«Ұлы даланың тұлғасы Байқадам Қаралдин»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Ұлы даланың тұлғасы Байқадам Қаралдин»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі күні қазақ тарихында осынша уақыт болып өткен, ойранға толы замана зардабы атанып кеткен ұлт-азаттық көтерліс, жантүршігерлігімен ,қанқұйлылығымен тайға таңба салғандай болып аласапыранның ақтаңдақ беттерін қалдырды.Мақалада Байқадам Қаралдин жайында нақты тарихи деректер келдітірлген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Арқалық қаласы М.Әуезов атындағы №5 жалпы орта білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Хасенова Інжу


«Ұлы даланың тұлғасы Байқадам Қаралдин»


Киелі Торғай топырағы батырлар мен ақындарға,қайраткерлермен күресшілерді жаратқан десе,мен соған сөзсіз келісемін. Себебі қандай қыйын-қыстау заман болса да қасиетті Торғай жері небір тарихи кезеңдерді бастан өткерді. Бергісі Ұлт –азаттық қоғалысты айтпағанда әрідегі ашаршылық,ұлы нәубет кезеңдерін айтсаңызшы. Бәлкім бұл мекенді бірі біліп,бірі білмес,бірақ сол жерді мекен еткен соң мен өзімнің ата-бабаларымның ерлігімен мақтанып,оларды дүйім жұртқа таныстырып,олардың ерлік істерін үлгі әрі кейінгі замандастарға,ел билеген басшыларға сабақ болсын деп сыр қозғағым келеді.

Бүгінгі күні қазақ тарихында осынша уақыт болып өткен, ойранға толы замана зардабы атанып кеткен ұлт-азаттық көтерліс, жантүршігерлігімен ,қанқұйлылығымен тайға таңба салғандай болып аласапыранның ақтаңдақ беттерін қалдырды. Бұл көтерліс қазақ жұрты үшін еш негізсіз болған әрі қаншама ардақтыларымыздан айырғаны да белгілі.

Ал менің сөз еткелі отырған әңгімемнің басты арқауы осындай кезеңдерде елі,жері, халқы үшін күресіп,өз басын қатерге тіккен қоғам қайраткері, мәмілегер Байқадам Қаралдин жайында болмақ. Мен үшін бұл тұлға Ұлы даланың ұлы адамы. Оған менің дерек- дәйектерім де бар.

Байқадам Қаралдин атын алғаш 1994 жылдары Аманкелді ауданына қарасты шағын ғана Байғабыл ауылына берген еді ,деген әңгімені мен ата-анамнан естіген едім, бірақ кейін белгісіз себептермен сол атауды қайта өзгертті дейтұғын. Ес біліп осы кісі жайында деректерді қарап естіген әңгімелерімді салмақтап, бұл кісі кім және қандай тұлғалық қаситеі болы деп әр жерден деректер ақтара бастадым. Расында бұл кісі мәмілегер, қайраткер, Торғай жұртын ашаршылықтан аман алып қалу үшін қолдан келгенді жасап баққан азамат екенін білдім.

Бірде әжемнің өз әңгімесінде Байқадам менің жақыным,ол қаншама қиын кездерді басынан өткерді,сөйтіп елден жырақ жүргенін өз мал мүлкін кедей біреуге беріп адам етіп сауаттандырып,қаншама торғайлық жастарға қолдау көрсетті дегенін естігенде одан бетер Қаралдин жайында білгім келді. Осылайша не себепті бір кездері Қаралдин атындағы шағын ауыл кеңшар болды, неге алып тастады осылардыың барлығын мен біле бастадым.

«Ұлы даланың тұлғасы Байқадам Қаралдин» деп алуымның себебін де мен енді баяндайын.

Қаралдин, Торғай жеріндегі Қараторғай болысы деген жерде дүниеге келген екен.Өзінің сауатымен талай беделді қызметтер атқарған делінген деректерде.

1916 жылғы азаттық көтерлісте Байқадам, қарапайым халықпен бірлесіп солардың қатарында болып патшаның қанауына қарсы көтерліске де шыққан,ал бұл әрекетіне оны қаншама рет дарға асу жазасына да кескен. Бәлкім күрескер,қайраткердің бағы шығар оның бұл жазадан құтылуына Ресейдегі ақпан төңкерісі себепкер болған деген.

Байқадам Қазан төңкерісінен кейін Торғай уездінеде халық комиссары болған,кейін Торғай уездік атқару комитетінің төрағасы да болған екен.Уақыт өте Мәскеу жеріне барып жерлестері Ахмет Байтұрсынов және Әліби Жанкелдинмен бірге үкімет басшыларымен болған Алашорда мәселелері бойынша келісімдерге қатысқан.

Байқадам Қаралдин Әліби Жангелдинмен Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы декретінің жобасын әзірлеуге де қатысқан, әрі В.И.Ленин қол қойған сонымен қатар бұл декреттің Қазақ ұлттық мемлекетінің құрылуына негіз болғаны да белгілі. Кеңестер үкіметі бай-кулактардың мал-мүлкін тәркілеу науқаны басталғанда Байқадам да заңсыз айыпқа тартылған деседі. Өзін жазықсыз жаладан арашалап алу үшін ол Қызылорда жеріне барған.Сол жерде оны тұтқындайды. Көп кешікпей біздің қайраткеріміз тұтқыннан да босатылады. Кім білсін ,бәлкім артында қалған ел жұртының көз жасы мен елге жасаған қайырымды істерінің рақымы болар.

Осы дүрбелең заманда құрылған аты аңызға айналған Алаш партиясы қазақ зиялыларымен үзеңгілесе жүріп, орасан зор жұмыс атқарған, сол партияның басы-қасында болған, өз ісіне адал, елі үшін еш нәрседен тайсалмаған.Тіпті Қабырға өзенінің суын ел игілігіне жарату мақсатында өкіметтен қаражат та бөлуіне ықпал жасаған,әрина оған мұрындық болған Айса Нұрманов дейтін азамат деседі.Сол бөгеннің жобасын жасап оны салу үшін де арнайы экспидиция шығарған. Аталмыш зиялының ізденуімен облыс орталығынан гидротехникалық мамандар шақырылған,осылайша Албарбөгет бөгені салынып ,әлі күнге дейін халық шаруашылығына жарап келеді.

Байқадам өз замамында беделді, сауатты,сыйлы, көзі ашық зиялы ұлдардың бірі болған.Ол Алаш қозғалысының қарулы күштеірін басқарған. Әсілі Байқадам тегін адам емес, оның нағашы жұрты ұлы педагог Ыбырай Алтынсарин еді, міні сондай тектілерден туған текті де ұлы әрі көреген тұлға, мен үшін «Ұлы дала тұлғасы Байқадам Қаралдин».

Тектіден текті туар- демекші Байқадам атамыздың артында қалған алты алашқа аты мәшкүр,атақты компазитор Бақытжан Байқадамовты қалай айтпасқа.

Міне, Ұлы дала Торғай жері болса,соның ұлы данасы,ардақты тұлғасын Байқадам болды.Атақты Фараби, Қазбек,Кенесары,Абылайлар өз замандарының дара тұлғасы болса, байқадам Қаралдин де қазақ халқы үшін ХХ ғасырдың ұлы дара тұлғасы .

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2025
125
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі