Ұлы Абай даналығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы Абай даналығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай даналығы туралы түсінік бере отырып оның дүниетанымының сүйіспеншілік құндылығына негізделгенің ұғындыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп: Мамлют қазақ мектеп-интернаты

Тәрбиеші: Тургенбаева Гульбахар Оразбаевна

Мерзiм:___12.01.2021 жыл________________________

Тақырып:Ұлы Абай даналығы

Құндылық:сүйіспеншілік Қасиеттер: адалдық, құрметтеу, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: Абай даналығы туралы түсінік бере отырып, оның дүниетанымының сүйіспеншілік құндылығына негізделгенін ұғындыру.

Міндеттері:

• Абай даналығын сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету;

• Адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

• Айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу. Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Жағымды көңіл-күй орнату: ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

Балалар мұғаліммен бірге қайталайды.

2. Дәйексөз.

«... Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» Абай Құнанабаев

Қыздарға бір рет, ұлдарға бір рет, барлығына бірге хормен айтқыздырту.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Қыздар бір рет

Ұлдар бір рет

Барлығы қосылып қайталайды

3. Әңгiмелеу

Жанқұтты шешеннің батасы (ел аузынан)

... Бірде Жанқұтты шешен Құнанабайдың үйінде отырғанада Абай келіп сәлем береді. Ол кез – Абайдың жас шағы екен. Оның тапқырлығын, өлең шығаратынын естіп жүрген шешен баланы қасына алып отырғыады.

Біраздан кейін Абай:

- Ата, сізден бір сұрақ сұрауға болады ма? – дейді.

- Е, шырағым сұрай ғой, депті Жанқұтты шешен.

- Ата, арзан не, қымбат не, дауасыз не? Соны білейін деп едім, - депті Абай.

- Шырағым, Абайжан! Арзан - өтірік, қымбат - шындық, ал дауасыз деген ол кәрілік емес пе? Жанарыңның оты бар екен – ақындығың шығар, маңдайың жазық екен – ойлылығың шығар, халқыңның қалаулы азаматы бол, - деп Жанқұтты батасын беріпті.

• Абай Жанқұтты шешеннен нені білгісі келеді?

• Сендер шешенге қандай сауал қояр едіңдер?

• Өздеріңе үлкендердің бата берген кезі болды ма?

• Естеріңе түсіріп әңгімелеп беріңдер.

4. Шығармашылық, топтық жұмыс.

1- тапсырма

Суретші Ә. Қастеевтің «Жас Абай» туындысы берілген. Өнер туындысына қараңдар. Оның бет бейнесінен, көзқарасынан нені аңғаруға болады.

2- тапсырма

Төменде берілген Абайдың нақыл сөзін оқыңдар. Күнделікті өмірде осы өсиеттерді ұстанасыңдар ма? Әңгімелеп беріңдер.

«... Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күніне бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айына бір, өзіңнен өзің есеп ал! (Он бесінші сөз)»

3- тапсырма

Абайдың «... Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» деген ойын тақырып етіп алып, төмендегі кейіпкерлерді қатыстыра отырып, шағын қойылым дайындап, сахналаңдар.

 Отбасында үлгілі бала;

 Жақсы, мейірімді оқушы;

 Нағыз дос;

 Елгезек бала. Топтық жұмыс жасайды.

5. Топпен ән айту.

«Кел, балалар, оқылық!» 10 бет

Өлеңін жазған: Ыбырай Алтынсарин

Әнін жазған: Латиф Хамиди

6. Соңғы тыныштық сәті.Баяу әуен орындалып тұрады.Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2021
357
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі