Материалдар / Ұлы Жібек Жолының жандануы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлы Жібек Жолының жандануы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл Қазақстандағы Ұлы Жібек Жолы туралы оның қалай дамитыны туралы мақала, сонымен қатар Қазақстанды цифрландыру туралы мәлімет берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қазан 2021
429
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАНДАНУЫ

М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғары колледжі

Студент: Жамбылқызы Аружан, шетел тілі бөлімі

Жетекші: Боранбаева Жұлдыз Бекахметқызы, физика-информатика пәнінің оқытушысы


Сандық Қазақстан: «Цифрлық Жібек жолы» Ел экономикасын ілгерілететін негізгі факторлардың бірі – сандық технологияны дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз халықтың өмір сүру сапасын арттыру мүмкін емес. Сол себепті, «Atameken Business Channel» ұсынатын «Сандық Қазақстан» деп аталатын тележобаның басты мақсаты - 2017–2020 жылдар аралығына жоспарланған «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызын және оның орындалу кезеңдері туралы халықты ақпараттандыру.

Ел экономикасын ілгерілететін негізгі факторлардың бірі – сандық технологияны дамыту. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларсыз халықтың өмір сүру сапасын арттыру мүмкін емес. Сол себепті, «Atameken Business Channel» ұсынатын «Сандық Қазақстан» деп аталатын тележобаның басты мақсаты - 2017–2020 жылдар аралығына жоспарланған «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының маңызын және оның орындалу кезеңдері туралы халықты ақпараттандыру.

«Цифрлық Жібек жолы» «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі – «Цифрлық Жібек жолы». Ауылдық елді мекендеріне кеңжолақты және қолжетімді интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету – бірінші кезектегі міндет. Бұл мақсаттар үшін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бойынша 1 200-ден астам ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жоспарлануда. Осы іс шараның арқасында 2,1 млн. астам адам жылдамдығы жоғары Интернет желісіне қосылудың техникалық мүмкіндігіне ие болады. Қазіргі күні, жылдам интернетпен 122 қала және 1147 елдімекен қосылған.

Қазақстандағы цифрландыру – Қазақстан экономикасын дамыту қарқынын жеделдетуге және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған үдеріс.

Қазақстандағы цифрландыру бағыттары:

ел экономикасының басты салаларында цифрлық технологияларды әзірлеу, енгізу және дамыту;

қазақстандықтарға Интернет және 4G (болашақта 5G) мобильді байланысына барлық жерден кеңжолақты қолжетімдік ұсынатын инфокоммуникациялық инфрақұрылымды кеңейту;

онлайн ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мен санын арттыру. Бұл бюрократия мен жемқорлықты төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік органдарды

неғұрлым тиімді және ашық етуге мүмкіндік береді;

электронды коммерцияны дамытуға белсенді ықпал ету арқылы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасау;

отандық ІТ секторды дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы білім беру мен денсаулық сақтау сапасын арттыруға ықпал ететін, халықтың жалпы цифрлық сауаттылығын

арттыру.

2022 жылға қарай дамудың келесі асуларына қол жеткен кезде, бағыт табысты іске асырылды деп есептеуге болады:

1. Қазақстанның барлық халқын сапалы, үздіксіз және 4G-мобильді байланыспен қамту.

2. Жеке тұлғалар мен компаниялардың деректерді берудің жаһандық желілеріне мүлтіксіз, жаппай және жылдамдығы жоғары қол жеткізуі.

3. Тұтастай, мемлекет деңгейінде және жеке алғанда әрбір пайдаланушы деңгейінде құзыретті кадрлар мен заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жұмыс жасайтын және дамитын киберқауіпсіздік жүйесі.

Жақын арадағы келешекте Цифрлық Жібек жолын іске асыру бірнеше іс-шара қамтылған екі бастаманы болжамдайды – бұл байланыс желілерін қамтуды кеңейту және киберқауіпсіздікті күшейту.

Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту Байланыс желілерін қамтуды кеңейту контурды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларын алдын алумен кеңжолақты деректерді берудің жаһандық желілеріне қолжетімді инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қамтиды. Деректерді берудің қолжетімділігі, тұрақтылығы және қауіпсіздігі аталған Бағдарламаның және ақпараттық технологиялар мен цифраландыру мәселелерімен байланысты басқа да бағдарламалардың барлық бастамалары үшін қажетті техникалық негіз болып табылады.

Бастама байланыстың спутниктік жүйесін жаңғыртуды, байланыстың тіпті ауылдық елді мекендерге дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін дамытуды, транзитті потенциалды арттыруды және цифрлық телерадио хабарларын кеңейтуді қамтиды.

Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық аудан орталықтарында жаңа ұрпақтың мобильдік инфрақұрылымын (4G желілерін, ал болашақта 5G де) дамыту жоспарлануда. 4G-стандарт мобильдік интернетке кеңжолақты қолжетімділікті және тиісті деректерді беру жылдамдығын арттыруды болжамдайды.

Интернет қолжетімділігін кеңейту үлкен деректер технологиясын дамыту шамасына қарай байланыс операторлары үшін одан әрі тартымды болуы мүмкін. Қосылған пайдаланушылардан деректер ауқымдарын жинау және талдау басқалардың арасында пайдаланушылардың (жеке тұлғалардың, сондай-ақ компаниялардың) артықшылық беру және мүмкіндіктерін, сондай-ақ нарықтық динамиканы, абоненттің өмірлік циклын және сыртқы жағдайлар әсерін толық түсінуге мүмкіндік береді.

Алайда, үлкен деректер технологиясының дамуында күш-жігердің үйлестіру, қиысу және бірыңғай бағыты өте маңызды. Сондықтан үлкен деректер дамуында жеке тұлғалар, сондай-ақ корпоративтік сектор туралы деректердің ірі көлемі бар мемлекет маңызды рөлге ие. Мемлекет күш-жігерінің нығайтуы мен дамуына үлкен деректер талдауының технологиялық орталығын құру – бірыңғай деректерді «жинау орны» және ұлттық, мемлекеттік ақпараттық ресурстарының сенімді жұмыс істеуін, сақталуын, бүтіндігін, оның ішінде қолданыстағы бастамалар негізінде қамтамасыз ету жәрдемдесетін болады.

Мобильдік байланыстың базалық станцияларының, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен жеке ұйымдардың мұқтажына арналған спутниктік байланыс арналарының жұмысын, сондай-ақ еліміздің барлық аумағындағы телевизиялық хабар таратуды байланыстың екі спутнигінен тұратын «KazSat-2» және «KazSat-3» «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі қамтамасыз етеді. «KazSat-2» аппаратын пайдалану мерзімі 2023 жылы өтетіндіктен, осы мерзімге қарай «KazSat-2R» ғарыштық байланыс жүйесін пайдалануға енгізу жөніндегі жұмыстар аяқталатын болады.

Елдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында Бағдарлама шеңберінде Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарында телекоммуникациялық трафикті қамтамасыз ете алатын заманауи, өнімді және ауқымды көлік инфрақұрылымын құру арқылы көрші елдердің байланыс операторларымен көпжақты серіктестік дамитын болады.

АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Аталған Бағдарлама шеңберінде киберқауіпсіздікті күшейту Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінің бұзылуға тұрақтылығын арттыруды, АКТ саласындағы контурды қорғауды және техникалық құралдардан бастап және азаматтар мен компаниялардың жалпы қолжетімді желілерінде қауіпсіз тәртіп мәдениетін жасау ақпараттық қауіпсіздікті арттыруды болжамдайды.

Бастама ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарын және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтерін құруды, сондай-ақ зерттеу зертханаларын және деректерді өңдеу орталығын қалыптастыруды қамтиды. Институционалдық қолдау ретінде заңнамаға өзгерістер енгізіліп, киберқауіпсіздіктің стандарттары айқындалды.

Осы саладағы мемлекеттің инфрақұрылымдық күш-жігерін Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің ұлттық үйлестіру орталығын құру ретінде рәсімделетін болады. Орталықтың негізгі функциялары ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және арттыру, сондай-ақ негізінде ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік жағдайын кешенді мониторингтеу жататын басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін бірыңғай тұғырнаманы құру болып табылады.

Интернеттің қазақстандық сегментінде ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мәселелері бойынша үйлестіруге ерекше назар аударылатын болады, бұл Халықаралық электр байланыс одағының киберқауіпсіздік индексінде Қазақстан Республикасының позициясын арттырады.

Мемлекет киберқауіпсіздік проблемаларын іргелі және қолданбалы зерттеудің ынтымақтастығы мақсатында зиянды қодты зерттеу зертханаларын, ақпараттық қауіпсіздік құралдарын және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуына сынақ жүргізу үшін сынақ зертханасын құруға материалдық және ұйымдық қолдау көрсетеді.

Бағдарлама инновациялық экономиканы құру, 2050 жылға қарай 30 дамыған елдің қатарына кіру және заманауи технологиялық әлемнен сырт қалмайтындай қоғам мен өндірісті түрлендіру сияқты негізгі өршіл мақсаттарға қол жеткізу үшін іске асырылуы талап етілетін өзара байланысты шаралардың кешенін іске асыруды көздейді. Осы мақсатқа қол жеткізу бүкіл қоғамның бірігуін және жұмылдырылуын, қысқа мерзім ішінде серпіліс жасауды талап етеді.

Ұлы Жібек жолымен ежелден тауарлар, қызметтер және идеялар Еуразияның бойымен тамырдай таралды. Технологиялық түлеу дәуірінде Жібек жолы жаңғырып, үкіметтердің даму стратегиясы, ақылды қалалардың ынтымақтастығы және трансшекаралық сауда арқылы жаңаша түрге енді. Бір белдеу - бір жол - ежелгі сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты жаңғырту инициативасы. Масштабты бағдарлама Жібек жолының экономикалық белдеуі және XXI ғасырдағы Теңіз Жібек жолы бағыттарынан тұрады. Инициативаның 5 жылдық даму кезеңінде Әуедегі Жібек жолы мен Мұзды мұхиттағы Жібек жолының да өзектілігі артып келеді. Құрлық пен теңіздегі, тіпті әуедегі байланысқа белсене кіріскен Қытай Цифрлық Жібек жолын орнатуға ерекше көңіл бөледі.

Еуразиялық кеңістіктегі бірқатар мемлекеттер де цифрлық экономиканы ұлттық даму стратегиясы шеңберінде қарастырады. Мысал ретінде Қырғыстандағы Таза коом, Беларусь Республикасындағы Цифрлық экономика және ақпараттық қоғамды дамыту, Түркияның Стратегия-2023, БАӘ Цифрлық Жібек жолы, Ресейдегі Цифрлық экономика, Қазақстандағы Цифрлық Қазақстан бағдарламасын айтамыз. Соның ішінде ҚР мен ҚХР қарым-қатынасын цифрландыру оны ашық, жедел және тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Бір белдеу - бір жол бойында оған лайықты инфрақұрылым қалыптасып келеді.

Цифрлық Қазақстан

Цифрлық экономикасы осындай қарқынмен дамып жатқан Қытайдан іргедегі Қазақстан қалыс қалмауы тиіс. Қазақстан Жібек жолы бойындағы мемлекет ретінде цифрлық экономиканы дамытуға талпыныс білдіреді. 2017 жылы қабылданған Цифрлық Қазақстан бағдарламасы энергетикалық, қаржылық, көліктік және логистикалық салаларды трансформациялап, ақпарат ағымын ұлғайтуға бағытталған. Қазақстан 2050 жылы әлемнің ең озық 30 цифрлық экономикасының қатарына енгелі отыр.2022 жылы интернет желісін пайдаланушылардың үлесін 82%-ға, ақылды қалалардың санын 5-ке жеткізу межесі қойылған. Сондықтан осы тарапта жүйелі жұмыс қажет.

Цифрлық Жібек жолын іске асыру сауда саласында ғана емес, Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін іске асыру үшін деректерді берудің, сақтаудың және өңдеудің жылдамдығы жоғары және қорғалған инфрақұрылымын дамыту бағыты. Қазақстан әлемде болып жатқан жаңалықтардан тыс қалмай, заманның технологиялық табыстарымен ілесе отырып, өзінің тың ұсыныстарымен енуі қажет. 2018 жылы 2-3 шілде Астанада өткен Жібек жолы бойындағы қала мэрлерінің "Global Silk Road" халықаралық форумы маңызды алаң болды. Астана мен республикалық маңызды қалалардың Ақылды қала жобасын орындау бойынша Бейжің, Шанхай, Шэнчжен, Чунцин сияқты ірі орталықтарымен байланысты нығайту қажет.

Қазақстанды цифрландырудың түпкі мақсаты – ортамерзімді дамуда цифрлық технологияларды пайдалану есебінен республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ Қазақстан

экономикасының ұзақмерзімді даму жоспарында Болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін дамудың қағидалы жаңа траекториясына көшуі үшін жағдайлар жасау.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491

  2. Қазақстанның физикалық географиясы, Алматы: Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х

  3. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!