Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ұлы саяхатшы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақты жақсы түсінуге көмектесе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие үдерісі туралы түсінік. Оның ерекшеліктеріне тоқталу.

Маңызды педагогикалық ұғым ретінде тәрбие үш ерекше қасиетпен сипатталады: біріншісі мақсаттылық, яғни жалпы болса да әлеуметтік-мәдени бағдар ретіндегі қандай да бір ұмтылатын үлгінің болуы; екіншісі адамзат дамуының тарихи жетістіктері ретіндегі әлеуметтік-мәдени құндылықтарға тәрбие үдерісі жүру барысының сәйкестігі; үшіншісі тәрбие үдерісінде ұйымдастырылған әсерлердің белгілі бір жүйесінің болуы.

Тәрбие тұлғаны қалыптастыру барысында басқарылатын, бақыланатын және алдын ала анықталған жоспарға сәйкес саналы түрде жасалатын ұмтылулармен, әрекеттермен байланысты байқалатын үдеріс. Яғни тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру үдерісі. Бұл арнайы ұйымдастырылған, басқарылатын, бақыланатын, түпкі мақсаты қоғамға қажетті, пайдалы тұлғаны қалыптастыру болып табылатын тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әсерлесуі. Бұрын тәрбиені қоғам мақсатына сәйкес оқушыны тәрбиелеуге мақсатты жетекшілік ету деп қарастырды. Бұл анықтамадағы кемшілікті «өзара әсерлесу» және «жетекшілік ету» ұғымдарын салыстыру арқылы байқауға болады. Әрине, өзара әсерлесу тұлға белсенділігін қамтамасыз етеді, ал бұл тәрбие тиімділігінің бірден-бір шарты.

Тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде сипаттайтын белгілер:

1. Тәрбие қоғамның әлеуметтік тәжірибені беру қажеттілігінен пайда болды.

2. Тәрбие әрбір қоғамдық-тарихи кезеңдерге сәйкес дамиды, өзгеріп отырады, себебі әлеуметтік тәжірибеде де өзгеріп, жетіліп отырады.

3. Тәрбие қоғамдық тәжірибені меңгеру жолымен жүзеге асырылады.

Тәрбиені қоғамдық құбылыс ретінде түсіну мынадай фактілерді саналы меңгеруді қажет етеді:

- Тәрбие – әлеуметтік тәжірибені мақсатты меңгеру және дамыту үдерісі;

- Тәрбие адамның қоғамдағы өмірін қамтамасыз етеді;

- Тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру үшін ересектер мен балалардың саналы қарым-қатынасы жүреді;

- Тәрбиенің негізгі өлшемі – тұлға дамуының өмір талаптарына сәйкес келуі.

Тәрбиенің басты қызметі – баланы іс-әрекетке тарту, оларға түрлі әрекеттерді жасата отырып, жинақталған адамзат тәрбиесін жаңғырту барысында өзінің қабілеттерін дамыту жағдайларын жасау болып табылады. Демек, тәрбие үдерісінің мәні адамзаттың жинақталған тәжірибесін меңгерту мсақсатында тұлғаны түрлі іс-әрекетке қатыстыру болып табылады.

Тәрбие қойылған мақсатқа тікелей байланысты. Егер тәрбиені идеал нәтиже ретінде анықтасақ, онда тәрбиенің бірінші деңгейдегі мақсаты – тұлғаны жан-жақты дамыту болып табылады. Бұл орындауға ұмтыллатын мұрат-мақсат.

Екінші деңгейде қойылатын мақсат – қоғамда белгілі бір іс-әрекетті атқаратын маман-тұлғаны тәрбиелеу болып табылады. Мұнда тәрбиенің әлеуметтік мәні, яғни қоғамға пайдалы тұлғаны дамытуға қатысты әлеуметтік сұраныс байқалып отыр.

Үшінші деңгейдегі тәрбие мақсаты тұлғаның жеке мақсатымен анықталады. Бұл адам өмірінің мәнін анықтайды. Ол адамның туа бітті берілген мүмкіндіктерін толық ашып көрсетіп, өзінің табиғи ерекшеліктері мен қасиеттерін дамыту болып табылады.

Бала құқығы туралы Конвенцияда (1989) білім беру және тәрбие мақсаты мен міндеттері нақты тұжырымдалған. Бұл құжатта тәрбие мақсаты- оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына, тұлғаның қоғамда толық өзін байқатуына жағдайлар жасау деп көрсетілген.

Тәрбие мақсаты оның мідеттері арқылы нақтылана түседі. Тәрбие міндеттері:

- Тұлғаның таланты, ақыл-ой қабілеттіктері мен денелік дамуына толық жағдай жасау;

- Адам құқы және оның еркіне деген құрметті тәрбиелеу;

- Баланың ата-анасына, мәдени ерекшелігіне, тіліне, өмір сүріп отырған елдің құндылықтарына құрметті дәлелдеу;

- Баланы бейбітшілікті түсіну, шыдамдылық, достық және халықтар арасында өзара түсінісу бар ерікті қоғамдағы саналы өмір сүруге дайындау;

- Қоршаған ортаға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Сонымен, тәрбие үдерісі – қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған тәрбиеші мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара әсерлесу болып табылады.



Тұлғаны қалыптастыру үдерісі тәрбиемен ұштаса жүретін өзін-өзі тәрьиелеу мен қайта тәрбиелеу жайлы мағлұматтарды да меңгеру қажет.

Тәрбие үдерісі логика бойынша өзін-өзі тәрбиелеуге ұштасуы қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу – тұлғаның өз мүмкіндігін толық байқату, дамыту және жетілдіру үшін саналы, мақсатты, өз бетінше жасалатын іс-әрекет. Балаға өзін-өзі дамыту бойынша өзінің іс-әрекетін жасату тәрбие үдерісінің қажетті жағдайы болып табылады. Сондықтан мектептегі тәрбиеніңғ міндеті – оқушының ішкі күштерін ояту және оларды өзін-өзі дамытуға бағыттау, оқушылардың өзін-өзі тәрбиеленуіне жетекшілік ету болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін қолданылатын құралдар: даму және өзін-өзі тәрбиелеу жайлы білімдер беру, өзін-өзі тәрбиелеу бойынша ұжымдық және жекелеген іс-әрекеттер ұйымдастыру, кеңес беру, мадақтау. Өзін-өзі тәрбиелеу мақсатында қолдануға болатын тәсілдер: өзін-өзі талдау, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау және т.б.

Өзін-өзі тәрбиелеуде өзіндік сананы, тұлғаның Мен-тұжырымдамасын қалыптастыру ерекше рөл атқарады. Мен-тұжырымдама тұлғаның өзгелермен өзара әсерлесу және өзіне қатынасы негізін анықтайтын өзі, өз бейнесі жайлы мағлұматтар жүйесі болып табылады. Мектеп пен отбасындағы тәрбие позитивті Мен-тұжырымдаманы қалыптастыруды жүзеге асыруы қажет.

Сол сияқты тәрбие үдерісі қоғамның талаптары мен этикалық нормаларына қарама-қарсы келетін ұстанымдарын, көзқарастарын және мінез-құлық тәсілдерін қайта құру болып табылатын қайта тәрбиелеуді де қамтиды. Сананы және мінез-құлықты қайта құру, өзгерту өте күрделі. Қайта тәрбиелеуді мінез-құлқында ауытқулары байқалатын, үлгермеуші, «қиын» оқушылар қажет етеді. Мұндай ауытқулардың пайда болу себептері отбасындағы, мектептегі тәрбиеде жіберілген қателіктерге байланысты.

Қайта тәрбиелеу үдерістері алгоритміне кіретін әрекеттер: оқушының дамуы мен мінез-құлқындағы ауытқу себептерін анықтау, қалыптасқан мінез-құлық стреоптиптерін қайта құруға әсер ететін жолдар мен құралдарды анықтау, оқудағы, бос уақыттағы оқушылар санасы мен іс-әрекеттін белсендірек ету, талаптар жүйесін қолдану, мадақтау, жазалау, ынталандыру, бақылау.

Мінез-құлық ауытқу көбінесе мінездегі акцентуацияға байланысты байқалуы мүмкін.

Тәрбие үдерісі бірқатар ерекшеліктермен сипатталады. Мұндай ерекшеліктерге көп факторлық; ұзақтылық; үздіксіздік; кешенділік; вариативтілік; екі жақты сипаттылық жатады.

Тәрбие үдерісі диалектикасы қарама-қайшылықтармен анықталады. Қарама-қайшылықтар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Тұлғаның қалыптасуы барысында байқалатын оның қажеттіліктері мен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қайшылықтар ішкі қайшылықтарға жатады.

Тәрбие үдерісін жүзеге асыру әрекеттерінің жүйесі ретіндегі педагогикалық іс-әрекет бірнеше кезеңдерден тұрады:

- тәрбиеленушілерді диагностикалау және тәрбие міндеттерін анықтау;

- тәрбиелік іс-әрекетті жобалау, жоспарлау (мазмұнды, әдістерді, формаларды анықтау);

- педагогикалық өзара әсерлесуді ұйымдастыру (жоспарды жүзеге асыру);

- нәтижелерді тексеру, бағалау;

Тәрбие үдерісі тиімділігін екі – нәтижелік және процессуалдылық бағытта анықтауға болады.

Нәтижелік тәрбие барысында қол жеткізген нәтижелердің қойылған мақсатқа неғұрлым көбірек сәйкес келуімен анықталады. Мінез-құлық пен санадағы байқалатын белгілер тәрбиелік көрсеткіштермен сипатталады. Мұндай көрсеткіштерге жататындар: оқушылардың білімі мен біліктері, ұжымдық және тұлғаралық қатынастардың қалыптасуы, әлеуметтік белсенділігі, құлықтық нормалардың болуы, эстетикалық талғамдардың дамуы т.с.с.

Тәрбие үдерісі нәтижелігінің процессуалдық жағы оның мақсаттары, мазмұны, таңдап алынған әдістері, құралдары, формаларының бір-біріне сәйкестігі, психологиялық және басқа да жағдайлардың қаншалықты ескерілуімен анықталады. Бұл көрсеткіштерді бақылау, әңгімелесу, тәрбиелік істерді педагогикалық талдау барысында қолдануға болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.06.2021
328
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12