Тақырыбы: Ұлы даладағы ежелгі
металлургия
Мақсаты: оқушыларды Ұлы даланың жеті
қыры деп есептелінетін ежелгі металлургиямен таныстыру;
ой-өрістерін,білімнің жан-жақтылығын дамыту; ізденушілікке,
еңбектенуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: тайқазан суреті,
деректер,слайдтар
Барысы:
Ұйымдастыру
К
іріспе. Мемлекет басшысы «Ұлы даланың жеті қыры»
мақаласында қазақ жерінің металлургия пайда болған алғашқы
орталықтың бірі екеніне тоқталып
өтті.
Ұлы даланың жеті
қыры:

«Ұлы даланың жеті қыры»
мақаласынан үзінді: «Металл өндірудің амал-тəсілдерін табу
тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі
өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия
пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ
Қазақстанның Орталық, Солтүстік жəне Шығыс аймақтарында таукен
өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс
пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым
берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық
ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл
қорытатын пештер мен қолдан жасалған əшекей бұйымдары, ежелгі
дəуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен
сыр шертеді. Осының бəрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала
өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын
көрсетеді».
Оқушы: Металды балқытып, одан бұйым жасауды
ата-бабаларымыз осыдан сан мың ғасыр бұрын меңгерген. Оны
археологтар ғылыми тұрғыда дәлелдеп келеді, қаншама құнды жәдігер
табылды. «Бұл біздің жеріміздегі дала өркениетінің технологиялық
тұрғыда қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді», – деді Елбасы
өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында. Қазақстан – қазір де
қара және түсті металлургияның қайнар көзі. Кәсіпорындар жыл сайын
миллиондаған тонна өнім өндіріп, ел қазынасын еселеп отыр.
Археологтардың айтуынша, ұлы даладағы ежелгі металлургия Ұлытау
жерінде дамыған. Киелі өлкедегі Талдысай қонысы – соның дәлелі. Бұл
жерде ерте қола дәуірінде ата-бабаларымыз мыс балқытып, түрлі
бұйымдар жасапты. Осыдан бірер жыл бұрын мұнда ғалымдарымыз
шахталық тәсілмен жұмыс істейтін жерасты пештерін тапқан болатын.
Тарихшылар «Ұлы жібек жолынан» бұрын «Мыс жолының» болғанын,
керуеннің дәл осы Ұлытау жерінен өткенін
айтады.
Оқушы:Ата-бабаларымыз тек мал бағып, егін егіп
қана қоймаған, металлургияны да игерген, одан бұйым жасаған. Қазақ
даласындағы түсті металлургияның тарихы Қаныш Сәтбаевтың есімімен
біте қайнасып жатыр. Осыдан тура 90 жыл бұрын Қарсақбай қойнауында
мыстың мол қоры бар екенін алғаш дәлелдеп, өңірдің болашағын дөп
болжаған осы данышпан ғалым еді. Кейін бұл өңір Қазақстандағы түсті
металлургияның қарашаңырағына айналды. Қарсақбайда зауыт салынып,
алғашқы мыс алынды. Деректерге үңілсек, сол жылдары Қарсақбай
жеріне сырттан 270 вагон құрал-жабдық жеткізілген екен. Мәселен,
темір жонатын қондырғы осыдан 100 жыл бұрын орнатылған. Әлі күнге
жұмыс істеп тұр. Оны өткен
ғасырдың басында ағылшындар
әкеліпті.
Оқушы:Бұл соғыс
уақытында да істеген станоктар. Ол уақытта ата-бабаларымыз істеген.
Снарядқа дейін жонған екен. Содан бергі бір ғасыр ішінде Жезқазған,
Балқаш өңірлерінде кен байыту фабрикалары салынып, Теміртау
қаласында металлургиялық комбинат іске қосылды. Осылайша, Қазақстан
Магниткасы қалыптасты. Жыл сайын өндірісті жаңғыртуға барынша көңіл
бөлініп келеді. Алдағы желтоқсанда Жезқазғандағы мыс қорыту
зауытында екінші пеш іске қосылып, өндірістік қуаты 400 мың тоннаға
ұлғайтылмақ. Ал Теміртаудағы комбинат былтыр тұңғыш рет 4 миллион
тонна болат балқытты.
Оқушы:– Жуырда
металлургиялық комбинаттың жұмысын жандандырудың жол картасы
жасалды. Осы құжат негізінде алдағы үш жылға 300 миллиард теңге
инвестиция бөлініп, өндіріс қуаты бірнеше есеге ұлғайтылмақ.
Сонымен қатар экологиялық қауіпсіздік шараларын нығайту үшін де
қаржы көздері табылып отыр. Мамандардың айтуынша,
қойнауы қазынаға толы қазақ жерінде әлі де бірнеше жылға жететін
кен қоры бар. Қазір кәсіпорындарымыз сол қазба байлықты тиімді
игерудің тетіктерін іздеп, әлемнің озық технологияларын өндіріске
енгізуде.
Оқушы:
Тайқазан.
А
та-бабаларымыз
жаңа,неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып,олардың жедел
технологиялық ілгерілуіне жол ашты.
О
қушы: Қазба жұмыстары барысында
табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей
бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары
бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі
дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды
дамығанын көрсетеді.
О
қушы: Жезқазған, Ұлытау, Қарсақбай, Жезді аймақтары
ежелден кенді өлкелер. Бүгінде түсті металлургияның орталығына
айналған өңірлерде қола, темір дәуірінен бастап металлургия
орталықтары болды Кеңгір, Талдысай, Жезді, Сарысу өзендерінің бойы
ежелгі өркениет орталықтары ғана емес, қазақ тарихында өзіндік
шежіресі бар жерлер. Бұл жерлердің тарихы туралы көптеген
тарихшы ғалымдар, археологтар өз еңбектерінде жазып өтті. Сол
еңбектердің барлығында қазіргі Кеңгірдің бойындағы Жезқазған,
Ұлытау, Жезді аймақтарында қолөнер кәсібі мен кен қорыту ісі,
металлургия өңдіру істері
жазылған.

Сұрақ-жауап:
Сөзжұмбақ:

Жұмбақтар1. Осы
затпен ескі үйді аластайды. Түсіне қарасаң алтынға ұқсайды.
(күкірт)
2. Бірінші буыным жалқы есімге
қойылатын сұрақтан тұрады, екінші буыным сан
есім. Өзім қай элементпін? (HeOH)
3. Бірінші буыным тасқын су,
екіші бөлігім мал құлағына салынатын белгі.
Қандай химиялық элементпін?
(Селен)
4. Бірінші бөлігім көп емес,
екенші бөлігім тілсіз жау деген мағынада, химиялық қай
элементпін? (Азот)
5. Бірінші буыным Мария
Складовская ашқан элементтің алғашқы екі әріпі, екінші буыным
Еуропадағы өзен, өзім радиоактивті құбылыстан түзілетін элементпін.
(Радон)
Қорытынды: Металдарсыз өмір
жоқ,
Түсінсең оны
шырағым
Қолданамыз қайда
деп,
Білмесең менен
сұрағың.
Құрал сайман бәрі
де,
Металдардан
тұрады.
Қоспаларын сан
жетпес,
Элементтерім
құрады
Тауда, таста
білсеңдер
Қоспалары
металдың
Күміс пенен
алтыным
Патшасы ғой
металдың
Тамаққа да
металдың
Қоспаларын
саламыз.
Аспанға да айға
да,
Металдармен
барамыз
Газымыз да
үйдегі
Арқылы металл
келеді
Электр мен
жарықты
Металдарым
береді
Қыздарымыз неше
түрлі
Әшекейін
тағады
Ауыл менен
қалаға,
Металдармен
барады.
Егістікті
жерлерді,
Металдармен өңдейміз
Бұзылып қалған
заттарды,
Металдармен
жөндейміз
Құрамында қанның
да,
Металдарым
болады.
Денесі де
адамның
Металдардан
тұрады.
Бейметал мен
металдан,
Денелерім
құралды.
Тіршіліктің бәрі де
,
Элементтерден тұрады – деп
бүгінгі сабағымызды қорытындылаймыз