Материалдар / Ұлыбританиядағы жастар ұйымы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ұлыбританиядағы жастар ұйымы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан мен Ұлыбритания жастар ұйымы, олардың бірлесе жұмыс жүргізу тәсілі, адамдардың бір-бірімен қарым -қатынасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2018
463
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ағылшын тілі 10 сынып

Сабақ тақырыбы:

Ұлыбританиядағы жастар ұйымы

Сабақ мақсаты:

1.Оқушылардың сөйлеу дағдыларын арттыру,сөздік қорларын молайту.

2.Ұлыбританиядағы жастар ұйымы туралы,олардың атқаратын қызметі мен алдына қойған мақсаттары туралы түсіндіру,пікір алмасу.

3.Өзге елдің мәдениеті мен салт-дәстүрлерін құрметтеуге.сыйластыққа тәрбиелеу

Ресурстары:

Оқулық,түрлі-түсті қағаздар,қарындаштар

Әдіс-тәсілдері:

Тәсілі:топпен,жұппен

Әдісі:СТО,АКТ;

Оқыту нәтижелері:

Сөздік жұмыс арқылы оқушылардың сөздік қорын молайту,сөйлеу дағдыларын арттыру,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Түйінді идеялар:

Мәтінде кездескен таныс емес терминдерді лексиконның көмегімен оқып,мағынасын түсіндіру,жастар ұйымының мақсаттарына түсінік беру.

Дерек

көздері:

Қосымша сөздік кітабымен жұмыс,электрондық оқулық

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:



«Сергіту сәтінен»кейін оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй арқылы сабақтың қызықты өтуіне сәттілік тілеймін.

Партаның үстіндегі үлестірмелер арқылы топтарға бірігеді.1-топ«Көкөністер»( «Vegetables»),2-топ «Жеміс-жидектер»(«Fruits»), 3-топ«Гүлдер»(«Flowers»).Әр топ мағынасына қарай топтасып,сілтемелер тұрған орындарға жайғасады.


Үй тапсырмасы

Мұғалім оқушылардың білім-білік дағдыларын бақылау үшін үйге берілген тапсырманы жазба жұмыс дәптерлерінен тексереді,әр топтан бір оқушы тапсырманы оқып,дұрыс-қатесін айтады.

4,5 жаттығулардағы тапсырмалар арқылы оқып,мәтіннен берілген тапсырманың дұрыс жауаптарын табады.

Example:

-aims of scouting=1.character development;2.citizenship;

3.fitness


Жаңа тақырып


Мәтін бойынша өткен сөздіктерін есте сақтау мақсатында «Аялдама»ойыны арқылы А3қағазына тақырыптық сөздер жазуға тапсырма беремін. «Stop»белгісінен кейін оқушылар келесі аялдамаға барып,толықтырулары керектігін түсіндіремін.


Оқушылар алдарындағы қағазға бір түсті қарындашты қолдана отырып,сөздер жазады.Жазған сөздерінің қатесі болмауы керек,әрбір оқушы бір сөзден жазуына да немесе басқалардың сөзін бір оқушы(көшбасшылары)

жазуына болады.Берілген белгіден соң оқушылар келесі аялдамаға барып,(сияның басқа түрін қолдана отырып)ондағы кездеспеген сөздермен толықтырулары керек.Тапсырманың соңында әр топ өз сөздік қорларының қандай сөздермен толыққанын қарап шығып,бір оқушы оқып шығуы керек.Мысалы:-Example:

1st group 2nd group 3rd group

Spring up loyal brave Voluntary cookery will

Motto courage handle

1st G1st Group 2nd Group 3rd Group

1st Group 2nd Group 3rd Group

Shape3 Shape2 Shape1

Loyal

Cookery

courage


Shape4

will

Brave

handle


Spring up brave

Voluntary bB

motto





Оқып түсінуге арналған мәтінмен жұмыс





Жаңа сабақты бекіту

Оқудың Джигсо әдісін пайдалана отырып,үш топқа деңгейлік тапсырма арқылы мәтінді қалай түсінгендерін тексеремін,яғни оңайдан қиынға қарай ауысып,тапсырманы қалай орындауға тырысатындарын қадағалаймын.Мәтіннің

ең негізгілерін кластер арқылы сызып,қорғауға тапсырма беремін.

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы мұқият орындау үшін 10 минут уақыт беріледі.Осы уақытта олар мәтіннен ең негізгі мағынасын ашатын сөздерден кластер жасап,сол арқылы мәтіннің мазмұнын қысқаша айта алатын болулары керек.Уақытты тиімді пайдалана отырып,әр топ өздерінің кластерлерін тақтаға іліп,бір оқушы қорғайды.Барлық топ тапсырманы орындап болғаннан кейін әр топтың көшбасшысы толықтырулар енгізулері сұралады.

Бағалау

Оқушыларға стикерлер таратып «Bright stars»стратегиясын пайдаланып,сабақтан алған әсерлерін жазып тақтадағы А3 қағазына жапсыруға тапсырма беремін.Топ басшыларының өз топтарындағы оқушыларды бағалаулары арқылы мұғалім өз қорытынды бағасын береді.

Әр топ басшысы өз топтарындағы оқушылардың қайсысы белсенді түрде жұмыс істеді,кім кейбір тапсырмаларды орындау барысында қалыс қалып отырды сол арқылы топ мүшелерінің сол күнгі жұмыс нәтижесіне тоқталып өтеді.

Үйге тапсырма

7,8 жаттығулар,202-бет

Оқып-түсініп келу

Үйге берілген тапсырмаларын күнделіктеріне жазып,бағаларын қойғызады.





























Сабақ


Сыныбы:10

Күні:

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар,10 сыныпқа арналған оқулық

Тақырып:

Мәтінмен жұмыс

Жалпы мақсаты:

Мәтін барысында кездескен таныс емес сөздермен жұмыс,аудару,мәтіннің негізгі мағынасын түсіне отырып,жұптық жұмыс арқылы бір-біріне сұрақтар қойып,жауап беру

Ресурстары:

Оқулық,түсті қағаздар

Әдіс-тәсілдері:

Жұппен жұмыс,топпен жұмыс,СТО,әңгіме


Оқыту нәтижелері:

Сөздіктерге аудармамен қоса анықтама бере отырып,өз ойларын еркін жеткізе білу,өз беттерінше мәтінге талдау жасап,шығармашылық жұмыс жүргізу

Түйінді идеялар:

Ұлыбританиядағы жастар ұйымының алдына қойған мақсатқа қол жеткізудегі адамгершілік қасиеттері туралы мәтіндегі берілген орнын тауып,түсінік беремін.

Дереккөздер:

Оқулық,Мектептегі шет тілі журналындағы қысқаша мәліметтер

Сабақтың барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі:

Жылулық шеңбері:«Жүректен жүрекке »арқылы оқушыларға сәттілік тілеймін.

Әр оқушы қасында тұрған оқушыға қарап,жылы сөз айтады.Мысалы:-You are very nice today.

-Be happy!-Be successful!-Good luck!

Үй тапсырмасы:

Оқушыларды сырттай бақылап,білім-білік дағдыларын анықтап,кері байланысқа шығамын.

Оқып түсініп келуге берілген мәтінмен жұмысты жандандыру мақсатында мәтінде кездескен таныс емес сөздерінің аудармасы мен мәтіндегі мағынасын ажырата білу үшін түсіндірме жұмыстар жүргізу

Жаңа тақырып:

Мәтінмен жұмыс

Әр топтың оқушылары жұмысқа қаншалықты қызығушылықпен жұмыс жүргізгендерін,олардың алдыларына түрлі-түсті жұлдызшалар арқылы бақылаймын.Мысалы:Жоғарғы деңгейдегі жауаптары үшін-қызыл жұлдызша,орта деңгейдегілерге-көк жұлдызша,төмен деңгейге-сары жұлдызша беремін.


1-ші деңгей

Әр топ мәтіндегі жаңа сөздердің ағылшын тіліндегі жазылуын тізбектей жазып,бірінші топ екінші топқа өз жазғандарын береді,ал екінші топ Барлық топ жұмыстарын тақтаға алып шығып,қандай сөздермен жұмыстары толыққанын айтып береді.Бұл тәсіл оқушылардың сөздік қорын сол сабақта ғана пайдаланып қоймай кейін де қолдануына мол мүмкіндік береді. үшінші топқа береді.Осылайша бір топтың жазған сөздерінің дұрыс жазылуын тексеріп қана қоймай,сияның басқа түрін пайдалану арқылы Барлық топ жұмыстарын тақтаға алып шығып,қандай сөздермен жұмыстары толыққанын айтып береді.Бұл тәсіл оқушылардың сөздік қорын сол сабақта ғана пайдаланып қоймай кейін де қолдануына мол мүмкіндік береді. өз топтарымен келісе отырып,өздерінің сөздік қорларымен толықтырады.Барлық топ жұмыстарын тақтаға алып шығып,қандай сөздермен жұмыстары толыққанын айтып береді.Бұл тәсіл оқушылардың сөздік қорын сол сабақта ғана пайдаланып қоймай кейін де қолдануына мол мүмкіндік береді.

Сабақты бекіту:

Мәтінді оқушылардың қалай түсінгендерін тексеру мақсатында кластермен жұмыс жасауды тапсырамын.Топтық жұмыс кезінде барлық оқушылар бір кісідей жұмысқа тартылуы керектігін ескеремін.Бұл жұмысқа 10 минут уақыт беріледі.

Әр топ өз шығармашылық жұмыстарын көрсете отырып,кластермен мәтіннің негізгі мағынасын беретін мәліметтерді қамти отырып,сызбасын жасап қорғайды.Топтың барлық оқушылары қамтылуын әр топ көшбасшысы назарда ұстауы керек,бұл сабақ соңында оқушыларды бағалау кезінде сұралады.Деңгейі төмен оқушы тапсырмадан тыс қалып қалмауын ескере отырып,мәтін бойынша қысқаша сұрақтар беру арқылы жауабын тыңдау,

Бағалау

Сабақ бойына оқушылардың қатысуларын жұлдызша арқылы бағалаймын.(«Exellent», «Good», «Bad»)

Әр топ көшбасшысының тобындағы оқшыларын бағалауын,бір топ оқушыларынан келесі топты бағалауын сұраймын,осы арқылы кері байланыс жасалады.


Үйге тапсырма

Ата-аналарының жас кездеріндегі жастар ұйымы туралы мәліметтер жинақтап келу.








Сабақ

Сынып: 10

Күні:

Сілтеме:

10сыныпқа арналған оқулық,күнтізбелік жоспар

Тақырып:

Ата-анамның жас кезіндегі жастар ұйымы

Youth Organizations my parents joined

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту.

Дамытушылық:Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамыту,Ұлыбританиядағы жастар ұйымы мен Қазақстандағы жастар ұйымдары арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылығын табу. Тәрбиелік:Оқушыларды өз елінің патриоты болуға,өзге елдің мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.


Ресурстар:

Үлестірмелер,суреттер

Әдіс-тәсілдері:

Тәсілі:жұппен,топпен

Әдісі:СТО,АКТ,сұрақ-жауап

Оқыту нәтижелері:

Өз біліміне сенімді оқушылар қабілеттерінің жоғарғы деңгейде болғанына сеніммен қарап,материалды тез әрі жетік меңгереді.Олар ойларын шапшаң жинақтайды,терең ойланады,ішкі бақылау мен сыртқы тексеру кезінде жақсы нәтижеге қол жеткізе алады.

Түйінді идеялар:

Ата-аналарымен пікірлесе отырып, олардың жас кездерінде қандай ұйымдар болғандығы туралы жинаған мәліметтерімен бөліседі.

Дереккөздер:

Оқулықпен жұмыс,электрондық оқулық, қосымша мәліметтер

Сабақтың барысы:

Procedure of the Lesson

Мұғалімнің іс-әрекеті:


Оқушының іс-әрекеті:

Ұйымдастыру кезеңі:

Organization moment:

«Сергіту сәті»

Brainstorming-

«Collaborative»сөзінен әр топ неғұрлым көп сөз пайдаланып,жазулары керектігін ескертемін.

Әр топ өздері жазған сөздерін оқып шыққан соң,қай топ мүшелерінің сөздік қоры көп,мағынасы бар сөздерге қарай бағаланады.

Example:

1st Group 2nd Group

Labor ill

Cat active

At all

Rat in

Tin call

1st Group

Shape5


2nd Group

Shape6


Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылардан ата-аналарының жас кездеріндегі жастар ұйымдары туралы мәліметтерін оқып берулерін сұраймын.Әр топ өздерінің ақпараттарын толық ортаға салып болғанша тыңдап шығып,соның ішіндегі ең маңызды дереккөздер туралы өз ойларымен бөлісулерін сұраймын.

Have you any new minds or answers of this question?

Әр топтан бір оқушы жазып келген ақпаратын дауыстап оқып шығады,қалған топ тыңдап болған соң өздеріндегі мәліметтермен толықтырады.Мысалы:

Менің әкемнің жастық шағында «Пионер», «Комсомол»ұйымдары

Болған,олардың өздерінің алдыларына қойған мақсат, міндеттері болған.

Youth Organizations my parents joined were «Pioneers» and «Komsomols».They had their own perposes and responsibilities.


Жаңа сабақ:

The New Lesson

Ұлыбританиядағы жастар ұйымы мен Қазақстандағы жастарұйымдарының атқаратын міндеттері мен мақсаттары арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы мәтіннен алған мәліметтер арқылы әр топ жекелей постер арқылы ойларын

ортаға салып бөліседі.

Әрбір топ көшбасшысы өз тобының барлық оқушылары қатысуын,қалыс қалып қалмауын назарында ұстауы керек.Мәтіндегі негізгі мәлімет көздеріне сүйене отырып,мазмұнды түрде тапсырмаларын қорғап шығуға тырысулары қажет.


Жаңа сабақты бекіту-Fixing the new Lesson:



1Shape7 sShape8 t Group Boys Scouts 2nd Group

Ages

11-18,

18-21

130000

Members of boys and girls

Organization in Great Britain

Yough Organization



1908




GirlsGuides Three character


Бағалау:

Giving marks




«Жарық жұлдыз»стратегиясын пайдаланып,тақтаға стикермен сабақтан алған әсерлерін жазып қалдыруларын сұраймын.

Оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттері мен жауапкершіліктерін ескере отырып,бағалаймын,әр топ басшысы мен бірін-бірі бағалауларын ескеремін.

Сабақ соңында оқушылардың жазған ой-пікірлерінен қорытынды шығарамын.

Әрбір топ басшысы өз топтарындағы оқушылардың жауаптарын саралайды,басқа топ мүшелерінің өздеріне берген бағалауларын түсіністікпен қабылдайды.Оқушылар

дың пікірлері:

Example:-I liked the Lesson!

-The Strategy «Station» is very interesting!

-I like Group work!

Үйге тапсырма:

Home Work


167 бет,10-11жаттығулар

The Lesson is over!

Good bye!



Сабақ:

Ағылшын тілі

10 сынып

Сілтеме:

Күнтізбелік жоспар,10 сыныпқа арналған оқулық

Тақырып:

Ұлыбританиядағы ер балалар мен қыз балалардың ұйымы

Сабақ мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың Ұлыбританиядағы ер балалар мен қыз балалардың топтары туралы мәтінді тыңдап-түсіну.

Дамытушылық:Олардың мақсаттары мен міндеттері туралы мәтіннің ішінен табу,бірлесіп талдау.

Тәрбиелік:Қазақстандық жастар ұйымы мен Ұлыбритания жастар ұйымының ортақ қасиеттерін табу,әр елдің әдет-ғұрпын құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

Интерактивті тақта,оқулық,

А3,А4қағаздары,оқулық

Әдіс-тәсілдері:

СТО,АКТ,топпен жұмыс,жұппен жұмыс,дарынды оқушымен жұмыс,постер қолдану

Оқыту нәтижелері:

Оқушылар Қазақстан мен Ұлыбритания жастар ұйымы жөнінде алған мәліметтерін толықтыру үшін постер арқылы өз ойларынжинақтап,топтар бір-бірімен ой бөлісіп,келісіммен шешім қабылдайды.

Түйінді идеялар:

Әр елдің өздерінің жастар ұйымдарының мақсат-міндеттерін орындауда олардың жауапкершіліктері,қасиеттері туралы әңгімелеймін.

Сабақ барысы:

The Procedure of the Lesson:

Мұғалімнің іс-әрекеті

-Greeting children:

-Good morning!

Оқушының іс-әрекеті

-Good morning,teacher!

Ұйымдастыру кезеңі:

Organization moment

-What date is it today?

-Who is absent?

-Today is…

-Nobody is absent today.

Сергіту сәті:

Warm-up

I give to the children a heart-pen.They must give this pen one another with magic words:

Example:

-I wish you success!

-Be happy!

-Good Luck!

-You look very nice today!

Үй тапсырмасын тексеру:

Control of the H/w

-What was you Homework?

-Page 201,Exercise2,4

1.False 2.False 3.True

Жаңа сабақ:

The new Lesson

Reading and Speaking

-Ex.7 Page 202

Read the text and find youth Organizations of Great Britain and try to remember their names.

-Work in Pairs and answer the questions.

-What youth organizations of GB do you know?

-The YCND,the NUS,the

BYC.

-Are there similar youth Organizations in Kazakhstan?

-Yes,there are.

Жаңа сабақты бекіту:

Fixing of the new Lesson-Group work

-Fill the diagram about Youth Organizations in Kazakhstan and Great Britain.

Are thre any youth Organizations in your village?

(school,town)



Shape9 Shape10 Kazakhstan Both Great Britain

Shape11

r

Baldyrgan

Zhas Ulan

Zhas Kyran



The NUS

The BYC

The YCND

Loyal

Helpful

Brave

kind








«Жарық жұлдыз»стратегиясы арқылы жұмыс жүргізу

«Еhe Bright Star» strategy

I give stickers to the children and ask them to write down about their opinions and how they liked today’s Lesson

-They think:

I liked Group work.

-It was very interesting

Working with poster.

-What is about Vocabulary work tomorrow?

Бағалау:Giving marks

Dear boys and girls!

You worked today very good and collectively.

You group helped each other in some situations

And understood each other.Thank you!

Every group leader must give marks to other members of the group and every group marks one another and say what they want to do next time.

Үйге тапсырма:Homework

Exercises 3,4 Page 203 to learn by heart new words.

-Good bye,boys and girls!

Pupils write the Homework in their dairies.

-Good bye!






















































«Егінсу орта мектеп-бақша» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Ахметова Айдынгуль Тайсалқызының

тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша есебі


Қазақстанның жедел дамып отырған адамзат қоғамының көшінен қалмай,қазіргі заманға лайық биіктен көрінуі,Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында атап көрсетілгеніндей,ұлттық білім беру жүйесінің деңгейіне байланысты.Елдің ертеңгі өресі биік,дүниетанымы кең,кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірмен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.(«Мектептегі шет тілі»-№2/2008). Қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі жастарға үш тілде білім беру.Бұл үшін мектепте олардың шет тілінде сөйлеуге қызығушылықтарын арттыру болу керек. Жас кезде берілген білім жас отырғызылған ағашпен бірдей,қалай исең солай икемделетіні сияқты,тілді де жас ерекшеліктеріне сай бейімдеп үйрететін болсақ,балалардың қызығушылығы соншалықты басым болады.Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнындағы жеті модуль оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегіне негізделген. Бұлар оқу барысында бірін-бірі толықтырып,үйлесімді байланыста болады.Соның ішінде сыныптағы диалогтік оқытуды дамытудағы топтық әңгіме әдісі-көздеген мақсатыма жету үшін оңтайлы деп шештім.Оқушылар бір-бірімен жұмыс істей отырып,еркін ой бөліседі,қасындағы достарының әртүрлі идеялары болатындығына көз жеткізе отырып,қызығушылық,алға қарай ұмтылушылық стимул қалыптасады.Әр оқушы өз пікірін дәлелдеуге үйренеді,әрі өзімнің де оқушыларымның қандай деңгейге көтерілгендерін бақылауыма мүмкіндік туады.Александер(2004)оқытудағы әңгімелесу-қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес,керісінше,идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды.Мерсер(2000) сипаттағандай,білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу»барысында тең құқылы серіктестер болып табылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық,

40 бет).10 сыныпқа өзім жетекшілік еткеннен кейін орта мерзімді сабақ жоспарымды осы сыныптың ағылшын тілі пәні бойынша жасадым.Алғашқы сабақ жоспарымнан бастап Бағдарламаның негізгі мақсаттарын сабақ жоспарыма енгіздім.Бағдарлама модульдерін пайдалана отырып,оң нәтижеге қол жеткізу үшін сыныптағы ахуалды ретке келтіру мақсатында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруды алға қойдым.Балалардың бір-бірімен емін-еркін әңгімелесуін,өз ойларын қысылмай ортаға салып үйренуге ,бір-біріне көмек көрсетулерін,арқа сүйеуін,араларындағы дарынды оқушыларға ілесе отырып,оқуға ынталануын,өздері қол жеткізген нәтижеге қуана білуге дағдылануларын мақсат еттім.

Осы мақсатты негізге ала отырып,сабағымды «Сергіту сәтінен»бастадым,көтеріңкі көңіл-күймен басталған сабақ оқушылардың күні бойғы сергек жүрулеріне себебін тигізеді.

Бұдан ары қарай оқушыларды топқа бөліп алу үшін үлестірмелер пайдаландым. «Көкөністер»(«Vegetables»), «Жеміс-жидектер»(«Fruits»), «Гүлдер»(«Flowers») деп бірнеше сөздерді топтастырып алып сол арқылы оқушылар сілтеме бойынша орындарына барып отырды. «Ұлыбританиядағы жастар ұйымы»мәтініндегі таныс емес сөздерді аудару ға берілген үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Аялдама»ойынын пайдаландым.А3 қағазына әр топ өздері аудармасын,дұрыс жазылуын білетін сөздерін жазулары керек.Белгі берілген сәтте келесі аялдамаға барып ондағы жазылмаған сөздермен ол топтың сөздігін толықтырады.Соңғы аялдамадан соң барлық топтар өз орындарына келіп жайғасады да,өздерінің сөздік қорлары қандай сөздермен толықтырылғанын қарап шығып,әр топтан бір оқушыдан шығып дауыстап оқып шығады. «Аялдама»ойыны оқушыларға ұнады,бұл ойларын олар сабақ соңында жүргізілген «Жарық жұлдызға»жазған пікірлерінен байқадым. Топпен жұмысты оқып-түсінуге арналған мәтінмен жұмыс арқылы жалғастырдық.Әр топ мәтінді қалай түсінгендерін тексеру үшін кластермен жұмыс тапсырдым.Түрлі-түсті қалам қолдана отырып А3 қағазға оқушылар мәтіннің ең негізгі деп тапқан ақпараттарын көрсетулері керек,тапсырманы толық орындап шығуға он минут уақыт берілді.Оқушылар жұмыс істеп отырғанда әр топтың қалай жұмыс істеп отырғандарын,қалыс қалып қалғандар бар ма тексеріп,бақылап отырдым.Уақыт аяқталған соң әр топтан бір оқушы кластерлерін магнитті тақтаға іліп қойып,қорғап шықты,топтың басқа мүшелері қажет болған жағдайда толықтырып отырулары керектігі тапсырылды.Топтық жұмыстың бұл тәсілі де оқушыларға ұнады,олар қызығушылықпен бірін-бірі толықтыра отырып жауапкершілікпен орындап шықты.Деңгейлік тапсырмалар арқылы жақсы оқитын зерттеуге алған оқушым Айжаннан мәтінді нақтылы дәлелдер арқылы мазмұнын айтуын сұрадым.Орта деңгейдегі оқушым Жанарға мәтіннен кейінгі сұрақтарға шамасына қарай жауап беруді тапсырдым.Төмен деңгейдегі оқушым Нұрболға мәтіннің ішіндегі кездескен таныс емес сөздерді аударуға тапсырма бердім.Бұл тапсырма оқушыларды ұйымшылдыққа,бірлікке баулиды,тапсырма кезінде олар бір-бірлеріне қолдау көрсетеді,бірінің пікірін келесісі тыңдап,өзінің білім деңгейін тексереді,саралайды.

Үйге тапсырма берілгеннен кейін «Жарық жұлдыз»(«Bright stars») стратегиясын пайдаландым .Оқушыларға стикерлер таратып оған бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазып тақтадағы А3 қағазына жапсырып кетулерін сұрадым.Сабақ жоспарланған мақсатына жеткен сабақ болды.Сабақ барысында оқытудың жаңа тәсілдері,АКТ,оқытудағы көшбасшылық,бағалау,топтық жұмыс әдістерін пайдаландым.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!