жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ұлттық тәрбиенің құралы – халық педагогикасы»
Кабулова Рахима Абылхайровна директор,
№37 "Мәншүк" балабақшасы МКҚК,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
«Ұлттық тәрбиенің құралы – халық педагогикасы»
Ұлттық тәрбие тағылымдарының диалектикалық негіздері
Бала тәрбиесінде тілазарлық – тілалғыштық, инабатсыздық –инабатылық, қырсықтық-ізеттілік, ұятсыздық-имандылық, анайылық-сыпайылық, енжарлық-ықылыстық, әдепсіздік-әдептілік т.б. қарама –қайшылықтарды ұстаз, ата-ана, жеке тұлғаның өзі сергек сезініп, сол қарама-қайшылықты жеңу үшін, өмір тәжірибелеріне сүйеніп, түрлі тәрбие тәсілдерін, амал-айлаларын, әдістемелік тұжырымдарын іске асырады.
Бала тәрбиесінде еркіндік,қажеттілік, мүмкіндік, санның сапаға көшуі, өмірмен жеке тұлғаның рухтық байланысы, мәңгі өсу (бір кезенде құлдырап, қайтадан өсу) заңдылықтарды ескеріледі.
Егеменді ел болған біздің көп ұлтты мемлекетімізде тәрбие ісіндегі еркіндік тәрбиелеушілердің жаңаша іс-қимылдық әрекеті мен тәлімді тәжірибелері қоғамдық өмір қолданысына айналуда. Бұл ретте, қоғамдағы қалыптасқан ұлттық тәрбиеге көңіл бөлініп, этностық мәдениеттің тәрбие негіздері екендігін мойындау, әдептілік дәрістері, этнопедагогика мен этнопсихологиялық ғылым болып жүйеленуі, пән болып оқытылуы- тәрбие тарихындағы дамудың саннан сапаға айналу кезеңі болып табылады. Өйткені , қайта құрылып нарықтық үнем қоғамында, өркениеттік, демократиялық құрылыс үшін күрес дәуірінде халықтың, даналардың, ғалымдардың ғасырлар бойы қалыптастырылған тәлімдік мұраларын сараптай саралап, оның озық үлгілерін одан әрі дамыта пайдалану қажеттілігі арта түсуде. Тарих дөңгелегі алға жылжиды, сол «жылжуға» тәрбиешілер мен тәлімгерлер ілесу білуге міндетті. Мысалы, «имандылық» сияқты ұлттық дәстүлердің бұрынғы қолданысы , қарама –қайшылыққа ұшырап, дамытыла қолданылатын қазіргі және келешек қолданысы әрбір тәрбиеші мен тәлімгердің іс-әрекеттегі біліктік парасатынан айқын көрінуге тиіс.
Диалектикалық заңдылықтар бойынша даму «секірмелі», «төңкерісті» болады деген қағиданы теріс қолданып, кейбір «жалған жаңашылдар» ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраны жоққа шығарып, «жанаша», «өзім таптым» ұсыныстарын еңгізбекші болады. Мұндай «жалған жаңашылдар» мен «жойқын жойымпаздарға» қарсы, халықтың қастерлеп қалыптастырған дәстүрлерінің озық та, жаңаша жаңғыратын жариялы жақсылықтарын қорғап қалып, қолдана беру қажет. Мысалы, қазақ халқының қонақжайлығының бұрынғы , қазіргі, болашақ мәдени мәнділіктері – ұлттық тәрбиенің бір ерекшелігін көрсетеді. Оны жоққа шығарсақ, ұлттық тәрбие мақсаттарына нұқсан келтіреміз.
«Төңкеріс» болып, қоғам өзгергенмен, адамдар қасиетін сақтап қалады, адамдардың тәрбиесі мәңгі дами береді, ол дамуда сапалық сабақтастығы өзінің жалғасын үзбейді. Тәрбиенің осы диалектикалық негіздерін біз оқу-тәрбие ісінде зерлей ескеріп, зерттей жалғастырып отырамыз.
Тәрбие мақсаттарындағы негізі қағида өткеннен өркениетті нысандарды қабылдау, жеткенге қанағаттанып, тоқтамай, болашаққа баратын жолды айқындау , өсудің биіктеу мен құлдырау шектерін сараптай біліп, келешекке көрегендікпен «көз» тастау екенін әрбір салауатты тәрбиеші салтанатты ой парасатымен бағамдай білуі тиіс.
«Жоқтан бар болмайтын, бардан жоқ болмайтын» өмір заңдылықтарына сүйенсек, жаңаға жаңғартып (инновация) құратын тәрбие әрекеттерінің негізі – тәрбие тарихының алтын өзектерінде жатыр. Ол құндылық ұлттық әдебиет пен салт-дәстүрлерде (халық педагогикасында) екендігі белгілі.
Тәрбие - жеке тұлғаның рухани , бітімдік , білімдік , ой-саналық дамуының негізі факторы. Бұл фактор жеке тұлғаға сыртқы әсер, ішкі әсер арқылы ықпал жасайды; ішкі, сыртқы қайшылықтар арқылы басты қозғаушы күшке айналады.
Жеке тұлғаның дамуындағы күрделі қайшылықтар оның тегіне (тұқым куалаушылыққа), ол өсіп жатқан ортаға (айналасына), тәрбиеге байланысты болады.
Жеке адамның адамдық бейнесінің жан-жақты дамып, қалыптасуына оның тегі (тумысы), әулеттік (тұқым қуалаушылық) жақдайлары да көп әсерін тигізеді,оның үстіне әлеуметтік жағдайлар, қоғамдық қатынастар бұл тектік (тұқым қуалаушылық) қасиеттерге өз әсерін тигізіп, жаңша өмірге қарай бейімдеп отырады.
Біз тәрбиеде жеке тұлғаның тектік асыл қасиеттерін айқындап; тәрбие мақсаттарына қайшы келетін оның іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы тектік келеңсіз жағдайларға қарсы тәлім-тәрбиеләк тәсилдерді қолданамыз. Ол үшін жас ұрпақ бойындағы дарын нышандарын, өмңрге бейімділік деңгейін, қабілеттілігін айқындап, еңбекке, игі іс-әрекеттерге дағдыландырып, жаттықтыру арқылы тәрбие мақсаттарына жетеміз.
Жеке тұлғаның дарындылығы, қабілеттілігі, оны «тегіне, нәсіліне байланысты» деген ұғымдар мен тұжырымдар психология және педагогика ғылымы толық қуаттайды. Оны «жаманнан жақсы туады, адам айтса, нанғыссыз, жақсыдан жаман туады, бір аяқ ас алғыссыз» деген халық даналығы да айқын дәлелдейді. Сөйтіп, педагогика және психология ғылымы тектің (тегіне тартып туудың) жеке адамның дамуына ықпалын мойындайды, бірақ ол жетекші жіне анықтаушы рөл атқарады деп тұжырым жасамайды.
Біз тәрбиеде жеке адамның дамуына табиғи орта, жағрафиялық орта, әлеуметтік орта және отбасы ерекше әсер ететінін ескереміз. Әрбір адамға оның айналасы (өіп отырған ортасы) ықпалып тигізетіні – анық құбылыс. Жағрафиялық орта адамның тіршілік етуіне , еңбек әрекетіне, кәсәптік іс-қимылына, тіпті мінез-құлқына да әсерін тигізетіні белгілі. Жайнаған жасыл жайлауы әрбір адамның көңілін көтеріп, мөлдір бұлағы, таза ауасы тәні мен жанына ұнамды әсер етіп, оның адамдық (салауаттық) қасиетін биіктете түсетіні тәрбиенің де нәтижелі болуына ықпалын тигізеді.
«Әсерленудің күші сыртқы әсердің күшіне байлаулы» деп, Мағжан Жұмабаев айтқандай, жағрафиялық орта (сыртқы әсер) тәрбие ісінде ескертіліп, қарама-қайшылықтарға қарсы түрлі тәлім-тәрбиелік тәсілдер қолданады.
Жеке адамды тәрбиелеуде, әсіресе, отбасының (үй ішінің) әсері зор болады. Сондықтан, ата-ана отбасындағы тәрбиеге жауапкершілікпен қарап, оны реттеп отырады. Отбасы мүшелерінің бір-біріне ықпалы олардың тәлім- тәрбиелік міндеттерін орындаумен ұштасыды. Қалыптасқан ұлттық тәрбие дәстүрлері бойынша ата- ананың балаға қамқорлығы , інінің ағасына, әрбір баланың ата –анасын сыйлай білуі, әпкенің інілері мен сіңлілеріне қамқорлығы, сіңлісінің әпкесінен үлгі алуы, жиендердің нағашылармен қарым-қатынасы: инабаттылық, иммандылық, қайырымдылық, мейірімділік, көпшілдік, меймандостық бәрі-бір, негізінен отбасындағы тәрбие жұмыстары арқылы қалыптасады.
Жеке адамның тәрбиенуіне қоғамдық құрылыс пен әлеуметтік орта ерекше әсер етеді. Әлеуметтік ортадағы тексіздік, таптық теңсіздік, дене еңбегі мен ой еңбегң арасындағы айырмашылықтар мен қайшылықтар жеке адамды тәрбиелеуге көп кедергі жасайды. «Өмір-күрес», тәрбиешілер сол қайшылықтарға қарсы күрес тәсілдерін ұйымдастыра білуге тиіс.
Педагогика , психология ғылымы экспансиялық (басыну) ықпалын, изуверлік (нәсілдік ) теорияны диалектикалық тұрғыды сараптап, олардың жеке адамның дамуына әсерлік мәнін айқындайтын ғылыми тұжырымдар жасайды да, оны шешуші құбылыс деп таппайды, яғни, жеке адамның дамуына жағрафиялық ортаның, отбасының, әлеуметтік ортаның, тәрбиеленушінің айналасының әсер ететіні айқын, бірақ ол жеке адамның кісілік, тұлғалық, адамдық бейнесін қалыптастыруда шешуші рөл атқармайды.
Жеке адамның дамуына ерекше ықпал ететін фактор (қорғаушы күш) тәрбие болып табылады. Тәрбие адамның дамуына ықпал іс-әрекеттер мен құбылыстарды талғай сараптай, оны түрлі әдіс-тәсілдер арқылы іске асыруды көздейді . Тәрбие жұмысында жеке тұлғаның даму заңдылықтары (тұқым қуалаушылық ықпалы, айналайының, жағрафиялық жағдайлардың әсері т,б.) ескеріледі. Сөйтіп , тәрбие жеке тұлғаның бойына туа біткен қасиеттердің дамуына ыждағатты ықпал жасайды. Академик И.П.Павлов жан –жүйе (нерв) қызметінің «ртүрлі типтерінің негізінде жатқан әсерленгіштіктің күші, тепетендігі және жылжымалылығы тәрбиенің ықпалымен едеуір дәрежеде «өзгертуге» көнетідігін дәлелдеді. Абай дана : «Егер закон қуаты қолымда болса, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» -дейді. Яғни жеке тұлғаның адамдық болмысын қалыптастыруда тәрбие шешуші рөл атқарады. Тәрбиеленушінің бойындағы бейімділікиер мен дарын нышандарының бастау көріністерін көре білген тәрбиеші, оны дамытудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолданып, тектік және қоршаған ортадағы кедергілерге қарсы іс-қимыл жасай алады, сөйтіп жеке тұлғаның өзгеше дамуына жол ашады.
Жеке тұлғаның іс-«рекетке ынталануы , ықыластануы, мамандықты талғап, тандай білуі, белгілі бір кәсіптің сырын-қырын терең білуге талпынуы үздіксіз, жүйелі тәрбиешің арқасында айқын дамып, оның таңғажайып талантының беті ашылуы мүмкін. Таланты адам дегеніміз- ерекше жұмыс қабілеті қалыптасқан, мамандығы марқайған, өз ісінің шебер болған адам.
Тәрбие жеке адамның дамуындағы шешугі қозғаушы күш ретінде, әлеуметтік ортамен өзара әрекеттестік арқылы, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың сипатына сәйкес, мемлекеттік және әлеуметтік рухани құралдарды кеңінен пайдалану арқылы, саяси-идеологиялық іс қолданыста өз нәтижелерін бере алады.
Тәрбие ісін «айнаға түсірілген бейне» (Ян Амос Коменский, XVIII ғ.) деп бейнеленген тарихтағы ұлы педагогтардың педагогикалық –психологиялық тұжырымдарын (ұқсату анықтамаларын) тарихта педагогтардың одан «рі дамыта түсуін қажет етеді. Тәжірибелі педагогтар жеке адамның дамуында тәрбиенің шешуші және жетекші рөлін жоғары бағалады. Сөйтіп , тәрбиенің ғылыми іс-әрекеттік теориялары мен әдістемесі (методикасы) жасалыды. Біртұтас тәрбие тағылымдарының диалектикалық негіздері жеке тұлғаның , әлеуметтік (қоғамдық) құрылыстың даму заңдылықтарымен тікелей байланысты.
Жеке адамның жан-жақты дамуының бір нәтижелі негізі –оның білімі. Ал, жан-жақты білім беру ісін жүзеге асыру үшін, қоғамда материалдық және техникалық база әлеуметтік сұранысқа байланысты, жеткілікті және өркениетті, демократиялық қолданыста болуға тиіс. Ақы төлеп оқу мен тегін оқу жүйесін мемлекеттік тұрғыда ұйымдастыру саясатында, тегін оқыту үшін жеке адамнан білімділік пен біліктілік жүйелі түрде қатаң талап етіледі де , білім алушының жауапкершілігі, тәртіптілігі, адамгершілік бейнесі оқу- тәрбие кезінде барынша баянды қалыптасады. Өркениетті елдің адамы еңбек мәдениетін жақсы игеріп , өндіріс технологиясын жақсы білуге тиіс. Ғылыми – техникалық прогресс (алға даму) заңдылықтары, рухани байлық, мәдениеттің қарқындап дамуы білім алуға құштарлықтың, ынта –жігердің артуы тәрбие тағылымдарын талғай таңдап арқауын үзбей алға алып баруды қажет етеді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген