2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Ұлттық тағамдар»

«Ұлттық тағамдар»

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мұғалімдерге
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Карта17

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қазақ тілі

Тақырыбы: «Ұлттық тағамдар»

Білімділік міндеті: Ұлттық тағамдардың атауларымен таныстыру

Дамытушылық міндеті: . Ойлау, дұрыс атау, есте сақтау қабілеттерін дамыту Тәрбиелік міндеті: Балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу Әдіс-тәсілдер: Қайталау, көрсету, жаттату, әңгімелесу.

Көрнекі құралдар: Мазмұнды суреттер,

Қостілділік компоненті: Ет тағамдары-мясные блюда,Сүт тағамдары-молочные продукты, Ұн және дәнді дақылдардан жасалған тағамдар- мучные и из зернистые продуктов сделанные блюда

Әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық


Шаттық шеңбері, амандасу. Өткен сабақты қайталау

Бұл тақырыпты біз жайдан - жай таңдаған жоқпыз. Қазақта «Ас – адамның арқауы», «Ас жүрген жер – береке», «Тату үйдің тамағы тәтті» деген мақал - мәтелдер бар. Жер бетінде өмір сүретін әр халықтың өзіне тән дәстүрі, салты, ұлттық киімі, тағамдары бар. Біздің қазақ халқы бұрын көшпелі өмір сүріп, мал шаруашылығымен айналысқан. Олар төрт түлік малды бағып, оны сауса – сүт, сойса – ет, мінсе - көлік, кисе – киім етіп пайдаланған. Тамақтың ең құнарлысын, адам ағзасына қажеттісін ішіп - жеген. Сондықтан біздің халқымыздың дені сау, батыр халық болған. Соның арқасында осы ұлан байтақ жерді көзінің қарашығындай сақтап, бізге мұраға қалдырған.

Ұйымдастыру-іздестіру



Слайд «Ұлттық тағамдар»
Ет тағамдары

  • - Қазы, қарта, жал, жая, Қазақша ет, қуырдақ, әсіп

Сүт тағамдары
- Қымыз, шұбат, айран, сүт, Кілегей, қаймақ, ірімшік, құрт
Ұн және дәнді дақылдардан жасалған тағамдар
- Бауырсақ, тандыр нан, шелпек, Жент, талқан,

Видео ролик «Қымыздың жасалуы мен пайдалы қасиеті»
Бибінұр: Біз ғана тән,
Қызыл – күрең бауырсақ
Дастарқанға сән
Ерлік: Үйдің ұйытқан айраны
Асқазанға пайдалы
Алмаз: Дастарқанды жайнатқан,
Ірімшікті қайнатқан.
Айнұр: Ұнатар бар балдырған,
Жұқа жұмсақ тандыр нан.
Асхат: Ата, бала жер тиегін.
Әжеміздің асықпай
Майға піскен шелпегін.
Қарлығаш: Пісіріп сүтті қайнатты,
Кілкіп ап жедік қаймақты.
Бейбарыс: Томпайып ұртты,
Сорамыз құртты.
Жасайтын оны
Тек қазақ ұлты!
5) Видеоролик «Құрттың пайдасы», «Талқан туралы»
6)Сергіту сәті (Қазақы дастарқаным әні айтылады; балалар құрт жасайды)
8) Ойын «кім жылдам?»
Оқушылар үш топқа бөлінеді.Топтарына ат қою, Ет тағамдары, Сүт тағамдары,Ұн тағамдары.Табақта барлық тағам аттары араласып жатыр. Әр топ өз тағамын тауып алу керек. Кім тез, дұрыс тапса, жеңіске жетеді.
Жұмбақ шешу
Әжем уыстап, сығып далада кептірген
Қатты әрі тәтті дәмін кім бар жеп көрген

Рефлексивті-түзетушілік

Сабақты қорытындылау «Мерекелі дастарқан» әнін тыңдату





13 Маусым 2018
592
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі