400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Әбу Насыр әл-Фараби Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық тәрбие – ұрпақ болашағы



Орындаған: Кабылова Ақсәуле Берікқызы

№ 1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлы-педагогтік колледжі

«Бастауыш білім беру» мамандығының 121топ білім алушысы



«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» Әбу Насыр әл-Фараби   Тәуелсіздігімізді алып, өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлт жанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлт жанды тұлғаны тәрбиелеу. Ұлттық тәрбиенің  міндеті – мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен дінін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек.  Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгілерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда. Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып отыр.  «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек,  «Ұлттық тәрбие»  балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн  деп ойлаймын . Ұлттық тәрбие:

1. «Отбасындағы ұлттық тәрбие»

2. «Балабақшадағы ұлттық тәрбие»

3. «Мектептегі ұлттық тәрбие»    деп бөліп талқыланады.      

1. Ұлттық тәрбиенің көздері: Фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр. Мысалы: Данагөй сөзі Ауыл адамдары бір данагөй қартпен кездесіп, пікірлесіп отырғанда бір адам тәрбие туралы сұрайды. Сол кезде қария:- Осы ауылдарыңда балаларыңды кісі өлтіруге, ұрлық пен тонауды қалай жасау керектігін үйретіп жүрген жалмауыз бар,-дейді. Адамдар:

-  Ол кім? Бізге көрсет, оны тез арада өлтіруіміз керек,-деп шулайды.

- Сонымен қатар қыздарыңды жалаңаш жүруге, зинақор жасап, ер адамды өзіне қаратуды, жаман, лас жолға түсуді үйретіп жүрген әйел бар,-дейді.

-Олар қандай адамдар, көрсетші. Оларды өлтіріп, жоюдың амалын айтшы,-деген халыққа данагөй қария: -Қолдарыңнан келмейді, оны жоюға ешбіреулеріңнің арларың жібермейді,- дегенде:

- Сонда кімдер?- Олар біріңнің үйіңдегі теледидар,- деген екен. Мектептегі ұлттық тәрбиеге: «Ұлттық тәрбие және қазақ әдебиеті», «Абай шығармаларындағы ұлттық тәрбие мәселелері»,«Өз халқыңның қадір-қасиетін ұқ»,  «Қазақ өнеріндегі ұлттық тәрбие»,  «Ұлт патриоты болайық» , «Ұлттық тәрбие: салт-дәстүр, әдет-ғұрып негіздері», «Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері», «Ұлттық тәрбие және дін мәселесі» т.б қарастырылып келеді.Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері:туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттікпарыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады.Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешекұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріпотырады.     Бүгінгі күнде Қазақстан Республикамыздың тағдырына үлкен үлесін қосып отырғанын оқушыға дәлелмен жеткізу керек. Сондай-ақ, халық педагогикасының мәйегіне айналған бесік жырында халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі барын, бесік жырын дана халқымыз ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп танитынын оқушы санасына берік орнатуға тиіспіз. Қазақ халқының  ұлттық тәлім тәрбиесі мен  мәдениеті  талай  халықтардың  өкілдерін  таң -қалдырғаны  тарихи  жазбалардан  белгілі.

Ұлттық мәдениетке деген жастардың көзқарасы қалай ?

Қазір XXI ғасыр жаңа технологиялар мен жастардың заманы. Болашақ - жастардың қолында , яғни бәрі біздің қолымызда. Бар үміт пен сенім жастарда. Жастар, жастар, жастар дейміз дәл сол жастар XXI ғасыр идиалы бола алама ? Алысқа бармай-ақ өзіміздің ұлтымыздың қазақ жастарын алсақ. Қазақтың қазақ екенін танытатын оның ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні. Алайда жастар бұның бәрін ұмыт қалдырып көбіне шетелдерге еліктеуде.

Үш тұғырлы тілдіңде берері көп,

Басшылар айтқан сөзге сенеді жұрт

Қазақ тілін білмейтін шенеуніктер

Үш тіл жайлы айтудың керегі жоқ, үштілділік саясаты деп ана тілдерін ұмытты,мода, мода деп бүтін киімдерін жыртты, керек десең ұлдарымыз қызға, қыздарымыз ұлға айналуда ...

Кім кінәлі ?

Заман әлде адам әлде 24 сағат бойы серігіңе айналған әлеуметтік желі ме? Кім білсін ?

Осылай жалғаса берсе біздің ұлттық құндылықтарымызды кім дәріптемек ? Тағы да жастар дейміз...

Мемлекет бұған қалай қарайды. Әрине ЕХРО-2017 де барынша ұлттық құндылықтарымызды уақытша болса да көрсеттік. Жастарымыз ұлттық нақышта киініп, салт-дәстүрлерімізді шынайы көрсетуге тырысты. Әттең уақытша..

Жастардан дәлірек айтсақ бізден не пайда ? Жастар білімді дейміз. Сирек.

Жастар патриот, ұлтшыл дейміз. Шынайы емес. Бәлкім біренсараны бар шығар.Ұлттық мәдениетті дамытудың орнына көшеде қазақи киім киіп жүруді өздеріне ұят санайды. Әрине олай жүр демейміз. Дегенмен де бір ұшқынын ұшқындатса мүмкін ХХІ ғасыр өзгерер ме еді ?

Дәстүрге арқа сүйемегеннің арқасы көгермейді деген атамыз.



Ұлтымыздың мақтанышы болған ,ғұлама жазушы Мұхтар Әуезов ‘‘Ел боламын десең, бесігіңді түзе’’деген  екен.Өз халқының мәдениетін ,тарихын, өнерін сүйіп , одан нәр алып өскен бала өзіне ғана емес ,өзгегеде құрметпен қарайды. Сондықтан саналы ,салауатты ,халқымыздың барлық дәстүріне ,әлем мәдениетіне қанық,ел тізгінін берік ұстай білетін ұрпақ тәрбиелеу әр отбасына одан кейін балабақша тәрбиешісіне жүктелетін міндет болып табылады.Тәрбиенің сан қилы дағдыларын бала бойына дарытатын алғашқы білім баспалдағы – балабақша, жол сілтеп, жетелеп, үйретуші -  тәрбиеші[1].

               Балабақша мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі – ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру балабақшадан бастау алады. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздық пен күресу болса керек.Қазақстан азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу – тұлғаның патриоттықсана-сезімін қалыптастыру, патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру.     

        Егемендіелдің азаматын тәрбиелеуде әр тәрбиешінің, әр ұстаздың ең басты мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер бойында игі қасиеттері бар адамды тәрбиелеу[2].

           Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға қалай ұлттық тәрбие бере аламыз деген мәселеге келер болсақ,біріншіден әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі күннің және алдағы күндердің талабы, оған  тәрбиешінің күнделікті көңіл бөлуі талап етіледі. «Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығын қарастырады. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Үлкенді сыйлау, өз ұлтының  тіл, дін, діл, салт-дәстүр, тарих негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін  бойына сіңіре білу[3].

          Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық.  

      Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші – ата-анасынан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан», – деген екен.                                              Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»[4].

Сөз соңында Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесiгiңдi түзе» дегендей, ертеңгi ұрпақтың тәрбиесiн бүгiннен бастап қолға алып, жастарымызды ұлтын сүйетiн ұлт¬жанды, Отанын сүйетiн патриот етіп тәрбиелеу, Ұлттық тәрбие мен құндылықтарды қолға алу біздің басты міндетіміз дегім келеді.



Ұсыныс: «Алтын  кездік  қап түбінде жатпайды»-дейді  халық  даналығы  Бұл  ой  мен  сөздің   түпкі сырына ден  қойсақ, шын  асыл  қымбат   қазына   қилы  кезең,  шытырман  уақытта  да  сыны мен  сипатын  өзгертпейді.  Бала   жүрегін   жолды сөзбенде, айла  тәсілмен  де  балаға  деген  жүрек  сезімін  махабатпен  де  табуға  болады. Жылы-жылы  сөйлесең  жібімейтін  жүрек жоқ  тек  соған  апаратын  жолды  таба білуіміз  керек.  Сондықтан  мен  оның мынадай жолдарын ұсынғым келеді:

1.Мектеп  пен отбасының  бірлескен  жұмыстары, сайыстар,  кештер, апталықтар өткізілсе;

2.Имандылық сабақтарын өткзіп отыру;

3.Ұстаз, ата-ана,отбасының  әдістемелік  жұмыстары жайлы  басқа мектеп, аудандармен пікір  алмастырып отырса;

4.Еңбек пен оқуды  ұштастыра отырып, оларды  тәрбиелеу  жолдары кеңейтілсе  дер едім;

Дәстүрге арқа   сүйемегеннің  көсегесі  көгермейді  деген  атамыз. Яғни   отбасы  ауыл-аймақ, көпшілік,  қоғам  болып  тәрбиелеу  қазақ  халқының  өмірінен  өзекті  орын алған.  Салт-санасы , әдет-ғұрпы,  ойын-тойы осы  мақсатты іске  асыруға  бейімделе  жүргізілген.

Қазақ табиғатында отбасы  иелері  балаларының  алдында  өздерінің   тіршілік әрекетінде   барлық  адамгершілік қасиеттерін   үлгісін  көрсете  білген.  Оның  басты себебі «ұлдың  ұяты  әкеде,қыздың  ұяты  шешеде»   деп  бағалағандықтан.    Сондықтан   ата-ана  балаларын   тұрмыс пен салтқа  бейімдеп,  шешеден  көріп  тон  пішуге, әкеден көріп  оқ  жонуға  баулитын болған.  Осылайша  ұрпақтың  отбасы   тәрбиесі  ешқашан  күн тәртібінен   түскен емес. Бұрынғы қазақ  жастары  тәрбиені    мектеп  пен  медреседе  оқып білмесе  де  қызы  анадан, ұлы  әкеден үлгі  -өнеге  алған.







Әдебиеттер тізімі.


1.Қ.Бөлеев «Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004.
2.Д.Дьюи. «Демократия и образования».2000.
3. В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва, 2004. 4.М.Жұмабаев. «Педагогика».1991





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 ақпан
785
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі