ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАҢҒЫРТУ МАҚСАТ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАҢҒЫРТУ МАҚСАТ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық спорт жайлы мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫ ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДА ЖАҢҒЫРТУ МАҚСАТ



Оразбаев Есенгелды Хамитұлы,

Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы, Алғабас ауылы, «№14 ЖББМ» КММ-нің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі



Егемен ел болғалы жоғалтқанымызды іздеп тауып, ұмытуға шақ қалған ұлттық ойындарымыз қайта жаңғырды. Этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы ұлттық ойынның 300-дей түрі болғанын жазса, қазір оның 20-дан астамы ғана халық жадында сақталған. Осыдан-ақ оларды ұлықтаудың қажет екені айтпаса да түсінікті. Кейінгі 3 жылда ұлттық спорт түрлерімен жүйелі түрде айналысатын қазақстандықтардың саны 35%-ға артқаны қуантады. Әсіресе шалғай аймақтарда, республика көлемінде жарыстар өткізіліп келеді. Тіпті халықаралық деңгейде де дүбірлі додаларда спортшылармен қатар мектеп оқушылары да сынға түсіп жатыр.

Мысалы, жақында «Жамбы ату» федерациясының мұрындық болуымен жамбы атудан жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Мұндағы мақсат жас жеткіншектерді қазірден спортқа баулу, мықтыларды анықтап, құрамаға қосу. Әр өңірден атқа мініп, садақ ата алатын жас өрендер шақырылды. Дүбірлі додада үш күн бойы жас спортшылар шеберлігін көрсетіп, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Мұндай жарыстар, фестивальдер ұлттық спортымызды насихаттап қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстану мен жастарды отанын сүюге тәрбиелейді. Сондықтан ең алдымен ауыл-аймақта ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыру керек.

Оған қоса, биыл Алматыда 2028 мектеп оқушысы бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына енді. Бұл да ұлттық спортымызды ұлықтаудың бір жолы емес пе?

Ұлттық спорт түрлерімен айналысатындар саны бойынша көшбасшылардың үштігіне Жамбыл (40 мың адам) және Алматы (39 мың) облыстары кіреді. Ал Қазақстан ұлттық құрамасында спортшылар саны бойынша Түркістан (74 адам), Жамбыл (52 адам) және Астана қаласы (43 адам) көш бастап тұр. Әзірге біздің Ұлытау облысы бұл тізімге қосыла қоймады. Дегенмен балалар арасында спорттың түр-түрін тереңдете оқыта түссек бұл олқылықтың жақын арада жойылары анық. Өйткені, оқушының ұлттық спортқа деген қызығушылықтың артуы - бұл келешек ұрпақтың саулығы, патриоттардың көбеюінің ықпалы, мұғалімдердің зор еңбегінің нәтижесі.

Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы балалар мен жасөспірімдердің бойына саламатты өмір салты құндылықтарын сіңіруде жан-жақты жұмыстар атқарып келе жатқанын да ескеру керек. Сондай жобалардың бірі әрі бірегейі – қазақ күресінен оқушылар арасында Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық турнир. Ол өте жоғары деңгейде өтіп жүр. Сонымен қатар мектеп оқушылары мен денешынықтыру мұғалімдері арасында кеңінен танымал «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы аясында ұлттық спорт түрлері кеңінен қамтылған. Мәселен, мектебімізде бірнеше жылдан бері асық ату, бес­тас, тоғызқұмалақтан 5-6, 7-8, 9-11-сыныптағы ұлдар мен қыздар арасында жарыс үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Ол мектепішілік іріктеу бәсекелерінен бастау алып, екінші кезең – аудандық пен қалалық, үшінші кезең – облыстық, төртінші кезең – республикалық, яғни финалдық сайыстарға дейін жалғасады. Осы дүбірлі додаларды оқушылар қауымы асыға күтеді.

Ұлттық спорт түрлері өскелең ұрпақты тәрбиелеп, ұлттың интеллектуал­дық әлеуетін арттыруда маңызды рөл атқарады. Жалпы, мен тоғызқұмалақ, бес асық, асық ату секілді зияткерлік ойындарды жүйелі әрі қисынды ойлау қабілетін қалыптастырып, білім мен ғылымға бейімділік негіздерін қалауда ұтымды әрі таптырмас тәрбие құралдары ретінде қабылдаймын. Сол себепті төл өнеріміздің тәрбиелік мазмұнын ашып, оқушылар қатысатын жарыстарды ақпараттандыру мәселесін дамытып, танымды мақалалар жариялап, үздік есімдерді насихаттау ісін қолға алу керек. Заманауи тенденция бойынша бүгінгі таңда жарқыратып жарнама жасау, жас жеткіншектердің назарын жаулау маңызды. Ал бұл жұмыстарды атқаруда осы саладағы барлық ұйымдардың бірлесіп әрекет жасағаны жөн. Себебі, барлығымыздың бір ғана мақсат-мұратымыз бар. Ол – өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2024
124
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі