Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ұлттық тәлім тәрбие - мәдени мұрамыз.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұлттық тәлім-тәрбие – мәдени мұрамыз
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы әлемдегі өркениетті елдермен терезесі тең мемлекет ретінде халықаралық ықпалдастыққа бет бұрып, саяси-экономикалық мәселелерді ұлттық мүддеге орайластыра отырып, тиімді дамудың жолдарымен жүріп келеді. Мұны еліміз ішкі және сыртқы саясаттағы өзіндік байыпты бағыттары арқылы жүзеге асырып отыр. Бұл орынды да. Өйткені халқымыздың ғасырлар бойы біртіндеп қорланып қалыптасқан рухани қазынасы тоталитарлық жүйе кезеңінде орасан зор дағдарысқа ұшырап, тоқырап қалғаны баршаға аян. Ол өз кезегін жалпы жұртшылықтың, әсіресе өскелең жас ұрпақтық өз туған халқының рухани құндылықтарынан, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарынан ажырап қалуына әкеп соқтырды. Міне, сондықтан да жас өспірімдердің халқымыздың рухани тамырынан толық қол үзіп қалмауы - біздің бүгінгі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады. Ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты халыққа арнаған өткен жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айырықша атады. Бұл орайда, әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен бірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз.
Тәуелсіз елімізде жастарды бүгінгі күн талабына сай ұлттық тәлім -тәрбие беруде халқымыздың бай мәдени мұраларын , педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті жас өспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да, сауатты, ұлтжанды, мәдени - ғылыми ой өрістері кең ұрпақ өсіру - қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп 127 пайдаланып отырған.Сондықтан ғылыми педагогиканың бастауы деп санайтын орта ғасырлық ұлы ойшылдар Әл-Фараби, А. Иассауи, М. Қашқари, Ж. Баласағұни, М. Х. Дулати т.б. тарихи - педагогикалық мұраларындағы педагогикалық ой-пікірлері ұлттық тәлім-тәрбиенің мазмұнын кеңейтіп, жас ұрпақтарды ел жандылыққа, имандылыққа, патриоттық рухта тәрбиелеуде тірек болуда. Бұл тәлім-тәрбиелік идеялар ХІХ ғасырда Ыбырай, Шоқан, Абай сынды ағартушылардың ойлары мен қазақ халқының тәлім- тәрбиелік құндылықтарын жаңа деңгейге көтерді.
Халқымыздың бүкіл рухани әлемінен, тәрбиелік ой-пікірлері тарихының аса көрнекті ағартушы , қоғам қайраткері, демократ, ғалым Ы. Алтынсарин есімінің алар орны ерекше. Ы. Алтынсарин - өз дәуірінің әдеби - мәдени өмірінде өшпес із қалдырған, туған әдебиетіміздің биік тұлғасы тұғырына көтерілген ұлы педагог, ұлағатты ұстаз, өзі айтатындай, әдебиетіміздің «алыптар тобының» өкілі. Ы. Алтынсарин-өзінің бұкіл жарқын талантын, күш жігерін, халқына еліне, әсіресе, жас ұрпақтың тәрбиесіне жұмсаған қаламгер. Оның әдеби шығармалары қазақ әдиебетінің қалыптасып дамуына, ал-оқу саласындағы көзқарастары- республикамыздағы педагогикалық-психалогиялық ой-пікірдің өсіп-жетілуіне, оқулықтарымен оқу құралдары-төлтума мектеп оқулықтарын жасау өндірісіне орасан зор ықпал етті. Қазіргі таңда білім саласының қызметкерлері, ұстаздар, тәрбиешілер оқу- тәрбие ісіне ұлттық сипат беруге, оны бүгінгі күн талабына орай барынша мазмұнды жүргізуге күш салуда. Білім беру туралы Заңда: «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр- салтын оқып үйрету үшін жағдайлар жасау - негізгі міндеттердің бірі» делінген. Көне тарихымызға көз жүгіртер болсақ, ұрпақ тәрбиесіне ежелден таңғажайып ғибратнамаға толы ауыз әдебиетінің, бесік жырларының, қисса-дастандардың, шешендік сөздердің, ұлттық рәсімдердің ықпалы аз болмаған. Осылайша бала кішкентай кезінен бастап ғылымның әр саласынан мол мағлұмат алып, ибалы, инабатты, елгезек, ұлтжанды болып өскен. Тоқырау кезеңінің сыныбынан сүрінбей өткен халықтық тәрбие, қазір жаңарып, жаңғырып, бізге толыққанды боп жеткен баға жетпес бай қазына. Онда халқымыздың ұлттық қадір-қасиеті көрініс тапқан.
Осыдан он ғасыр бұрын ғұмыр кешкен қасиетті бабамыз, аруақты ақынымыз Жүсіп Баласағұн: «Рухани жағынан жаңару мен тазарудың екі жолы бар: «бірі - діни тәрбие де, екіншісі - ұлттық тәрбие» - деп жазған, шәкірттерімізді ұлттық тәрбие тағылымдарымен мол сусындатып, XXI ғасырдың білімдар да, салауатты, елгезек жандарын тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Тәрбие табалдырықтан басталады демекші, біздің бабаларымыз кезінде баласын немесе немерелерін қазыналы қарттар отырған жерлерге апарып, жүріс-тұрысты үйренуге, аңыз-әңгімелерді естіртуге, одан тәлім алуға баулып келген. Үлкенді қадір тұтып, ерекше сыйлап өткен қазақ ауылының өмірінде қарттарға деген ықылас, ілтипат, сый-құрмет ерекше болған. Көпті көрген қариялар отбасында оқушылық, тәрбиелік қызмет атқарған, үлкенді сыйлау, құрметтеу, солардан жақсылықты, ізеттілікті үйренуге баулып отырған.Қазіргі таңда сый-сияпат, ізгілік дегенді жас жеткіншекке үйрету маңызды мәселелердің бірі деп ойлаймын. Ол үшін мектеп қабырғасынан бастап, тәлім-тәрбиелік маңызы зор түрлі іс-шаралар, ұлттық тәрбиеге байланысты мерекелік немесе жүздесу кештерін өткізіп отыру керек. Мектеп қабырғасында болсын, жоғары оқу орындарында болсын, танымал тұлғалармен, елімізге еңбегі сіңген білгір азаматтармен кездесу кештері жиі ұйымдастырылады. Мұндай кештердің негізгі мақсаты - үлкенді құрметтеу, оларға қамқорлық жасау, аға ұрпақ пен арманы асқақ жас ұрпақ жарастығын, ынтымағын нығайту, үлкендердің ғибратты әңгімелерінен өнеге алу. Бұрын халқымыз зерделі қарияны бір үйдің ғана емес, бүкіл ауылдың, елдің қамқоршысы, ақылшысы тұтқанын ескере келе, оқушыларды бүгінгі күн тұлғаларымен, білікті азаматтарымен салыстыра отырып пікір алмастыру қажет. Осыдан кейін оқушылардың тәрбие сағатынан алған әсерін олардың шығармашылық жұмыстарынан байқайды. Ұстаздар қауымы өз тәжірибелерінде дәстүрлердің озығы мен тозығына зер салып, әдеби мұралардың жақсарған құбылыстарын зерттеп пайдалануды еңбасты міндет ретінде алға қою керек. Ертеңгі елдің барлық шаруашылығын жүргізіп, қолында ұстаушы - бүгінгі сәбилер, балалар, жастар. Өркениетті елдің көзі ашық азаматтарын, экономикасы мен саясатын басқа елдермен тепе-тең жүргізе алатын, ата- бабаларымыздың қолының күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалдырып кеткен жерімізді, мекенімізді сақтай алатын, айтысса, айтысса алатын, сайысса, сайыса алатын, «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіттерді, инабатты, икемді, бойынан ақыл-ой, мейірімділік, әсемдік, сұлулық лебі есіп тұратын бойжеткендерді тәрбиелеу - негізгі міндетіміз дер едім. Халық педагогикасында оқушыларға имандылық, адамгершілік, ізгілік туралы мағлұматтар кеңінен насихатталады. Оны пайдалану, өз тәжірибесінде қолдану - бүгінгі ұстаз еншісінде.
Ата-бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы көшпейтіндей етіп,артына із қалдыруы көрегенділіктің көрнісі. Адамзат баласының өз тіршілігінде көрген-білгенін, тоқып-түйгенін, қорытып келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны-табиғи заңдылық. Адам бойында қалыптасқан имандылық қасиеттерді рухани құндылықтарға жатқызуымызға болады. Ел басымыз Н. Ә. Назарбаевтың биылғы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауы-Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму жолын айқындайтын, стратегия, Президентіміз Тәуелсіз Қазақстанымызды дамытудың, әрбір Қазақстандықтың, әр отбасының, жастардың және келешек ұрпақтың мүддесін қорғаудың нақты жолдарын ұсынды. Мәңгілік Ел-жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Ендігі ұрпақ-Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел!» деп елбасымыз нақты атап өтті. Әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру,баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді. Қазіргі қоғамда бізге жетіспей жатқаны өзіміздің қазақи өмір сүруімізбен шығыстық дүние танымдағы ұлтттық мектебімізді құру. Қазақылық дүние танымның өзегі- адамшылдық. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің ұлағатты сөздерінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор. Қазақстан Республикасының баянды тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық құндылықтар, тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азаматтар қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін сарып ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт-дәстүрін,тарихын, дінін, мәдениетін құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу.Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Бүгінгі таңда жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық, ұлттық рухымызды сақтап қалу - алдымызда тұрған үлкен міндет.
Әдебиеттер
-
Қ.И.Қалдарова. Ұстаздың кәсіби іс — әрекетіндегі педагогикалық техника.Алматы, 2010.
-
«Қазақстан — 2030» стратегиялық жоспар.
-
Назарбаев Н. «Қазақстан -2030» Барлық қазақстандықтардың өсіп — өркендеуі, қауіпсіздігі және әл — ауқатының артуы, Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім,1997.
-
Демеуова Ләззат.Ғаламдық ойлауға бейімдеу. «Қазақстан мектебі» №12 Алматы,2003.
-
Жошыбаева Гүлнар. Ұлттық мектеп ел еңсесі. «Қазақстан мектебі» №12 2003.
-
Қоянбаева Сәуле. Танымдық қызығуды белсендіру. «Қазақстан мектебі» №6 2003.