Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлттық теңге тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі»КММ











Тақырыбы:

/панорама сабақ/











Дайындаған : 9«А» сынып

жетекшісі Р.К.Мергазин











2016-2017 оқу жылы

Тақырыбы: Ұлттық теңге тарихы
(панорамалық сабақ) 
Мақсаты: Қазақстанның ұлттык ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру. 
Күтілетін нәтиже Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту. 
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген жинақ, «Теңге- тәуелсіздік символы» көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу. 
Сабақ барысы
Күй –Ренатаның орындауында.
Жүргізуші Ақжол :

Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ен қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге) Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық теңге тарихы » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

Рената: Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Әрбір елдің тарихында үлкен шежіре, тарих жатыр. Ал біздің еліміз үшін ХХ ғасырдың маңызы зор. Себебі, еліміз тәуелсіздік алып, сол тәуелсіздіктің белгілеріне ие болды. Біздің ұлттық бейнемізді, болмысымызды, тарихымызды көрсететін рәміздеріміз бар. Елтаңба, Әнұран мен Туымызбен бірге тағы бір белгі — ұлттық теңгеміз бар.

Теңге 1993жылы 15 қараша күні дүниеге келді.

Видео 1 /52 сек/
Тарихқа шолу жасайық. (Оқушылардың сөзі тыңдалады.)
1-оқушы Әсем : Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі -ұлттық валюта. Ол - Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша - асыл қазына, халық байлығы. 
2-оқушы Әлинұр : Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды. 
3- оқушы Серік : XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. 
Мұғалім : Құрметті ұстаздар мен оқушылыр, енді теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық.

4- оқушы Аяулым Б: 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 
Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезенде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді. 
5- оқушы Әділет /Дана/: 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды. 
Видео 2 /2 мин 12 сек/

6- оқушы Мадияр:  1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. 
7- оқушы Аяулым Б: Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. 
8- оқушы Әлинұр: Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз. 
9- оқушы Әділет /Сезім/: 1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8-ден басталып, 20 қарашада сағат 20-да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре-сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді. 
10 –оқушы Саятжан:

Гүл жайнаған елімде,

23 жыл төрімде

Теңгелерім ардақты

Ие болдың сенімге.

11- оқушы Серік :

Мен «Теңгемін, теңгемін!» 
Қазақ деген елденмін. 
Тәуелсіздік – тұғырым, 
Жарқын менің ғұмырым! 
12- оқушы Олжас : Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді. 
13- оқушы Мадияр :

Теңге, теңге, теңгелер, 
Теңге адамға дем берер. 
Тіршіліктің арбасы, 
Теңгеменен дөңгелер. 
14- оқушы  Әлинұр: Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады. 

І .Ақша тарихы

Видео 3 «Ақшаның шығу тарихы?» / 3 мин 21 сек/

Слайд көрсету

Рената: Ақша - айырбас құралы ретінде барлық адамдармен қабылданатын және басқа тауарларды (қызметтерді) бағалауға қызмет ететін кезкелген тауар немесе символ.

Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) — жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ал барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. 

Слайд

Дана : Ақша тарихын зерттейтін ғылым саласын-нумизматика деп атайды. Өз алдына дербес ғылымретінде ХҮІІІ ғасырда қаланған. Нумизматика (лат. numіsma, грек. nomіsma – тиын, шақа) – тиындар, құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы тиын соғу, ақша тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән. Қағаз ақшаны (бонистика), медальдарды, жетондарды, ордендерді (фалеристика) зерттеу де Нумизматика ұғымына сәйкес келеді.

Тиындарды ақша айналымының құралы, мемлекеттік құжат, жазба және археологиялық ескерткіштерді зерттеу жұмыстарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Металл тиындар шыққанға дейін ақшаның міндетін түрлі тауарлар – мал, сәндік заттар, металл қарулар, металл кесегі атқарды.

Слайд

Тілеулі: Ғылыми Нумизматика 18 ғ-дың 2-жартысында пайда болды. Оның негізін салушы – Вена нумизматы И.Х. Эккель.

Қазақстанда тиындар (негізінен орта ғасырларға жататын) көне қалаларда, обаларда, сондай-ақ тиын қоймаларында (Отырар, Тараз, Иасы, т.б.) жүргізілген археологиялық қазба жұмыстардың нәтижесінде табылды. Олар арқылы Қазақстанды мекендеген халықтардың Орта Азия, алдыңғы Шығыс, Қытай, Жерорта теңізі, Русь мемлекеттерімен сауда байланысы болғандығы анықталды. Алматы да нумизматикалық зерттеу жұмыстары Қазақстан ҒА Археология институтында жүргізіледі. Қазіргі Нумизматика тиындарды кешенді зерттеу тауарлы ақша қатынастары тарихын деректемелер ретінде қарастыруды алдына мақсат етіп қойып отыр.

Абылайхан: Қазақ ақшасының, тарихы біздің заманымызға дейінгі үшінші ғасырдан басталады екен. Хуннулар ақша орнына күміс пышақты пайдаланған.

Оралхан: Ғұндар алтын күміс құймаларды, екі жағында шимай жазуы бар теңгелерді сауда айналымына енгізген.

Насира: VI-VIII ғасырларда билеуші рулардың таңбасы қашалған, ру рәмізін бейнелеген теңгелерді шығарды.

Алмара : Әсіресе, Сырдария бойында өмір сүрген Шапырашты тайпаларының қолдан жасалған теңгелері өмір сүрді. Үш ғасыр бойы үздіксіз қолданыста жүрді.

Думан: VI-VIII ғасырларда арыстан бейнесі, садақ суреті бар теңгелер болды. Мыс, күміс, алтын ақшалар салмағы 6,8 грамм болатын. Бетінде

« Мөнгү хани» деген жазуы болды.

Слайд

15- оқушы Олжас : 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы № 2155 «Қазақстан Ресубликасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42-бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді: 
— инвестициялық монеталар — инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар; 
— коллекциялық монеталар — коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар; 
— айналыста жүретін монеталар — қымбат емес металдан дайындалған және қолма-қол айналымға арналған монеталар. 
16- оқушы Тілеулі: Елімізде инвестиялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды. 
17- оқушы Данагүл: ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР ¥лттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. 
І І. «Теңгемнің беттерінде данышпандар»

Видео « Теңге -Қазақстанның ұлттық валютасы» /3 мин 16 сек/(
Рената: Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқының қамын ойлап қамыққандар.
Әл - Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.- дей келе оқушыларымыздың үйден дайындап келген ақшаларды қорғау.
18- оқушы Ө.Аяулым:
200 теңге 
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі,артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ»жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескеретін ``Подделка банкнот преследуются по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 
19- оқушы Дана:

500 теңге 
Негізгі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры,алдыңғы жағында ҚР Қаржы министрлігінің үйі,Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жағында теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде-орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 
20-оқушы Әділет /Дана/: 
1000 теңге 
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Президент мәдени орталығының үйі,артқы жағында таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал орта жақ төменде – орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жоғарыда ортасында ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан. 
21-оқушы  Думан:
2000 теңге
 
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Алматы қаласындағы Абай атындағы опера театры,артқы жағында тау өзені. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 
22-оқушы Саятжан: 
5000 теңге
 
Негізі бейнесі: Қазақстан қартасының контуры, алдыңғы жағында Қазақстан Республикасының Президентінің Ақорда резиденциясы,артқы жағында каньондар. Төменгі сол жақ бөлігінде және жоғарғы оң жақ бөлігінде банкнота номиналының сандық белгісі,ал төменде ортада орыс тіліндегі әріптік белгі орналасқан. Жоғарыда ортасында ``ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ`` жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасағаны үшін жауапкершілікті ескертетін ``Подделка банкнот преследуется по закону`` деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғары сол жақ бұрышында орналасқан. 
Ақжол : Түні нұрлы, ақ таңы, 
Жері гүлдей бақтағы. 
Ел ырысы – тайқазан, 
Төл теңгеміз қақпағы. 
Қазынамыз толығып, 
Болсын дәйім жолы құт! 
«Төл теңге – елтірегі!» 
Деп құрметтер оны жұрт. 
Слайд

ІІІ. «Әр елде — өз валютасы» слайд-презентация Сезім:
Қырғызстанда -/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда — /марка/
Америкада — / доллар/ Ұлыбританияда -/фунт/ Украинада — /гривна/
/ стерлинг/ /карбовенец/
Қытайда — / юань/ Тәжікстанда — /манат/ Өзбекстанда — /сум/
Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда — / йена /
V – бөлім «Ақша туралы ой» Көрініс. Ақжол, Саятжан, Абылайхан.
Балар қалай ойлайсыңдар, байлық неден құралады? Еңбектен.

Мұғалім:

Топтық жұмыс: Тапсырма Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады? Күнделікті қанша ақша жұмсайсың? Мақсаты: оқушылардың бейнелі сөйлей білу қабілеттерін дамыту. 3 дана А3 шағын жоба жасау, қорғау.
Қорытынды: Ақша басты қажеттілік, оданда қажет адамға не? Сұрақ-жауапты әмиян ішіне жазып қалдыру. 1-2 оқушының сөзін оқу.

Ақжол: Әр отбасы ақшаның құнын бағалау керек.Оны орынды  жұмсай білу керек.Халық арасындағы ақша жайында мақал мәтелдерді еске түсірейік.

1.Теңге тиыннан өсер,                   2.Ақша кетуге тырысады,

Жылқы құлыннан өсер.                    Есеп ұстауға тырысады.

3.Есепсіз дүние жоқ.                     4.Базары жақын байымас.

Ақжол:

Біздің ұлттық валютамыз 1 күнде пайда болған жоқ. Оның өзіндік тарихы бар екеніне көз жеткіздік. Ол эволюция түрінде пайда болып, дамып келе жатыр. Валюта тарихы дербестікпен тығыз байланысты. Тәуелсіздік те бір күнде пайда болған құбылыс емес. Тәуелсіздік – біздің ұрпаққа берген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз.
1991жыл Кеңес одағы ыдырағаннан кейін әрбір ел тәуелсіздігін жариялап, өзінің мемлекеттік рәміздерін қабылдады. Қазақстан өзінің Елтаңбасын, Туын, Әнұранын заңмен бекітті. Саяси егемендігін алған ел экономикалық тәуелсіздікке де ие болуы қажет. Осы орайда барлық мемлекет бұрынғы Кеңес одағының рубльді аймағынан шығып, өзінің ұлттық валютасын шығарды. Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек. 
Қорытынды Рената:
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз.

Мұғалім сөзі:

Ендеше балалар Тәуелсіз еліміздің болашағы сендерсіңдер. Осы жаман әдеттерден аулақ болып,Еліміздің экономикасын дамытушы,икемді, ұқыпты тұлға болып өсулеріңе тілектеспін.Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
808
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі