№6
«Нұрай» бала бақшасы
Ашық сабақ: «Ұлы жеңіс
жасасын»
№10 «Асық» ересек тобы
Тәрбиеші: Шакенова
Г.А
Көкшетау
Тақырыбы:«Ұлы жеңіс
жасасын»
Мақсаты:
Балаларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны
қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға
патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен,
Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту.
Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге
тәрбиелеу.
Ән:
Ән
ұран.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, батырлар
суреттері.
Шаттық
шеңбер:
Күн нұрына алақанды
созайын
Жүрегіме басып ұстай
қалайын.
Нәзік, әрі жылы, әрі
мейрімді
Сонда дерек болып кетер
жан-жағым
Бүгінгі ашық іс-әрікетіміз Жеңіс күніне
арналады.Сабақты бастамас бұрын
балалар
Ұлы Отан соғысында құрбан
болған жандарды 1 минут тыныштықпен еске
алайық .
(балалар тұрады,бір минут
тыныштық)
9-мамырда барлық адамдар мен соғыс
ардагерлері, тірі қалған батырларымыз өз ордендері мен медальдары
Жеңіс күніне тағып шығады
9 мамыр Жеңіс күні мерекелік
оттшашумен аяқталады. (Сурет
көрсету)
Тәрбиеші: Соғыста Кеңес Одағының бірге біздің
Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы
күштердің және еңбек армиясының құрамында млн қазақстандықтар
болған. Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл
соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің
батыр апаларымыз Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мамбетова ерлік
көрсетіп, батырлықпен қаза тапты. Бауыржан Момышұлы екінші
дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы қазақтың
көрнекі жазушысы.
- Балалар Отан - туған жер туралы
тақпақтар.
Нураби:
Отан үшін жанымызды
береміз,
Отан үшін барлығына
көнеміз.
Отаның да, ананың да
алдында,
Осы өмірде парызды өтеп
кетеміз.
Бернур:.
Сарқылмайтын
қуатым,
Тірегімсің сен
Отан.
Мәңгі соғып
тұратын,
Жүрегімсің сен
Отан.
М.Әділ:
Отан - сенің, ата -
анаң,
Отан - досың
бауырың.
Отан - өлкең,
астанаң,
Отан - аудан,
ауылың.
Отан туралы
мақал-мәтелдер:
Отан от басынан
басталады.
Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам — ормансыз
бұлбұл.
Отансыздың оты жанбайды.
Отан үшін еңбек етсең халқыңның сүйген ұлы
боласың.
Отан үшін отқа түс —
күймейсі.
Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға
батпайды.
Тәрбиеші: Балалар мына суретке назар
аударайық қалай ойлайсындар мынау
қандай ескерткіш? Ол қалай
аталады?
Балалар:
Бүл белгісіз солдаттын
ескерткіш.
Тәрбиеші:
Ал бұл Белгісіз? (балалардың жауаптары) - Бұл
сол соғыс даласында қаза тапқан солдаттардың ескерткіші.Соғыс
кезінде барлық жауынгелерді бірге с бір жерге көмген,олардың тегі
мен есімдері белгісіз болған..Ал ең басты ескерткіші, белгісіз
солдат сарбазға орналасқан Мәскеуде, Қызыл алаңда. Әрқашан Мәңгілік
алау жанып тұр. Ал ол бейнелейді?
Тәрбиеші:Мәнгілік алау біздің ержүрек сарбаздарын,
мәңгілік естелік ерліктері туралы
бейнелейді
Д.О Медальдардың арасынан «Алтын медальын»
табу
Ұзақ жылдар бойы соғыс кезіңде біздің
жауынгерліріміз көптеген батырлық істер, ерліктер жасады, Ерліктері
үшін жауынгер, орден және медальдармен марапатталды. Даңқ
орденімен, "ерлігі Үшін" медалі және т. б. Бірақ жоғары наградасы
Кеңес Одағының Батыры жұлдызы болып табылады. Тәрбиеші медальдарды
көрсетеді .
Тәрбиеші:-
Иә сұралып соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан
айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала
әкесін күте бер.
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан
ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты.
Зұлымдық басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы
нығая түсті.
Гүлсара: Жеңіс келді
далама,
Жеңіс келді
қалама,
Жеңіс келді әке
боп
Елдегі көп
балаға
Анеля: Жеңіс келді ән
болып,
Келді ауылға сән
көрік
Жеңіс келді
алақай,
Ұмытылмас
мәңгілік.
Тамирлан: Жүйрік озар
әйгілі
Күні бүгін
бәйгенің
Ура, Ура
балалар!
Тоғызыншы май
бүгін.
Жангир:Шекарада солдат
тұр.
Ел бақытын қорғап
тұр.
Көңілденсін
ағалар,
Амандық хат жолдап
тұр.
Дария:
Тоғызыншы
мамырда,
Гүл қоям
алау-қабырға!
Еске алып
атамды.
Үн қосамын
дабырға.
Нұржан.
Бұлт түнеріп
аспаннан
Талмай көзден жас
тамған
Тұтқиылдан жау
тиіп
Қырғын соғыс
басталған
Алан:
Естідім-ау Жеңіс
күнін
Дүрілдейді көк пен
жер
Күрескердің арманы мен
ұраны
Қуаныш пен мерекенің
бұланы.
Айзара:
Тыныштық! Жаса
тыныштық!
Осы сөз бізге тым
ыстық.
Көркейе берсін
еліміз,
Көбейе берсін
ырыс-құт!
Шығармашылық
бөлім- балалар ашық хаттар
композицыясын жасайды «Қалампыр»гүлін «торцевания» техникасы
бойынша.
Балалар мен сендерге қалампыр
гүлін жасауды ұсынамын. Ертеден бұл гүл Жеңістің символы болып
есептеледі. Қалампыр гүлі төзімділіктін белгісі. Қалампыр ерлік,
тектілікті
бейнелейды.
Тәрбиеші:
Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз:
Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәмбетова, Әлия Молдағұлова, Мәлік
Ғабдуллин, Талғат
Бигелдинов.
Ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің
амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған ерлерге тағзым
етеміз. Олар еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақ өмірін, халықтың
бақыты мен қуанышын сақтап қалды. Ардагерлер ерліктері арқасында
біз осы күнге жеттік. Біздің өз қалауымызбен еркін өмір сүріп,
шаттана күлгеніміз бәрі де сол Ұлы Отан соғысы жеңісінің жемісі.
Әрине соғыс болмасын!
Біздер соғысқа қатысып батыр болмайық. Біз
бейбіт күннің батырлары болуға тырысайық. Ел үшін аянбай еңбек
етіп, білім, өз жеріміздің, патриоттары
болайық.
Ерасыл:Аты
аңыз, жыр қылып,
Елдің батыр түлегі.
Әр
жүректе тұр күліп,
Әлия атты батыр қыз.
Айдар: Мәншүк апай батыр қыз
Ардақтаймыз атын біз!
Ұқсап Мәншүк апайға
Өсіп келе жатырмыз!
Әділ: Қайтпаған жауыннан Қаһарман
Бауыржан
Қан
ішер фашисті
Қырды ол мыңдаған.
Ерлігі әрқашан
Есімде сақталады
Ұрпағы ұмытпайды
Өмірінен үлгі алады.
Тәрбиеші:
Балалар, біздің шекараны кім
қорғайды?
Балалар:
Солдаттар.
Шекарада солдат
тұр,
Ел бақытын қорғап
тұр.
Көңілденсін
ағалар,
Амандық хат жолдап
тұр.
Қазіргі кезде Жеңіс күні адамдар кеудесіне
батырлық лента іледі,бұл белгі біздің халықтың еңбегіне сіңірген
жауынгерлердің еске түсіру белгісі.
Лентадағы түстер нені
білдіреді?
Балалар: Қара түс-түтінің
белгісі,қызғылсары-оттын белгісі.Бүгін менде сендермен осы белгімен
бөлгіскім келеді,сендерде арқашан соғыста біздің еліміз жеріміз
үшін күрескен батырларды,аталарымызды есте сақтап
жүріндер.
Ән:
«Жойылсын жалғыс сөз соғыс
деген.»
Тәрбиеші:
Осымен «Ұлы жеңіс - жасасын» атты тақырыпты
сабағымыз аяқталды.