жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Ұлттық тарихи жәдігер – ұлт құндылығы»
|
|||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Ұлттық тарихи жәдігер – ұлт құндылығы» |
||||||||||
|
Оқу мақсаттары |
11Ж4 Эссе жазу. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу. 11ӘТН Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.
|
||||||||||
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтінді оқиды, түсінеді, талдайды, омоним, синонимдерді табады, өз көзқарасын білдіреді |
||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Эссе жанрының құрылымын сақтай отырып, нақты дәлелдер келтіреді, жүйелі, сыни пікірмен түйіндейді |
|||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Көркем тілдік қолданыстарды шебер үйлестіріп, аргументті эссе немесе жоба жасай алады |
|||||||||||
|
Бағалау критерийі
|
1. Эссе жазудың талаптарын, құрылымын сақтайды 2. Көркемдегіш құралдар арқылы жеке көзқарасын сараптама, дәлелдемелерге негіздейді 3. Оқушылар сыни ойлау арқылы өзіндік пікірін жүйелеп жазады және тақырыпты ауқымды зерттейді
|
||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
|
||||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
Өзін-өзі тану, технология, әдебиет |
||||||||||
|
АКТ –ны қолдану дағдылары |
Эссеге қойылатын талаптар жайлы слайд көрсетіледі |
||||||||||
|
Алдыңғы білім |
Тірек сөздер арқылы мәтін құрастырып, ауызекі сөйлеу стиліндегі мәтіндердің тілдік құралдарын салыстырады |
||||||||||
|
|
|||||||||||
|
Сабақтың басы 3 минут
|
Қызығушылықты ояту ЖЖ. «Қос шеңбер» әдісі. Оқушылар «Мектеп формасына қандай өзгеріс енгізуге болады?» деген тақырыпта әңгімелеседі ҚБ. «Бас бармақ» |
|
|||||||||
|
Сабақтың ортасы
40 минут
|
Ұлттық ою-өрнектер Әдемілік пен әсемдікке құштарлық адамзатқа тән. Көркем бұйымдар көңіл-күйді көтеріп, жанды сергітеді. Ежелгі адамдар жын-шайтаннан қорғану үшін және өзін-өзі сәндеу үшін ұлттық нақышта киімдерін әшекейлеп, үйлеріне тұмар іліп қойған. Осының нәтижесінде ою-өрнек (орнамент) пайда болған. Ол латынның «ornamentum» сөзінен аударғанда «әшекей, өрнек, бедер» деген мағынаны білдіреді. Қазақтар табиғаттың әдемілігіне сүйсіне отырып, өз айналасының сұлулығына мән берген. Ежелгі шебер қазақтар үшін шабыт көзі табиғат және оның өсімдіктер мен жануарлар әлемі болды. Шеберлер ыдыс-аяқты, киім-кешекті, қару-жарақты, киіз үй жабдықтарын тамаша әшекейлеген. Қазақ халқының ою-өрнегінің алғашқы негізі –«мүйіз» оюы. Халық шеберлері тек мүйіз ғана емес, сонымен қатар, жануарлардың өзге де дене мүшелерін бейнелеуді кеңінен қолданған. Бұл жерде «түйе мойын», «құс қанаты», «қаз мойын» бейнелерін атауға болады. «Топтық тергеу» әдісі бойынша талдайды. 1-топ. Баяндаушы топ мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашады. 2-топ. Бейнелеуші топ қазақтың ою-өрнектерінің суретін салады,киім үлгілерін оюлармен безендіреді. Критерийлер: 1. Ою-өрнектердің әдемі, тартымды, бояуы қанық болуы; 2. Заманауи киім үлгілеріне ұлттық нақышты үйлесімді қондыруы; 3-топ. Сілтеме табушы топ тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, қанатты сөздер ойластырады. 4-топ. Дәнекерлеуші топ бүгінгі өмірмен байланыстырады. Критерийлер: 1. Күнделікті өмірімізден дәлелді мысалдар келтіре алады; 2. Қазақ халқының ұлттық қолөнер бұйымдарының күнделікті тіршілікке ену маңыздылығын тұжырымдайды 5-топ. Сұрақ құрастырушы топ ой тастайтын сұрақтар құрастырады. Бағалау критерийлері: 1. Құрастыратын сұрақтар мәтіннен алынған ақпаратқа сәйкес болады 2. Оқушыларға ой тастап, ұлттық ою-өрнектердің мәнін, маңызын түсінуге жетелейді 6-топ. Зерттеуші топ мәтіннен синоним, омоним, антоним,көп мағыналы сөздерді табады, талдап түсіндіреді. Бағалау критерийлері : 1.Мәтіндегі омоним, антоним,синонимдерді табады,мағыналарын ашып көрсетеді; 2.Синонимдік қатар жасайды; 3.Сөз тіркестерін жасап, тиімді қолдана алады. ҚБ. Өзара бағалау Ж. Жазылым тапсырмасы. Эссе.(25 минут)
Жазылымды орындауға нұсқаулық: 1. Тақырыптан ауытқымаңыз. 2. Эссе құрылымын сақтаңыз. 3. Көркемдегіш құралдар мен тиісті қыстырма сөздерді орынды қолданыңыз.
Слайд көрсетіледі. (2 минут) Эссе жұмысы үш бөлімнен тұрады:
Негізгі бөлім – бір немесе бірнеше абзацтан тұрады. Әр абзацта бөлімдерге бөлінген тақырыпшалар дамытылады, ойлар талқыланып ашылады. Олардың саны бөлінген тақырыпшаларға байланысты.
Эссені бағалау критерийлері: 1. Эссе жазудың талаптарын, құрылымын сақтайды 2. Көркемдегіш құралдар арқылы жеке көзқарасын сараптама, дәлелдемелерге негіздейді 3. Оқушылар сыни ойлау арқылы өзіндік пікірін жүйелеп жазады және тақырыпты ауқымды зерттейді. Кері байланыс «Галереяда ой шарлау» әдісі бойынша оқушылар бір-бірінің эсселерін оқып, өз пікірлерін стикерге жазып қалдырады.
|
Энциклопедия
|
|||||||||
|
Сабақтың соңы2 мин
|
Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі арқылы бағалау
Кері байланыс. «3-2-1» стратегиясы
|
|
|||||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген