Ұлы дала сарбазы
Менің анамның үлкен атасы болған. 1902 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы қазіргі Бекарыстан би ауылында туған. 1933 жылғы ашаршылық пен 1937 жылғы қуғын сүргінді көзімен көрген атасы 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Шәлімбетов Есмағамбет Ленинград,Сталинград түбіндегі қанды шайқасқа қатысып,жаяу әскер қатарында болған.Анамның айтуынша,майданнан аман есен оралып,бір аяқ,бір қолынан жарақат алған екен. .Елге оралған соң, тылда еңбек етіп, 1985 жылы 87 жасында өмірден озған.
Есмағамбет атам өте мейірімді,аузынан дұғасы,қолынан құраны түспеген діни сауаты мол молда болған.Ауырған балаларды дем салып емдейтін қасиеті болған. Өзі әңгімешіл,құралайды көзге атқан мерген болған.Аштықтың кезінде қос ауыз мылтығымен өзіне қарасты ағайындарын, ауыл адамдарын асыраған екен.Өте қайырымды жан болыпты. Ауылда бір жалғызбасты қария әжей болса керек, сол әжейдің үйінің жанынан өтіп бара жатып, қолына түскен кішкене нәпақасын бөліп беріп кетеді екен.Сол әже өмірден өткенше Есмағамбет атаны аузынан тастамай, «соның арқасында сорпа су қайнатып іштім»,-деп айтып өткенін ел әлі күнге дейін айтып жүр.
«Ел үмітін ер ақтар,ер атағын ер сақтар» демекші,Есмағамбет атаның ауыл орталығында салынған «Соғыстан аман есен оралғандар»деген ескеркіште есімі жазулы тұр. Анам ауылға барған сайын сол ескерткішке тағзым етеді.
Ел үшін жасалған ерлік ешқашан ұмытылмайды
Қызылорда қаласы
№257-орта мектептің
8в сынып оқушысы
Қали Ғалия Дарапқызы
Жетекшісі: «Мұрагер» мектебінің мұғалімі, өз анам: Есмағамбет Зада Низатуллақызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы дала сарбаздары (эссе)
Ұлы дала сарбаздары (эссе)
Ұлы дала сарбазы
Менің анамның үлкен атасы болған. 1902 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы қазіргі Бекарыстан би ауылында туған. 1933 жылғы ашаршылық пен 1937 жылғы қуғын сүргінді көзімен көрген атасы 1941 жылы Ұлы Отан соғысына аттанады. Шәлімбетов Есмағамбет Ленинград,Сталинград түбіндегі қанды шайқасқа қатысып,жаяу әскер қатарында болған.Анамның айтуынша,майданнан аман есен оралып,бір аяқ,бір қолынан жарақат алған екен. .Елге оралған соң, тылда еңбек етіп, 1985 жылы 87 жасында өмірден озған.
Есмағамбет атам өте мейірімді,аузынан дұғасы,қолынан құраны түспеген діни сауаты мол молда болған.Ауырған балаларды дем салып емдейтін қасиеті болған. Өзі әңгімешіл,құралайды көзге атқан мерген болған.Аштықтың кезінде қос ауыз мылтығымен өзіне қарасты ағайындарын, ауыл адамдарын асыраған екен.Өте қайырымды жан болыпты. Ауылда бір жалғызбасты қария әжей болса керек, сол әжейдің үйінің жанынан өтіп бара жатып, қолына түскен кішкене нәпақасын бөліп беріп кетеді екен.Сол әже өмірден өткенше Есмағамбет атаны аузынан тастамай, «соның арқасында сорпа су қайнатып іштім»,-деп айтып өткенін ел әлі күнге дейін айтып жүр.
«Ел үмітін ер ақтар,ер атағын ер сақтар» демекші,Есмағамбет атаның ауыл орталығында салынған «Соғыстан аман есен оралғандар»деген ескеркіште есімі жазулы тұр. Анам ауылға барған сайын сол ескерткішке тағзым етеді.
Ел үшін жасалған ерлік ешқашан ұмытылмайды
Қызылорда қаласы
№257-орта мектептің
8в сынып оқушысы
Қали Ғалия Дарапқызы
Жетекшісі: «Мұрагер» мектебінің мұғалімі, өз анам: Есмағамбет Зада Низатуллақызы
шағым қалдыра аласыз













