"Ұлттық тәрбие-менің оқу қызметтерімде"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлттық тәрбие-менің оқу қызметтерімде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу қызметтерінде пайдаланып жүрген ұлттық ойындарымды ұсынамын.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы: Ұлттық тәрбие –оқу қызметімде


Ұстанымым: «Тәрбие табылдырықтан басталады»-деген сөзді ұстана отырып өскелең ұрпақтың тәлім тәрбиесіне баса назар аудару тәрбиешімен ата-ананың борышы .


Мақсатым:Ұлттық тәрбие- оқу қызметімдегі рөлі жөніндегі педагогтарға мағлұмат беру..Кәсіби білімдерін жетілдіру.Ұлттық бағытта жасалған ойындарды оқу қызметінде қолдану арқылы бала зейінін танымдық қабілеттерін ашудағы тәжірибемен бөлісу.


Жоспар:

1.Жылыулық шеңбер

2.Танысу.

3Кіріспе сөз

4. Тәрбиешілермен жүргізілетін жұмыстар түрлері

5 Рефлексия

6.Кері байланыс

Керекті құрал –жабдықтар:дидактикалық көрнекліктер , асықтар .

Жүру барысы:

Армысыздар құрметті әріптестер!

Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын . Кәнеки бәріміз бір-бірімізге , туыстарымызға және жер бетіндегі барша адамдарға шын жүректен денсаулық тілейік.

Алдыменнен көңіл-күйлерімізді біліп алайық .

Көңіл күйім жақсы дегендеріңіз ,бір рет қолымызды шапалақтайық.

Ал егер , белсенділік танытамамын десеңіздер, қолдарыңызды екі рет шапалақтаңыздар.

Ал егер, өзіме жақсы бір тәжірибе алып кетемін десеңіздер ,қолдарыңызды үш рет шапалақтаңыздар.

Рақмет!

Ал енді қолдарыңызды алдыға қарай тоса қалыңыздар , алақандарыңызды ашып көрсеңіздер болады. Кімде қандай түс бар екендеріңізді анықтап сол түстер арқылы екі топқа бөлініп отыруларыңызға болады.

Бөлініп отырып алсаңыздар бір-бірлеріңізге тілек айтып алыңыздар .Барлығыңыз менің айтқанымды қайталау арқылы баршаға тілек тілеулеріңізге болады.

Бәріміз бірге!

Өзімді-өзім жақтаймын,

Денсаулықты сақтаймын

Жүректен жылу соншама ,

Тілеймін саулық баршаға !

Тамаша ! Енді сіздер бір-бірлеріңге жақсылық тілегендеріңізбен өздеріңізбен жақын танысып алу мақсатында танысу тренингін ұсынамын. «Танысу».

Қолыңыздағы асықты келесі тәрбиешіге бағыттар алдында өз есіміңізді атап және оның соңғы әріпін пайдалана отырып жақсы қасиетіңізді атаңыз.

Жарайсыздар! Ендеше «Асықтарыңыз алшысынан түссін» -дей отыра бүгінгі мен сіздермен педагогикалық идеялар арқылы, өзімнің шеберлігімді бөліскім келеді.

Ендеше педагог кадрларымен ұйымдастырылған шеберлік сыныбымды назарларыңызға ұсынамын!



Құрметті әріптестер , бүгінгі тақырыпты ашып алу үшін мен сіздерге екі конверт беремін сіздер сол конверттің ішіндегі суреттерге қарап отырып тақырыпты ашып алсаңыздар.

Жарайсыздар ! Ендеше бүгінгі тақырып ашылды енді екі топқа тақырыпқа сай сұрақтар қойылады сіздер жылдамдықпен жауап берсеіңздер .

Білім беру саласы : «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Сөйлеуді дамыту

-Дұрыс жауапқа 10 ұпай аласыздар .

Асық жерге тасталды , оқу қызметіміз басталды.

Жасылдар тобына қойылатын сұрақтар:

1.Мақалддың жалғасын табыңдар.

Өз білмегеніңді кішіден сұра , Үлкен болмаса ......

2. Мына ат әбзелінің аты не ? (Ер тоқым)

3. Бесік жырын қай мезгілде айтады? (ұйықтату үшін )

4. Бойына сеніп жылдан құр қалған жануар ?(Түйе)

5. Ең жүйрік жылқыны білесің бе ?

Сарылар тобына қойылатын сұрақтар:

  1. Мына бас киімнің аты қалай аталады?(Сәукеле )

  2. Қырық өтірік айтқан кейіпкер кім? (Алдар көсе)

  3. Бесіктің тартпа бауын көрсет

  4. Құртты неден жасайды? ( Қатықтан)

  5. Асықтардың атауларын атап бер. (Омпы , тайкі, бүк , шік)

  • Өте тамаша . Ойын жақсы болған сияқты . Сыйлыққа бір-бір асық сіздерге .


Жасылдар тобына берілген тапсырма:

Келесі білім беру саламыз Таным : ҚМҰҚ оқу қызметіміздің тапсырмалары :


Математикадағы алтын сақа .

Көрнекіліктер арқылы жүгізіледі. Екі қойылған бағанға асықтар арқылы , тапсырмалар бойынша алып қосуды үйренеді .


-Менің қолымда не бар ?

-Сақа

Тамаша !

Сақа туралы ертегі бар ма ?

-Бар

Олай болса , алтын сақа кейіпкеріндегі мыстан кемпір шығара алмаған есептерін біз шығарайық .

Тапсырма:

Байдың баласын құтқарып алуға келе жатқан, он қарлығаш құстарын мыстан кемпір көріп қойып, құтылудың амалын жасап , тісін суырып алып , сиқырлап екеуін жоққылып жіберді , төбеде неше құс қалды?

Кімнің ойы жүйрік екен ?

Ұшты , ұшты сақа ұшты

Батыс , шығыс арқылы

Омпа менен бүк –шіктер

Шеңбер жасап кері қайт

Жерді жайлап басқаның

Болсын менің айтқаным .

(Жауабы -8 құс қалды)

-Тамаша !

2- ші есеп тапсырмасы

Қарлығаштардан құтылып , шаршап талдың түбінде жатқан сол еді ,тау жақтан жүгіріп келе жатқан төбет иттерді көріп тұра қуады әлі бітіп ,шаршап жерге отыра кетіп бесеуі не қылады дейсің –деп көзі ілінген бетте тағы бес төбет келіп баланы құтқарып алады .Неше төбет ит баланы құтқарып алады ?

(Жауабы- 10 төбет ит құтқарды)

Жарайсыңдар!



Сарылар тобына берілген тапсырма

Білім беру саласы : Әлеумет .Қоршаған ортамен танысу.


Төрт түлік малды атап беріңіздерші .

-Жақсы ! Стол бетінде тұрған көрнекіліктер арқылы осы төрт түлік малдан шыққан, өнімдерді сәйкестендіре отырып , дәл сол малдың өнімі екенін сөзбен дәлелдеп беріңіздер .

Мысалы : (Көрнекіліктер ішінен түйені және қымызды қолдарыңызға ұстап отырып , таныстырып шығасыздар .Түйе малының өнімі қымыз т.с.с)



Кері байланыс: Рухани жаңғыру эмблемасында қойылған сұрақтарға жауап жазу арқылы кері байланыс жасап , эмблемадағы жазған жауаптарыңызды көпшілікке оқып магнитті тақтаға рет –ретімен дене құрылымын құрып шығыңыздар .

1.

Май шаммен өткізілетін рефлексия.

Бүгінгі шеберлік сыныбымды аяқтай келе қолдарыңызда жанып тұрған шамшырақты алып, жақсы тілек айтып , шеберлік сыныптың барысы туралы өз ой- пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.(Тәрбиешілер тілегі , ой пікірі тыңдалды)

Рефлексия : Тәрбиешілер қызығушылықпен қатысты ,өздерінің жұмыстарына әзір екендерін байқатты

Міне ,біздің бүгінгі кездесуіміз аяқталды бірақ жолымыз біткен жоқ.Біз сіздермен әрдайымда қозғалыстамыз.Кез –келген мақсатқа жеткенде біздің алдымыздан жаңалықтар шығады жаңалықтың шегі жоқ. Мен сіздерге шығармашылық шабыт тілеймін.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.05.2021
372
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі