Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Ұлы дарын иесі - Мұхтар Ғалиұлы Арын" тағылымдық іс-шара, 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, оқушыларға арналған, ұлы тұлға жайында танымдық ақпараттар жинақталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ұлы дарын иесі – Мұхтар Ғалиұлы Арын» атты тәрбиелік іс-шараның бағдарламасы

Өткізетін күні: 19.04.2021

Сынып: 5


Іс-шараның мақсаты:

  • Мұхтар Ғалиұлы Арынның өмір жолымен танысу;

  • тағылымдық мәні зор шығармашылық жолын оқыта отырып оқушыларды тәрбиелі және өнегелі болуға тәрбиелеу;

  • ұлттық құндылықтарымызды жас ұрпақтың бойына дарыту.

Кәусар: Армысыздар, құрметті қонақтар мен ұстаздар!

Нұрасыл: Қайырлы күн, жас достар!

Кәусар: Білімге бастар қасиетті құт мекен,

Лицейім деп әр шәкірті жыр еткен.

Ұстазы ұрпағына білім беріп,

Дарындылық жолында туын тіккен.

Лицейішілік «Арын тағлымы – ұрпаққа үлгі» апталық аясында қашықтан ұйымдастырылып отырған «Ұлы дарын иесі – Мұхтар Ғалиұлы Арын» атты тәрбиелік іс-шарамызға қош келдіңіздер!

Нұрасыл: Еске алып өткенді сағынады,

Ата-баба дәстүрі жалғасады

Ұшан-теңіз ұлылықты паш еткен,

Мұхтар Арын –қазақтың дара тұлғасы

-демекші бүгінші тағылымдық мәні зор шарамыз, ұлттық құндылықтарымыздың ерекшелігін айқындап берген Ұлы дарын иесі - Мұхтар Арын Ғалиұлы атамыздың өмірі мен шығармашылық жолына арналады.

Кәусар: Олай болса, балалар, халық перзентіне айналған Мұхтар Арын атамыздың өнегелі өмір жолына тоқталайық.

І. Мұхтар Ғалиұлының өмір жолы туралы естеліктер


1-оқушы. Құдайберген: Мұхтар Ғалиұлы Арын атамыз 1936 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Әкесі Арын Дәуренбекұлы кезінде Лепсі стансасындағы теміржол мектебінің директоры болған. Анасы Қанипа Сүлейменқызы өз қатарының алды әрі білімді адам болған.


2- оқушы. Аскан: Әкесінен бір жарым жасында, ал анасынан 11 жасында ерте айрылып, нағыз молда әрі өткен тарихтан хабары мол, салт-дәстүрімізді аялаған, айналасына беделді болған әкесінің туған ағасы Ғалидың қолында тәрбиеленген. Өз естелігінде: «Ғали аруағы риза болсын деген ниетпен төлқұжатыма «Мұхтар Ғалиұлы Арын» деп жаздырттым» деп мақтанышпен атап көрсеткен.


Нұрасыл: «Білім –өмір азығы» -демекші Мұхтар атамыз білім берген ұстаздарының үміті, мектеп қабырғасында барлық пәнге ықыласпен зейін қойып оқитын білімге жаны құмар оқушылардың бірі болған.

ІІ. Мұхтар Ғалиұлының жастық шағы

3-оқушы. Анел: 1942-1953 жылдар аралығында Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Гоголь атындағы орта мектепте білім алған. Мұхтар Арын атамыз мектепте оқушылардың, ал институтта студенттердің ең алдыңғы қатары бола білген тұлға.


4-оқушы: Уалихан:1953-1957 жылдар аралығында Алматы қаласы Шет тілдер институтында неміс факультетінің «Неміс тілі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.


ІІІ. Өмірінің мәні - өнегелі отбасы

5-оқушы: 5б Ерасыл: «Өмірінің мәні – өнегелі отбасы» - демекші Мұхтар атамыздың отбасына тоқталсақ. Отбасының қазығы, мейірімді ана, сүйікті жары – Райхан Бердіқожақызы. Мамандығы – дәрігер. Ал, әке тәрбиесін көріп, ұлттық санада өскен ұлдары Ерлан Мұхтарұлы мен Нұрлан Мұхтарұлы. Ал, немересі Абай.


ІҮ. Мұхтар Ғалиұлының алғашқы еңбек жылдары

6-оқушы: Ақбаян

  • 1957 жылы Алғашқы еңбек жолы Алматы Шет тілдер институтында оқытушылық қызмет атқарудан басталады.

  • 1961 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институының «Неміс тілі» кафедрасы жанындағы аспирантураның күндізгі оқу бөліміне аспирант болып қабылданады.

  • 1964 жылы шет тілдер кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады.


Ү. Мұхтар Ғалиұлының ғылыми еңбек жолы

7-оқушы: Инкар

  • 1968 жылы 8 қазан Ғылыми кеңес шешімімен «Неміс тілі граматикасы» кафедрасының меңгерушісі тағайындалды.

  • 1972 жылы 19 сәуір Ресейдің Калинин мемлекеттік университеті жанындағы диссертациялық кеңесте филология ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған кандидаттық диссертациясын қорғады.

  • 1973 жылы Ғылым кандидаты дипломын (МФА № 008100 Москва, 27 июль) иеленеді.

  • 1977 жылы 5 қазан СССР Министрлер Кеңесі жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының шешімімен доцент ғылымы атағын алады.



ҮІ. Мұхтар Ғалиұлының басшылық қызметі

8-оқушы: Мерей

  • 1974-1980 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарды.

  • 1980-1983 жылы Қазақ ССР Ағарту министрлігінің бұйрығымен Оқу министрлігі жоғары оқу орындары бас басқармасына бөлім басшысы қызметіне тағайындалады.

  • 1983-1995 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогика институтынын ректоры кызметін атқарады.


ҮІІ. Мұхтар Ғалиұлының өмірінің соңғы жылдары

9-оқушы: Жанади

  • 1988 жылы Профессор ғылыми атағына ие болды.

  • 1989 жылы Ақтөбе облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып сайланды.

  • 1990-1995 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің депутаты болып сайланды.

  • 1995 жыл, 10-шы қыркүйекте Мұхтар Арын Ғалиұлы дүниеден өтті.


Ұлы дана рухына арналады

Кәусар: Қазақ тілінің тағдырына алаңдаушылық білдірген, егемендіктің алғашқы жылдарында ұлт мүддесін қорғайтын жүйелі заң шығаруға ықпал етіп, адалдық пен ар-намысты бәрінен биік қойған Мұхтар Арын атамызға зор құрметтер көрсету дәстүрге айналған.

(Кәусар мен Нұрасыл кезекпен мәнерлеп оқиды)

  • 1996 жылдан бері Қарғалы қазақ орта мектебі Мұхтар Арын атамыздың атымен аталады.

  • 1999 жылдың қыркүйек айында №24 «Экономика және бизнес» лицейіне белгілі ғалым, профессор Мұхтар Арын есімі берілген.

  • 2011 жылы шағын болса да, өз мұражайы ашылды. Ғалымға арналған мұражайдың салтанатты ашылуында лентасын қию рәсімі ғалымның жұбайы Райхан Бердіқожақызына тапсырылған екен.

  • Мұхтар Арын көшесі, 10. Бақалы ауылдық Мәдениет үйінің мекенжайы осылай аталады. Әрі Бақалы ауылдық Мәдениет үйінің алдынан еңселі ескерткіш-бюст ашылды.

  • Мұражай


ІХ. Мұхтар Ғалиұлының шығармашылығы

Нұрасыл: Ұлы дарын иесі -Мұхтар Ғалиұлы Арын атамыздың ұрпағына қалдырған мол мұрасы, ұлттық мәдениеттің бастауы –«Бес анық» туралы ой бөліссек.


10-оқушы. Аруна: Кемел, кемеңгер ғалымның «Бес анық» кітабында ұлттың келбетін анықтайтын бес құндылық туралы жүйелі ой-пайымдар жазылған. Мұхтар атамыздың «Бес анық» деп танытқаны: Бірінші анық – Тіл; Екінші анық – Дін; Үшінші анық – Дәстүр; Төртінші анық – Тарих; Бесінші анық – Атамекен. Шынында бұл бес құндылық қазақтың ұлт ретіндегі қасиеті мен болмысын, танымы мен тамырын, жаны мен рухын көрсетеді.


11-оқушы. Әнел: «Бес анық» - өз ұлтының өркениетті ұлт болып қалыптасуының Ережесі. Осы «Бес анық» арқылы Ұлттың да, адамның да рухани тұғырының биіктігі өлшенеді.





Х. Тәрбиеге толы нақыл сөздері

Кәусар: Дараның даналығын танытатын естеліктер, халықтың жүрегінен шыққан асыл сөздер ғалымның бойындағы бар қасиетін айқындай түседі.Оған дәлел, Мұхтар Ғалиұлы Арынның қанатты сөздері.

12-оқушы. Сардар: Адамгершілік, Парасаттылық, Зиялылық –әке қанымен, ананың ақ сүтімен, тәрбиемен келеді.

13-оқушы. Аружан: Ананың ақ сүтімен дарыған ана тілінен қасиетті ештеңе жоқ. Ана тіліңді білу- парыз, ал өзге тілді білу –өнер.

14-оқушы:Меруерт: Халықтың тәрбиелелігі -басты міндет. Тәрбиелі халық-өзін-өзі жолға қоя білген халық. Мектеп-пәндерді оқытатын орын ғана емес, Адамды тәрбиелейтін қасиетті орын.


Нұрасыл: Еске алып өткенді сағынады,

Ата-баба дәстүрі жалғасады.

Ұшан-теңіз ұлылықты паш еткен,

Мұхтар Арын –қазақтың дара тұлғасы

Кезекті Мұхтар Арын атамызға арналған арнау өлеңдерге береміз.

Арнау

5а Мейрбекова Айғаным

5ә Мұрат Аруна

5б Нургалиев Аскан


Кәусар: Кемел келешектің кілті - білімде, ал сапалы білім - болашақ жас ұрпақтың еншісінде. Сондықтан да бүгін білім алып отырған шәкірттеріміз ұлағатты ұстаз, ғұлама кемеңгер Мұхтар Ғалиұлы Арын атамыздың есімімен аталған лицейде білімнің кәусар бұлағынан сусындап, өз білімдерін жан-жақты көрсетеді деген сенім білдіреміз.


Нұрасыл: Осымен бүгінгі «Ұлы дарын иесі – Мұхтар Ғалиұлы Арын» атты тәрбиелік шарамыз аяқталды!

Сау - саламатта болыңыздар!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.06.2021
817
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12