұнай төгінділерінен топырақ пен суды тазалау – биоремедиациялық
шараларға жатады. Биоремедиация – өсімдіктер, микроорганизмдер,
саңырауқұлақтар, құрттар және т.б. биологиялық нысандардың
метаболиттік потенциалын пайдалана отырып, топырақ, су және ауа
кеңістігін ластаушы заттардан тазалау кешенің
айтады.
Ластаушы заттарды ыдыратуда микроорганизмдер жиі қолданылады. Себебі, олардың деструкторлық қасиеті жоғары. Ал, өсімдіктер, өз кезегінде оларға биоқабат ретінде әсер етеді: оттегі келуін қамтамасыз етіп, топырақты қопсытуға үлесін қосады.
Мұнай өнімдерін ыдыратуға қабілетті микроорганизмдер кез келген топырақ құрамынан табылады. Осыдан келе, тотықтырушы мамандалған арнайы микроорганизмдер болмайтыны белгілі. Мұнай ыдыратушы микроорганизмдердің белсенділігі нәтижесінде мұнай өнімдерінің минерализациясына, органикалық ерітінділерде ери алатын мұнай метаболизм өнімдерін түзеді. Мұнай қалдықтарын ыдыратып болған кезде микроорганизмдердің топырақтағы саны артады және қарапайым көпциклды ароматты көмірсулардың ыдырауы жалғаса береді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Микроорганизмдер арқылы мұнайбергіштікті арттыру тәсілі.
20-ғасырдың 40-жылдарынан бұрын кен орындары негізінен резервуардың өзінің табиғи энергиясынан пайдаланып біртіндеп әлсіреу тәсілі бойынша игерді. Бұл процесс бір ұңғыманы бұрғылаумен жалпы байырғы резервуардың қысым тұрақтылығын бүлдірді, бұл қысым тұрақтылығының бүлінуі мұнайдағы ерігіш газдардың бөлінуін келтіріп шығарды, сөйтіп мұнайды жер бетіне көтеріп шығарады. Бұл кезеңде негізінен мұнайдағы ерігіш газдар арқылы мұнайдың қозғалысын туындатты. Игеру мерзіміне ілесіп резервуар қысымы күрт төмендеп, ерігіш газдардың таусылуы резервуардағы мұнайларды тез арада жылжығыштығынан немесе қозғаушы күштен айырып тастайды. Бұл бір жайшылықта айтатын «бірінші реттік мұнай өндіру» делініп, әдетте мұнай бергіштігі тек қана 5-10% болады.
Бірінші реттік мұнай өндірудегі энергия қайнары мұнай қабатының өзінде, негізгі мұнайды айдаушы күш «табиғи», бұл оның мәндік қасиеті; екінші реттік мұнай өндіру су айдау немесе басқалай қабат қысымын толықтап тұратын тәсілдер, мысалы, газ айдау. Су мұнайды ығыстыру агенті ретінде мұнайды өндіріс ұңғымасына қарай итермелейді, бұл «физикалық» әсер; ал үшінші реттік мұнай өндіру яғни мұнай бергіштікті арттыру дегеніміз химиялық агенттерді (пар, полимер, сілті, беттік активті агенттер, CO2, микроорганизмдер) қабатқа айдап, оларды мұнай, су, жыныс шекара беттерінде физикалық, химиялық өзгерістер тудырып, мұнай мен судың қасиеттерінің (физикалық және химиялық) өзгерісі арқылы судың шаю аумағын ұлғайтып немесе қуу өнімділігін жақсарту арқылы ең соңында мұнай бергіштікті арттыру мақсатына жету дегендік. George J. Stosur мұнай кен орындарын игерудің үш кезеңге бөлінуінің өзгертілу схемасы дайындалды.
Жылумен өңдеудің таяу жылдардан бергі өнім мөлшері тұрақты болып, басты EOR техникасы саналуда, бүкіл дүниенің 60% артық EOR өнім мөлшері түгелдей жылумен өңдеуден келген.
Газ айдау негізінен АҚЩ және Канадада дамушылыққа ие болды, өйткені бұл екі мемлекетте мол CO2 газы қайнары және тасымалдауға қолайлы шарт жағдай бар. АҚШ-тың CO2 айдау арқылы мұнай бергіштікті арттыруы негізінен батыс Техас штатындағы Перми ойпатына шоғырланған, бұндағы басты себеп бұл өңірдің известнякті және доломитті резервуарлары CO2 айдауға өте жақсы үйлеседі, сонымен бірге бұл жерлер негізгі CO2 өндіру базасына жақын орналасқан болып, газ қайнары өте қолайлы.
Химиялық жолмен мұнай өндіру нәтижесі біршама жақсы болғанымен, бітеліп қалған“көне жолдар”кейін оңайшылыққа ашылмайды,сөйтіп ішінде бөгеліп қалған мұнайларды өндіруге амалсыз қаламыз.
Микроорганизмдер арқылы мұнай бергіштікті арттыру техникасы (MEOR) кезекте даму кезеңінде ғана, Қытай, АҚШ, Россия, Румыния қатарлы мемлекеттер бұл салаға белсенді ат салысып, кен орындарда түрлі сынақтар жүргізе бастады, бұл бір түрдегі даму болашағына ие EOR техникасы саналады, бірақ көптеген шешуге тиісті мәселелерге дүп келіп түр.
Микроорганизмдер арқылы мұнай бергіштікті арттыру техникасы (MEOR) дегеніміз жер бетінде бапталған (өсірілген) микроорганизм бактерия ерітінділері мен қоректік ерітінділерін мұнай қабатына айдау, немесе тек қане жалаң қоректік ерітіндісін болмаса бактерияларды айдап оларды қабатта өсіп жетілдіру арқылы мұнай өндіруге пайдалы болатын зат алмасудың өнімдерін пайда қылдырып, мұнай бергіштікті арттыратын мұнай өндіру техникасы.
Микроорганизмдер хайуандар мен өсімдіктерге ұқсас табиғат дүниесіндегі үш үлкен дүниенің бір, əрі ол хайуандар мен өсімдіктерге қарағанда тіпті де ертеде пайда болған. Микроорганизмдер (Mciorbe Mciroogrnaism) жай көзбен көруге болмайтын немесе анық көрінбейтін кішкентай организмдердің жалпы аталуы. Вирустар, балдырлар, бактериялар жəне саңырау құлақтар негізгі микроорганизмдер қатарына жатады. Микроорганизмдер дене пішіні жағында кішкене болғандықтан төмендегідей ерекшеліктерге ие:
1) Көлемі кішкене, ауданы үлкен. Əдетте 0.1мм ден кіші болады, беттік ауданы үлкен болғандықтан микроорганизмдерде алып қоректік заттарды сіміретін беті, зат алмасудың керексіз өнімдерін сыртқа шығаратын беті жəне информация алмастыратын беті болады, əрі осы арқылы өзінің басқада ерекшеліктерін бейнелейді.
2) Сіміруі көп, айналдыруы тез. Микроорганизмдер қысқа ғана уақыт ішінде өзінің салмағынан көп ауыр заттарды ыдырата алады, бұл ерекшелік олардың қауырт өсуі жəне зор мөлшердегі зат алмасу өнімін синтездеуінің негізі.
3) Өсіп өрбуі тез, микроорганизмдердің өсіп өнуі өте тез, мысалы Үлкен ішек таяқшалы бактериясы бір тəулікте 47.22 триллион ұрпақ көбейтіп, жалпы салмағы 4772 тоннаға жетеді.
4) үйлесу қаблеті күшті, өзгеруі оңай. Микроорганизмдерде өте күшті үйлесімділік қабілеті болады, тіпті өте нашар орта шарт жағдайында да тіршілік ете алады. Көптеген микроорганизмдер -196°C төмен ортада да тіршілік қаблетін сақтай алады; кейбір микроорганизмдер 250°C жоғары ортада да қалыпты тіршілік ете алады. Көптеген микроорганизмдер жалаң клеткалы, қарапайым көп клеткалы немесе клеткасыз құрылымда болатындықтан, өсіп өрбуі тез, əрі көптеген өзгерістен кейінгі ұрпақтарын пайда қыла алады. Адамдар олардың осы ерекшелігінен пайдаланып генеологиялық жолмен ерекше жасанды бактериялар жасай алады.
5) Таралуы кең, түрі көп. Табиғат дүниесінде кеңінен бар əрі тіршілік ететін микроорганизмдердің түрлері де өте мол. Таралуы жөнінен алып айтқанда, микроорганизмдер жете алмайтын жер жоқ деп айтуға болады. жер шарында жанар таудың центрінен басқа биосфера, гидросфера,атмосферадан бастап жыныстарға дейін, микроорганизмдердің барлық жерде іздері бар. Түрлері жағынан, адамдар олардың жүз мыңнан астам түрін тани алды, бірақ бұл тек қана табиғат дүниесіндегі микроорганизмдердің 10%-і ғана. Микроорганизмдердің зат алмасу өнім түрлері де өте көп, микроорганизмдер қанша түрлі зат алмасу өнімдерін пайда қыла алады? Бұл күні бүгінге дейін жұмбақ.
Клетканың өсіп жетілу барысы бірнеше кезеңді бастан кешіреді. Бірінші кезең баяу өрбитін кезең болып клеткалар саны жағынан тұрақтылықты сақтайды. Бұл кезеңде клетка жаңа ортаға үйлеседі. Екінші кезеңде логарифмді өсіп жетілу кезеңіне кіріп, клеткалар бастап өсіп өрбиді, соңында қоректік заттар таусылып, улы заттар (қышқылдар мен спирттер) жиналатын үшінші кезеңге, яғни өсіп өрбудің құлдырау кезеңіне кіреді. Бұл кезеңде қоректік заттардың азайуына байланысты клеткалардың өлуі біртіндеп көбейіп, соңында өлген клеткалар саны мен пайда болған клеткалар саны теңесетін тыныштық кезеңге кіреді.
Мұнай бергіштікті арттыру ерекшелігіне байланысты, 5 түрлі негізгі микроорганизмдер
тұрады:
Кесте 1 - Микроорганизмдердің түрлері
|
Аты |
Түсіндіру |
Микроорганизмдердің мұнай өндірудегі ерекшеліктері |
|
Байырғы организмдер |
Кішкене, жалаң клеткалы |
Өте үлкен, қолдану күрделі |
|
Балдырлар |
Үлкен,фотосинтезді өсімдік клеткасы |
Күн нұры болғанда ғана тіршілік ете алады |
|
Вирустар |
Басқа тірі клеткалар ішінде ғана өсіп өне алады |
Лабораторияда ғана қолданылады, мұнай қабатына жарамайды |
|
Саңырауқұлақтар |
Əдетте жібек пішіндегі органикалық дене, кей кездері жалаң клеткалы |
Кейбірін мұнай қабатына қолдануға болады, өткізгіштіктің шектеуіне ұшырайды |
|
Бактериялар |
Өсіп өну қаблетіне ие ең кішкене органикалық дене |
Мұнай қабатына жəне мұнай өндіруді күшейтуге үйлеседі |
Жер бетінде ашыту əдісі арқылы MEOR екіге бөлінеді: органикалық беттік активті агенттер арқылы мұнайды қуу жəне органикалық полимермен мұнайды қуу
1) Органикалық беттік активті агенттермен қуу микроорганизмдер көмірсутектерін пайдаланып беттік активті агенттер пайда қыла алады. Органикалық беттік активті агенттер жер қабаты суларында жəне айдалған суларда оңай еріп, мұнай-су шекара бетінде біршама жоғары беттік активтілік қалыптастырады, əрі мұнайлы жыныс беттерін жақсы дымқылдандырып, жыныс беттерінен мұнай қабыршықтарын шайып тастайды. Беттік активті агенттердің мұнайды тарқату қаблеті күшті болып, қатты денелердің бетінде адсорбциялану мөлшері өте аз, сондықтан мұнайды қуу қаблеті күшті. Зерттеу нəтижелеріне сүйенгенде, органикалық беттік активті агенттердің мұнайды қуу өнімділігі 3.5~8 есеге дейін барады, əрі органикалық беттік активті агенттердің өндіріс шығыны төмен болып химиялық жолмен беттік активті агенттер синтездеу шығының 30% дей. Сондықтан органикалық беттік активті агенттер жасанды жолмен синтезделген беттік активті агенттерге қарағанда мұнай қуу өнімділігі тіпті де көрнекті, тіпті де экономды.
2) Органикалық полимермен мұнай қуу органикалық полимерлерді мұнай өндірісінде пайдалануды ең алғаш 1972-жылы АҚШ ортаға қойған, сол кезден бастап шетелдер органикалық полимерлерді зерттеп жасай бастады. Органикалық полимерлер мұнай бергіштікке кеңінен қолданылуда. Мұнай бергіштікті арттыруда қолданылатын органикалық полимерлердің ішінде Xanthan gum ең көп қолданылатын кен орындарының бір түрі. Шетелдер Xanthan gum арқылы мұнай қабатының анизотропиялығын біржақты етіп жақсы өнімділікке қол жеткізген. Зерттеулер нəтижелері Xanthan gum арқылы мұнай қуу өнімділігінің сумен қууға қағанда 8~12% жоғары болатындығын дəлелдеп көрсетті.
Микроорганизмдердің жер астындағы əрекеті жəне ашыған өнімдері арқылы мұнай бергіштікті арттыру
Бұл əдіс микроорганизмдерді баптау ерітіндісін жер қабатына айдап, оларды мұнай қабатында əр түрлі зат алмасу өнімдерін пайда қылдыру, тек қана микроорганизмдерді жетерлік қоректік затпен қамдасақ болғаны зат алмасу өнімдерінің пайда болу жылдамдығы олардың микроорганизмдер жағынан ыдыратылу жылдамдығынан үлкен болады, сол арқылы мұнай бергіштікті арттырады. Бұл əдістің артықшылығы мұнай өнімін арттыру уақыты ұзаққа созылады əрі жұмыс жүргізу шығыны төмен. Бірақ бұл тəсілде бактерия түрінің талдануы өте маңызды, əрі қолданудан бұрын резервуардың осы микроорганизмдердің өсуіне үйлесе алатын алмайтындығын тұрақтандыру керек, алдын ала лабораториялық сынақ жүргізіп микроорганизмдердің əсер ету өнімін анықтау керек.
1) Микроорганизмдерді сырттан алып мұнай қуу техникасы, мұнайды қууға арналған микроорганизмдер жер бетінен немесе лабораториялық орта шарт жағдайында сұрыпталып алынады, одан соң қоректік заттармен бірге резервуарға айдап мұнай бергіштікті арттыру техникасы.
Бұл техникада төмендегідей қиын мəселелер туындайды:
Бактерия түрінің табиғи өзгерісі (вариантталуы) жəне қасиетінің төмендеуі; бактерия түрінің резервуар жағдайына үйлесу уақыты ұзақ; жер бетінде ашытылатындықтан айдау жұмыстары күрделі
2) Микроорганизмдерді іштен алып мұнай қуу техникасы Резервуар шарт жағдайында тіршілік ететін микроорганизмдерді пайдалану, тек резервуарға лайықты қоректік заттар айдап, олардың өсіп жетілуін пайда қылу.
Жер қабатындағы байырғы микроорганизмдер дегеніміз резервуарда тіршілік ететін біршама тұрақты микроорганизмдер шоғыры. Бұлар сумен айдап игеруге екі жылдан астам уақыт болған резервуарларда пайда болады. Олар ұзақ уақыттық су айдау барысында айдалған сумен бірге резервуарға кірген əрі резервуар ортасына үйлескен бактериялар; бұлар көп мөлшерде өсіп өрбу шарт жағдайында болмағандықтан ұзақ уақыттық ұйқыда күйінде жатады.
Үйлесімді қоректік заттармен қамдасақ, əрі үйлесімді технология қолданып, жер қабатындағы пайдалы бактерияларды активтендіріп, пайдасыз бактериялардың əрекетін шектеп, бактериялардың əрекеті жəне зат алмасу өнімдері арқылы жер қабаты қысымын көтеріп, қалдық мұнайлардың жылжымалылығын жоғарлату, сөйтіп мұнай бергіштікті арттыруға болады.
Бұл техниканың артықшылығы:
-
Механизмі күрделі болып екі кезеңге бөлініп ашытылады, бір біріне қорек болатын бактериялар өзара əрекеттеседі, бірақ əлі де негізгі бактерия шоғырының əрекетін негіз етеді;
-
Жұмыс жүргізу технологиясының өзіндік құны төмен: қажетті жабдықтар аз, су айдау жабдықтарын толықтай пайдалануға болады;
-
Жұмыс реті оңай, істеуге қолайлы, керекті агенттердің мөлшері аз.
-
Ортаны ластамайды, резервуарды зияндамайды, пайда болған сұйықтықтар зиянсыз болып ортаны қорғау мекемелері бұларды ортаға тастауға шектеу қоймайды.
3) Сумен айдап мұнай қууды күшейту техникасы
Бұрынғы сумен айдалған резервуардағы қалдық мұнайлардың шайылу өнімділігін арттыру, яғни микроорганизмдердің резервуардағы күрделі физикалық, химиялық жəне органикалық реакция өнімдері арқылы пайда болған зат алмасу өнімдерімен (беттік активті агенттер, газдар, органикалық қышқылдар, спирттер) мұнайға немесе жер қабатына əсер етіп, мұнайдың тұтқырлығын төмендетіп, мұнай-су шекарасындағы беттік тартылыс күшті азайтып, мұнайдың резервуар кеуектеріндегі аққыштығын жақсарту, сөйтіп ең соңында сумен айдаудың өнімділігін жақсарту.
4) Микроорганизмдермен бітеу техникасы
Бактерия денесінің топталуы жəне/немесе олардың зат алмасу арқылы пайда қылған жоғары тұтқырлықты полимерлер (органикалық сахарлар) арқылы резервуардың жоғары өткізгішті зоналарын бітеп тастап, айдалған сулардың төмен өткізгішті зоналарға кіріп, бұрынғы шайылмаған қалдық мұнайларды айдап шығару дегендік.
Микроорганизмдердің өзінің əсері бактерия клеткасының əсерін жəне оның зат алмасу əсерін қамтиды.
Бактериялар жер қабатында өсіп өнетіндіктен олардың мөлшері жер қабаты суларындағы түйіршіктерді молайтады, клетка көлемінің артуы түйіршік диаметрін арттырады, осылайша бактериялар айдалған сумен бірге жоғары өткізгіштікті зонаға кіргенде, кеуектерді бітеп, суды тосу ролын атқарады. Бактериялар судың ағысы барысында тоқтауысыз өсіп өрбитіндіктен бүл түрдегі бітеу ұңғыма маңында емес, қайта резервуардың терең жерлерінде болады, бұл əдеттегі химиялық бітеумен ұқсамайды, бактериялар терең қабатта бітеуді жүзеге асыра алады; сонымен бірге бактериялар айдалған сулармен бірге жоғары өткізгішті зонаға кіретіндіктен, бұл талдап бітеуге жатады. Микроорганизмдердің өсіп өрбуі олардың санын қауырт арттырып, өнімсіз циркуляциялы су жолдарын бітеп, судың жайылу көлемін ұлғайтып, су айдау өнімділігін арттырып, мұнай шығымын арттыру ролын атқарады.
Кейбіреулер бактерия резервуарда мұнайдың ауыр молекулаларын ыдыратып, мұнайды сұйылтып, оны тіпті де оңай қозғалатын етеді деп қарауда. Бұл құбылысты лабораторияда байқауға болады, кейбір өндіріс орындары бактериялар мұнайдың қасиетін жақсартады деп мəлімдеуде. Бірақ бұл түрдегі өзгеріс өте кішкене болып, мұнайдың қасиетін жақсарта алмайды, өйткені біріншіден мұнайдың қасиеті біршама тұрақты, екіншіден қабаттағы мұнай мөлшері өте жойқын, кішкентай өзгерістер мұнайдың жалпы қасиетіне ықпал жасай алмайды.
2.2. Зерттеу әдістері.
Микробиологиялық зерттеулер КГНПО «Казмеханобр» Қазақ ғылыми өндірістік бірлестілігінде биотехнологиялық лабораторияда жасалды.
Топырақ конверт принципі бойынша іріктелген үгінділер негізі бойынша талданды. Үлгілер жоғары минералды горизонттан жыртылған горизонтқа айналды. Үлгілер іріктеу күні немесе келесі күні талданды. Егер жаңа үлгілерге талдау жасау мүмкіндігі болмаса, оларды алғаннан кейін дереу 300 С жоғары емес температурада құрғақ ауа жағдайында күн сəулесінің əсерініне ұшырамайтындай кептіреді. Үлгіге біртектілік беру үшін асептиканың барлық шарттарын сақтау отырып, топырақты мұқият араластырып, өсімдік тамырларын жəне де басқа қосылыстарды шығарып алады.
1 г құрғақ ауа топырақты Сокслета аппаратына орналастырып, 30 мл метиленхлорид құйды. Мұнай өнімдерін экстакциялауды 60 0С температурада 2 сағат бойы жүргізген. Элюатты роторлы буландырғышқа орналастырып, еріткіштен айдалды. Мұнай қалдық өнімдері таразы əдісімен анықталады.
Каталазалық белсенділікті газометриялық əдіспен анықталды. Сутегі асқын тотығының 3 % ерітіндісі субстрат ретінде болады. Каталазаның белсенділігі 1 минут ішінде 1г топырақта мл О2 – де байқалады.
Дегидрогеназазды белсенділік колориметриялық əдіспен анықталады. Субстратпен анықтау үшін 2,3,5-трифенилтетразолий хлорид 1 % ерітіндісі қолданылады. Анықтау анаэробты жағдайларда жүргізілді. Ферменттің белсенділігі 24 сағат ішінде 10г топырақта мг формазанында көрсеткен.
Микроорганизмдерді бөлу жəне сандық есепке алу топырақты суспензияны тығыз агаризацияланған ортаға егудің жалпы қабылданған əдістері бойынша жүргізілді:
-
азоттың органикалық нысандарын пайдаланатын микроорганизмдер - МПА;
-
азоттың минералды нысандарын пайдаланатын микроорганизмдер –КАА;
-
целлюлоз бұзатын микроорганизмдер-сүзгіш қағазы бар гетчинсон ортасына,
-
азотфиксаторлар мен олигонитрофилдерге – Эшби ортасына;
-
микромицеттер – Чапек ортасына.
Көмірді-дородоксидтейтін микроорганизмдерді сандық есепке алу үшін жалғыз көміртегі көзі ретінде мұнаймен бірге Ворошил-Дианды сұйық ортада шекті еріту əдісі қолданылды. Азотфиксациялайтын жəне олигонитрофильді микроорганизмдерді есепке алу үшін топырақ түйіршіктерін өсіру əдісі қолданылды.
Топырақтың фитоуыттылығы шалғам өсуінің тежелу дəрежесі бойынша бағаланады. Сыналатын топырақты бөгде қоспалардан босатып, паста тəрізді күйге дейін сүртіп, Петри тостағаның түбіне біркелкі үлестіреді. Алдын ала суланған тұқымдарды 30 дана мөлшерінде зерттелетін топырақ бетіне орналастырады. Ұзындығы 0,3–0,5 см шалғамның тамырына жеткеннен кейін 24 сағат аралықпен ауыстырылады. Салыстырмалы ұзаруы тəжірибелік нұсқадағы өскінділер ұзындығының бақылау нұсқасындағы өскінділердің ұзындығына қатынасы ретінде есептеледі.
2.3. Мұнаймен ластанған топырақты биоремедиациялау.
Мұнаймен ластанған аймақтарды рекультивациялау экожүйенің табиғи резерві болып келеді. Климаттық, ландшафтық – геохимиялық жəне де микробиологиялық пайдаланылатын өзін – өзі тазарту процесін тездетіледі.
Осы уақытқа дейін ластанған топырақты тазалау жұмыстары екі əдіспен жүргізілг
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген