ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ – ЖІБЕК ЖОЛЫ ТАРИХЫ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ – ЖІБЕК ЖОЛЫ ТАРИХЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ – ЖІБЕК ЖОЛЫ ТАРИХЫ атты баяндама барлық оқырмандарға арналған. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы уақыт талабына сай, еліміздің саяси, мәдени, рухани өміріндегі дамудың нақты бағыт-бағдарын айқындап берген құнды пікірімен ерекшеленеді. Менің ойымша, мақалада көтерілген ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар Қазақстан азаматтарын қайрат, жігер беріп, болашақтағы жаңа ізденістер мен бастауларға жол ашатыны күмәнсіз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛЫ ДАЛА МҰРАСЫ – ЖІБЕК ЖОЛЫ ТАРИХЫ

Жaпбacбaевa Aлтынaй

«Болaшaқ» универcитеті колледжі УA-17/9 оқу тобының ІІ курс cтуденті

Қалжанова Аида Қалжанқызы

Арнайы пәндер оқытушыcы

«Болaшaқ» универcитеті колледжі


«Бүгінгі күнді түcініп-түйcіну үшін де, болaшaқтың дидaрын көзге елеcтету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» Н. Ә. Нaзaрбaев


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы уақыт талабына сай, еліміздің саяси, мәдени, рухани өміріндегі дамудың нақты бағыт-бағдарын айқындап берген құнды пікірімен ерекшеленеді. Менің ойымша, мақалада көтерілген ұлтымыздың тарихы мен мәдениетіне қатысты тың ойлар мен нақты ұсыныстар Қазақстан азаматтарын қайрат, жігер беріп, болашақтағы жаңа ізденістер мен бастауларға жол ашатыны күмәнсіз.

Президентіміз бұл мақаласында «уақыт кеңістік концептілеріне аса назар аударған. Кез келген нәрсе белгілі уақыт шегінде орын алады. Кешегі өткен оқиға бүгін тарих. Мақалада ежелден сақталып келе жатқан жәдігерлер ұрпақтан ұрпаққа мұра екені, ежелгі кезде металды қалай өңдегендігі, аңшылықпен айналысқандығы, атқа міну, дала фольклоры, музыкасы, ұлы жібек жолы, түркі әлемі, ұлы көсемдер туралы баяндалған.

Ұлтымыздың өткенін еске алып, тың жаңалықтарының барлығы дерлік қазақтың кең өлкесінен бастау алған деуге әбден болады. Кешегі Сақтар, Батыс пен Шығысты байланыстырған Ұлы Жібек Жолы, дарынды тұлғалардың мекені болған, тарихқа тұнық ұлы дала біз үшін баға жетпес мұра.

Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады. Неміс, итальяндықтар немесе үнді халықтарының жылнамасына қарасақ, олардың мыңдаған жылды қамтитын төл тарихындағы ұлы жетістіктерінің дені осы елдер қазір мекен етіп жатқан аумақтарға қатыстылығы жөнінде сөз етеді. Әрине, ежелгі Рим қазіргі Италия емес, бірақ итальяндықтар өздерінің тарихи тамырымен мақтана алады. Бұл – орынды мақтаныш. Осы секілді, ежелгі готтар мен бүгінгі немістер де бір халық емес, бірақ олар да Германияның мол тарихи мұрасының бір бөлшегі. Полиэтникалық бай мәдениеті бар ежелгі Үндістан мен бүгінгі үнді халқын тарих толқынында үздіксіз дамып келе жатқан бірегей өркениет ретінде қарастырамыз. Бұл – тарихқа деген дұрыс ұстаным. Сол арқылы түп-тамырымызды білуге, ұлттық тарихымызға терең үңіліп, оның күрмеулі түйінін шешуге мүмкіндік туады. Қазақстан тарихы да жеке, тұтастай қалпында қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де жеткілікті.

Еліміздің Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді. Біздің дәуірімізден бастап бұл құрлық жолдары Үлкен Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы сауда және мәдениет саласындағы байланыстардың трансконтинентальды желісіне – Ұлы Жібек жолы жүйесіне айналды. Бұл жол халықтар арасындағы жаһандық өзара тауар айналымы мен зияткерлік ынтымақтастықтың қалыптасып, дамуы үшін орнықты платформа болды. Керуен жолдарын мінсіз ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ұлы дала халқы ежелгі және орта ғасырлардағы аса маңызды сауда қатынасының басты дәнекері саналды. Дала белдеуі Қытай, Үнді, Парсы, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс және славян өркениеттерін байланыстырды. Алғаш пайда болған сәттен бастап, Ұлы Жібек жолы картасы, негізінен, Түрік империяларының аумағын қамтыды. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» атанғаны түсінікті. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстыруы. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталды.

Тарихи маңыздылығы жоғары тарихи процестердің бірі Ұлы Жібек жолы екендігі белгілі. Бүгінгі қарастырылып отырған тарихи кезеңнің басқа процестерден айырмашылығын атап көрсетсек:

-мұсылмандық діни орындардың (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мавзолейлер т.б.) салынуы;

-жер жаһанның барлық территориясын белгілі дәрежеде қамтуы;

-әлемдік өркениеттердің осы маршрут барысында бір-бірімен ассимляцияға түсе отырып, саяси-мәдени жаңа өркеиеттердің қалыптасуына өз әсерін тигізді;

Ұлы Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле мен Ыстықкөлге жетеді.

Жалпы, Ұлы Жібек жолы сол кезеңде территориямызда мекендеген көшпелі өркениетті қалыптастырушы мемлекеттік бірлестіктердің әлемдік аренада өз дәрежесін тигіздірді.

Алыс-беріс байланыстары және жүздесу мен тілдесу б.з.д. ІІІ–ІІ-мың- жылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі.

Б.з.д. І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, одан Оңтүстік Орал өңірініңдегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғары Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған болатын. Сол жол арқылы жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жатты. Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан. Олардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін таңсық болған бұл тауар орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жетті.

Б.з.д. ІІ ғасырдың орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастады. ХІ-ХІІ ғасырларда Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолжың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғасырда ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болған еді, үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындағы аса көп тұтынатындар қатарынан саналатын.

Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтарына тоқталсақ, Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүргенде, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Испиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелге қаланың аты осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Ұлы Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Испиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан.

Ұлы Жібек жолының саудасы мен тауарлары

Жібек жолы әуелгі кезде Қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Осыдан кейін реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен осынау күре жолмен мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мұсқат жаңғағы, женьшень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, боялар мен минералдық шикізат, гаухар мен яшма, янтар мен кораллдар, піл сүйегі мен «балық сояулары», құйма мен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсер мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен сауда салу үшін Ферғананың атақты «тері қан болып шығатын» сәйгүліктері мен араб арғымақтарын, түйелері мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықты, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген.

Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкіністер мен жемістер, түрлі көктер әлемгі таратылған.

Дегенмен сауданың басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық валюта болған. Оны хандар мен елшілерге тарту еткен және жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, сонымен қатар мемлекеттік қарызды төлеген.

Керуен жолымен тасылатын жібек пен басқа да тауарлардың бір бөлігі қазақ даласының қалаларында қалған. Археологиялық олжалар — соның айғағы.

Мәдениеттердің өзара ықпалы және бірін-бірі байытуы орта ғасырдың бастапқы кезінде Азияда аса кең аймақтары мен елдерінің бейнесі ретінде әлемнің төрт патшалығының концециясы етек алып еді. Осынау «әлем патшалығының» әрқайсысы замандастарының көз алдында өзіне ғана тән артықшылығымен дараланған. Сүй әулеті (589-618 жж.) мен Тан әулеті (618-907 жж.) өкіметтерінің қол астында біріккен Қытай, Үнді билеушілерінің патшалықтары, Тынық мұхиттан бастап, Қара теңізге дейінгі Түрік бірлестігі, Персия мен Византия сияқты мемлекеттер дүниенің төрт тұсында орналасқан төрт монархияның негізі деп саалады: оңтүстікте – пілдер патшасының империясы (Үндістан), батыста бағалы тастар патшасы (Иран мен Византия), солтүстікте сәйгүліктер патшасы (Түрік қағанаты), Шығыста адамдар патшасы (Қытай). Осы идея сосын мүсылман авторларына да ауысып келеді.

Тауарларды қолданбалы өнердің, сәулет өнері мен қабырға живописінің мәдени үлгілері мен эталондарын таратумен бірге, Шығыс пен Батыс елдеріне саз бен би өнері де, сахналық ойындар да кеңінен таралған.

Діни соқпақтарына келсек, Жібек жолымен діни идеяларда кеңінен таралып отырылғандығы, ал миссионерлер өз дінін тіпті теңіздің арғы бетіндегі елдерге барып таратқандығын айтамыз. Ал Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістан арқылы Қытайға буддизм келген. Сирия мен Ираннан, Аравиядан – христиан діні, сосын барып ислам жеткен.

Зерттеушілер пікіріне қарасақ, Қытайға буддизм Үндістаннан Орта Азия мен Қазақстан арқылы барған. Бұл әрекет б.з.б. І ғ. басталған. Шығыс Түркістан мен Қытайға будда дінін таратуда Орта Азиялық діндарлар мен миссионерлер, әсіресе соғдылар, парфяндар мен қаңлылар көп еңбек сіңірген. Б.з. ІІ-ІІІ ғғ. буддизм белсенді түрде таратылған, бұл Кушан империясының Шығыстағы саяси мақсаттарына байланысты болғанға ұқсайды.

Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен тарихи дамуы барысында әлемдік сахнада бұрын соңды болмаған мәдени, экономикалық, саяси-әлеуметтік қарым-қатынастар пайда бола отырып тарих көкжиегінде сан алуан процестер пайда болды. Шығыс пен Батыс мәдениеттер алмасуы жүзеге асты.

Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстар нәтижесінде көшпелілер территориясында жаңа үлгідегі қалалық мәдениет орнықса, отырықшылар көшпелілердің көшіп-қонуға қажетті жүк көлік арбаларынан бастап, мал шаруашылығының көптеген әдістерін игерді.

Қытай жазба деректерінде б.з.б. ІІ-І ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібек жүрді.

Ұлы Жібек жолының жандана бастаған кезі – б.з.б. ІІ ғ. ортасы. Шығысқа шығатын қақпасы – Жетісу батысқа шығатын қақпасы – Оңтүстік Қазақстан. Тауарлардың, ғылыми және техникалық жаңалықтардың, қолданбалы өнер, сәулет, қабырғалық кескіндеме мәдениеті үлгілерінің таралуымен қатар Шығыс пен Батыс елдері бойынша Жібек жолымен музыка мен би өнері, ойын-сауық көрсетілімдері, өзіндік орта ғасырдың «эстрадасы» кең өріс алды. Мысалы, иран, соғдилық, түрік актерлері Қытайдың хореографиялық мәдениетіне көп нәрсе енгізді. Жібек жолының барлық өне бойында тарихи ескерткіштерді қазу кезінде түрлі халықтардың музыкалық және театр мәдениеті саласында даму мен өзара байытудың көптеген материалдық бастауы табылды. Жібек жолымен діни ілімдер мен идеялар таратылды, түрлі миссионерлер өз діндерін теңіздің арғы жағындағы елдерге жеткізді . Үндістаннан Орта Азия мен Шығыс Түркістанға буддизм келді , Сириядан, Ираннан және Арабиядан христиан діні, содан кейін ислам тарады.

Қорыта келе негізгі басты айтарым, Ұлы Жібек жолы саяси дипломатия айнасы болды десем қателеспейміз. Оңтүстігі – Дунхуан, Хотан, Жаркент арқылы Бактрияға, Үндістан мен Жерорта теңізіне келеді. Бұл «Оңтүстік жол» деп аталады. Ал «Солтүстік жол» Қашқардан Ферғанаға және одан әрі Самарқант арқылы Бұқараға , Мерв арқылы Хамадан мен Сирияға асады. Солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп екі тармаққа бөлінеді. Біреуі Орта Азияға, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі бөлігі.

Халықаралық қатынасты дамытудағы тарихи маңызы:

Дипломатиялық байланыстың орнауы;

Халықаралық байланыс жандана бастады- б.з.б. ІІ ғ. ортасы;

Халықаралық сауда дамыды;

568ж Түрік қағанаты мен Византия келісімі;

Жібек матасы-ақша мен құнды сыйлық болып табылады.

Ұлы Жібек жолының саясат пен дипломатия тұрғысындағы негізгі жетістіктері өте көп. Қытай империясымен көшпелі үйсін, қаңлы, орта ғасырдағы түрік тілдес мемлекеттер арасындағы өзара байланысты нығайта білді. Ұлы Жібек жолының қаншалықты маңыздылығын осы жолдың маршрутымен қазіргі таңда «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» магистралының салынуынан көруге болады. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» маршруты біздің еліміздің территория аумағымен жүріп өтуі «Ұлы Жібек жолы» бойында сол заманда еліміз аумағында мекендеген мемлекеттердің осы жол арқылы Шығыс пен Батысты жақындастыруда саяси дипломатиялық маңызды рөл атқарғандығын көреміз.

Тақырыптың маңыздылығы соншалық, тарихи қиын процестерден өте отырып, қазіргі таңда осы жол торабының елдерді байланыстыру пайдалылығын ескере отырып, құрлық транспортын дамыту нәтижесінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының салына бастауы.

Алайда, Жібек жолының қазақстандық үзігіндегі бастапқы нүктелердің бірі – Испиджаб қаласына оралайық, содан кейін византиялық саяхатшы Земархтың ізімен – Тараздан Испиджаб арқылы Арал бойына және одан әрі Еуропаға жол тартайық.

Испиджабтан керуен жолы Отырар-Фарабқа және одан әрі Сырдария өзенімен Арал бойына келеді. Бұл бағыттағы неғұрлым ірі қалалар Отырар-Фараб пен Шауғар болып табылады.

Б.з.б. І ғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен жібек артқан керуендер Батыстағы елдерге жолға шықты. Шығыс пен Батысты байланыстырғандықтан “Ұлы Жібек жолы” деп аталды.





Пайдаланылған әдебиеттер:

«Ұлы дала тарихы», Маданов М. Алма-Ата, 1997ж

«Қазақстанның көне тарихы» , Мұратхан Қ. Алматы 1994ж

Қазақстан тарихы бес томдық

Ч.Мусин Қазақстан тарихы, А. 2003

https://aikyn.kz/2018/11/21/73794.html


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
531
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі