400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық тәрбиенің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық тәрбиенің қазір ойнайтын рөлі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұлттық тәрбиенің маңызы


Тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Бұл процесс жүйелі болғанымен, өзінің іске асатын, әрі іске асыратын уақыты мен субъектілері бар. Тәрбиені барлығы бірдей дұрыс қабылдай бермейді, және келешек өмірге аяқ басуға дайын бола бермейді. Ол көбінесе тәрбиелеушінің (ата-ана мен жақын адамдардың немесе қамқоршының) көп жағдайда өмірге бейімделіп жатқан балаға беретін тәрбиесінің дұрыстылығына тікелей байланысты. Және тәрбиелеушінің тәрбие алушыға беретін ақылы мен тәжірибесі алдын ала қамдалып, оның дұрыс-бұрыстығына көз жеткізу керек. Өкінішке орай, қазіргі заматта көптеген отауда дұрыс тәрбиені кездестіру – сирек жағдай. Ал сол мәселенің салдарын көру үшін де алысқа кетудің қажеті жоқ. Көріп тұрғанымыздай, қате тәрбиенің қорытындысы жақыннан көрінеді. Енді, жас өскіншектерді болашаққа сыпайы әрі көреген етіп қалыптастыру үшін қандай тәрбиелік ұстанымды қуу керек, не нәрсені үлгі тұтып, тәрбие жүйесіне қоса білу керек ?

Байқап қарайтын болсақ, жалпы, ұлы қазақ ата-бабаларымыздың кезінде-ақ балалар ер жетпей, үлкен кісіше ойлай білетін. Тәрбие мәселесін қоя, 8-9 жасар балалар тұрпайы әрекет қылмайтын. Қылса да, әке-шешесінің қараған долы түрінен-ақ өздерінің алақұйындығын байқап, ұщқалақтығын қоя салатын. Бұл мәдениеттілік тәрбиесіне бір анық мысал. Бет-әлпеті мен киім киісін, тазалылық тұрғысынан да қазақ халқы ұл-қыздарына ненің лазым ненің әбестік екенін түсіндіріп, жұғымды жүруге бойларын қалыптастырған. Бұл да – тәрбиелілік, ғибраттылық, даналық. Сонымен қатар тәрбиеге байланысты өздерінің ұлттық нақыл сөздерін де балаларына құйып өсірген. «Анаға қарап қыз өсер, әкеге карап ұл өсер», «Қызға қырық үйден тыйым»,- деп, уақытылы тыйып отырған. Одан басқа Жүсіпбек Аймауытов: «Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге.» - дегендей, тәрбие- баланың рухани жан азығы, ертеңгі күні қолданатын түсінігі мен өнегелігі.

Әрине, адам өміріндегі ең үлкен қуаныштың бірі – перзент сүю, оның қызығын көру. Бірақ, оған дұрыс тәрбие бере алу – ол да бір жауапкершілігі мол іс. Соны түсінген қазақ халқы өзінің тәрбие беру жүйесін қалыптастырып, стандарт секілді оны барлық жерге, барлығына қолдана берген. Бұл да біздің бір рухани құндылық. Оны біз де қолдана алуымыз керек, себебі, бұрынғы заманнан бері біздің даналарымыз бәрін дәл айтып, дәл іске асырған, ешқандай да әбестік кетірмеген. Бұл жерден тағы бір мәселе – тәрбиедегі құндылықтардың жоғалуы, көмескіленуі белең алып жатыр.

Ұзын сөздің қысқасы, нағыз қазақ отбасы дәстүрімен қоса, тәрбие жолындағы насихат беруге де көңіл бөлу керек. Бұл – тікелей ертеңгі дұрыс ұрпақты өсіруге қатты әсерін береді. Ұлттық тәрбиенің маңыздылығы сонда – көрегенділік пен дұрыс жолда. Оны қолданғандар ештеңе жоғалтпайды, тек келешек өскелең жастардың даналардың ізін қуумен, ақылдылығымен ерекшеленеді. Ал бұл – біздің мақтаныш, ұлттық көрінісміз, мемлекет ретінде алды болуымызға үлкен бір қадам. Сол себепті ұлттық тәрбие – жоғалмас қазына, адамның тұғыры мен бірегейлігі. Оны қалыптастыру – біздің алдымыздағы міндет.



Томирис ӘЛИХАН


Ziatker.kz сайтының бас тілшісі

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
22
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі