2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / «Ұлы дала, ұрпағым саған, аманат!» әдеби сазды салон сценариі

«Ұлы дала, ұрпағым саған, аманат!» әдеби сазды салон сценариі

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс әдеби сазды салон, оқушыларды ән мен күйге, эстетикалық тәрбиеге баулуға арналған.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Ұлы дала, ұрпағым саған, аманат!» әдеби сазды салон сценариі


Өтетін күні:

Өтетін орны: Акт зал

Уақыты:

Сценари құрастырушысы:Еркинова Жанна Еркиновна


Жүргізушілер: __________________________

__________________________

Әдеби салон

1 жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

2 жүргізуші: Добрый день, уважаемые гости. Мы рады приветствовать Вас на литературно – музыкальной композиции «Ұлы дала, ұрпағым саған, аманат!» учащихся лицея №2 имени Абая.


Әдеби - салон


Әдеби музыкалық хореографиялық қойылым


І блок

«Ұлы дала- аңызы!»

слайд /Қазақстан тарихи оқиғалары /

(Самұрық құс, от, Алтын адам, Болашақ, Бәйтерек, ЭКСПО, Ассамблея).


1 жүргізуші: Сахнаның сыртында /дауыс/: Ел басына күн туса, толар сақтан саз кешіп. Түн қата жүріп, таң кешіп, бостандықтың әні үшін, ұрпақтардың бағы үшін, ақсауыт киіп болаттан, қапсырма тағып күмістен, арғымақ міңген ерлері, елінің еркіндігі үшін айбалта болып сілкінді.

Біздер армандап өткен, Тәуелсіз ел болу мәртебесін көру бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт!

Ұрпақтарым! Осы Тәуелсіздікті баянды ету, сендерге Бабалардан аманат!

Тәуелсіздік - азаттықтың алтын белгісі. Ұлттық өрлеудің ұлы күші!

  • І бөлім: Би арқылы Тәуелсіздікке қол жеткізу, ұлы күрес, шайқас, батырлардың ерлігін көрсету


ІІ бөлім: Тәуелсіз Қазақстан.


  • «Туған ел» авторы: Т. Серіков

орындайтын «Назқоңыр» мұғалімдер вокал тобы.



2 жүргізуші: Домбыра тілегімді қуаттасаң,

Үніңе үзіле бір құлақ тосам.

Тарихтың тереңінен сыр ақтарсаң,

Бойдағы қуатыма қуат қосам.


  • «Дәстүрлі ән сайысы» халық әндерінен үзінді


1 жүргізуші: Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат,

Қалықтаған хас қыран көкте самғап.

Мақтан етем өрлігін, алыптығын

Еркін елмін дегенім қандай ғажап!


  • «Қазақстаным, алға!» әні: Ө. Алтаев

сөзі: Т. Әлімбек

орындайтын «Өнер» триосы



2 жүргізуші: Біз бақытты баламыз, еркелеген,

Тыңдап өстік ән мен күй, ертегі, өлең.

Туған жердің аймалап самал лебі,

Отан – Ана біздерді мәпелеген!

ІІ блок

«Бақытты балалық шақ»


  • «Маша және достары» көркем гимнастика



  • «Біз –Отанның ұланымыз» әні: Н. Тлендиев (25 оқушы)

сөзі: Т. Молдағалиев


орындайтын «Шабыт» балалар хоры (25 оқушы)


1жүргізуші: Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,

Даму үшін бірліктен қуат табамыз.

Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,

Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.

ІІІ блок

«Өрен ұрпақ – ұлы даланың болашағы» (28 оқушы)

/музыкалық би қойылымы/


  • «Қазақстан» автор: Н. Айтұлы

орындайтын «Мұрагер» хоры

2 жүргізуші:

Бүгінгі мерекелік іс-шара өз мәресіне жетті. Өнерлі ұрпақ – ұлы даланың тірегі, қанаттарын талмай, биікке самғай беріндер!

СОҢЫ









01 Желтоқсан 2018
546
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі