Материалдар / Ұлы Жібек жолы және сауда.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ұлы Жібек жолы және сауда.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал барша оқушылар,мұғалімдер үшін пайдалы.Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2021
498
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Тарих, экономика және құқық факультеті

ҚР тарихы кафедрасы












РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және сауда.












Тексерген: Мухангалиева Ж.К.


Орындаған студент: Габдушева Г.С.














Орал – 2021 ж.


МАЗМҰНЫ



КІРІСПЕ ....................................................


1 Ұлы Жібек жолының тарихы мен дамуы.

1.1Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.

1.2 Ұлы Жібек жолының саудасы мен тауарлары


2. Жібек жолының бойындағы қалалар

2.1 Жібек жолы бойындағы пайда болған ортағасырлық қалалар, соның ішінде Отырар, Түркістан және Тараз.

2.2 Ұлы Жібек жолы бойындағы Оңтүстік Қазақстан территориясындағы қалалар шежірелі Сайрам сондай-ақ Сарайшық .


3. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.

3.1 Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері.

3.2 Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы.

3.3 Ұлы Жібек жолының тарихи маңызы



ҚОРЫТЫНДЫ .............................................

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ






























КІРІСПЕ



Еуразия құрлығындағы сауда, керуен жолдарының жалпы атауы, біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдан ХҮІ ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырды. Чжан Цяньның жасаған саяхаты нәтижесінде біздің заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырда ашылды. Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты «Жібек жолы» деп атанды. Ал «Ұлы» сөзінің оған қосылуы жолдың кең байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстыруы. Сондықтан бұл жол «Ұлы Жібек жолы» деп аталды. Тарихи маңыздылығы жоғары тарихи процестердің бірі Ұлы Жібек жолы екендігі белгілі. Қарастырылып отырған тарихи кезеңнің басқа процестерден айырмашылығын атап көрсетсек:
-байланысты мұсылмандық діни орындардың (мешіт, шығыс моншалары, ғибадатханалар, мавзолейлер т.б.) салынуы;
-жер жаһанның барлық территориясын белгілі дәрежеде қамтуы;
-әлемдік өркениеттердің осы маршрут барысында бір-бірімен ассимляцияға түсе отырып, саяси-мәдени жаңа өркеиеттердің қалыптасуына өз әсерін тигізді;
Қарастырылып отырылған тақырыптың негізгі маңыздылығы бүкіл аумақты толықтай қамтуында. Ұлы Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле мен Ыстықкөлге жетеді.
Жалпы, Ұлы Жібек жолы сол кезеңде территориямызда мекендеген көшпелі өркениетті қалыптастырушы мемлекеттік бірлестіктердің әлемдік аренада өз дәрежесін тигіздірді.
Жүздесу мен тілдесу және алыс-беріс байланыстары б.з.дейінгі ІІІ-ІІ-мыңжылдықтарда басталған. Бадахшан тауынан лазурит және Хотан маңындағы Яркендария өзенінің жоғарғы жағынан нефрит кен орындары табылып, оларды өндіре бастауға сәйкес бұл байланыстар реттеліп, жөнге келтіріледі. . «Ұлы Жібек жолының» ұзындығы 7 мың шақырымнан асты». ХХ ғасырда «Ұлы Жібек жолы» Шығыс пен Батыс халықатарының арасындағы қалыптасқан бейбіт қарым-қатынасты әрі қарай дамытуда маңызды роль атқаруда.

Тақырыптың маңыздылығы соншалық, тарихи қиын процестерден өте отырып, қазіргі таңда осы жол торабының елдерді байланыстыру пайдалылығын ескере отырып, құрлық транспортын дамыту нәтижесінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолының салына бастауы.







1.Ұлы Жібек жолының дамуы мен тарихы
Б.з.дейінгі І-мыңжылдықтың орта кезінде Қара теңіз өңірінен Дон бойына, содан Оңтүстік Орал өңірініңдегі савроматтарға, Ертіске, одан әрі созылып Алтайға, жоғары Ертіс пен Зайсан көлі алқабын мекендеген аргипейлер еліне кететін Дала жолы жұмыс істей бастаған еді. Осынау жолмен жібек, ұлпандар мен терілер, иран кілемдері, асыл металдардан жасалған бұйымдар сауда арқылы таратылып жататын.Қымбат бағалы жібек түрлерін таратуға сақтар мен скифтердің көшпелі тайпалары да қатысқан, осылардың дәнекерлік демеуі арқасында сол кез үшін таңсық болған бұл тауар орта Азия мен Орта теңіз аймағына дейін жетті.
Б.з.дейінгі ІІ ғасырдың орта шенінде Жібек жолы елшіліктің және сауда-саттықтың тұрақты желісі ретінде қызмет атқара бастайды.ХІ-ХІІ ғасырларда Қытайдан шығып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы Батысқа қарай өтетін жол бәрінен де жанданып кетеді. Жолжың бұлай ауытқуын бірнеше себептермен түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азиямен жүретін сауда жолдарын бақылайтын Түрік қағандарының ордалары болатын. Екіншіден, Ферғана арқылы жүретін жол VII ғасырда ішкі қырқыс салдарынан қауіпті болған еді, үшіншіден, аса бай түрік қағандары мен олардың айналасындағы аса көп тұтынатындар қатарынан саналатын.
VII-XIV ғасырларда елшілік сауда керуендерінің дені Жібек жолымени жүретін. Сан ғасырлар бойы тынымсыз өзгеріп отырған, оның бір учаскілері айрықша маңыз алып, көрекйіп жатса, екінші бір учаскілері жабылып, ондағы қалалар мен сауда бекеттері қаңырап бос қалған. Мәселен, VI-VIII ғғ. Негізгі күре жол Сирия-Иран-Орта Азия-Оңтүстік Қазақстан-Талас алқабы Шу алқабы-Ыссық көл шұңқыры-Шығыс Түркістан болған. Осынау жолдың бір тармағы, дәлірке айтсақ, тағы бір тармағы Византиядан шығып, Дербент арқылы Каспий өңірі даласына-Маңғыстау-Арал өңірінен өтіп, Оңтүстік Қазақстанға жеткен. Бұл жол сасанилар Иранына қарсы, Батыс Түрік қағанаты мен Византия арасында сауда-елшілік одағы жасалған кезде, Иранды айналып өтетін болған. ІХ-ХІІ ғғ. Жолдың бұл желісі, Орта Азия мен Таяу Шығыс арқылы Кіш Азия мен Сирияға, Мысыр мен Византияға баратын холға қарағанда, едәуір аз пайдаланылған, ал ХІІІ-ХІV ғғ. қайтадан жанданады. Құрлықтағы саяси хал-ақуал елшілер мен саудагерлердің және басқа да саяхат-серуенде жүрген адамдардың қай жолды таңдап алатынын анықтап отырған. VI ғасыр екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан, Кореядан Қара теңізег дейін созылып жатқан орасан зор көшпелі империя Түрік қағанатының құрамына енеді. VI ғасырдың соңғы кезеңінде Ұлы Жібек жолының Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қамтитын учаскесі өзгеше жанданып, осы аймақтың қалалық мәдениетін өркендетуге көп көмегін тигіеді. Жетісуда ол бірқатар қалалық ортаоықтардың тууына әсер етсе, Қазақстаннның оңтүстігінде қалалардың тез көркеюіне себепші болады. Орта Азия арқылы Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуға келген сауда жолы ХІV ғасырға дейін, қашан ішкі қырқыстар мен соғыстар қала мәдениетін аздырып-тоздырғанға дейін, Қытайға баратын теңіз жолы игеріліп, бұрынғы көне жолдың жұлдызы сөнгенге дейін жұмыс істейді.

1.1 Ұлы Жібек жолының бағыттары мен тармақтары.
Егер Ұлы Жібек жолымен батыстан шығысқа қарай жүрсек, оның Қазақстандағы учаскесі Шаштан (Ташкент) шығып, Тұрбат асуы арқылы Испиджабқа, Сайрам (Сарьямға) келеді. Ежелге қаланың аты осы күнге дейін сақталған. Шымкент түбіндегі бір қыстақ тап осылай аталады, оның дәл кіндік тұсында Ұлы Жібек жолындағы бір кездегі ең ірі орталықтардың бірі болған орта ғасырлық қала жұртының қалдығы сақталған. Испиджабтан құлдарды, бөз маталарды, қару-жарақты, семсерлерді, мыс пен темірді әкетіп жатқан.
Испиджабтан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барады екен.Қазақстанның аса ірі қалаалрының бірі Тараз VI ғасырдан бұрын белгілі болған. 568 жылы түрік қағаны Дизабұл Византия императоры Юстинианның стратег Земарх бастап келген елшілігін тап осы қалада қабылдаған. Бастаухаттар оны көпестер қаласы деп атаған. Мұның үстіне ол түркештердің, содан кейін қарлұқтар мен қарахандардың тарих орталығы болған.
Таразбен қатар Жамухат деген шаһар тұрған, ол да VI ғасырда хатқа түскен. Жамухаттыңжәдігерліктері Талас алқабында, Жамбылға таяу жерде, Талас өзені маңындағы Михайловка селосына қарама-қарсы бетте бетте жатыр, оның үйінділерін қазір Қостөбе деп атайды. Алқаптың жазық жағында Атлах қаласы бар, 751 жылы оның түбінде осы араны ықпалында ұстау үшін арабтар қытай әскерімен шайқасқан болатын. Тараздан таяқ тастам жерже, Талас бойымен төмен, теріскейге қарай кететін сауда жолы үстінде Адақкет пен Дех Нуджикес қаласы тұратын. Талас алқабының таулы бөлігінде сол сияқты Шелжі, Сұс, Күл және Текабкет деген қалалар болған. Олар күміс кендеріне жуық жерде орналасқан.
Қырмыраудан жол салдырып отырып, Жетісудің ең ірі қалаларының бір – Наукентке (Қытайша Синчэн) апаратын. Бұл екі атау да Жаңа қала деп аударылады. Наукент түрік қағандарының сарай және соғдылардың қаласы болған.Жол Науакенттен шыққасын Пенджикент (Бунджикент), арқылы Жетісудың аса үлкен қаласы, Батыс Түріктерінің астанасы (кейін түркештер, қарлұқтар астанасы) Суябқа келеді. Бұл қала туралы қытай, араб саяхатшылары Х ғасырға дейін жазып келген. Соңынан астана рөлі Баласағұнға көшеді, тегі оның ертеректегі аты Беклиг немесе Семекна болса керек. Баласағұн қарахандардың, сосын қарақытайлардың астанасы ретінде белгілі, оны кейін ХІІІ ғ.бас кезінде қарақытайлар қиратады. Қала содан қайта салынады, бірақ ХIV ғ.қайта ойрандалады. Бұл қалалардың тұрған жері қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде және орта ғасырдың көпке белгілі екі ескерткішіне – Ақбешім мен Боран.
Х-ХІІ ғғ. Жібек жолының бір тармағы күллі Іле алқабын оңтүстік-батыс жағынан көктей өтіп, солтүстік шығысқа қарай кетеді екен. Бұл тармақ Наукенттен басталып, Бунджикен және Қастек асуы арқылы жүріп, Іле Алатауының теріскей жоталарына әкелген. Әлгі асуға тағы бір жол Баласағұннан келетін болған.
Іле алқабына басқа жолмен де келе еді екен: Құлан мен Аспарадан немесе Нұзкенттен шығып, Шудың орта және төменгі ағысындағы қалаларға барған. Сосын Тасөткел қайраңынан өтіп, жол Шу – Іле тауларының теріскей жоталарын жағалап келіп, Іле Алатауының теріскей бетіндегі қаларды қуалай жүрген.
Сырдария бойын қуалай жүретін керуен жолы үстіндегі қалалардың ірісі Отырар-фараб пен Шавғар екен. Бірінші қаланың аты Арыстың Сырдарияға барып құятын жеріне жақын орналасқан, аса үлкен қалажұртының атына сақталып, осы күнге дейін жеткен.
Жібек жолының Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін негізгі арқауынан жол тарамдалып, терістік пен шығысқа қарай, Орталық және Шығыс Қазақстан аудандарына кейін, Сарыарқа атымен мәлім болған Шығыс Дешті Қыпшаққа, Ертіс жағалы мен Алтайға, Моңғоияға асып кетеді екен. Осы арамен атты көшпелілер тайпалары жүретін дала жолы өткен. Сөйтіп малға, жүн мен теріге, металға бай Орталық Қазақстан аймағы сауда-саттық байланыс жүйесіне, оның ішінде халықаралық жүйеге тартылып, көптеген керуен сүрлеулері арқылы Жібек жолы торабымен тоғысады.
Тараздан шыққан тағы бір сауда жолы Адахкес пен Дех-Нуджикес қалалары арқылы Ертіс жағасына, Қимақтар қағанының сарйына барып, одан әрі асып, Енисейдегі қырғыздар еліне тартатын болған.
Жолдың өзге бір желісі Теріскей-Іледегі Шеңгелді маңынан шығып, Көктал мен Бояулы керуен сарайлары арқылы Балқаш өңіріне, сосын Іеден тарайтын Ортасуды жиектеп, сол арадағы Ақтам қала жұртының орнын басып, көлдің түскейінен 8 шақырым бұғаз арқылы теріскейіне шығады. Керуендер бұғазды кешіп өтіп, Тоқырауын өзенінің құярлығына жуық жерден шығады екен дағы, оның бойын қуалап, әрі Ұлытау жоталарына кетеді екен.
Теріскей-Іле жолының бір желісі Алакөлді батыс жағынан айналып өтіп, Тарбағатай арқылы Ертіске, қимақтар мемлекетінің жеріне жеткен. Тарбатайда, Ертіс жағалауында Қимақтың Банджар, Ханауыш. Астүр, Сисан секілді қалалары және айналасы бекіністі қамалмен қоршалған, қақпалары темірмен құрсалған орасан зор қал – «қағандар астанасы» орнасқан еді. Қимақтың қалалары сауда жолдары арқылы Енисейдегі қырғыз, Моңғолиядағы ұйғыр қалаларымен, Шығыс Түркістанның аймақтарымен байланысып отырған.
















1.2 Ұлы Жібек жолының саудасы мен тауарлары
Жібек жолы әуелгі кезде қытай жібегін шетелдерге шығаруға қызмет еткен. Сосын реті келген кезде Рим мен Византиядан, Үндістан мен Ираннан, Араб халифатынан, кейінірек Еуропа мен Русьтен оснау күре жолмен мирри мен ладан, жасмин суы мен амбра, кардамон мен мұсқат жаңғағы, женьшень мен питонның өті, кілемдер мен маталар, боялар мен минералдық шикізат, гаухар мен яшма, янтар мен кораллдар, пілсүйегі мен «балық сояулары», құйма мен алтын, ұлпандар мен теңгелер, садақ пен жебелер, семсеп мен сүңгілер т.б. көптеген заттар әрлі-берлі тасылып жатқан. Жібек жолымен сауда салу үшін Ферғананың атақты «тері қан болып шығатын» сәйгіліктері мен араб арғымақтарын, түйелері мен пілдерін, мүйізтұмсықтар мен арыстандарды, ілбіс пен жайранды, қаршығалар мен тауықты, тоты құстар мен түйеқұстарды алып жүрген.
Жібек жолы арқылы жүзім, шабдалы мен қауындар, бұрыш, қалампырлар, қант, көкіністер мен жемістер, түрлі көктер әлемгі таратылған.
Дегенмен сауданың басты жиһазы жібек екен. Алтынмен бірге ол халықаралық алюта болған, оны хандар мен елшілерге тарту еткен, жалдамалы әскерге жалақы етіп берген, мемлекеттік қарызды сонымен төлеген.
Керуен жолымен тасылатын жіек пен басқада тауарлардың бір бөлегі қазақ даласының қалаларында қалып отырған. Археологиялық олжалар — соның айғағы.
Сондай сирек кездесетін және халықаралық сауданы зерттеуге аса қажет олжаның қатарына Отырардың күміс көмбесі жатады екен. Ол өзінің құрамы жағынан ақшалы-заттық олжа екен. Осынау теңгелер қоймасы шар-тараптан жиналыпты. Оның ішінде: Шығыс Түркістанндағы Алмалық, Пулад, Емил (Омыл) Орда әл-Азам теңге сарайлары, еуропалықтан – Қырымның, кішіазиялықтан – Сиваси, Кония, Тебриздің, Қазақстаннан – Жент теңге сарайларының өнімдері бар. Теңгелерді шекіген кез – ХІІІ ғ.
60-жж. Екінші жартысының шамасы. Көмбеде Жібек жолы үстінде тұрған қалалардың «өзіндік карточкалары» бар.
Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль модалары да таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар белгілі этникалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген тап бола қалса, кеңінен тарп кетеді екен.
Мәдениеттердің өзара ықпалы және бірін-бірі байытуы
Орта ғасырдың бастапқы кезінде Азияда аса кең аймақтары мен елдерінің бейнесі ретінде әлемнің төрт патшалығының концециясы етек алып алыпи жайылған еді. Осынау «әлем патшалығының» әрқайсысы замандастарының көз алдында өзіне ғана тән артықшылығымен дараланған. Сүй әулеті (589-618 жж.) мен Тан әулеті (618-907 жж.) өкіметтерінің қол астында біріккен Қытай, Үнді билеушілерінің патшалықтары, Тынық мұхиттан бастап, Қара теңізге дейінгі Түрік бірлестігі, Персия мен Византия сияқты мемлекеттер дүниенің төрт тұсында орналасқан төрт монархияның негізі деп саалады: оңтүстікте – пілдер патшасының империясы (Үндістан), батыста бағалы тастар патшасы (Иран мен Византия), солтүстікте сәйгүліктер патшасы (Түрік қағанаты), Шығыста адамдар патшасы (Қытай). Осы идея сосын мүсылман авторларына да ауысып келеді.
Тауарларды қолданбалы өнердің, сәулет өнері мен қабырға живописінің мәдени үлгілерң мен эталондарын таратумен бірге, Шығыс пен Батыс елдеріне саз бен би өнері де, сахналық ойындар да кеңінен таралған.
Шетел оркестрлері сарай қызметіндегі кісілер құрамына еңгізілген.Мәселен, сазман патша Сюань Изунь 30 мың сазгер ұстаған. Түрік қағанының Суяб түбінде ордасында елшілерді қалай қабылдағаны жөнінде сипатта сақталып қалған. «Қаған, — деп жазады сол сияпатты көзімен көрген будда сопысы Сюань Цзянь, — шарап әкеліп, саз ойауға әмір етті… сосын бір үзілмей, металл сыңғырымен сүйемелденген жатжерлік саз әуезі тамылжып төгілді де тұрды. Және ол жабайылардың сазы болғанымен, тыңдаушылардың құлақ құрышын қандырып, жаны мен ойын жадыратып отырды». Тан әулеті Қытайдың ең көп жайылған саз Шығыс Түркістан мен Орта Азияның ән-күйлері болған. Құш пен Қашқардың, Бұқар мен Самарханд – Үндістанның сазгерлік дәстүрі, Сарайдың ресми қамқорлығы арқасында қытайдың саздық дәстүрімен ұласып кетті.
Жібек жолы бойынан әртүрлі жердегі ескерткіштерді қазған кездері мәдениеттердің дамуын және өзара бірін-бірі байытуын дәлелдейтін көптеген материалдық дәйектер табылған: бишілер мен биші әйелдерді, маскалы актерлерді, түйе үстіне жайғасып отырған музыкалық ансамбльдерді бейнелейтін Тан дәуірінің терракот пен лекциясы – осының айғағы. Мұнда көптеген артистердің бет-бейнесінен Орта Азия халықтары өкілдері екені көрініп тұрады.Пенджикенттің, Варахша мен Топырақ қаланың және Шығыс Түркістанның қалаларындағы салтанат залдарында сақталып қалған қабырға суреттерде азшылар мен актерлер бейнеленген.



















2. Жібек жолының бойындағы қалалар

Шамамен осыдан 3-4 мың жыл бұрын Хан патшалығы кезінде өркендей бастаған Жібек Жолы алғашында Қытайдың Орта Азия халықтарымен достық байланысты нығайту үшін салынған жобасы делінеді.

Қытайдан бастауын алған сауда жолы Орта Азия арқылы бүкіл Еуропаға тарағаны белгілі. Шамамен осыдан 3-4 мың жыл бұрын Хан патшалығы кезінде өркендей бастаған Жібек Жолы алғашында Қытайдың Орта Азия халықтарымен достық байланысты нығайту үшін салынған жобасы делінеді. Аты айтып тұрғандай, керуен жолымен бүгінгі Қазақстан территориясына негізінен жібек маталары әкелінген. Сауда айналымы артып, керуен қатары өскен сайын жолдың бағыты да өзгере берді, яғни саудагерлер Қара теңіз арқылы батысқа бет алып, тауарын Еуропа халықтарына тасымалдады.

Кәрі құрлық халқына өркениеттің келетіні де осы кез. Ұлы Жібек Жолымен бірге Еуропаға тек сауда тауарлары жеткен жоқ, сондай-ақ, Азия халықтарының мәдениеті де қоса келді.

Жібек Жолының жандануымен қазақ даласындағы халықтың біразі отырықшылыққа өтіп, өңірде жаңа қалалар пайда бола бастады. Ал, Отырар, Испиджап, Суяб, Сауран, Тараз сынды үлкен шаһарлар гүлденіп, елдегі маңыздылығын арттыра түскен. Сауда жолының бойында орналасқандықтан аталмыш қалалар тез өркендеді, ондағы халықтың саны да күрт артқан болатын. Демек, осынау шаһарлар тарихына бір көз жүгіртсек...


2.1 Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды. Осы кезеңнен бастап бұл өлкеде сауда-саттық жасау, ғалымдардың «білім қууды көздеген» саяхаттары адамдардың ой-өрісін кеңейтті. Өнердің, ғылым мен колөнер кәсіпшілігінің таралуына ықпалын тигізді. Энциклопедист-ғалым әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кездейсоқ емес. Отырардың алып жатқан ауданы 200 гектарға жетіп, нағыз Шығыс қаласына айналған болатын. 1219 жылы Шыңғысхан шапқыншылығынан кейін қала жермен-жексен болды. Қазіргі таңда тек орны ғана қалған.

Көне Тараз қаласы қазіргі Тараздың орнында болған. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады. Ал, 630 жылы Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталған. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған керемет шаһар. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси қала жайында былай деп жазды: «Тараз – бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала». Көне Тараздың қазіргі Тараз қаласының орнында орналасқанын алғаш В.В.Бартольд дәлелдеген. Кейін археологтар М. Е. Массон, A. Н. Бернштам, Е. И. Агеева, Г. И. Пацевич, Т. Н. Сениговалар қаланың көлемін, құрылысын, мәдени қабаттарының калыңдығын анықтады. Соның нәтижесінде Тараздағы өмір б.з. I ғасырда пайда болып, XVI ғасырға дейін жалғасқан деген қорытынды жасалды.

Құлан орта ғасырдағы (VII-XIIғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам қолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала». 1963—65 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының археологиялық экспедициясы зерттеп, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңындағы төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны деген қорытындыға келді.

Саудакент Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Ежелгі деректерде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған. ҚазКСР ҒА-ның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.















2.2 Сайрам (Испиджап) туралы алғашқы деректер біздің жыл санауымызға дейінгі ІV ғасырда парсылардың шежіре кітабы "Авестада" кездеседі. Аталмыш бастау хатта қаланың орналасу ендігі Сайрам елі деп көрсетілген екен. Соған қарағанда бұл атау қаланың ықпал ету аймағын білдірсе керек. Көне түрік тілінде "Сайрам" тастақ сай деген ұғымды білдіреді. Ал Испиджаб "екі дария аралығы" деген сөздің баламасы екен. Қаланың одан басқа да Орынкент, Аққала деген атта-ры болған. Бірақ, тарихи жазбаларда да, кейінгі замандары да бұл атаулар сирек қолданылады.

Жібек жолының үстінде тұрған қаланың дамуына сауда мен кәсіпкерліктің ықпалы зор болды. Онда ірі бай, іскер адамдар тұрды. Қалада әкімшілік басқару жүйесінің құрылуы қаржыларды қорландыруға, қазынаны мақсатты бағыттарға жұмсауға, экономиканы жүйелі дамытуға, оған бай адамдарды тартуға мүмкіндік берді. Кейінгі кездері табылған деректерді негізге ала отырып, қазіргі тарихшылар Сайрам жерін осы ұланғайыр кеңістікті мекендеген тайпалардың еркін араласу аймағы, яғни экономикалық орталығы болды деген болжамдар айтуда.

Сол заманда орын алған шапқыншылықтар Испиджаб әркениетіне ауыр соққы болып тиді. Шыңғыстың жер қайыстырған әскері Сайрам өңірін дауыл соққандай жапырып өтті. Сол трагедияның куәсі болған "Муджам-ал-булдан" атты географиялық сөздіктің авторы Яқұт Ханауи әр-Руми былай деп жазды: "Испиджаб, Тараз, Сауран, Усбаникент және Фараб жазмыштың тәлкегіне тап болды... сонан соң 616 жылы аспан мен жер жаралғаннан ешбір болмаған апатқа ұшырады. Олар осы қалада қалғандарды қырып-жойды. Тамаша баулар мен әсем қалаларда қираған қабырғалардан басқа және құрып кеткен халықтың сүрлеу-сорабынан басқа ештеңе қалған жоқ".

Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақтыСарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынды. Қала кейінірек Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.

Жібек Жолының бойында сонымен қатар, Суяб, Баласағұн, Сауран, Түркістан сынды ірі қалалар да бар болатын. Шапқыншылық, соғыстар кезінде аталған шаһарлардың барлығы дерлік жер бетінен жоғалды. Ғалымдар осынау қалалар бүгінгі күнге дейін жеткенде Қазақстанның бүгінгі жай-күйі мүлдем басқа болар еді дегенді айтып жүр. Қазіргі таңда бұл тарихи орындардан тек қана кішкентай төбелер қалған.




3. Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы.

Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени жағынан да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар өзінің өте тамаша, сәнді жасалуы арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас шеберлер қалыптасады. Мәселен, археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Осындай құыраларды жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Испиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан көптеп табылған. Яғни жергілікті шеберлер де сондай ыдыстар жасауға маманданған. Бұдан елдер арасында мәдени байланыстың туа бастағандығын көреміз.

Жібек жолы бойындағы мәдени байланыс, әсіресе музыка саласында ерекше байқалады. Саз балшықтан жасалған түйе үстінде отырған өнерпаздар мүсіндері жол бойындағы елдерді аралап жүріп өнер көрсеткен өнер иелері өмірінің бір сәтін бейнелейді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Ұлы Жібек жолының бойындағы кейбір Тараз, Баласағұн, Испиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылған. Қала тұрғындары діни наным-сенімі жағынан түрлі көзқараста болғанымен, ортақ мәдени үлгілері тұтынған. Керек кездерде олар өнер сайыстарына түсіп, ортақ өнердің дамуына өз үлестерін қосып отырған.























578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!