Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІҢ ҰЛЫҚТАП ЖҮРГЕН- ҰЛЫ ДАЛА БАЛАСЫ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық домбыра күні
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕРІҢ ҰЛЫҚТАП ЖҮРГЕН-

ҰЛЫ ДАЛА БАЛАСЫ

Домбыра- қазақтың киелі, қастерлі аспабы. «Домыбыраның күмбіріңде тарихымның сыры бар»- деп бекер айтылмаса керек. Халықтың мұң-мұқтажы, қуанышы мен күйініші осы қара домбыраның қос ішегінен төгілген. Осындай ұлттық өнер мен ұлттық аспапты насихаттап жүрген, жас домбырашы- Әділхан Саятпен сұхбат құрсақ:

-Сәлеметсіз бе? Жұма мүбарак, Күн шырайлы болсын! Көңіл-күйіңіз қалай? Мерекеңіз құтты болсын! Расында бұл мереке тек «Домбыраның» ғана емес, оны ұлықтап, жан серігі етіп жүрген өзіңіздей азаматтардың да тікелей мейрамы деп білемін.

-Қайырлы күн! Көп рақмет! Менде барша қазақ елін осы айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

-Әділхан, әңгімеміздің әлқисасын « Домбырадан» бастасақ. Жалпы неге басқа аспаптар емес, дәл осы «Домбыра» сізді қызықтырды?

Мен ең алғаш осы аспапты қолыма алған сәтте ол маған қатты ыстық көрінді және мен домбырамен болашақ өмірімді тығыз байланыстырамын деп шештім. Ең алғаш шертпе күйлерді тыңдаған кезде, бойымды ерекше сезім билеп алды. Сол сәттен бастап мен осы аспапқа қатты қызықтым және домбыра тартуды үйренемін деген шешімге келдім.

-Қай жасыңыздан бастап домбыраны қолға алдыңыз және осы өнерге келуге кім себепкер болды?

-Қателеспесем сегіз жасымда үйрене бастадым. Ал, домбыраға келуіме басты ықпал болған жан ол менің- әжем.

Жалпы осы бір киелі аспаптың құлағыңда еркін ойнау –үлкен өнер. Қос ішекті басып, жаттаған нотамен домбыра тартқан бір бөлек ал, жан дүниенмен 62 тамырыңды идіріп, тебірене тартқан бөлек дүние. Балаға берілетін өнер не анасынан , не әкесінен я болмаса арғы ата-бабасынан берілетіні хақ. Осы тұста сізге мынадай сұрақ қойғым келіп тұр:

-Отбасыңыз өнер саласына қаншалықты жақын? Ата-анаңыздың қолдауы осы салада сіз үшін қаншалықты рөл ойнайды?

- Иә, дұрыс айтасыз. Негізі менің үлкен атам яғни, атамның әкесі- саятшы болған, аң аулағанды жақсы көрген. Кешкісін үйге аңшылықтан кейін келгенде, жан тыныштығы,демалысы үшін домбырасын қолына шабыттана алып күй шертеді екен. Менің ойымша маған бұл өнер – үлкен атамнан дарыған.

- Қазіргі таңда алып жатқан біліміңіз «Заң» саласы бойынша білуімше, яғни болашақ –заңгерсіз. Неге болашақ мамандығыңыз өнер саласына қатысты емес?

-Өте орынды сұрақ. Жалпы мен өзім өнер мектебін тәмәмдадым. Болашақ мамандығымды да осы өнер саласы бойынша байланыстыру ойда болды. Бірақ, кейін анамның берген кеңесі бойынша, өзімді басқа саладан сынап көргім келді. Яғни, мен өнерден еш уақытта алыстамаймын, барлығын қатар алып жүремін.

- Жалпы өзіңізді «Заң» саласы қызықтырады ма? Шыңдығында өнер мен саясат екі бөлек дүние ғой, осы жайыңда не айта аласыз?

-Иә, дұрыс айтасыз. Мектепті аяқтағаннан кейін жазғы демалыста осы салаға түсемін деп шешкенде, өзімде қатты уайымдадым маған қызықты емес, қолымнан келмейтін сияқты көрінді. Бірақ, кейіннен бұл мамандық маған қатты ұнай бастады.

-Домбыраны –болашағыңызбен қаншалықты деңгейде байланыстырасыз?

-Мен өзімді бұл аспапсыз елестете алмаймын. Қолымнан келгенше қол үзбеуге тырысамын. Жалпы мен көптеген аспаптарда ойнай аламын. Ішіндегі ең жақыны осы – домбыра.

-Сіз домыбыраның құлағыңда өзіңіз ғана ойнап қоймай, өзгелерді де үйретіп жүрсіз. Білуімше авторлық «Домбыра» курсыңыз бар екен. Тарқатып айтып берсеңіз...

- Бұл курсты ашу идеясы оқырмандардың тарапынан келді. Оған дейін домбыра тартудың кей қыр-сырларын «YouTube» арнама салып жүретінмін. Кейіннен «үйренгіміз келеді , курс ашасыз ба?» деген ұсыныстар келді. Содан кейін осы идеяны жүзеге асыруды қолға алдым.



«Жігітке жеті өнерде аз» демекші Әділхан бауырымыз тек ұлттық аспаптың құлағында ойнап қана қоймай, ағылшын тілінде де еркін сөйлейді және өз парақшасына салатын бейнежазбаларының өңдеу, монтаждау сияқты жұмыстарын толығымен өзі атқарады екен. Оның сөзінше: « Үйренемін, білемін деген жанға мүмкіндік өте көп. Ал бұл меңгерген тың пайдалы дүниелерімді көбіне «YouTube» арнадан қарап меңгеремін»- дейді жас талант. Өнер саласында жүрген Әділханның әр минуты санаулы. 24 сағатының бір бөлігін ағылышын тілің меңгеруге, әлеуметтік желідегі парақшаларының дамуына жұмсаса, екінші бөлігін оқушыларына домбырадан сабақ беруге арнайды екен. Кітап оқуды да ұмытпайтын жас өнерпаз қолы босаған сәтте өзіңе ұнайтын мотивациялық кітаптарды сағаттап парақтайды екен. Шаршаған сәттерінде демалыс пен энергияны табиғат аясына шығудан алатын Әділхан, бауырыңа домбырасын басып алып, саябақтағы демалушыларға да керемет көңіл-күй мен демалыс сыйлайды. Ол қалай десеңіз:

Домбырашы саябақта, автобуста тағы басқа орталарда сүйікті аспабынан ұлттық және заманауи өлеңдерге негізделеген әсем күйін төгіп, ортаны позитивке толтырады. Басында жадырқаңа, үркіп қарайтын адамдар қазір керісінше алғыс жаудыртып, батасын беретінің де жасырмады. «Бұл жерде мендегі басты мақсат өзімді көрсету емес, адамдарға қуаныш сыйлау және ұлттық аспабымызды, өнерімізді дәріптеу»–дейді Әділхан.

Домбырашы арасында жергілікті тұрғындарға шағын эксперимент өткізеді екен. Ол эксперименттің арнайы « Әуенді тап...» деген айдары бар. Тұрғындарға домбыра арқылы өзіміздің күйлерді жасырады, жауабын білмесе қара домбыраға байланысты сұрақтар қояды. Осындай керемет тәсілмен ұлттық құндылығымызды насихаттап жүрген азаматтардың бары бізді шын қуантады.

«Заманың түлкі болса, тазы болып шал» демекші, қазіргі жас буынды қандай жолмен еліту керектігін білетін жас өнерпаз заманауи өлеңдерді домбыра мақамына келтіріп, күй ретінде тартады екен. Соның арқасында домбыра үйренгісі келетін, қызығатын лек толысқаның алға тартты.Әділхан ұлттық өнерімізді шет ел азаматтарына да паш етіп, олардың құлағына ұлттық күйімізді құйып жүр. Оның негізі мақсаттарының бірі де осы болған. Жас та болса да бас болып, ауыз толтырып айтатын іс тыңдырып жүрген бауырымыз осы жылы көктем айында арулар мерекесі қарсаныңда Нұр-Сұлтан қаласында өзінің жеке концертің өткізген. « «Басында қатты қобалжыдым, қалай болар екен?» деген сансыз ой мені мазалады. Кейін домбырамды қолға алған сәтте бәрін ұмыттым» -дейді Әділхан.

« «Домбыра тарта аласыз ба?»- деген сұраққа «жоқ» деп жауап беретін әрбір қаракөз мені мұңайтады»- деген домбырашының сөзі баршамызды ойландыру керек сияқты.

«Қарағандыны дәстүрі мен тілі ұмыт болып бара жатқан қала ма десек, керісінше нағыз ұлттық өнерді ұлықтап жүрген, жастары дарынды мекен екен ғой», «Өнерге жақын қала екен», «Керемет орындау», «Жарайсың балам! Ұлттық аспабымызды ұмыт қылмай дәріптеп жүрген саған алғыс!», «Қазақты әлемге танытатын екінші- Димаш!» -бұл пікірлер Әділханның өнеріне беретін халықтың бағасы. Расымен «Өнер» деген қандай тамаша қарусыз нысан! Осындай ат ұстар азаматтың арқасында қалың дүйімнің біздің мекенге деген оң пікірлері ұлғайған! «Өнер» шынымен құдіретті! Ал осындай талабы жоғары, тарихты, дәстүрді, руханиятымызды көтеретін жас буын легі көп болса тіптен керемет! Әділханның алдағы шығармашылық жұмыстарына тек сәттілік тілейміз!

«Нағыз қазақ -қазақ емес, нағыз қазақ –домбыра!»

Сұхбаттасқан : Ермек Фариза











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.07.2021
395
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12