Ұлы дала мұрагері (әдеби қойылым)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы дала мұрагері (әдеби қойылым)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған театрландырылған қойылымның жобасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлы дала мұрагерлері» форумы театрланған шоу

( Сахна сәулеті аспан мен жерді бейнелейтін екі шеңберден тұрады. Ал, ортасында Ұлы даланың тарихы тұнған кітап орналасқан)

Би: «Құстар»

Жоғарыдан «Өмір ағашы» (бәйтерек) сахна төріне орналасады.

Кітаптың 1-беті (слайд)

Ұлы дала (Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» атты кітабы желісінде)

Ұлы даланың болмысын бітімін пластика тілімен суреттеу. (бишілер)

Ортаға ақсақал шығады:

-Ой-хой, дала! Көркем дала!

Өңкей бір шілдехана, өлкем, дала!

Білмеймін сені неге теңерімді?!

Кең дала, керім дала, көркем дала!

Әрине, анам болдың құндақтаған.

Әрине, әкем болдың күн қақтаған.

Әрине, жар да болдың, дос та болдың,

Әрине, әр сүйегің қымбат маған.

Иә, сен байлық аты, барлық аты,

Иә, сен адалдық пен ардың аты.

Иә, сен дүбірлейсің, дүрілдейсің,

Жеткендей жер тарпыған арғымақты.

Кітап беті ашылады. (Н.Ә.Назарбаев сөзінен үзінді)

... «Қазақ даласы – ұлы Түркі елінің қара шаңырағы. Ұлы Дала ерекше рух пен дүниетанымды қалыптастырды. Түркі рухының серпінді қажыр-қайратының түп тамыры да осында жатыр. (сахна сыртындағы дауыс)

«Сақтар» композициясы

Сахнаға алтын адам киімін киген батырлар шығады. (би)

Жүргізуші: (Сахна сыртында)

Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер, мифология секілді салалардан мол дерек беретін алтын адам, сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам-Қазақстанның азаттық нышанына айналды.

Ортаға Алтын адам шығады:

Ерте күнде отты Күннен Ғұн туған,

Отты Ғұннен от боп ойнап мен туғам

Жүзіңді де, мөлдір қара көзіңді

Туа сала жалынменен мен жуғам.

Қайғыланба, соқыр, сорлы, шекпе зар,

Мен-Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар.

Мен келемін, мен келемін, мен келем,

Күннен туған, Ғұннан туған пйғамбар.

Кітап беті ашылады (Н.Ә.Назарбаев сөзінен үзінді)

... Ежелгі байланыс тәсілдерінің бірі- Ұлы Жібек жолы еді. Ол алуан түрлі мәдениеттер мен халықтарды бір-бірімен байланыстырып, сонау ежелгі заманнан бері идеялар алмасудың тұрақты да маңыздыфакторы ретінде қызмет етіп келді (сахна сыртындағы дауыс)

Керуен

Жүргізуші:

«Жібек жолы» Қытайдан басталып, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа апаратын керуен жолы болған. «Жібек жолы» идеясы қазіргі заманда да өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.

Кітап беті ашылады: (Н.Ә.Назарбаев сөзінен үзінді)

...Қазақ хандығы кезеңі – ат жалында күн кешкен алаш жұртының қаһармандық дәуірі. Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. 

Сахнада қобыз әуені. (Қыдыр ата мен батырлар)

Қыдыр ата: Уа, халайық! Еліңнің тізгінін ұстайтын Керей мен Жәнібек келеді.

Сахнаға Керей мен Жәнібек рөлін сомдаған екі оқушы шығады. (атпен)

Керей: Уа, әлеумет теңдіктің тезі теңселме еркіндік жолы емес пе? Бақыттың жолы бәсеке, ырыстың жолы бейнетте. Азаттың жолы азатта. Төземісің?!

Халық: Керей.....Керей....Керей....... Керей: Қазақтың қайран даласын,жағасын жайлау ел қылам. Қарасирақ баласын басқалар мен тең қылам. Кеткен кегін қайтарып іргесі шыққан ел қылам. Осы жолда әлеумет тайсалар болсам, маған серт. Тайқып қалсаң, саған серт. Еремісің әлеумет. Халық: Керей.....Керей....Керей....... Керей: Ендеше халқым, атқа қон! Туыңды ұста, тарт алға. Құдайым шейт бастасын, Арманы биік ақ жолға!

Қыдыр ата: Уа, халайық көшіңнің тізгінін ұстаған Керей мен Жәнібек еді. Ақ тілекпен ақ жол бер. Керейді ақ киізге отырғызып хан көтерейік.

(Ақ матаға қолын қойып)

Керей: Құдіреті күшті Алланың алдында қалың елім халқымның алдында Кепей басым хан болып, Қазақ елінің бағын асырам. Көтерілген орданың мейманасын тасытам. Ұлы Тұран даласының бірлігін келтіріп, бүкіл елде рухты ел екенімізді паш етуге ант еттім.

Кітап беті ашылады: (Н.Ә.Назарбаев сөзінен үзінді)

Бейнетаспа: (Соғыс) 1941 жыл ақпандатқан Сыртты аяз ауылымызды ақ қар жапқан. Алдымызда үрей тұр соғыс дейтін, Алапат аспан жерді аттандатқан. Құлап түсті шекара бағанасы Қабырғамдай қираған маған осы. Таразыда теңселді ел тағдыры Азаттықтың, елдіктің мағынасы. Мен Жамбылмын жаугер жыр Ер Төлеген Қазған орым дұшпанға ентелеген. Мен Москва, қорғаны28, Мен Әлия, мен Мәншүк, мен Төлеген.

Ән: «Әлия»

Кітап беті ашылады:

Бейнетаспа: (Н.Ә.Назарбаев)

Абылай ханның үш арманы болған: 1) Үш жүздің басын қосып халық жасай алмадым; 2) Жергілікті қылып жер жеткізе алмадым; 3) Халқыма деген қалаларды сала алмадым; деген. Осы арманын орындадық деп ойлаймын.

Ән: «Жерім менің» авторы: Н.Ә.Назарбаев (Бабамнан қалған кең дала.....)

Жүргізуші:

Тыңда әлем!Мен бақытты қазақпын! Шаттанамын, тәуелсізбін, азатпын. Бабалардың арманына жеттік біз, Бастан кешіп тауқыметін азаптың, Таны,әлем қазақ деген халқымды, Алға басқан қадамы нық қарқынды, Көрші елдердің көшін бастап келеміз, Тез игеріп мына тентек «нарқыңды...»

Домбырашылар шеруі: «Сарыарқа» күйі

Жүргізуші:

Біздің киелі атамекеніміз бар. Ол-қазақтың ұлы даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған Отанымыз бар. Ол-Тәуелсіз Қазақстан. Ендеше, еркін елдің еңсесі биік болсын, ағайын!

Ән: «Мен қазақпын» (Қуандық Рақым)

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
55
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі