жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы дала ұрпақтары
ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ҒАРЫШКЕР» БАЛАБАҚШАСЫ
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
Ұлы дала ұрпақтары
(Ашық ұйымдастырылған ертеңгілік )

Тәрбиеші: Б.Т.Кдыршаева
Жетібай ауылы
2018 жыл
Тақырыбы: Ұлы дала
ұрпақтары
Мақсаты: - мектепке дейінгі балалардың
шығармашылығын дамыту;
- жан - жақты қабілетті, дарынды балаларды қолдау;
- ән - күй арқылы танымдық қабілеттерін
арттыру;
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті педегог тәрбиешілер мен қонақтар! Сіздер бүгінгі балаларымыздың дайындаған «Ұлы дала ұрпақтары» фестиваліне қош келдіңіздер! Көңілдеріңіз көтерінкі, жарқын болсын, деген ниетпен ортамызға қол соғып қошеметпен балаларымызбен бірге ертегі кейіпкерлерін шақырайық. (Балалар музыка әуенімен кіреді)
Зор үміт күтеді сендерден ел,
Табысталды өздеріңе кең-байтақ жер.
Ата-бабам қалдырған мол байлыққа
Боп қалатын болашақ мұрагерлер.
Жас бөбектер, сендерге арналады,
Бүгінгі мерекенің салтанаты.
Жас бөбектер, сендерге сыйланады,
Өмірдің ең керемет мархабаты- дей балалардың орындауында «Әрқашан күн сөнбесін!» әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Жүргізуші: Мың бұрала би билеген
қырмызы,
Қызғалдақтай, алма мойын қыр қызы.
Он саусақтан өнер тамған, бал тамған,
Беу, қазақтың дара біткен жұлдызы ,- ортаға «Шұғыла би» тобының
орындауында «Қазақ
биін» тамашалайық.
Би: «Қазақ биі».
Жүргізуші: Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған,- ендігі кезекті мәнерлеп оқудан Әбжет Аяжанның «Туған елім» және Батырджанов Ақжолдың «Қазақстан – Республикам менің» өлеңімен ортаға шақырамын.
Аяжан:
«Туған елім» Бәкір Тәжібаев
Менде сөйлер сөз болса –
Өзің берген сөзің ғой!
Менде көрер көз болса –
Өзің берген көзің ғой!
Шаттық құшқан шеруде,
Күйді өтерген өзің ғой!
Қиындықты жеңуге
Үйреткен де өзің ғой!
Толқығанда сезім –ой,
Әппақ арым, тілегім.
Туған елім өзің ғой –
Арқа сүйер тірегім!
Туған елім, өзіңнің,
Жазираңды кездірдің.
Жайма –шуақ кезімнің,
Рахатын сездірдің!
Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін –
Лүпілдеген жүрегім!
Ақжол:
«Қазақстан – Республикам менің» Дихан Әбілов
Әйнегі – күн, шатыры – аспан,
Кең дала … Төсі толқыған – егін
Көлдері көкке күмістер шашқан
Қазақстан –
Республикам менің!
Айқаста жаудың алқымын сыққан,
Ажалға қимай намысты елін
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан –
Республикам менің!
Орманы пүліш, бұлағы күміс,
Бұлбұлы жыршы, ұл-қызы керім
Таулары заңғар, өзені ырыс.
Қазақстан –
Республикам менің!
Абай туған, Сәкен туған,
Құрметте, достым, қазақтың жерін.
Қамбаға жылда мол астық құйған
Қазақстан –
Республикам менің!
Жүргізуші: Халқымыздың ұлттық өнерінің
тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Қазақтың той думан мейрамында
ақындар айтысы болып отырған. Халқымыздың ежелден келе жатқан бұл
төл өнері бүгінгі ұрпақ бойында да өз жалғасын табуда. Осындай
тамаша өнерді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай
айтыскерлеріміз Аян мен Айжанды қошеметтеп қарсы
алайық:
Айтыс:
Аян:
Халықтық мейрам тойында
Кім айтысар менімен
Айтыс айтыс болады
Айтысқанда теңіңмен
Айжан:
Айтыс айтыс болады,
Шықса ақын теңімен
Шешен болсаң көрейін
Айтысып көр менімен
Аян:
Бес нәрседен қашық бол
Бес нәрсеге асық бол
Қос аладың ба мән беріп
Қанша болды санап көр
Айжан:
Бірге төрт бес болады,
Оны бәрі білетін
Сен дейсіңбе саусағын
Санай алмай жүретін
Хормен:
Қазақ тойы салтымыз
Аман болсын халқымыз
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын
Мереке құтты болсын!
Жүргізуші: О, туған жер! Қасиетіңнен
айналайын
Тамсанамын, қарап тұрып артыңа
Шыққан балаң, қазақ деген халықтан
Нәр аламын, жер - анадан алыптан, -
мәнерлеп
оқудан Қарақожа
Іңкәрдің «Елімнің көшбасшысы»
және Исметуллаева Мөлдірдің «Ғасырларға жасай бер» жыр шашуларын
қабыл алыңыздар.
Жүргізуші: Жаңарған берекелі - еліміз бар,
Даласы гүлге толы - жеріміз бар.
Кең өлкем байлығы мол, ынтымақты,
Шалқыған айдын, шалқар көліміз бар,- ортаға «Ақ кербез би»тобының орындауында «Торсық» биін тамашалайық.
Би: «Торсық»

Жүргізуші: Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуінде, біз қазақ халқы әулет дәстүрін қастерлеп, дәстүрлік мұраларды насихаттап жүрген халықпыз.
Күлгенің де той сенің,
Жүргенің де той сенің.
Қызықтасын халайық,
Тұсау кескен бұл күнің
Есте қалсын, жарқыным,- ендеше осы салт- дәстүрге байланысты Қуанышбек Гауһардың орындауындағы «Тәй- тәй» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Тәй- тәй»
Жүргізуші: -Балалар, бүгінгі мерекені тойлауға ертегі кейіпкерлері Алдаркөсе мен Қожанасыр де ортамызда жүр екен. Сендермен бірге қазақтың ұлттық ойындардың ішінен «Теңге алу» ойынын ойнатпақшы.
Ойын: «Теңге алу»

Жүргізуші: Мың бұралған бишілер,
Билеп әнге салады.
Шақырайық ортаға,
Әсем биші қыздарды,- кезекті «Аяла» би тобының орындауында «Қамажай» биімен қарсы алайық.
Би: «Қамажай»
Жүргізуші: Туған тілім тірлігімнің
айғағы
Тілім барда айтылар сөз
ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге
өсемін
Өшсе тілім мен де бірге
өшемін,- деп Әбділдә Тәжібаев ақын айтқандай тіл қай ұлтта қай елде
болса да, қастерлі, құдыретті. Мәнерлеп
оқудан Сайын Ақбереннің «Қазақ
елі» және Жамбылқызы Ажардың «Туған
еліме» өлеңімен ортаға
шақырамын.
Ажар:
«Туған еліме» Сұлтанмахмұт Торайғыров
Үміт қып менен қарайсың,
Көңіліңе медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
Қайтейін, елім, қимаймын,
Қия алмай жанды қинаймын.
Қимай қалсам, ішіңде
Тағы тыншып сыймаймын.
Алты қырдан ассам да,
Сөздеріңді сыйлаймын,
Тек қалауым сіздерден:
«Серіктікті» милаймын.
Сіздерге әкеп шашуға,
Ілім, білім жинаймын.
Ақберен:
«Қазақ елі» Шаймерген Әлдибекұлы
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген.
Намысын ешкімге қолынан бермеген.
Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын.
Жүргізуші: Ұрпақпен өмір жолы
жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін өнерпаздар ат салысады,- кезекті Темірхан Саягүлдың
орындауындағы «Тәуелсіз елдің
ұланы» атты әсем әнді қабыл
алыңыздар.
Ән: «Тәуелсіз елдің ұланы»
Жүргізуші: Жігіттеріміз биші бәрі,
Би дегенде тұра алмас.
Кәне, бүгін билеп берсе,
Қандай қонақ қуанбас.,- дей отырып, ортаға «Ұлан би» тобының орындауында «Батырлар» биін тамашалауға шақырамыз.
Би: «Батырлар»
Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз.
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Ұлы Отан аясында
Жадырайды жанымыз,- мәнерлеп оқудан Солдатова Мәншүк «Жан дала- жәннат дала»және Жарас Батыржанның «Отан» жыр шашуына кезек берейік.
Мәншүк:
«Жан дала- жәннат дала» Күләш Ахметова
Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.
Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,
Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.
Халқым маған сенеді әлсіз демей,
Өйткені мен, туған жер, саған сенемін.
Жасай бер , Қазақстаным.
Батыржан:
«Отан» Мұқағали Мақатаев
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!
Отан! Отан!
Бәрінен биік екен.
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем.
Жүргізуші: Біз жас – ұлан отан өркені
Үміт артқан болашағы ертеңі
Тәуелсіз елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлетіп жайнатамыз өлкені, - деп әсем әнін сіздерге «Жас дәурен» вокал студиясы «Туған жер» әнін сыйлайды. Қарсы алыңыздар!
Ән: «Туған жер»
Жүргізуші: - Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары! «Ұлы дала ұрпақтары» фестивалі атты мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген