400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰЛЫ ҰСТАЗ МҰРАСЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Сейтен Сауытбековтің балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі – жазушының қарымды қаламгерлігінің бірден бір көрсеткіші. Мәселен, Сейтен атаның «Тағылым тегі» кітабы - мектеп жасындағы, әсіресе бастауыш сынып, орта буын оқушыларына арналған таптырмас құрал, рухани педагогикалық мұра. Бұл еңбегінде автор қазақ халқының ұлттық дәстүрі, салт-санасы, әдет-ғұрпы арқылы жаөспірімдерге тәлім-тәрбие беруді мақсат етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҰЛЫ ҰСТАЗ МҰРАСЫНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ҚҰНДЫЛЫҒЫ


Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің

ЖББ-21 тобының студенті Смакова Аимгуль

Жетекшісі:Ибраева Гульмайра Ескендировна


Елім үшін асыл еңбек етсем деп,

Армандадым сол сертіме жетсем деп.

Елемедім егделіктің еркін де,

Бұл фәниден абыроймен өтсем деп, –

ақынның өзі айтқанындай, ұлтымыздың ұлы ұстазы, ақын, жазушы, араб және шығыс тілдерін зерттеуші ғалым, аудармашы, әрі физик, математик, қоғам қайраткері, соғыс ардагері Сейтен Лиманұлы Сауытбеков өзінің бар саналы ғұмырын  педагогтік  қызметке, жастарды ұлттық  рухта  тәрбиелеу ісіне арнаған.Ұлағатты ұстаз отыз жыл бойы туған жеріндегі Балуан орта мектебіне басшылық жасайды. Ол «Қазақ әліппесі» оқулығының авторы ретінде республикалық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Осындай педагогикалық еңбегінің арқасында Сейтен Лиманұлы «Қазақ ССР-на еңбегі сіңген мұғалім» атты жоғарғы атаққа ұсынылады.

Осы ретте, халқымыздың әдебиеттанушы ғалымы Тұрсынбек Кәкішевтің «Ұлы мұғалім» атты естелігінде жазған: «Сейтен Сауытбековтің атын естігенде, неге екенін анық білмеймін, шын мәніндегі ұлы мұғалімнің келбетін, мінез-құлқын көз алдыма елестетемін. Әрине, әркім өз биігінен көрінеді ғой. Маған Сейтекең бас әріппен жазылатын МҰҒАЛІМ болып көрініп еді, әлі де сол бейнесінде көзіме елестейді»,- деген сөздері Сейтен атаның ұлағатты ұстаздық қырын, халық ағарту ісіне қосқан үлесін айшықтай түсетіні сөзсіз.

Зейнеткерлік демалысқа шыққаннан кейін де С.Л.Сауытбеков Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясында ғылыми қызметкер, ҚР Мемлекеттік Ұлттық кітапханасындағы сирек кездесетін қолжазбалар бөлімінде көне араб-парсы тілдері бойынша аудармашы болып ғылыми қызметпен айналысты. Ол түркі халықтарының екі мыңнан астам көне араб-парсы тілдерінде жазылған шығармаларын қазақ тіліне аударды. Аудармашылық еңбегі барысында Сейтен Лиманұлы қадим, жәдид, көнепарсы, урду, тәжік, өзбек, қарақалпақ, татар, ұйғыр, түрік, әзербайжан, қарашай-черкес, құмық және жиырмаға жуық шығыс халықтарының тілін меңгерген.

Сейтен Сауытбековтің балалар әдебиетінің дамуына қосқан үлесі – жазушының қарымды қаламгерлігінің бірден бір көрсеткіші. Мәселен, Сейтен атаның «Тағылым тегі» кітабы - мектеп жасындағы, әсіресе бастауыш сынып, орта буын оқушыларына арналған таптырмас құрал, рухани педагогикалық мұра. Бұл еңбегінде автор қазақ халқының ұлттық дәстүрі, салт-санасы, әдет-ғұрпы арқылы жаөспірімдерге тәлім-тәрбие беруді мақсат етеді.

«Ұлға отыз, қызға қырық үйден тыю» демекші, халқымыздың ежелден ұл бала, қыз бала тәрбиесіне үлкен мән беріп келгендігі баршамызға аян. Осы ретте Сейтен ата:

Бала бейне өсімдік,

Күтсең жайнап өседі.

Көрсе кесел кесірлік,

Оған да тез жетеді,- деп бала тәрбиесіне басты мән берген, оның өсіп өнуіне ата- ананың ықпалы зор екенін тура айтқан.

Қыз балалар тәрбиесіне баса назар аударып, оларға болашақ ана, ұрпақтың сүйеніші деп қарап, жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеген.

Үлгілі қыз өсірген,

Миуалы бақта көсілген.

Үлгісіз қыз өсірген

Тірлікте текке есірген.

Бейпіл өскен қыздарда,

Қилы-қилы қылық болар.

Мән бермесе оларға,

Қызда бейбас құлық болар,-деп қыз баланың

инабатты, ақылды, тәрбиелі болуын, оны өсіруде қателіктер жібермеуді талап еткен.

Уа, әкелер, ойласаң ұлдар жайын,

Хас батыр бағыландай  еткен дайын,

«Алыптай  екен» десін жат  жастары,

Ер қазақтан ез  тумас етпе  уайым, - деп  ер балаларды  батыл,өжет, шыныққан шымырлы етіп тәрбиелеуді әкелерге аманат  еткен.

Ұлағатты ұстаздың «Өс, өс», «Жыл он екі ай», «Ой маржандары», «Айша», «Ана тағдыры», «Достық жыры», «Ұлыма», «Жеке шумақтар» т.б өсиет өлеңдері оқушы-жастарды білімге, адамгершілік, инабаттылық, адалдық қасиеттеріне бағыттайды.

С.Сауытбеков ұлттық педагогикамыз жайлы сөз еткенде тәрбиенің тамыры көнеден атадан балаға мирас болып келе жатқан халықтық тәрбиеде, ана тілінде деген тұжырым айтады.Ұлттығыңды сақтап қалам десең, халықтың тағылымын, салт-дәстүрін оқып-үйренудің керектігін сөз етеді.

Ендеше, ұлтымыздың ұлы ұстазы мұрасының тереңіне бойлау, бүгінгі таңдағы құндылығын, өзектілігін ұғыну, оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану, насихаттау – біздердің, болашақ мұғалімдердің міндеті деп түсінемін.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қаңтар
330
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі