Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлттық шаруашылықтың дамуындағы циклдік кезеңдер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұлттық шаруашылықтың дамуындағы циклдік кезеңдер
1.Экономикалық цикл кезеңдері
2.Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар
3.Экономикалық циклдің типтері
4.Экономикалық циклді зерттеушілер
Техникалық прогрес пен адамдар мүддесінің арасындағы алшақтық экономикалық жүйеге көптеген оқыс сілкіністер әкеледі. Ол адамзат қоғамының ерекшелігіне қарай белгілі ырғақ пен тербеліске түсіп, толқуларға ауысады. Экономикалық теорияда экономиканың мұндай құбылыстары, «экономикалық толқулар» немесе «экономикалық цикл» деп аталады.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда дағдарыстың сипаттамасы келесідей:
1. Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен кәсіпорындар банкротқа ұшырайды.
2. Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі.
3. Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді.
4. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де.
Тоқырау фазасының сипаттамасы:
1. Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
2. Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
3. Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады
Жандану фазасының сипаттамасы:
1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып, өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
2. Инвестициялар өседі.
3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы:
1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
3. Тауарлардың бағасы өседі.
4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам басады.
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.
Циклдарға әсерін тигізетін факторларды сыртқы және ішкі деп бөлуге болады.
Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге тәуелсіз факторлар: халық санының өзгеруі, соғыстар, төңкеріс, басқа да саяси шиеленістер, жаңа жерлерді игеру, бағалы ресурстардың жаңа кен орнын ашу ғылыми-техникалық прогресс, күннің көзіндегі құрғақшылыққа әкелетін таңбалардың пайда болуы, т.б.
Ішкі факторлар – экономикалық жүйемен байланысты факторлар: капиталдың физикалық қызмет атқару мерзімі, тұтынудағы, жұмысбастылықтағы, инвестициялық, мемлекеттің экономикалық саясатындағы өзгерістер, тауар және ақша қайшылықтары, сұраныс пен ұсыныс арасындағы қайшылықтар, капиталдың артық қорлануы.
Экономикалық құбылыстарды қайталауға бейім тұратын нарықтың ерекшеліктерін өткен ғасырдың бірінші жартысындағы өмір сүріп еңбек еткен экономистер байқаған сонымен қатар ХІХ және ХХ ғасырларда жетекші экономистердің бірде-бірі бұл мәселеге тоқталмай өте алмады. Олардың еңбектерінен циклдық дамудың байланыстылығы, экономикалық процестерге әсерін мойындаған, циклдық дамудың себептерін анықтауға ұмтылған әр түрлі пайымдауларды, түсіндірулер мен болжамдарды кездестіруге болады. Нарық жағдайында өндіріс қозғалысының циклдық себептеріне экономикалық теорияда қалыптасқан бірнеше теориялық бағыттар бар.
Циклдардың себептерін зерттеген басты бағыттар
1. К. Маркс артық өндірудің циклдық дағдарысының реттілікпен қайталану себептерін тұрақты капиталдық оқтын-оқтын жаппай жаңаруымен қарастырған. Марксистердің айтуы бойынша, экономиканың циклдық дамуы өндірістің нәтижесін иемденудің жеке капиталистік формасының арасындағы қайшылықтармен байланысты. Капиталдың қорлануы, өндіргіш күштердің дамуы өндірістің қоғамдасуын жоғарлатады, яғни капиталдың шоғырлануы және орталықтануы, индустриялық орталықтар мен ірі капиталистік кәсіпорындарының қалыптасуы. Марксизм теориясында аграрлық дағдарыстар капиталистік дағдарыстардың ерекше көрінісі болып табылады. Олардың себебі ортақ: капитализмнің негізгі қайшылығы, бірақ ерекшеліктері бар:
- жерге шаруашылық объекті ретінде монополияның болуы;
- аграрлық секторда баға белгіленудің ерекшеліктері;
- табиғи фактордың әсері;
- ауыл шаруашылығының даму дәрежесінің өнеркәсіптігінен төмен болуы.
2. Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз мөлшері ара қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері пайыз мөлшеріне дейін төмендесе кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады.
3. Неоклассиктер мен неокейнсшілдер циклдік дамуының себебіне, капитал запасының өндіріс шарттарына үйлесу процесін жатқызады. Жыл сайын ұдайы өндірілетін көлемімен және осы мезгілде дейінгі жинақталған запасының арасында тепе-теңдік пропорция бар. Осы тепе-теңдік бұзылмағанша циклдық ауытқулардың болуы мүмкін емес. Осы екі бағыттарының циклдық теориядағы айырмашылығы тепе-теңдіктің сипаты мен себептері.
4. Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған «монетаристік мектеп» өкілдері циклдық дамудың басты себептерін ақша факторынан іздейді. Дағдарыстар мемлекеттің ақша саясатының нашар жүргізілуінен туындайды.
5. Циклдардың себептерін зерттеген бағыттардың бірі психологиялық теориялар. Психологиялық теориялардың бір бағыты XIX-XX ғғ. пайда болды, өкілдері У.Джевонс пен В.Парето. Циклдық дамуын тауар нарықтарындағы және қор биржасындағы кәсіпкерлердің іс-әрекетімен байланыстырады, яғни баға мен құнды қағаздардың бағамының одан әрі өсу күтімдерінің себептерімен. XX ғ. басында психологиялық теориялардың екінші бағыты пайда болған және А. Пигудың теориясымен байланысты. Басты себепті өндірушілердің өндірістік капитал салымының ерекшелігімен байланыстырады. Р. Лукастың шығарған экономикалық циклдың тепе-теңдік теориясы шаруашылық субъектерінің тәртібі және олардың экономикалық мәліметті қабылдауының ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл теорияның басты ойы – ақша массасының күтпеген өсуі және осымен байланысты бағалардың өсуімен байланысты акселерациялық механизмнің өзара әсері.
Сыртқы факторлардың әсеріне тоқтаған Виксель, Шпитгоф, Шумпетер деген зерттеушілер. Қазіргі кезде циклдардың себептерін зерттеуде математикалық әдістер қолдануда
1. кесте
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары
Құралдар |
Тоқырау фазасында |
Өрлеу фазасында |
1. Ақша несие саясаты |
Пайыз мөлшерлі жалақысын төмендету, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатып алуы. |
Пайыз мөлшерлі жалақысын өсіру, мемлекеттің бағалы қағаздарын ашық нарықта сатуы. |
2.Фискальдық саясат |
Бюджеттен қосымша шығындар жұмсау, салық ставкаларын төмендету. |
Бюджет шығындарын қысқарту, салық ставкаларын өсіру. |
3. Жалақы мен тарифтер саясаты |
Жалақыны өсіру. |
Жалақыны төмендету. |
4.Мемлекеттік инвестициялар саясаты. |
Инвестициялық бағдарламалардың жылдамдықпен орындалуы, мемлекеттік қолдау жасау. |
Мемлекеттік құрылысты және инвестицияларды тоқтату. |
Мақсат: |
Шаруашылық белсенділігін ынталандыру |
Шаруашылық белсенділігін тоқтату. |
Алғашқы дағдарыс 1825 жылы Англияда басталған. Содан кейін ол 1836 ж., 1841 ж., 1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін ол 1873, 1882, 1990, 1907 жылдарда қайталанды. Экономикаға үлкен шығындар әкелген 1920-1921, 1929-1933, 1937-1938 жж экономикалық дағдарыстар. «Ұлы тоқырау» атын алған өте терең және ұзақ дағдарыстың сипаты 1929-1933 жылдарда болған еді.
Циклдардың ұзақтылығына (толқындар) байланысты олар бірнеше типке бөлінеді.
2. кесте Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық циклдің типтері |
Ұзақтылығы |
Себептері, ерекшеліктері |
1.Дж.Китчиннің қысқа толқындары» |
2-4 ж |
Алтынның әлемдік қорының тербелісі ЖҰӨ-нің, инфляцияның, жұмысбастылықтың тербелісіне әкеледі. |
2.К.Жуглярдың «орташа толқындары» |
10 ж |
Ақша айналысындағы өзгерістер, кердиттік жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің тербелісіне инфляцияға, жұмыссыздыққа әкеледі. |
3. Кузнецтің циклдары |
18-25 ж |
Экономикалық циклардың себептері күрделі құрылыспен байланысты |
4.Н.Д.Кондратьевтің «ұзын толқындары» |
40-60 ж |
Басты қозғаушы күш – технологиялық өндірістегі технологиялық базаның радикалды өзгеруі мен оның құрылымдық қайта құрылуы. |
5.Форрестердің циклдары |
200 жыл |
Энергия куаты мен материалдарға байланысты. |
6. Тоффлердің циклдары |
1000-2000ж. |
Цивилизацияның дамуымен, олардың жоғалуымен немесе жаңа сатымен байланысты. |
Жуглярдың циклдердің ұзақтығы 7 – 12 жыл, осы циклдің басқаша аттары бизнес-цикл, өнеркәсіптік цикл, орташа цикл. Бірінші өнеркәсіптік цикл 1825 жылы Англияда болды. Осы кезде машиналық өндіріс металлургияда, машина жасауда және басқа жетекші салаларда билік жүргізуге кіріскен болатын. 1847 – 1848 жылдардағы дағдарыс АҚШ—та басталған, соңынан бірнеше Еуропалық елдерге тараған. осы дағдарысты мән жағынан қарағанда өнеркәсіптік цикл деп атауға болады.
Китчин тауарлық запастар қозғалысындағы қаржы шоттары мен сату бағасын таладу негізінде, өзінің назарын, ұзындығы 2-ден 4 жылға дейін болатын, қыска толқындарды зерттеуге аударған.
1946 ж. С. Кузнец «Ұлттық табыс» деген еңбегінде мынадай қорытындыға келді: ұлттық табыстың, тұтынушылық шығындардың, өндірістік жабдықтарға сол сияқты ғимараттарға, құрылыстарға жасалған жалпы инвестициялардың көрсеткіштері өзара байланысты жиырма жылдық ауытқулардың бар екенін айқындайды және құрылыста осы аутқулардың амплитудасысалыстырмалы ең үлкен болады. 1955 жылы Кузнецтің еңбегіне баға беріліп, Кондратьевтің «ұзын толқындарынан» өзгеше құрылыстық циклді Кунецтік цикл деп аталсын деген шешімге кабылданды.
Ұзын толқындар теориясына орыс ғалымы Н.Д.Кондратьевтің үлесі зор. Өзінің еңбектерінде дамыған елдердегі 1770 – 1926 жж. тауарлық бағаларының индексінің, проценттің мөлшерлемелерінің, рентаның, жалақының, өнімнің маңызды түрлерінің динамикасын зертеген. Кондратьев циклдың басталуын өндіріске жаңа технологияның жаппай енгізілуімен, әлемдік шаруашылыққа жаңа елдерді тартумен, алтын өндіру көлемінің өзгерістерімен байланыстырады. Осымен бірге өрлеудің жалпы көрінісі былай сипатталады: техникалық жаңартпалардың еңгізілуі инвестициялық процестің кеңеюімен қатар жүріп отырады, бұл өз кезегімен бағаның өсуіне ат салысатын, өндірісті және сұранысты ынталандырады. Осы кезеңде жұмыссыздық төмендейді, жалақы және еңбек өнімділігі өседі. Кондратьев ауыл шаруашылыққа ерекше назар аударған, себебі ол бұны ұзақ мерзімдік құлдыраудың басты себебі деп есептеді. Бірінші – үлкен циклдің өрлеуін Кондратьев Англиядағы өнеркәсіптік төнкеріспен байланыстырады, екіншіні – темір жол көлігінің дамуымен, үшіншіні – электр қуатының, телефонның радионың енгізілуімен, төртіншіні – автомобиль өндірісімен.
Құрылым жағынан аграрлық және басқа да салалық дағдарыстар болады. Аграрлық дағдарыстар табиғи жағдайлармен байланысты болуы мүмкін және ұзақ мерзімді болады.
Қазіргі экономикалық теория экономикалық цикл себебін сыртқы және ішкі факторлар жүйесі арқылы көрсетеді.
Сыртқы факторлар – экономикалық жүйеге сырттан келетін факторлар, оған жататындар:
а) сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін, халық санының өзгеруі;
б) техникалық жаңа әдістер мен инновация: технологиялар түбегейлі өзгерістерге, инвестицияларды көбейтуге әкеледі, жаңа жұмыс орындарын ашуды және өркендеуді жылдамдатады;
в) соғыстар және басқа саяси оқиғалар. Осыған ұқсас оқиғалар экономикалық циклдер бағытына жиі түрде әсерін тигізеді. Мәселен, АҚШ — тың ұлттық қарулы күшін қайта құру,”Ұлы тоқыраудың” өркендеу кезеңімен алмасуына әкелді.
Ішкі факторлар – экономикалық өзгерістердің неғұрлым түбегейлі сәттері болып саналады. Қазіргі экономика үш негізгі факторларға: тұтынуға; инвестицияларға; үкімет қызметіне көніл аударады.
Кейнс бойынша циклге қарсы реттеу, қор жинау мен инвестициялар қызметімен анықталатын жиынтық сұраныс экономикасына негізделеді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе – теңдік жағдайына ұмтылған сұраныс пен “жұмыс” істеу қажеттілігіне келіп тіреледі. Мәселен, басқыншылық саясатын жүргізу арқылы жиынтық сұраныстың кеңеюі құлдырау кезеңіндегі тепе – теңдіктің үш тәсілімен: мемлекет шығындарының көбеюімен; салық ставкасының азаюымен; пайыз ставка төмендеуімен жүзеге асырылады.
Экономикалық циклді зерттеушілер
Экономикалық циклдарды зерттеушілердің бірі — А.Шпитгоф. Ол 1905 жылы экономикалық циклдар және дағдарыстар тақырыбына диссертация қорғап осы саладағы еңбектері арқылы дүние жүзіне белгілі болды. А.Шпитгоф эмпирикалық, яғни нақты бақылауға негізделген теорияны жақтай келіп, циклдарды зерттеудің көптеген ғылыми материал беретіндігін,өйткені мұндай зерттеулер кездейсоқ абстрактылы қорытындыларға емес,нақты тұрақты түрде қайталанып отыратын белгілерге назар аударуға мүмкіндік беретінін дәлелдеді.
Ол әрбір жаңа экономикалық циклдың пайда болуының ерекше тарихи және әлеуметтік тарихын түсіндірді.Мұның бастапқы пункті өрлеу деп есептеді А.Шпитгоф .
Ол экономикалық цикл проблемасын артық өндіру проблемасымен байланыстырған жоқ, бұл мәселе тек еркін сауда дәуіріндегі рыноктық экономикаға тән қасиет деп түсіндіреді. А.Шпитгоф творчествасын зерттегендер, соның ішінде Б.Селигмен,оның циклді даму тұжырымдамасының белгілі орыс экономисігің Туган Барановскийге күшті әсер еткенін көрсетеді. Циклдық даму туралы А.Шпитгоф идеясының ең басты ерекшеліктері бірін бірі ауыстырып отыратын цикл фазаларын экономикалық, әлеуметтік тіпті психологиялық факторлармен түсіндіруге талпынып жатыр. А.Шпитгоф идеяларын қолдаушылары өз еңбектерінде әрі қарай дамытты.
Мысалы швед ғалымы Г.Кассель экономикалық циклды саясаттағы өзгерістерден,ақша айналымындағы берекесіздіктерден,тарифтердегі тәртіпсіздіктерден және экономикалық процесстерге мемлекеттің араласуы қажеттігінен тыс қарастыруға болмайтындығын көрсетті. Т.Вебленнің еңбектерінде экономикалық цикл ақша айналымы мен несиеге байланысты ерекше құбылыс деп байқады.Ол экономикалық циклды өндірістен тыс пайда мен баға арқылы түсіндіріп, циклды несие алушыға ұтыс әкелетін рыноктық экономиканың қалыпты жағдайы деп санады.
Экономикалық циклды зерделеуде өзінің ерекше пікірі бар оқымысты, Вебленнің шәкірті, американдық У.Митчелл болды. Ол экономикалық циклды жасанды констукция, жеке дара деректерді бір кестеге біріктіру деп қарастырды. Экономикалық құбылыстардың деректерін нақты зерттей келе оларға тек қысқа мерзімді (40 ай ) циклдар тән, ал қалған циклдар ретсіз, ешқандай заңдылықтарға бағынбайтын, сондықтан қатал талап тұрғысынан оларды экономикалық циклға жатпайды деген қорытындыға келді.
Дж.М.Кларк экономикалық циклды күнделікті зерттеп қана қоймай, оны таза теориялық жағынан да қарастыруға тырысты. У.Митчелдің нақты деректерін пайдалана отырып, Дж.М.Кларк « Экономикалық циклдағы факторлар» деген кітабында бұл процестің ішкі заңдылықтарын анықтап жіне түсіндіруге талпынды. Кларк соғыстардың, ғылыми техникалық прогресстердің толқындарының бастапқы сыртқы факторларын анықтап, олардың экономикалық жүйе қозғалысына қарқын беретінін көрсетті. Дж.М.Кларктың ойынша екінші қайтара факторлардың әсері басымырақ, өйткені олар экономикалық жүйенің ішкі факторына қатысын білдіреді. Бұл жаңалық цикл фазасын ғылыми болжауға мүмкіндік берді.Белгілі ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс 1936 жылы жарық көрген «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» атты кітабында экономикалық циклдың басты белгілерін анықтады. Ол ауытқудың уақыты мен ұзақтығы жағынан қайталанып отырады және олар капиталдың шекті тиімділігінің ауытқу механизмімен байланысты деген қорытындыға келді. Дж.М.Кейнстің пікірінше циклдық даму эконмикалық жүйені дамытатын күштердің қорланып, олардың бірін бірі күшейтуі. Бірақ олар бірте бірте әлсірейді де, басқа күштер жанданып, қарама қарсы бағытта әрекет етеді.Өз кезегінде қарсы әрекет ететін күштер белгілі уақыт ішінде нығайып, олардың әсері күшейді,бірақ олар да өз тегіне жеткеннен кейін жаңа қарама қарсылықтарға орын береді.Экономикалық дамуды жоғарылатып немесе төмендететін тенденциялардың ұзақтығы мен ауысуының реттілігін көрсеткен, Кейнс циклдың объективтігін жоққа шығаруға тырысты, сөйте тұра оны субъективтің жемісі деп те есептеген жоқ.
Оксфорд университетінің профессоры Дж.Хикс « Экономикалық цикл теориясына кіріспе» деген еңбегінде Кейнстің теориясын едәуір толықтырды.Кейнс тұтыну мен инвестиция байланысын мультипликатор арқылы ашып, экономиканың циклдық қозғалысына толқынды импульстардың физикалық теориясы мен акселерация принципі тұрғысынан талдау жасады. Дж.Хикстың экономикалық циклдар теориясы мультипликация мен акселерация құбылыстарын талдай негізінде жүргізілген күрделі зерттеу. Бұл құбылыстарды Хикс циклдың ауытқулары мен дүмпуінің алғышарттары деп көрсетті.
Циклдық дамудың шетелдік зерттеушілердің ішінен И.Шумпетер мен П.Самуэльсон сияқты көрнекті ғалымдарын атап өтпеу мүмкін емес. Шумпетердің экономикалық циклдар проблемасын қараудағы ерекшелігі оны экономикалық өсіп дамумен тікелей байланыста талдайды. И.Шумпетердің ойынша экономикалық циклдың терең тамыры циклдық қозғалыстың ретсіздігінде жатыр.Сөйтіп ол ғылыми айналысқа үш цикла кесте енгізді, бұл рыноктық экономикадағы барлық құбылыстарды сипаттауға сәйкес келетін көзқарас деп есептеледі. И.Шумпетер бұл циклдарды Н.Д.Кондратьев, К.Жугляр мен Дж.Китчена сияқты ғалымдардың есімдерімен аталды.
Циклдікке Қарсы Реттеу — мемлекеттің экономикалық циклдерді жұмсартуға бағытталған саяси-экономикалық бағыттарының бірі. Тұрақтандырғыштарды (жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, корпорация пайдасына салынатын салық, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы, өнімінің бағасын қолдау бойынша жәрдем қаражат, т.б.) қолдануға негізделген. Үкіметтің нысаналы саясатын іске асыру жағдайында жиынтық сұраным жеткіліксіз болғанда экспансия (ақша және қаржы экспансиясы) жүргізіледі, сұраным тым көбейіп кеткенде немесе инфляция “асқынғанда” шектеу және дефляцияның саясат жүзеге асырылады.
Тарихи тұрғыда ұдайы өндіріс үдерісі циклділігінің алғашқы теориясына Маркстің ұзақтығы шамамен 10 — 12 жылға созылатын экон. циклдің болмай қоймайтыны туралы теориясы жатады. Ол дағдарысты құбылыстарды талдағанға дейін ғылымда экон. дағдарыстардың болуы не мүлде мүмкін емес (Дж. С.Милль, Ж.-Б. Сэй, Д.Рикардо), не тек кездейсоқтық сипатта болады және экон. тепе-теңдікке құнның, сұранымның және ұсынымның экон. заңдарының еркін әрекеті негізінде қол жеткізуге болады (Ж.Сисмонди, Р.Робертус, К.Каутский) деген пікірлер үстем болды. Маркс циклдің пайда болу себептерін негіздеді, оның кезеңдерін анықтады және экон. дағдарыстың күйретушілік сипатына, сондай-ақ оның өндіріс құрал-жабдығына жеке меншікпен байланысты екеніне баса назар аударды. 20 ғ-да әлемдік экономиканың жедел дамуы Батыс ғалымдарына циклділікті мойындатты. Енді олар циклдіктің нысандары, құрылымы мен себептерін тереңдете зерттеді.
Циклдық теорияны жасауда айырыкша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1892-1938 жж.) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейіннен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінін мәжілісінде 1926-шы жылы 6-шы акпанда жасаған «Коньюктураның үлкен циклдары» баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді. Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-ші жылы шыққан кітапта баяндалды. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса. бұдан басқада 48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардын бар екендігі белгілі бола бастады. Мәселен, Н.Д. Кондратьев мынандай үлкен циклдарды қарастырды. Ол (цикл) қоғамдык өндірістің технологиялық базасының радикадды өзгеруімен және оның құрылымдық қайта құрылуымен түсіндірілді.
Әдетте циклдарды классификациялағанда екі критериі қолданылады: ұзақтығы немесе циклдың мерзімділігі; оны қозғаушы циклдар, бүл соңғысы оны жүзеге асырудың генезисі мен механизмін аддын-ала анықтайды. Осы критерийлерге сәйкес циклды классификациялаудың белгілі айқындамалары кабылданған:
1.Н.Д.
Кондратьевтін циклдары немесе ұзақтығы 40-60 жылға
созылған ұзын толқынды циклдар. Оның басты қозғаушы күші —
технологиялық өңдірістегі технологиялық базаның радикальды
өзгеруі және оның құрылымдық қайта құрылуы.
2.Белгілі
американ экономисі С.Кузнецтің (1901-1983жж.)