400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ


Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлы Жеңіске тағзым» атты 11-сыныптардың арасындағы шаңырақтар шеруі жоғары деңгейде аталып өтті.

Аталмыш іс-шараға ардагерлер арнайы шақырылып, оқушылар мен ұстаздар оларды зор құрметпен қарсы алды. Бұл - жас ұрпақтың тарихқа деген терең тағзымы мен ұлт батырларына деген шынайы ризашылығының жарқын көрінісі болды. Оқушыларға әділ баға беру үшін мектеп директоры Ахмадиева Құралай Тлеубердіқызы, Алғашқы әскери дайындық мұғалімі Бешимбаев Руслан Назарбекович және Астана қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің Алғашқы әскери дайындық мұғалімі, ауған соғысының ардагері полковник Аубакиров Нуралы Казтаевич мырза әділқазы алқасы болып тағайындалды. Ұлы Жеңісті жақындату жолында тылда тынымсыз еңбек еткен ардагерлер Жармакин Олжабай Қайкенұлы, Изаков Тендік, Дорофеева Валентина Дмитриевна, Жәкенова Сақым, Жақжанова Заря Биляловна, Ісбаева Жұмагүл, Пшембаев Кияш, Дарменов Молдағали Қаратышқанович шараның құрметті қонақтары болды.


Ш араны мектеп директоры Құралай Тлеубердіқызы салтанатты түрде ашып, Жеңіс күнінің маңыздылығы туралы тебірене сөз сөйледі. «Ұлы Жеңіс - халқымыздың қажыр-қайраты мен бірлігінің, елдік рухының символы. Бұл - бізге аманат болған бейбіт өмірдің бағасын ұғындыратын күн. Бүгінгі жас ұрпақ елін сүйетін, тарихын құрметтейтін азамат болып өссін деген ниетпен осындай шаралар өткізіп отырмыз», – деді ол өз сөзінде.

Мектеп алаңында сап түзеген 11-сынып оқушылары марш жасап, қонақтарға әскери тәртіппен құрмет көрсетті. Жоғары дайындықтарын көрсетіп, саптық қимылдарды нақты әрі жинақы орындай білді. Олардың ерік-жігері мен жауапкершілігі, ұйымшылдығы мен тәртібі көпшілікті тәнті етті. Шеру барысында әр сынып өз өнерін көрсетіп, патриоттық рухта безендірілген әскери қимылдар мен ән шырқау арқылы көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады. Сондай-ақ, автомат Калашниковты жинау және бөлшектеу бойынша сайысқа түсті. Өзара шеберліктерін көрсетіп, командалық рух пен патриоттық сезімдерін танытты. Шара соңында ең үздік өнер көрсеткен сыныптар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.


Шара соңында қадірлі қонағымыз, бүкіл ғұмырын білім мен ғылымға арнаған ғалым Жармакин Олжабай Қайкенұлы өз естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа ақ батасын берді. Ардагерлерге гүл шоқтары тарту етіліп, мектеп атынан алғыс хаттар ұсынылды. Сонымен қатар оқушылар домбыра тартып, күй шертіп ұлттық құндылығымызды дәріптеді.

Бұл шара - жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіріп, тарихты құрметтеуге, ерлікті бағалауға бағытталған игі қадам, ерлік пен жауынгерлік рухты еске алып, тарихқа тағзым етуге арналған маңызды сәт болды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған саптық шеру - өткенге тағзым, бүгінге мақтаныш, болашаққа үміт деп бағаланары сөзсіз.



Хусаинова Роза Амирбековна, Сагинган Назерке Бериккызы,

Астана қ., Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 мамыр
40
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі