Материалдар / ҰЛТТЫҚ СҮТ ӨНІМІ-ҚҰРТ. Ғылыми жоба.

ҰЛТТЫҚ СҮТ ӨНІМІ-ҚҰРТ. Ғылыми жоба.

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрт туралы ғылыми жоба.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ғылыми жобаның тақырыбы: ҰЛТТЫҚ СҮТ ӨНІМІ-ҚҰРТ

Мазмұны


Кіріспе

Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам.

Негізгі бөлім

Ұлттық сүт өнімі-құрт.

Қорытынды

Құрт жасау технологиясы және құрттың құрамы.

Пайдаланылған әдебиеттер

Пікір

































Аннотация


Жобаның тақырыбы: ҰЛТТЫҚ СҮТ ӨНІМІ–ҚҰРТ

Зерттеу мақсаты: Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету;

Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.

Міндеттері:

Қазақтың ұлттық тағамы – құртпен танысу;

- Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;

- Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету.

Болжам: Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасымен танысып, құрт жасау технологиясын меңгеру.

Зерттеу жаңалығы мен дербестік дәрежесі:

Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажет.

Жұмыстың нәтижелері мен қорытындысы:

- Құрттың адам ағзасына тигізер пайдасын ескере отырып, жергілікті жерде мал шаруашылығын жетілдіру; -

Қазақтың ұлттық тағамы құртты ұлттық брендке айналдыру мақсатында оны өндіретін зауыт немесе цехтар ашуды қолға алу;

- Әлемдік нарыққа шығаруға өз үлесімді қосу.

Сүт өнімдері адамдар күн сайын тұтынатын өнімдер санатына жатады. Ұлттық сүт өнімдерін өндіру технологиясы Қазақстан нарығында өзекті болып табылады. Қазақстан Республикасы халқын тамақтандыру саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын ескере отырып, ғалымдардың зерттеулері жоғары құнды азық-түлік өнімдерін жасауға, аса жоғары тағамдық қасиеттері бар, мамандандырылған және функционалдық мақсаттағы құрт ассортиментін кеңейтуге бағытталған.Құрт-қазақтың ұлттық сүт өніміне жатады. Орталық Азияның аудандарында оған әртүрлі атаулар беріледі-бұл құрт, қырғыз тілінде курут, татар тілінде корт, түрікмен тілінде бұл gurt, өзбек тілінде –qurt. Бұл өнім түркі, сонымен қатар моңғолдардың ұлттық өніміне жатады, ол ашытылған сүт өнімі, сонымен қатар құрғақ жас ірімшік. Құртты Орталық Азиядағы көшпелі халықтар ойлап тапқан. Ол сиыр, қой немесе ешкі сүтінен таза сүт қышқылды стрептококк дақылдарымен ашытып, содан кейін сарысуды бөліп, кептіру арқылы жасалады.Құрттың жиырмадан астам түрі бар, бірақоның бірнешеуі, әсіресе танымал түрлері: буланған, сығылған, балғын, ыстық.Олардың өндірісте өзгерген құрамы белсенді дамып келеді. Шикізаттың, технологияның, рецептураның жаңа түрлері күннен күнге игерілуде.

Түйін сөздер:сүт, сүт қышқылды өнім, құрт, ірімшік, функционалдық тамақтану

Зерттеу әдістері: ғаламтордан мәліметтер іздеу, кітаптардағы әдебиеттерді таңдау.

Жобаға қатысушылардың санаты: оқушылар, мұғалім.





Кіріспе


Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бҽрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алтын, күміс тас екен», «асты қорлама, құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да, халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсаңдарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы, яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен. Осы жолда тұшымды сөз айтып, дәмді тағам берумен бірге оның таза, бүтін ыдыстарына дейін ерекше назарда болған. Сырттан келген кісілер де елді осы қонақасы берудің жолы мен жөні арқылы сынап, бағасын берген. Демек, ұлт мәдениетінде тамақ, дәм татыру – экономикалық, дипломатиялық және тәлім-тәрбиелік қызмет атқарған. Бұл істе, әрине, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі шетелдерде ерте заманнан-ақ аңыз болып тараған. Қазақ қонақасы беруде қонақ таңдауды, басқа ұлт, дін өкілдері деп бөлуді де білмеген, төрге шығарып, ашық қабақ танытқан, достық көңілін көрсеткен. Шаршағандарына, мұқтаждарына ат, ас, көлік сыйлай да білген.

Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары). Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Осы ақтан бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай жүре, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Және олардың көптеген қызықты атаулары мен орны және алуан түрлі ерекше жасау, пісіру жолдары тағы бар. Сөйтіп бір сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ тағамдар жасап шығарған. Олардың көпшілігі қазіргі кезде қазақ дастарқанынан сирек көрінетін жеңсік ас қатарына жатады. Сүт – химиялық құрамы жағынан тамаша тағам. Оның құрамында адам ағзасының қалыпты жетілуі үшін барлық зат бар. Соған орай оған физиологиялық құндылығы жағынан бірде бір азық тең келе алмайды. Сүт басқа өнімдердің биологиялық құндылығын көтереді. Ас қорыту бездерінің жұмыс істеу қабілетін үнемі жақсартып отырады. Сүтті пайдаланып, әр түрлі тағамдар дайындауға болады. Айран ұйытып, ірімшік, құрт кептіруден бастап, ботқа пісіруге дейін осы бір керемет өнім пайдаланылады. Ал сүт қосып дайындалған тағам өте дәмді болады. Оның үстіне сүт өнімдерінің дәрулік қасиеті бар. Олар емдеу, алдын алу, диеталық тағам ретінде де қолданылып жүр.

Құрт – сүттен жасалған ұлттық тағам. Құрт – сөзінің мағынасы да құрғатылған, кептірілген сүт деген мағынаны береді. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі. Жасалу тҽсілдеріне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт деген түрлерге бөлінеді. Қазақ ырымы бойынша кеппеген құртты жеуге, алуға болмайды. Егер өреден құрт алып жесе, жауын жауады деген ырым бар. Сабада жиналып, пісілген іркітті майы алынғаннан кейін түбіне май жаққан үлкен қазанға құйып, қайната береді. Құрт қайнап жатқан кезде оның түбі күйіп кетпес үшін арнаулы құрт былғауышпен (басында қырғыш темірі болады) әлсін-әлсін қазанның түбін, ернеуін қырып араластырып отырады. Әбден қойылған құртты қапқа құйып, керегеге асып қояды, сонда оның қалған суы тағы да ағып, құрғайды. Бұдан кейін қолмен бөлшектеп, тақшаға, шиге, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. Көгермей қызбай біртегіс кебу үшін өреде жатқан кезде оны бірнеше рет аударыстырады. Осындай әдіспен қайнатып, кептіріп алған құрт жыл бойына, кейде 2-3 жылға дейін сақтала береді. Құрт күшті ас, ол әр түрлі тамаққа қосылады. Құрттан істелетін немесе құрт қосылатын тағамдардың кейбір түрлерін айта кету қажет.


Shape1


Жасқұрт. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп, бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе, кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін өте кенеулі ас саналады. Ертеректе жас құртты мипалауға, құйрықбауырға қосқан. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасайды, ауырған малға ішкізеді, әйелдер бас жуады, сондай-ақ одан тері илеу үшін малма жасайды.

Көбік. Қайнап жатқан кұрттың қалқып алған беті. Майлы, кенеулі ас ретінде жас балаларға, қарттарға қалқып беру салты болған. Бұрын құрт қайнатқан үйден көбік жалаймыз деп, ауыл балалары келіп, жиналатын әдет те болған.

Ыстық құрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып, сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.

Сықпа құрт. Мұның кайнатқан кұрттан айырмашылығы сол, ашыған айран қапқа құйып, сүзіледі де, тұздалып, әр түрлі үлгімен бөлшектеліп, тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай құрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп, мойындарына іліп, қуанту салты болған.

Малта. Езілген құрттың таусыншақ түйіршіктері, ол әрі жұмсақ, әрі сүйкімді ас саналады. Ұзақ сапарларда ауызға салып, суын жұтқан кезде әрі сусын, әрі қорек болған.

Езген құрт. Сорпаға, тұздыққа, көжеге және басқа тағамдарға қосу немесе сұйық күйінде ішу үшін кепкен құрт астауға салып ұнталады, келіге түйіледі немесе қол тиірменге тартылады. Езген құрт – ұлттық тамақтардың ең бір сүйкімдісі және кенеулісі.

Ақмалта. Езген құрттың ең соңғы шайындысы. Ол өте жұғымды және тез сіңетін тағам болып саналады, оны сол сұйық түрінде ішеді.

Ұнтақ құрт. Арнайы түйіп, ұсатқан немесе қап түбінен жинап алған үгінді. Оны сүттің піскен қаймағына былғап жейді.

Құрт-май. Сары майға батырып, табақ жасайтын, кепкен сықпа жалпақ құрт. Оны асығыс кезде дҽм таттыру үшін немесе жеңіл-желпі түстік ретінде дастарқанға қояды. Кейде құрт, ірімшік, май тағамдарының қосындылары да құрт-май деп аталады.


Негізгі бөлім


Сүт қышқылды өнімдер сүтке қарағанда диеталық қасиеті және емдік қасиеті жағынан құнды өнім болып келеді.Сүт қышқылды өнімдердің диеталық және емдік қасиеттері адам ағзасына микроағзалармен және биохимиялық процесс нәтижесінде пайда болып, заттармен пайдалы әсер етуімен түсіндіріледі. Бұл биохимиялық процесстер сүттің ашуы кезінде жүреді.Сүт және сүт өнімдері адамзаттың тамақтануында ерекше маңызы бар тағам. Сүт және сүт өнімдерін күнделікті тұтыну, рационына қосу оның толықтылығын арттырады, басқа да тағамдық компоненттердің жақсы сіңуіне ықпал жасайды. Алайда сүт қышқылды өнімдер емдік және диеталық тамақтануда өзінің функционалдық құрамы жағынан сүттен асып түседі, себебі сүттің барлық құрама бөліктері сүт қышқылды өнімдерде жеңіл сіңетін түрде болады. Сүт қышқылды өнімдер асқазанның секреторлық қызметіне әсер етеді және тағамның қорытылуын тездететін ферменттердің жылдам бөлінуіне әсер етеді, ішектің қызметін тұрақтандырады және жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді [1].

Бүгінгі таңда сүт және сүт өнімдері өндірісінде аймақтық тағамдарға, әртүрлі майлылықтағы тағамдар, жеміс-жидекпен араласқан жаңа өнімдер және деақуыздармен, дәрумендермен, минералды заттармен байытудың арқасында нарықта сан алуан тың идеялар пайда болуда.Осыған байланысты сүт өндірісінде перспективалы бағыттарының бірі өсімдіктекті қосылыстарды, жаңа ферменттерді және биопрепараттарды қолдана отырып ұлттық сүт өнімдерінің жаңа түрін шығару болып табылады.Құрт өзбойына дайындау кезінде пайдаланылған сүттің ең пайдалы минералдары мен дәрумендеріналады. Оның құрамында Е, D дәрумендері және A дәрумені, сонымен қатар кальцийдің жоғары құрамы байқалған. Аталған өнімде 25% ақуыз бар.

Құрттың тағы да маңызды қасиеттерінің бірі жүрек айнуын баса білу қабілеті, сондықтан оны жолда, теңізде жүрегі айныйтын адамдарға жеуге ұсынылады. Өнімнің химиялық құрамына кіретін дәрумендер адамның көру қабілетін жақсартады, жасушалардың жаңаруына әсер етеді, адамның иммундық жүйесін арттырады, адам ағзасының қорғаныштық қабілетін жоғарылатады және адам ағзасындағы онкологиялық аурулардың даму қаупін төмендетеді [2].

Кальцийдің құртта көп мөлшерінің болуы тері қабатының жасаруына қажет және ағзадағы зат алмасудың жақсаруына қажет коллагеннің түзілуіне қатысады. Құрт тамаша сергітетін өнім –қанның аздығы кезінде және физикалық ауыртпалық кезінде пайдалану ұсынылады.

Құртты негізінен тұздалып ашытылған сүттен, престелген және күнге кептірілген қатты ірімшік десек те болады. Құрт Орта Азия елдерінің, оның ішінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің ұлттық тағамы болып келеді. Батыс Азия елдерінде де (Грузия, Азербайджан және Армения) құрттың танымалдығы аз емес. Сондай-ақ, оны Татарстанда, Башкириядажәне Монголияда да әзірлейді. Құрт дайындау рецептурасының әр елде өзіне тән ерекшеліктері бар. Дәстүр бойынша құртты сиыр, ешкі және қой сүтінен жасайды. Алайда кейбір елдер экзотикалық өнімдер қолданады. Мысалы, Монғолия мен Башкирия да құртты бие сүтінен дайындайды, Арменияда бұғысүтінен, ал Қырғызстанда –түйе сүтінен дайындайды.

Ұлттық сүт қышқылды өнім құрттың қазіргі таңда көптеген түрлері бар. Дәстүрлі әдіспен өндірілген құрт, әр түрлі тағамдық қоспалар, түсін түрлендіру үшін табиғи бояғыштар, дәмін және тағамдық құндылығын арттыру үшін дәнді дақылдардың ұнтақталған түріқосылған құрт түрлерібелгілі.Зерттеу жүргізу барысында «Құрт өнімдерін өндіретін aрнайы зaуыт-фермалар бар ма?», «Қала халқы көбінде қaндай құрт өнімін тұтынaды?» деген cұрaқтарға жауап іздедік. Үй жағдайында жacалынатын құрт өнімдері қандай cанитарлық жағдайда өндірілетіні белгіcіз екендігі, сонымен қатар сырт елдерден нарықтан төмен бағада тасып алып келіп сататын күнделікті тұтынып жатқан қара базардағы құрттың сапасы күмән туғызғаны өтірік емес.Сырттан келген құртқа қарағанда арнайы ферма немесе жекекәсіпкерлердің жасаған өнімдерінде жауапкершілік көбірек болады деп арнайы өндіріушілергесараптама жасалынды. Нaрықтағы құртқa қaрағанда, eлімізде жасалынатын өнімнің гигиeнaлық тұрғыдaн дa таза болaтынына cенімдіміз.

Зерттеу жұмысымызды зeрделей кeле,Қазақстан Республикасы бойынша құрт өнімін қaмтамаcыз eтушілер мен жеткізушілердің тізімін анықтадық, олар:

«Yokurt Legend Homads» брендіне жататын «Tri Gold» компаниясы (құрт өнімінің cалмағы 20 г., 40 г., 70 г.);

«Kurt» ЖШС сауда компаниясы;

«ҚазақстанСүт Сауда» ЖШC;«Tri Gold» ЖШС;

«Дастарxан» BIO KURT ЖШC;

«Арай» ЖШС;

«IRODA PRODUCT» ЖШC.

Aлaйда бұл кәсіпорындарда, болaшақта құрттың тек классикалық түрін жасап қана қоймай, жаңа құрт өнімін нарыққа жаңа серпіліс етіп жасап шығаратын өндірістік желі құру жоспарланып отыр.Тістің бұзылуынa әкелетін, құрaмында қaнт пен консерванттары көп кәмпит орнын, кальцийге бай құрт алмастыру қажет. Құрт пeн ірімшік көшпeнділeр oйлaп тaпқан тaғам. Бұл қaзaқ хaлқының жеке мeншік ұлттық тaғaм түрі, бұны қaзақтың дәстүрі мeн тұрмыс-салты дәлeлдейді. Қaзіргі мaқсaтымыз құртты ұлттық брeндке aйналдыру, оның жaсaлу тeхнoлoгиясын жoғалтпaу. Тeхнoлoгиясын жeтілдіріп, түрлі құрт түрлeрін жасап жетілдіру.















Қорытынды


Әр түрлі технология бойынша құрт өнімдерін зерртеу нәтижелерімен бөлісемін.


Shape2

Өсімдік қоспаларын енгізу құрттың тағамдық және биологиялық құндылығын арттыруға мүмкіндік береді.Өсімдік ингредиенттерін пайдалану олардың құрамымен пайдалы қасиеттеріне байланысты.

1.Сары құрт:майлылығы 3,2%сүт, ас тұзы, сәбіз сығындысы,сәбіз шырыны, сары өрік.

2.Қызыл құрт:майлылығы 3,2% сүт, ас тұзы, қызылша сығындысы, қызылша шырыны, қара өрік.

3.Жасыл құрт:майлылығы 3,2% сүт, ас тұзы, шпинат.

4.Жалбыз құрт: майлылығы 3,2% сүт, ас тұзы, жалбыз.

Шикізатқа сипаттама: Сәбіз құрамындағы А дәрумені адамның бойын өсіреді, көру қабілеті ментеріні жақсартуға ықпал етеді. А дәрумені, калий тұзы мен каротинге бай өсімдік ағзадағы тұзды судың айналасын реттеп, судың денеден бөлінуін қамтамасыз етеді. Осыған орай бүйрегі, жүрегі, қан тамырлары ауыратын адамға сәбіздің пайдасы мол.Сары өріктің құрамында сәбізден де кем түспейтіндей бета-каротин мөлшері көп. Сонымен қатар, сары өрік құрамында инулин, қант, пектин, алма, лимон, шарап қышқылдары, илеу заттары, крахмал, фосфор, темір, кальций, магний, калий, В (В1, В2, В9) тобының дәрумендері, аскорбин қышқылы және РР дәрумені бар. Сары өрік асқазан-ішек жолының жұмысын жақсартады және қан түзудің қызметін ынталандырады, ағзаның төзімділігі мен стресстік тұрақтылығын арттырады; муколитикалық және антиоксиданттық әсерге ие болады, жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларына көмектеседі. Қызылша тамыр жемісінің түсі қою қызыл болғаны пайдалы. Белоктарды ажыратып, бойға сіңіреді де зат алмасуға жақсы әсер етеді. Оның бойындағы холин бауырдың қызметін күшейтеді, сондай -ақ бауырмен өт жолдары және қан аздық ауруының алдын алып, шипа бола алады.Қара өрікте калий және фосфор, кальций, магний, темір, аз мөлшерде бор, марганец, мыс, мырыш, никель, хром бар. Қара өрікте пектин, илеу, азотты заттар, органикалық қышқылдар: алма, лимон, қымыздық және салицил қышқылдарының іздері бар. Қара өрік медицинада және кулинарияда кеңінен қолданылады [3,4].

Жалбыз демікпе сырқатын жазып, өкпенің тыныс алу жолдарын тазартады. Булығып жөтелгенді тиып, қарлыққан дауысты ашады. Ал, соңғы кезде жалбыз тұнбасын іштің кебуін басатын, бойға күш-қуат беретін, несеп жүргізіп қуықтың қабынуын жазатын, етеккірді шамадан тыс келуін тоқтататын дәрі ретінде қолданып жүр. Сонымен қатар жалбызды басқа дәрілік шөптерге қосып өкпе туберкулезін де емдей бастады. Шпинатта белоктар, көмірсулар және тіпті майлар бар; органикалық, қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, талшық, крахмал, қант; A, E, C, H, K, PP дәрумендері, көптеген В дәрумендері, бета-каротин; кальций, магний, натрий, калий, фосфор, темір, мырыш, мыс, марганец, селен. Шпинат жапырақтарында ақуыз өте көп. Шпинатта А және С сияқты маңызды маңыздыдәрумендер температуралық әсерлерге төзімді, олар термиялық өңдеу кезінде сақталады. Шпинат қолдану тіс пен гумсты сау етеді, анемияны болдырмайды, қан тамырларын нығайтады, ұйқы безін ынталандырады және ішектің қызметін қалыпқа келтіреді [5]




Зерттеу жұмысымның нәтижесінде құрт – адам денсаулығына қажетті құндылық екеніне көз жеткіздім. Бұл тағамның емдік, тұрмыстық пайдасы бар. Құрт өкпе ауруына, суық тиген кезде қайнатып, ыстық күйінде ішкізсе пайдалы болады. Сары суын малға ішкізеді, шаш жууға болады, тері илеу үшін малма жасайды.

Сондай-ақ мен заманауи технологияларды қолдана отырып, бҽсекеге қабілетті құрт шығарсақ, оны шетелге экспорттауға да болатынына көз жеткіздім. Мәселен, құртты әдемі жылтыр қорапқа салып сатса, дүкен сөресіндегі ең қымбат шоколадтармен бәсекеге түсе алар еді. Өйткені баяғыда құрт кәмпиттің орнында жүрді. Сондықтан алдыма қойған мақсатыма жету үшін болашақта құрт жасайтын арнаулы зауыт ашуды армандаймын. Құрттың жаңа заманауи талаптарына сай түрлерін жасап шығарып, әлемдік нарықта өз орнын тауып жатса нұр үстіне нұр болар еді. Сондықтанда болашақта құрт бизнесімен айналысып, атауын ырымдап «Нұр-Дәм» деп қоямын. Құрттың пайдасы мен тағамдық құндылығы туралы көп айтуға болады және оны бәрі біледі.

Шетелдерде демалыста болып қайтқан туристер сол елден естелік жҽне жейтін сыйлық әкелуді дәстүрге айналдырған. Әр елде достарына сый ретінде әкелуге болатын ерекше тағамдары бар. Ал, Қазақстан не ұсына алады? Менің ойымша, туристер қазақтардың құртын өз еліне жейтін сый ретінде әкетуге болады. Ол үшін біздің ұлттық тағамымыз – құрт голландықтардың ірімшіктері, түркілердің йогурті сияқты әлемдік асханада өзіне лайық орын алуы қажет деп ойлаймын. Зерттеу жұмысымның нәтижесін қорытындылай келе, мен құрттың адам ағзасына тигізер пайдасын ескере отырып, қазақтың ұлттық тағамы құртты ұлттық брендке айналдыру мақсатында жергілікті жерде мал шаруашылығын нығайту керек деп ойлаймын. Құрт жасау технологиясын меңгере отырып, мен құртты жетілдіру мақсатында оны өндіретін зауыт немесе цехтар ашуды қолға алған жөн деп есептеймін. Сондай-ақ болашақта мен ұлттық тағамымызды әлемдік нарыққа шығаруға өз үлесімді қосуға ат салысамын. Қорыта айтқанда, қазақтың ұлттық тағамы – құрт адам денсаулығына қажетті тағам. Біз, Қазақстанның жастары осы құнды тағамның жойылуына жол бермеуіміз керек.


















Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Гаврилова Н.Б. Щетинин М.П., Гречук Е.Ю. Технология цельномолочных продуктов.Барнаул-Омск: Изд-во АГТУ, 2003. –249с.

  2. Еςиркеп Г.Е., Кοжабеρгинοва Σ.М. Казахские нациοнальные блюда. –Астана: Фοлиант, 2006. –138 с.

  3. "Қазақ Энциклопедиясы"

РЕЦЕНЗИЯ


Жобаның тақырыбы: ҰЛТТЫҚ СҮТ ӨНІМІ-ҚҰРТ.

Зерттеу мақсаты: Қазақ халқының байырғы тағамы – құрттың пайдасын анықтау арқылы маңызын көрсету;

Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажеттілігін түсіндіру.

Міндеттері: - Қазақтың ұлттық тағамы – құртпен танысу;

- Құрттың қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;

- Құрттың адам денсаулығына пайдасын көрсету.

Болжам: Қазақтың ұлттық тағамы – құрттың адам ағзасына пайдасымен танысып, құрт жасау технологиясын меңгеру.

Зерттеу жаңалығы мен дербестік дәрежесі:

Қазақтың байырғы тағамы құртты ұлттық бренд ретінде әлемдік нарыққа шығару қажет.

Жұмыстың нәтижелері мен қорытындысы:

- Құрттың адам ағзасына тигізер пайдасын ескере отырып, жергілікті жерде мал шаруашылығын жетілдіру; -

Қазақтың ұлттық тағамы құртты ұлттық брендке айналдыру мақсатында оны өндіретін зауыт немесе цехтар ашуды қолға алу;

- Әлемдік нарыққа шығаруға өз үлесімді қосу.

Жұмыс өте тиянақты түрде жазылған, әрбір бөлімінде нақты мәліметтер мен мысалдар келтірілген. Зертеу жұмысы кіріспеден, негізгі мәселені қарастыратын тараулардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі,мақсаты мен міндеттері және жұмыстың құрылымы талапқа сай жазылған.

Жобаны жазу барысында мазмұны, аннотация жазылған. Теориялық жұмыс барысында - танымал әдебиеттерге анализ жасау (кітаптар, оқулықтарды қолдану) баяндау, салыстыру, зерттеу, сараптау әдістерін тиімді қолданды.

Жалпы алғанда жұмысты өз дәрежесінде жасалынған деуге болады. Зерттеу жұмысының мазмұндылығы мен мәнділігін ескере отырып, жоғары дәрежеде бағалауды ұсынамын.










ЖИ арқылы жасау
08 Қараша 2024
208
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі