Материалдар / Ұлтым деп соққан жүрегі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлтым деп соққан жүрегі

Материал туралы қысқаша түсінік
Көріп отырғанымыздай, ар-намыс бастапқыда жеке адамға ғана қатысы бар қасиет сияқты көрінгенімен, оның мәні мен мазмұнына тереңірек үңілсек тұтас ұлтқа, ел-жұртқа қатысы бар кең ауқымды, қасиетті құндылық екенін байқаймыз. Өйткені, әр адам қандай да бір ұлттың өкілі болып табылады.Бұл материалда ұлт жанашыры Қасымхан Бегмановты насихаталады.Оның еңбектері, шығармалары туралы айтылады. Бұл материал еліміздегі ақындарды, ұлт жанашырларын тану мақсатында керек дүние деп есептеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2019
367
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұлтым деп соққан жүрегі Кез келген адамның адами болмысы мен мінез – құлқын анықтайтын басты қасиет – ар-намыс болып табылады. Ол жеке адамрың бойындағы адалдық, шыншылдық, ар, абырой, тектілік, көргенділік сияқты сапалық қасиеттерді бағалайтын түсінік. Намыс сан – қырлы қызмет атақарады: ол бейне бір адамның ішіндегі көрінбейтін тәртіп сақшысы іспкетті. Намыс ұғымына мәні терең, мазмұны кең ұғым ретінде түрлі анықтамалардың бірілуі де сондықтан. Бұл ұғымға адамның абыройын, адалдығын, кеңпейілдігін, таза пиғылын білдіретін сезім деген негізгі анықтама беріле келе, оның сан алуан мағынасы мен өзгешеліктері де бар екендігін ескертіледі. Намыс адамға сый – құрмет пен атақ-даңққа қол жеткізу үшін де аса қажет сапа. Айтқан сөзінде тұрып, уәдеге берік болу – тек намысшыл адамның ғана қолынан келеді. «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді», «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы», «Ел намысы – ер намысы», «Жарлы болсаң да, арлы бол», деген мақалдарды білмейтін қазақ жоқ болар. «Пайда ойлама – ар ойла» деп қадап айтқан. Елбасымыз Н.Назарбаев Абайдың 150-жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде «Ар – намыссыз азамат өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды.» деуінде де терең мән бар. Көріп отырғанымыздай, ар-намыс бастапқыда жеке адамға ғана қатысы бар қасиет сияқты көрінгенімен, оның мәні мен мазмұнына тереңірек үңілсек тұтас ұлтқа, ел-жұртқа қатысы бар кең ауқымды, қасиетті құндылық екенін байқаймыз. Өйткені, әр адам қандай да бір ұлттың өкілі болып табылады. Ана мен ұлттық салт – дәстүрді құрметтеу – ұлттық намыстың бастауы. Бауыржан Момышұлы кезінде: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз оңбаған адам. Өз елінің бағасын білген пенде ғана басқа елді қадірлей алады» деген екен. Кітаптардан оқыған осы сөздерім маған қатты әсер етті. «Мақтан етер есімдер» атты жер – жерде өтіп жатқан жобаларды көргелі бері мен жерлесіміз, ақын, ұлт жанашыры Қасымхан Бегмановты зерттей бастадым. Өйткені ол біздің мақтануға лайықты тұлғамыз деп есептеймін. Қасым Бегманов – Қазақстан жастар Одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан жазушылар және журналисттер Одақтарының Халықаралық жазушылар мен публисцисттер қауымдастығынының бас редакторлар клубының мүшесі және ҚР жазушылар одағының басқарма мүшесі Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына орай өткізілген Республикалық жыр мүшайрасының бас жүлдегері, Түркістан қаласының 1500жылдығына арналған халақаралық жыл мүшайрасының 1 орын иегері Т.Айтбергенов атандағы республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты Түркістан, Кентау қалаларының құрметті азаматы Тәуелсіз халықаралықь «Ильхам» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері Қасымхан Бегманов 1958 жылы қыркүйек айының 20-жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысының қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Түркістан қаласына қарасты Бабайқорған орта мектебін, 1980 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы политехникалық институның машина жасау факультетін бітірді. Тұңғыш жыр кітабы «Бастау» деген атпен студент кезінде жарық көрген кезінде «Жалын» баспасынын шыққан. «Жазушы» баспасыныан «Қарашық» (1990), «Бесіктен бейітке дейін» (1997), «Өлке» баспасынан «Сағыныш» (2000 ж), «Ол көктем оралмайды» (2006 ж), «Атамұра» баспасынан «Менің Түркістаным» (2008ж), «Қайнар» баспасынан «Ақ жаңбырлы әуені» (2010 ж) және «Ұшпақ» баспасынан екі томдық таңдамалы кітаптары жарық көрген. Сонымен қатар «Дәстүр» баспасынан «Этногрофпен әңгіме» (бірінші басылым) (2010ж), «Салты мықтының – халқы мықты» (екінші басылым) (2011ж), «Өлке» баспасынан жарық көрді. «Мұстафа Шоқай жолымен» атты екі томдық бірінші рет (2012ж), мемлекеттік бағдарлама бойынша екінші рет (2013 ж) көлемді тарихи зерттеу еңбегі жарық көрді «Мұстафа Шоқай жолымен» атты төрт бөлімнен тұратын тарихи деректі фильмі еліміздегі орта мектептерде тарих пәнінен қосымша электрондық оқулық ретінде бағдарламаға енген. Елге кең тараған көптеген ән – өлеңдерінің авторы. Шығармашылық өмір-баяны ұлттық және қазақ әдебиеті энцеклопедияларында, топтамап жырлары қазақ поэзиясының антологиясында жарық көрген. Ақын өлеңдері сондай-ақ орта мектеп оқулықтарының қазақ,өзбек тілдерінде шыққан хрестоматияларына енген. Ақын қәзіргі таңда республикалық ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының бас редакторы,әрі «Дәстүр» баспасының президенті әрі «Дәстүр» журналының құрылтайшысы болып табылады Әдебиет - ұлттың жаны. Ұлттық сана тағдыр, жан жүйесі – көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды... деген екен Жүсіпбек Аймауытұлы «Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша жарық көрді» Бегманов Қ. Күреңбел: Өлеңдер, дастан, толғаулар. – Алматы: «Каратау КБ» ЖШС; Дәстүр., 2014. – 384 б. Бұл кітапқа Қазақстан Жастар одағы, халықаралық Алаш әдеби және халықаралық тәуелсіз «Ильхам» сыйлықтары- ның лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, көрнектi ақын Қасымхан Бегмановтың бұрын жарияланбаған «Шерлі Түр- кістан» атты тарихи дастаны мен негізінен соңғы жылдары жазылған тың туындылары енгізілген. «Күреңбел» – талантты ақынның поэзиядағы жаңа кезеңі, биік белесі болып саналады. Оқырман көңіл пернесін дөп басқан сырлы жырлардың iшкi иiрiмдерiн айқын сезiнерi анық. Астары терең, ойлы өлеңдер көпшілік қауымның жүрегін тербеп, нәзік сезімге бөлеп, көңіл төрінен орын алары хақ. Кітап поэзияны сүйетін көпшілікке арналған.Этногофпен әңгімеБұл кітаптан халқымыздың ұмыт бола бастаған  салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, арғы-бергі тарихы, көне мәдениеті, ескі сөздері,  ұлттық киімі, тағамы, төрт түлік малы, ырымдары мен тыйымдары, жорамалдары, саятшылық дәстүрі, қазақ күнтізбесі, түс жоруы, жыл қайыруы, жеті ата жолы, жеті қазынасы, қазақ өлшемдері, бүгіні мен келешегі және аса көрнекті этнограф, зерттеуші ғалым Жағда Бабалықұлының өмір жолына қатысты бұрын еш жерде жарияланбаған тың деректер мен абыздың әлі күнге дейін елге белгісіз, баспасөз бетінде бұрын-соңды жарияланбаған қырларын оқи аласыздар. Тіпті шетелдерден елімізге ағылып келіп жатқан күнделікті халық тұтынатын әртүрлі тағам, тәтті сулар мен сағыздардан басқа да түрлі заттардың қайсысы адам денсаулығына қаншалықты зияндығы да осы кітапта ашып айтылады. Кітаптың ерекшелігі – сыр-сұхбат арқылы нақты деректер  мен қазақ халқының сан алуан салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына құрылғандығында деп білеміз.Кітап ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыптарымызды, тарихымызды, тілді зерттеушілерге, этнографтарға, тарихшыларға және көпшілік оқырманға арналған.Оннан астам жыры жинағы мен екі томдық таңдамалы шығармалары жарық көрген, Өлеңдері орыс, қырғыз, татар және басқа тілдерге аударылған. Халыққа танымал көптеген ән мәтіндерінің авторы. Ақын қазаұтың аяулы перзентерінің бірі Мұстафа Шоқойдың өмірімен жазылған көлемді тарихи – зерттеу.Өлеңнің жаманы болмайды. Жаман болса өлең емес. Қасымхан өлеңдерінің бәрі де жақсы, өте жақсы. Ол адам жанының ең нәзік сәулелерімен ойнайды. Адам жанына әдемі ән болып естіледі. Адам жанын аялайды, ардақтайды, асқақтатады. Дүниенің керемет екенін, адамға өмірдің аса аз уақытқа ғана берілгенін Қасымхан інім әдемі, әрлі жыр жолдарымен қөрнектей отырып, сол өмірді сүюге, бір түрлі үндегендей болды. Қасымханның өлеңмен жазғандарын қара сөзбен қайтып айта алмайтынымды әбден түсіндім. Дегенмен өмірдің ортасы елуге, жігіттіктің тұлпарына мәнуге әзірленіп тұрған талантты інімнің ақындығына шын риза болғанымды, өлеңдегі ұлы Жамбыл атасындай ұзақ ғұмыр кешуіне тілектестігімді білдіремін, - деген екен Тұманбай Молдағалиев. Шығармаларын оқып қарасаң үлкен әсер аласың.Ақындарымыз еліміздің бет қаймағы. Оларды қастерлеп, қадірлеуді кішілерге ,келер ұрпаққа өнеге етуіміз қажет.



































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!