Ұлттық
тәрбиенің құндылығы
«Ынтымақ»
жалпы орта мектебі
коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің
тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары Ш. Уралова
«Ұлттық
тәрбиеде – ұлылық бар» деген қағиданы
берік ұстап өскен ұлт ешқашан да,
ұлылығын, ұлттық болмысын, әлемдегі өз
орнын, тілін, дінін, ділін жоғалтпайды
деп нық сеніммен айтуға болады. Осы
ұлттық тәрбиенің бастауын ұрпақ әрине
алғашқы ошақ – отбасынан, балабақшадан,
мектептен, одан кейін жоғарғы оқу
орындарынан, қоғамдық ортадан алады.
Осылай ұлттық тәрбие үздіксіз өмірбойы
жалғасып отырады.
«
Ұл мен қыз – ұлт болашағы» - десек, оны
ұлттық болмыста тәрбиелеу үшін қазіргі
күнде мектепке үлкен жүк артылары хақ.
Мектепте өтетін сынып сағаттарында,
сыныптан тыс іс-шаралармен қатар, әр
пәнге ұлттық тәрбиенің элементтерін
қосып отыруымыз керек. Қазіргі қоғам
ата-аналар мен мұғалімдерге ұлттық
тәрбие, ұлттық сананы қалыптастыруда
зор жауапкершілік жүктеп отыр. Сондықтан,
отбасы мен мектеп бірігіп, жеткіншектерге
ұлттық бағытта тәлім-тәрбие беріп,
бабаларымыздан жалғасып келе жатқан
салт-дәстүр, әдеп-ғұрып, ырым-тыйымдарды
насихаттау жұмыстарына ерекше көңіл
бөлу керек. Бұл ретте атқарылып жатқан
іс-шаралар аз емес. Мектебімізде «Білім
сапасын арттырудың ғылыми негіздері»
тақырыбында жүргізілетін эксперимент
сыныптардың сабақтарында ұлттық
тәрбиеге, рухани-адамгершілік, патриоттық
тәрбие беру сапасын арттыруға бағытталған
жоспар негізінде жұмыс жүргізіліп
келеді.
Менің
пікірімше, ұлттық тәрбиенің түп қазығы
– бес құндылықта. Сондықтан, әркім туған
халқының тарихын, салт-дәстүрін, дінін,
ділін, тілін біліп, өзінен кейінгілерге
насихаттауы керек. Ең бастысы, отбасындағы
тәлім-тәрбие мен қоғамдағы үгіт-насихат
жұмыстары дұрыс болуы қажет. Сонда ғана
ұлттық тәрбиенің негізі қалыптасады
деп ойлаймын.
Қазіргі
күнде елдігімізге сын болып отырған
қызбаланың тәрбиесінің көп отбасында
босаңсып кетіп отырғандығы әрине,
әлеуметтік желілердегі қажетсіз сайттар
мен ата-аналардың перзенттеріне жіті
көңіл бөлмей отырғандығында. «Қызға
қырық үйден тыйым», «Ұят болады» деп
тыйым салып отырған.
Отбасы
– адамзат бесігін тербеткен ұя болса,
сол отбасындағы қыз тәрбиесін дұрыс
жолға қою ата-ананың үлкен міндеттерінің
бірі болу керек. «Дәулетіңнің қадірін
ұлың өскенде білесің, абыройыңның
қадірін қызың өскенде білесің» сияқты
аталы сөзер қыз тәрбиесінің қаншалықты
жауапты екенін байқатады. Сонымен,
отбасындағы тәрбие мен қоғамдық тәрбие
өзара тығыз бірлікте, ұлттық тәрбиеден
бастау алып жүргізілсе, ұлттық тәрбиенің
құндылығы арта түседі.