Материалдар / «Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіровтің»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіровтің»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіровтің»
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
466
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балқаш қаласы жалпы білім беретін типтік мектеп-интернаты»КММ














«Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіровтің 100 жылдығы»









7А сынып тәрбиешісі:

Сейтжанова Г.Қ.












Балқаш қаласы

2019 жыл

Күні:

Тақырыбы: Аспан әлемі. Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіровтің 100 жылдығы.

Мақсаты:

  1. Ғарыштың адам өміріндегі маңызы түсіну. Нүркен Әбдіров туралы мәлімет беру;

  2. Қазақстандық ұшқыш-батырлары мен ғарышкерер туралы мағлұмат беру;

  3. Жас ұрпақты жан-жақты дамыған, құзіретті, бәсекеге қабілетті, патриотты тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд «Ғарыш әлемі»

Кіріспе: Армысыздар ата - аналар, ұлағатты ұстаздар, оқушылар. Жерді қоршаған бүкіл дүние – Әлем немесе Ғарыш деп аталады. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағының Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. А. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 12 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді.

Лайка - ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік иесі.

1957 жылдың 3 - қарашасында ғарышқа салмағы алты келі, жасы екі жастан асқан Лайканы Спутник - 2 ғарыш кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін, шамамен 5 - 7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен стрестің салдарыннан өледі. Сынақты ұйымдастырушылар о бастан - ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша Лайка ғарышта бір аптаға жуық уақыт сүру керек болатын.Кеңес одағының ғалымдары Лайкамен бірге екі итті жаттықтырған болатын. Олар: Белка және Стрелка. Осынау үлкен сынақты іске асыру үшін Лайканы ұшырылуынан біраз жылдар алдын ала комиссия құрылып нақты шараларды анықтап отырды.

Кеңестік ғалымдар ғарышқа иттерді жіберген болса, өз кезегінде АҚШ ғалымдары сынақ жасау үшін шимпанзелерді пайдаланды.

Адамдар ғарышқа ұшуды армандайтын. Бiрақ ол қолдан келместей көрiнетiн. Ғарышқа 1961 жылы 12 сәуiр күнi тұңғыш рет Юрий Гагарин ұшты. Қазақтан ғарышқа бiрiншi болып ұшқан - Тоқтар Әубакiров. Бiз қазақ ғарышкерi Талғат Мұсабаевты да мақтан етемiз.

1991 жылы Тоқтар Әубакiров Қазақстандық бағдарлама бойынша ғарышқа жол тартты. 7тәулiк 22сағат, 12минут, 40секунд ғарыш кеңiстiгiнде болған Тоқтар Әубакiров тұнғыш қазақ ғарышкерi атанды.

Ұшқыш болғым келедi

Көңiлi – дария, ойы – аспан,

Асқар шыңнан бойы асқан.

Ай, күнiмен аспанның

Әзiлдескен, сырласқан

Ұшқыш болғым келедi!



Күнге күлiп, күй тартқан,

Айға әнiн тыңдатқан,

Бақыт жырын жырласа,

Таң шолпанын қуантқан

Ұшқыш болғым келедi!

Қазақстандағы Байқоңыр айлағының құрылысы 1955 жылы басталып, 1957 жылы пайдалануға берiлдi. Ғарыш айлағын салуға адам сирек орналасқан және өндiрiс орындарынан қашық, Алматы - Мәскеу темiр жолының Кызылқұмнан өтетiн аймағы таңдап алынды.Байқоңыр ғарыш айлағынан дүние жүзiнің түрлi мемлекеттерінен 150 - ден астам ғарышкерлер ғарышқа сапар шектi. Олар түрлi ғарыш апаттары арқылы ғарышты, шағын планеталарды зерттедi. Осы жерден”Космос”,”Протон”т. б. жердiң жасанды серiктeрi ұшырылды. Бейбiт мақсатта ғылыми жұмыстар жүргiзiлдi.

Казiргi кезде Байкоңыр халықаралық ғарыш аймағына айналды. Бұл алаңнан АҚШ, Франция, Үндiстан, т. б. мемлекеттердiң ғарышкерлер мен ғарыш кемелер ұшырылды.1963 жылы 16 - шiлдеде тұңғыш әйел ғарышкер, орыс кызы Валентина Терешкова ұшты.Ғарыш кемесi ұшырылатын ғарыш аймағы Қазақстан жерiнде Байқоңырда орналасқан.

Тұңғыш ғарышкер

Жазира бар ма мына далама тең!

Ғарышқа сол даламды ала кетем.

Аспанның сәуiрдегi сан жолында

Ақ жолы Гагариннiн ала бөтен.

Бiздiң өмiр сүретiн ортамыз - Жер плaнeтасы. Ғарыш әлемiн көру үшiн зымыранмен ұшу кажет. Зымыранмен ұшып барған ғарышкерлер ғарыш әлемiндeгi өзгерістердi суретке түсiрiп зерттейдi. Оны жерге хабарлап отырады. Ғарышқа ұшатын ғарышкерлер арнайы киiмдер киедi. Скафандр деп аталатын киiм - ғарышқа ұшуға лайықталған киiм.Әлемдегi тұңғыш ғарышкер Юрий Гагарин 1961 жылы 12 сәуірде Байқоңырдан адамзат тарихына тұңғыш рет ғарышқа жол салды.


Тұңғыш қазақ ғарышкерлерi.

Алыста туып өскен бала жатты

Зымырап көктi тiлiп бара жаттым.

Менiреу, мылқау әлем ортасына

Арманын алып келдiм адамзаттың,

Мен, адал азаматпын!


Ей, жарандар, қарандар

Космостан бар досқа!

Әлемге сәлемдi жолдаймын,

Тыныштықты, тыныштықты қорғаймын.

Жер - Ана, неткен көркем ыстық едiң,

Есiме Ұлы Отаным түстi менiң.

Жасампаз жұртым жебеп тұрған кезде

Қашанда батыл да - мен, күштi де - мен.


Есiме түстiң, елiм

Көңiлi бар халықтың көкте бүгiн,

Алыстан айбынды үнi жеттi елiмнiң,

Жар салар ‘тату бол’деп бар әлемге

Отанның бейбiтшiлiк кептерiмiн.

Әлемге жеткен үнiм.


Слайд. «Ешкімде ешқашан ұмытылмайды»

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен 7 қазақ ұшқыш батырлары.

Мұғалімнің сұрағы: Балалар бұлар кімдер, қалай танисындар, қандай мәліметтер жинадындар?

Оқущылар батыр-ұшқыштар туралы мәліметтерді айтады.


Ардақ: Нүркен Әбдіров талай әуе шайқасына қатысып, ерлік пен өжеттік, әскери шеберлік танытты, әр тапсырманы мұқият орындап отырды. Қазанның 23 күні тұңғыш рет әуе шайқасына аттанар алдында Нұркен былай деп жазған екен: "Егер біз фашистерді құртпасақ, олар біздің түбімізге жетеді. Сөйтіп қуанышты, бақытты өмірмен қоштасамыз..."

Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.

Айнара: Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов (5 тамыз 1922, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы - 9 қараша, 2014, Алматы) — Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері.Өмірбаяны: Аэроклубта тамаша тәжірибеден өтіп, ұстаздарының оң көзіне түскен талапты жігіт Талғатты 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Ондағы қатаң сұрыптаудан жанарының оты бар жігіт аман-есен өтеді.Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды.Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады.Сол күннен бастап әскерилер арасында «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Илюшаға» басы бүтін бауыр басып, 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады.Соғыстан соң әскери әуе академиясын аяқтайды.Қазақстанның әскери-әуе күштерінде түрлі басқару қызметінде болады.1956 жылы денсаулығына байланысты демалысқа шығады.1957 жылдан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады.1968 жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады.

Жасұлан: Байзулла Акижанов родился в 1923 году в павлодарском Прииртышье. В авиацию он пришел подростком, занимаясь в Семипалатиснком аэроклубе. По окончании училища в Оренбурге Акижанов отправился на фронт, воевать с фашистами на своем Ил-2. На самолете было два пулемета, шкас (скорострельный синхронный авиационный пулемет), две пушки, потом появился стрелок, и соответственно третий пулемет, 600 килограммов бомб, 4 реактивных снаряда. Потом летчику удалось повоевать за штурвалом американского Дугласа Си-47, который прозвали «Дакота» и новейшего стратегического бомбардировщика Боинг-29, известного как «Суперкрепость». Однажды, получив серьезное повреждение, ему пришлось приземляться «на брюхо». Самым незабываемым моментом для летчика стала битва над Берлином, бомбардировка логова Гитлера – Рейхстага. После войны Байзулла Акижанов остался верным военной авиации, испытывая новые штурмовики, дальние бомбардировщики, обучая летчиков морской авиации Тихоокеанского флота, был личным пилотом главнокомандующего военно-воздушных сил СССР, Главного маршала авиации Александра Новикова. Внес он свой вклад и в развитие гражданской авиации Казахстана.

Ерасыл: Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, Ганюшкин, Гурьев облысы— 21 мамыр 2008, Алматы) — Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы. Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды. Жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан 14 рет құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған. Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді. Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі.

Аяулым: Луганский Сергей Данилович (1.10.1918, Алматы қаласы — 1977, сонда) — қазақстандық ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (2.9. 1943; 1.7.1944). 1938 ж. Орынбордағы ұшқыштар мектебін, 1949 ж. Мәскеудегі әскери-әуе академиясын бітірген. 1939 — 40 ж. кеңес-фин соғысына қатысты. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Луганский 390 рет ұшу сапарына шығып, жаудың 37 ұшағын атып түсірді. 2 рет әуе таранын жасады. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО ҚК-нің әскери әуе күштері саласында әр түрлі жоғары басшылық қызметтерде болды. Соғыс жылдарында көрсеткен ерліктері үшін Ленин, Александр Невский, 2 мәрте Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз (2 рет) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Манас: Беда Леонид Игнатьевич (16. 8.1920, Қостанай облысы Ұзынқол ауданы Ново-Покровка с. - 26.12.19766 Минск, Белоруссия)) - екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, авиация генерал-лейтенант (1972), ұшқыш-шабуылдаушы. КСРО-ға еңбек сіңірген әскери ұшқыш. Орыс. Орал пед. институтын (1940) бітірген. 1940 ж. Кеңес әскері қатарына шақырылды. Чкалов әскери авиациялық ұшқыштар мектебін бітірген соң 1942 жылдың тамыз айында майданға жіберілді. Ол Сталинград, Донбасс, Таганрог, Кенигсберг қалаларын азат ету шайқастарына қатысты. 75-гвардиялың авиациялық шабуылдаушы полктің (4-Украина майданы, 8-әуе армиясы, 1 -гвардиялық шабуылдаушы авиациялық дивизия) әскадрилья командирі 1944 жылдың сәуіріне дейін 109 рет әскери тапсырмамен жау әскері шоғырланған жерлер мен бекіністерін шабуылдады. Осы ерліктері үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлыгымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (26.10.1944). Сол полктің (З-Беларусь майданы, 1-әуе армиясы, 1-гвардиялық шабуылдаушы авиациялық дивизия) командирінің орынбасары бола жүріп, 105 әскери тапсырманы орындады. Осы ерліктері үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Бедаға екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (29.6.1945). Соғыс аяқталған соң Әскери-әуе және Бас штабтың әскери академияларын бітірді. Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Александр Невский, l-дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Әскери қызметтегі міндетін орындау кезінде қаза тапты. Бедаға Қостанай к-нда қоладан бюст орнатылған. Минск қаласында бір даңғылға, Гродо облысы Лида қаласындағы көшеге, Харьковтағы мектепке Беда есімі берілген.

Мұғалімнің қорытынды сөзі: Міне, балалар! Ұлы Отан соғысындағы ерлік көрсетіп, отқа ұшқан қаншама батырларымыздың есімі ешқашан ұмытылмайды. Енді бүгінгі негізгі тақырыбымыз Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіровтың 100 жылдық мерей тойына арналып отыр.

Ардақ: Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы өңірінде бұрынғы 5-ші ауыл, қазіргі Нұркен атындағы шаруашылық аумағында шаруаның отбасында дүниеге келген. Кейін ата–анасымен бірге Қарағандыға қоныс аударып, осы қалада әуе клубында үшқыш мамандығын игерген. Соғыс басталғанда Нұркен Орынбор әуе училищесінде оқитын. Ол майданға аттануға ұмытыла берді, сондықтанда оны алдымен Ташкенттегі, одан кейін Сібір қалаларының біріндегі шабуылшы әскери үшқыш дайындайтын курстарға жіберді. Оқуды тәмамдағаннан кейін ол 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды.

Мұғалімнің сөзі: Балалар Нүркен Әбдіровтың соғыстағы ерлігі үшін қандай атағы және марапаттарын білесіңдер?

Ардақ: Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр. «31.03.43 жылғы жарлық бойынша Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» медалі қоса тапсырылды»

Мұғалімнің сөзі: Балалар батырдың есімі өшпейтіндей елімізде не істелінді?

Жасұлан: Батырдың туған ауылында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Нүркен ауылында ескерткіш қойылды.

Ерасыл: Қарағандыдағы Н. Әбдіров ескерткіші өзінің атындағы алаңға 1958 жылы орнатылды. Алматы, Қарағанды қалаларында көшелері, спорт кешендері, авиациялық колледждер, универсиеттер бар.

Руслан: «Крылатый казах» атты поэмасын Сапаргали Бегалин жазған.

Н. Әбдіров туралы Г. Якимов жазған «Мәңгілік өмір шыңына» («Пике в бессмертие») атты деректі кітап (Алматы, 1966 ж. ) бойынша «Қазақтелефильм» студиясы фильм шығарды.

Мұғалімнің сөзі: Қарапайым қазақ баласы Н.Әбдіровтың өмірі мен ерлігі қаһарман, қаншыл қазақ ұлтының бойындағы игі қасиеттердің айнасындай әлемге шұғыла шашып тұр.

Оқушылар: Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген

қолдаусыз мәңгілік жойылсын

адамның бар сәби балалары

оянсын ұйқысы қанған соң

Мұғалімнің сөзі: Балалар ең бірінші тақтада ғарыш әлемінің суреті тұрды. Аспан әлеміне ұшақтан басқа не ұшады?

Оқушылар: Зымарандар мен ғарышкерлер аспан әлемін зерттейді.

Мұғалімнің сөзі: Жақында қандай мерекені атап өттік?

Оқушылар: 12 сәуір ғарышкерлер күні.

(Байқоңыр туралы бейнеролик көрсетіледі.)

Қорытынды: Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Сондықтан Отанымызды, елімізді қорғайтын патриот болып өсуіміз керек.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!