Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
"Ұлы даланың ұлылары" ашық топ сағаты
Материал туралы қысқаша түсінік
"Ұлы даланың ұлылары" ашық топ сағаты. Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге, Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы студент бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу. Студенттің бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
27 Маусым 2022
628
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы экономикалық колледжі» КМҚК
АШЫҚ ТОП САҒАТЫ
Тақырыбы: Ұлы даланың ұлылары
Дайындаған: 21 AQ-1 тобының
жетекшісі М.Е. Рахымжанова
2021-2022 оқу жылы
Тақырыбы: Ұлы даланың ұлылары
Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ халқының тарихында өшпестей орын алған қазақ
зиялылары туралы мағлұматтар беру, олардың есімдерін қастерлеп, құрметтеуге,
Отаншылдық сезімге, елжандылыққа тәрбиелеу. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы
студент бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге
баулу. Студенттің бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін
бойына сіңдіру.
Көрнекілігі: Презентация, нақыл сөздер.
Топ сағатының өткізілу күні: 23.02.2022
Тәрбие сағатының барысы:
Жүргізушілер: Серікбаев Алихан, Саматаев Ерали, Тоқабаева Аяулым
1-жүргізуші Ерали: Армысыздар құрметті ұстаздар мен студенттер!
2-жүргізуші Аяулым: Бүгінгі «Ұлы даланың ұлылары» атты ашық топ сағатымызға
қош келдіңіздер!
3-жүргізуші Алихан: Қай халықтың болмасын өсіп-өркендеуі, ақыл-ойы мен
санасының, әдебиеті мен мәдениетінің, өнері мен білімінің – жалпы адамзаттық өркениетке
ұмтылысы – сол халықтың өміріне, ұлт ретінде адами болмысы мен рухына іргелі бетбұрыс
жасаушы ұлы дарындардың тарихи еңбегімен, қайталанбас қайраткерлік тұлғасымен тығыз
байланысты.
1-жүргізуші Ерали: Адамзат қоғамының тарихында, ұлттар қоғамының тарихында
басты рөлді ұлы тұлғалар атқарады. Ата-бабамыз дала бостандығын сүйе отырып, тарихтың
қатал кезеңдерінде салт-дәстүр мен тіл, дінімізді жоғалтпай бізге сыйлады. Қазіргі тәуелсіз ел
болуымыздың себепкері – Ұлы тұлғалар.
2-жүргізуші Аяулым: Тарихқа сәл шегініс жасасақ, әр ғасырда қазақ ұлтының
ертеңі үшін, ұлт тағдырын өз тағдырынан биік қойған ұлы тұлғалар, жаужүрек батырлар,
дана би-шешендер, ел бастаған көсемдер, ақын-жазушылар жетерлік. Олардың халық
жадында есімдері жаңғырып, үлгі болып та келе жатыр.
Мирас: Шыңғыс хан - XIII ғасырдың басында Орта Азияда бүкіл моңғол тайпаларын
бір қолға біріктірген ұлы әмірші, Шыңғыс хан империясының негізін қалаушы, атақты
қолбасшы.
Амина:
Білекке сенген заманда,
Ешкімге есе бермедік.
Білімге сенер заманда,
Қапы қалып жүрмедік.
Абылай хан
Абылай хан - Қазақ хандығын билеушілердің бірі, аса көрнекті мемлекет қайраткері,
алғыр, жігерлі, қайратты, намысқой, ермінезді, қайсар. Ол билік еткен кезең қазақ тарихында
алтын ғасыр болып есептелген. Абылайдың көсемдігінің арқасында Қазақ хандығы ірі
мемлекетке айналған.
Алихан Т.: Қасым хан Қазақ хандығының күшею кезеңінде қазақ әскерінің бас
қолбасшысы ретінде үлкен жеңістерге қол жеткізіп, қазақ халқының аумағын
қалыптастыруда үлкен еңбек сіңірген. Ол туралы қазақ халқының ауыз әдебиетінде «Қасым
ханның қасқа жолы» деген сөз тіркесі сақталған.
Расул: Кенесары Қасымұлы - мемлекет қайраткері, әскери қолбасшы, қазақ
халқының 1837-47 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі. Қазақ хандығының соңғы
ханы. Тарихта Кенесары хан парасатты әмірші, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы,
жаужүрек батыр ғана емес, ғажайып дипломат, данагөй де болған тарихи тұлға.
Досжан: Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының негізін қалаған екі жауынгер,
билеушілер. Олар ең алғаш қазақ-өзбек деп аталатын екі тайпаны Әбілқайыр хандығынан
бөліп әкетіп, өз алдынан жеке хандық құрған.
Керей мен Жәнібек хан «Қазақ хандығының құрылуы» видеосы
1-жүргізуші Ерали: Қазақ халқына мейірбан тағдырды елді ержүректікпен қорғаған,
ұлттың тірегіне айналған хандар мен батырлар және данышпан билер берді.
2-жүргізуші Аяулым: Қабанбай батыр қазақ халқының XVIII ғасырда қазақ-жоңғар
шайқасы кезінде әскери қолбасшы тұлғаларының бірі болды. Қабанбай батыр қазақ
халқының азаттығы жолында көптеген шайқастарға қатысып, қазақ жеріне қауіп төндірген
басқыншылық шабуылдарға тойтарыс беріп, халықты қорғаған жауынгер тұлға ретінде елдің
есінде қалды.
3-жүргізуші Алихан: Бөгенбай батыр – Абылай хан тұсындағы батыр, атақты
қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық
Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен.
1-жүргізуші Ерали: Шақшақ Жәнібек – жоңғар шапқыншылығы кезінде ел
тәуелсіздігі үшін күрескен, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып,
азаттық күресін ұйымдастырған атақты батыр. Ол ауыздыға сөз бермеген, қиянатқа жол
бермеген әділ би, діни сауатты кісі болған.
2-жүргізуші Аяулым: Бейбарыс сұлтан ойлы да кемеңгер мемлекет қайраткері,
батыр да жігерлі қолбасшы болған. Әуелі ол елдің әл-ауқатын көтерді. Мұсылман текті
халықтардың ежелгі жауы — крест тағушыларды талқандады. Монғолдарды Мысырға қарай
қия бастырмаған.
1-жүргізуші Ерали: Төле би, Қазбек би, Әйтеке би – Ордабасы тауында барлық
қазақтың басын біріктірген біздің халықтың жоғарғы үш биі.
Үш бидің ел тыныштығы, оның бақытты келешегі, тәуелсіздігі үшін қауіп-қатерді
елемей, бастарын бәйгеге тіккен осы шынайы отаншыл сезімі, ынтымақ- бірлігі басқалаларға
да ықпал етіп, қазақ халқын бір мақсатқа жұмылдыра түскен. Бүгінгі бақытты өміріміз
осындай бабалар арқасы екенін түсініп, үш биіміздей ұлыларды, елім деп еңіреген
батырларымызды ешқашан ұмытпауымыз қажет.
2-жүргізуші Аяулым: Орта ғасырдағы қазақ жерінен шыққан ұлы ғұламалар: Әбу
Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йассауи, Мұхаммед
Хайдар Дулати, Қадырғали Жалайыр және т.б.
3-жүргізуші Алихан: Қазақ халқы “үш бәйтерек” деп атап кеткен Сәкен Сейфуллин,
Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер,
дарынды драмматург ретінде үлкен үлес қосты. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен,
тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты.
1-жүргізуші Ерали: Бес арыс деген атпен ел есінде қалған ақынжазушыларымыздың қазақ әдебиетінде алар орны зор! Алаштың бес арысы: Ахмет
Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып
Дулатұлы. Бес арыс жайлы және колледжіміздің батыр тұлғалары жайлы мәліметтер
колледжіміздің 1ші және 2ші қабаттарында да көрсетілген.
2-жүргізуші Аяулым: ХІХ ғасырдағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына қазақтың
әйгілі ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б. зор үлес
қосты. Олар халықты бірлікке, Ресей империясының отаршылдық саясатына байланысты
қалыптасқан жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделуге шақырды.
Топ өз шығармаларымен ортаға шығады /Аяулым, Ерали, Алихан Т., Темирлан, Расул,
Досжан, Мади/
3-жүргізуші Алихан: Ұлы Отан соғысының шежіресінде Бауыржан Момышұлы, Талғат
Бигелдинов, Иван Павлов, Сергей Луганский, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, Әлия
Молдағұлова, Мәншүк Мәметова секілді қазақ жерінен шыққан батырлардың есімдері алтын
әріппен жазылған. Сонымен қатар колледжімізден шыққан батыр тұлғаларымызды да естен
шығармауымыз керек.
Әдеби монтаж:
Мирас: Сергей Ильич Морозов 1939 жылғы қаржы техникумының түлегі. Кеңес
Одағының Батыры, Ленин, Қызыл Жұлдыз, Қызыл Ту ордендерімен марапатталған. 1943
жылдың 23 қазанында Мелитополь қаласы маңында жауынгер тапсырмасын орындауда, ол
өзінің лаулаған ұшағын жау танкілерінің шоғырына бағыттады.
Амина: Петр Филлипович Железняков 1939 жылғы қаржы техникумының түлегі.
Кеңес Одағының Батыры. Ұлы Отан соғысы жылдарында 108-гвардияшылар штурмалық
авиация полкінің эскадрилия командирі болды. Соғыс кезінде 16 жау танкісін, 87
автомашинасын, 47 теміржол вагондарын, 16 ұшақты жойды. Ерен ерлігі үшін Ленин
ордендерімен, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, 3 мәрте Қызыл Ту ордендерімен, Александр
Невский, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.
Даниель: Әйткеш Абайұлы Ибраев Семей облысы, Жаңасемей ауданы,
Новобаженово ауылында туған. 1944 жылы Янчево деревнясындағы ұрыста ерекше ерлік
көрсетті. Ленин орденімен, 2 мәрте Қызыл Жұлдыз, 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен
марапатталған. Техникум оқушылары арасынан 1942 жылы Қызыл әскер қатарына
шақырылды.
Алихан С: Кенжебек Шәкенұлы Шәкенов Семей облысы, Жарма ауданы, «Боко»
кеншарында туған. Кеңес Одағының Батыры. 1943 жылдың қыркүйек айында Днепр өзенін
алғашқылардың бірі болып жүзіп өтті. Ленин орденімен, I-ші дәрежелі Отан соғысы
орденімен марапатталған. 1961-1964 жылдары техникум директоры.
Ерали: Рымбек Смақұлы Байсеитов Ұлы Отан соғысы ардагері, Қазақстан
Республикасының еңбек сіңірген экономисі. 1974-1984 жылдары қаржы Министрі. Екі Қызыл
Ту ордендерімен, Халықтар достығы орденімен, «Құрмет белгісімен», «Қаржы ісінің үздігі»
белгісімен марапатталған. Ұлы Отан соғысы ардагері, Отан соғысы орденімен, және
жауынгер медальдарымен марапатталған. Р.С.Байсеитовтың аты, Семей қаржыэкономикалық колледжіне және Семей қаласының көшелерінің біріне берілген. 1949 жылғы
Семей қаржы-экономикалық техникум түлегі.
Расул: Роллан Мусин-Қазақ ССР-інің Еңбегі сіңген мұғалімі, Ұлы Отан соғысының
ардагері, Қазақстан Республикасының үздік қаржыгері, «Құрмет» орденінің иегері, Семей
қаласының Құрметті азаматы, әскери қолбасшы, Құрметті директор. Ұлы Отан соғысындағы
ерлік істері үшін Роллан Мусин Ұлы Отан соғысының «1-дәрежелі» «2-дәрежелі» ордені мен
«Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Биыл Роллан Мұсаұлы Мусиннің туғанына 100 жыл.
Барлығы бірге: Ұлыларымыздың есімдері мәңгі жүрегімізде
3-жүргізуші Алихан: Топ сағаты барысында атап өткен ұлы тұлғалар Ұлы даланың
бір сыпырасы ғана және әр ұлы тұлғаның өмір жолына үңілетін болсақ үлкен өнеге алуға
болады.
1-жүргізуші Ерали: Ұлтымыздың мәңгілігін ойлаған ұлы бабаларымыздың жүріп
өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – әр бір ұрпақтың жадынан шықпайтын
қастерлі борышы деп білеміз.
2-жүргізуші Аяулым: Ұлы тұлғаларды тағылымдары мен ойтолғамдары бізге
келешекке қанат бітірердей әсер береді. «Тарихын білмеген, түбін білмес» деген қанатты
сөзді санамызға сіңіріп, өсіп келеміз.
1-жүргізуші Ерали: Біздің бүгінгі «Ұлы даланың ұлылары» атты ашық топ
сағатымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет,
Жүргізушілер бірге: аман-сау болыңыздар!!!

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)