жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ұлы даланың ұлылары

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫЛАРЫ АТТЫ ТАҚЫРЫПТА КӘСІБИ МАМАНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жетісай ауданы білім бөліміне қарасты «Ш.Уалиханов атындағы № 2 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ұлы даланың ұлылары» атты тақырыпта кездесу өтті.
Кездесуге Жетісай ауданының білім саласында өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардагер ұстаз
Жолдыбаев Сейіткерім ағай, осы мектептің түлегі тәжірибелі жоғары дәрежелі стамотолог Мадина
Тасова, ақын Жұмабекова Ләззат, полиция подполвнигі Бекмырза Абдурахманов қатысты. Кәсіби
бағдар бойынша өткізілген кездесуде мектеп оқушыларының ішіндегі белсенді оқушылардан
дөңгелек үстел болып, кәсіби бағдар маманы Хушкелдиева Фариза Бақбергенқызы кездесу
барысын жүргізіп отырды. Ш.Уалиханов атындағы №2 жалпы білім беру ұйымының басшысы
Бекенова Меруерт Сәдуқызы қонақтарға кездесу бағдарламасымен таныстырды.Мектептің
психолог- педагогы Божаева Гүлзипа әр мамандыққа қатысты қажетті қасиеттерді анықтау
мақсатында жасалған арнайы тапсырманы қонақтарға дайындап әрбір мамандыққа қажетті адам
бойында болатын қажетті қабілеттер туралы ақпарат берді. Құқық қорғау, прокуратура, полиция
қатарында еңбек ету жолдарын полиция подполквнигі Бекмырза Қалмырзаұлы Абдурахманов, тіс
дәрігерінің жұмысы және дәрігерлікке оқу үшін қандай пәндерге басмыдық берілетіні туралы
Мадина Тасова түсіндірді. Жолдыбаев Сейіткерім ағай өзінің еңбек жолын, мектепте мұғалім
болудың қыр-сыралырмен бөлісіп, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Шығармашыл
ұстаз Жұмабекова Ләззат апай мектеп мұғалімдігінен бөлек өзінің қалам алып ақ қағазға өлең
жазатын қасиеттерінің бар екенін көрсетіп, іс-шараға арнайы келген тәлімгер ұстазы Жолдыбаев
Сейіткерім ағайға арнаған өлеңін оқып берді. Қортындылай келе Ш.Уалиханов атындағы №2
мектептің директоры Бекенова Меруерт апай бітіруші түлектерге мамандық таңдау бойынша
бұндай іс-шаралар жалғасын табатынын айтты. Кездесуге Жетісай қаласының мектептерінің және
Қазыбек би, Жаңа ауыл ауыл округі мектептерінің кәсіби бағдар педагогтары қатысып, тәжірибе
алмасты. Шараның өтуіне атсалысқан мектеп әкімшілігіне, педагогтарға алғыс білдіреміз.
Жетісай ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Әбілқайыр Ғалымжан
Бейсен Тәжібаев

Сейткерім ағайға
Ұлағатты ұстаз кемеңгер басшы болдыңыз
Ұрпақ үшін ыстықта ысып,суықта тоңдыңыз
Мектеп жаңа мекенін үшінде аянбастан
Барлығына атсалысып жүрдіңіз
Сейіткерім ағай сіз жолыңыз дара
Ақ батаңыз берген толған дана
Сіз көрсеткен даңғыл жол ұзақ
Өз атамыз деп санайды әрбір бала .
Қош келдіңіз бүгін алтын ұя мектепке
Мен келгенде директор едіңіз мектепте
Мұғалім болып қабылданып шаттандым
Өсіп өніп келемін және бақ таптым
Бұл мектеп алтын ұя мекеніміз
Ұлы ғалым атындағы мектебіміз
Шоқан Уалиханов аты үлгі болсын баршаға,
Оқысын осында лайым немере ,шөбереміз
Шоқан мектебі бұл қара шаңырақ
Шәкірттер келеді үлкен үміт арқалап
Білімді де зерек болсын мейірімді,
Ұстаздары білікті білімді әрі көңілді.
Тәлім алдық сіздер берген ақылдан
Әр сөзіңіз алтын адалдыққа шақырған
Тау тұлғалы кемел сіздің келбетіңіз
Зор денсаулықпен лайым жүзге келіңіз
Ұжымбыз бүгінде Меруерт апай бастаған.
Кішіпейіл жан апай алғыс арқалаған.
Майталман мамандар көп қаншама,
Шәкірт үшін алдына жан салмаған
Мектебіміздің тұғыры биік болсын
Бақыт құсы төбемізге келіп қонсын
Бағындырып биік белестерді
Ұстаздар мен шәкірттер аман жүрсін
Автор: Жұмабекова Ләззәт


шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген