Ұлттық валюта теңге күні тәрбие сағаты қмжсы қауіпсіздік сабағы кіріктірілген 4 кл

Тақырып бойынша 16 материал табылды

Ұлттық валюта теңге күні тәрбие сағаты қмжсы қауіпсіздік сабағы кіріктірілген 4 кл

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық валюта теңге күні тәрбие сағаты қмжсы қауіпсіздік сабағы кіріктірілген 4 кл
Материалдың қысқаша нұсқасы

(сабақтың тақырыбы)

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:

11.11.2024

Сынып: 4 сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Ұлттық валюта теңге күні

Құндылықты дарыту

Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.

ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.

Қауіпсіздік сабағы

«КӨШЕДЕГІ ҚАУІПСІЗ ОЙЫНДАР»

Мақсаты

қауіп төндіретін жағдайлар туралы түсінік қалыптастыру, қауіпті жағдай болатындығын байқай білуге дағдыландыру, көшеде қауіпсіздік шараларын сақтау.


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қайырлы күн, оқушылар!: Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңдігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Бүгінгі іс-шарамды жұмбақпен бастамақшымын:

Әлемнің тынысы

Байлықтың белгісі

Ол не? -... (ақша, теңге)

Олай болса Мың жаса, тәуелсіз Қазақ елі! - дей келе «Ұлттық валюта-теңге күні» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,

Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.

Осы теңге арқасында келешек,

Елге келер тойымшылық, берекем.

Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.

Сәлемдесу:

Сәлемдесіп алдымен,

Басымызды иеміз.

Бүгінгі күн баршаға

Сәттілікті тілейміз

Топқа бөлу: І топ- теңге

ІІ топ –евро

ІІІ топ- доллар


Оқушылар топқа бөлінеді.
























Ақша ертеден адамзат пайда болуымен қатар өмір сүріп келеді. Әлемде күн сайын қыруар адам тауар сатып алғанда, қызмет атқарғанда ақшамен байланыста болады. Ақша дегеніміз не?

Топтық жұмыс: І топ: Ақша(теңге) деген не?

ІІ топ: Ақша не үшін қажет?

ІІІ топ: Ақша қайдан келеді?

Ақша-жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз етеді.

Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады?  ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем құралы. 7 ғ. ақшалар мыстан, күмістен және алтыннан жасалды. Алтын айналысына бірқатар елдер 19 ғ. екінші жартысында өтті.



презентация

Сабақтың ортасы

Түсіндірме жұмыс: теңгенің шығу тарихы туралы баяндалады

(Алғашқы қағаз ақшалар қай елдерде пайда болды?

Алғашқы қағаз ақшалар б.з. 12 ғ. Қытайда, 1690 ж. Ұлыбритан отары болған солтүстік Америкада, 1762 ж. Австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.

Кез-келген ақшадан әрбір елдің өткенін, бүгінгісін және болашағының бейнесін , яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. Ол нумизматика деп аталады.Онда тиындар, құйма ақша кесектері, т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым ретінде 18 ғ. Екінші жартысында пайда болды, оның негізін салушы-Вена нумизматигі И. Х. Эккель.


Мақал – сөз мәйегі.

1. Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
5. Ақшада көз жоқ.
6.
Ар-намысы таза адамның ақшасы аз болады.



Оқушылар презентация қарайды

Тапсырма. Ұлы ғұламалар – теңгемізде. Төл теңгемізде ұлт қайраткерлерінің, батырлардың, хандардың суреттері салынған.

1 теңгеде – Әл Фараби

3 теңгеде – Сүйінбай

5 теңгеде – Құрманғазы

10 теңгеде – Шоқан

20 теңгеде – Абай

50 теңгеде – Әбілхайыр хан

100 теңгеде – Абылай хан

Оқушылар тапсырма орындайды


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

2 дос саябақта келе жатып, біреуі кенеттен жерге еңкейіп, 1 теңге тауып алады. Екіншісі оған:

- Оны қайтесің, оған ештеңе сатып ала алмайсың,-депті. Сонда досы:

- Мен елтаңбамды көтеріп жатырмын. Елтаңбамыздың еңсесі биік, көк байрағымыз көгімізде қалықтай берсін дейік. Ұлттық теңгеміздің – ұлттық құндылығы жоғалмасын. Елімнің мәртебесін аяқ асты етпей жоғары көтеріп жүру – өз басым парызым деп білем, - деп жауап беріпті.


Саябақта серуендеп кележатқан 2 достың әңгімесі.

Оқушылар сурет салады


презентация

Қауіпсіздік сабағы

Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).

  1. Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.

Сурет бойынша сабақ тақырыбын анықтап алайық!

Shape1

Shape2

Сабақ тақырыбын дұрыс анықтадыңыздар, «Даладағы ойындар» тек қауіпсіз сөзін қосуды ұмытпайық.

Даладағы қауіпсіз ойындар.

  1. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау

  • Балалар, суреттерге тағы да мұқият қарап шығайық. Қай суреттегі ойын қауіпсіз деп ойлайсыздар?

Қауіпсіздік дегеніміз қатер төнбейтін және қауіптен қорғана алатын жағдайдың болуы.

Жазғы демалыс – оқудан бос демалыс уақыт.

  • Алдымызда ұзақ жазғы демалыс далада, көшеде серуендеп жүргенде қауіпсіздік ережесін сақтап, абай болу керек!

4. Сабақтың негізгі бөлімі

  • Қауіпсіздік ережелерін екі топқа бөлу. Бірінші топ – мүлдем жасауға болмайтын әрекеттер. Екінші топ – міндетті түрде жасалатын әрекеттер.

  • Қазір сіздер ереже парағын аласыздар. Оның ішінен сабаққа қатысты 3 ережені белгілейсіздер.

  1. Жол бойында ойнауға тыйым салынады.

  2. Жағадан алысқа жүзіп кетуге болмайды.

  3. Үтікті қосып кетуге болмайды.

  4. Бейтаныс кісіні пәтерге кіргізуге болмайды.

  5. Иттерді ызыландыруға болмайды.

  6. Құрылыс алаңында ойнауға болмайды.

  7. Өткір, үшкір заттармен ойнауға болмайды.

  8. Жол бойында велосипед тебуге болмайды.

  9. Қараңғы түскеннен кейін далада ойнауға болмайды.

  10. Сіріңкемен ойнауға болмайды.

- «Міндетті түрде жасауға болады» деген ойынымызды бастайық. «Есте сақта!»

  • Жолдан өтпес бұрын әуелі сол жағыңа қара. Егер жол бөлігі бос болса, өте бер. Жол ортасына келгенде тоқтап, оң жағыңды қара, машиналар болмаса, жолдан өт.

  • Егер саған қауіп төнсе, айқайлап көмекке шақыр.

  • Жолдан асықпай өту керек.

  • Жолдың арғы бетіне бағдаршамның жасыл түсі жанғанда өт.

  • Егер саған ұят қылық жасауды ұсынса, жоқ деп айта біл.

Бекіту. Өзіндік жұмыс

    1. Көшеде жалғыз жүргенде не істеу керек?

А) Жануармен ойнау үшін оған тоқаш беремін

Б) Егер бейтаныс адам машинама мін десе, мен оған жақындамаймын В) Өзім жалығып кетпеу үшін жолшыбай кездескен барлық бейтаныс адамдармен сөйлесе беремін

    1. Досың бір жерін қатты соғып алса қандай көмек көрсетер едің? А) Салқын басу және үлкендерге айту.

5. Қорытынды. Рефлексия

1

Мен сабаққа қатыстым

белсенді / белсенді емес

2

Менің көңіл күйім

көтерілді / түсіп кетті

3

Ақпарат

пайдалы / пайдасы жоқ

Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=nIVbqv9_Da8&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=23

https://youtu.be/NCnr6WmrZ4o?si=edmNbVlfGFrLJNJm




























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2024
264
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі