Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Ұлылардың ұлысы – Абай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлылардың ұлысы – Абай
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалабай Толқын Айтқазықызы

tolkyn.kalabaeva00@mail.ru

87762287803


Ұлылардың ұлысы – Абай



«Шын хакім, сөзің баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес» Мағжан Жұмабаев.

Мен әрқашан дана, философ, ағартушы, кемеңгер ақын, сыршыл суреткер ұлы Абайды дәріптеймін. Міне бүгін осы сөзімді тілге тиек еткім келіп отыр. Абайдың жүрек шерімен жазған туындыларының тағылымы мәңгілік қымбат қазына. Абай – қазақтың, адамзаттың ұлы. Абай – қайта тумас бір әлем. Қазақтың салт – санасын, ой - өрісін, таным – тарихын білу үшін, ең әуелі, Абайды тану керек, Абайдың ішкі сырына терең бойлау қажет. Олай дейтінімнің себебі, түгел дәуірдің шындығы, әлеуметтік – қоғамдық құбылыстар, адамгершілік асыл қасиеттердің қайнар көзі, терең бұлағы осы Абай шығармаларында біте қайнасып жатыр. Абайды тану арқылы, өзіңді танисың. Әрбір өлеңі, әрбір қара сөздері, шығармалары терең ойға жетелеп,рухани толқулар туғызады. Бабалардың сөзін әсем кестелеп, өткір тілмен сырлы да сыншыл суреттеп бүгінгі ұрпаққа баға жетпес асыл мұра ретінде қалдырып отыр. Абайдың ақ қалам мен қара сияны ермек етіп жазған туындылары бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуге рухани азық. Абай түбі тереңге жайылған өлеңдерінің тәрбиелік мәні ұшан – теңіз. Шіркін, Абайдың поэмалары, махаббат, табиғат лирикасының өзі неге тұрады?!

Абай атамыз қай өлеңінде болсын жастарды көркем мінезді болуға тәрбиелейді. Көркем мінез деп отырғанымыз – ол тілімізге сақ болу, сөзімізге сақ болу, өзіңізге сақ болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет, адамгершілік асыл қасиеттерді ұстану.

«Дүниеде өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз...» - деген Абай сөзі «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңінде жалғасын тауып жатыр. Ақын жастарды бес нәрседен - өтіріктен, өсектен, ерікшектіктен, мақтаншақтықтан, бекер мал шашпақтан бойын аулақ ұстауға, бес асыл іске – талапты болуға, еңбек етуге , терең ойлау білуге, қанағатшыл, рақымшыл болуға үндейді. Ақын шығармашылығының мағыналығы бүгінгі күнге дейін әлі мәнін жойған жоқ. Ол келер ұрпаққа ділмәр даралығымен, ерекше даналығымен құнды. Абай өлең жазсын, не қара сөз жазса да, оның қасиетіне үніліп, терең бойлап, мағынасын ашып жазады. Оқырманға үлкен тәрбиелік ой қалдырады.

Абай атамыз өсиет айтқан: «Әсемпаз болма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалаң. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан». Осы шумақта бар тіршіліктің мәні мен сәні жатыр. Абай дүниеге келген әрбір жанның өмірде өз орнын тауып, қалаған мамандық иесі болып, «кірпіштей қалануын» айтқан.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңінде жастарды шен, қызмет алу үшін емес, ғалым болып дүниені тану үшін оқу керектігін айтқан. Қара сөздерінде күллі ғылым мен ақылды тоздыратын ой – кеселді нәрселерден аулақ болуды, оларға салынбауға шақырады. Ақынның әр сөзі мазмұнға бай, «сырты күміс, іші алтын» болып келеді. Сондықтан Абай атамыздың кез келген қара сөзін оқысаңыз санаңызға ой салып, ойыңызды шымырлата түседі. Білім және ғылым туралы жазылған қара сөздерінде оқырманға ерекше қуат беріп, ынталандырудың негізгі күші болып, бұлқынған бойларымызды ұлттық рухты нәрлендіретін ұшқыр ұмтылысқа жетелейді.

Абай халықты бітім – бірлікке, өнер – білімге, ар – ұждан иманға, адал еңбекке, табаны қайтпас қайсарлыққа үндеп, өзінің саналы ғұмырында «мыңмен жалғыз аласып» жүріп, тәрбиелеген. Осындай ұлы дана , дара Абай атамызды қастер тұтпағанда, кімді қадір тұтамыз? Кіммен мақтанамыз? Орыс халқы ұлы Пушкинмен мақтанса, біз қазақ халқы оның ішінде түбі бір түркі халқы біртуар ұлы кемеңгер Абай атамызбен мақтан тұтуымыз қажет. «Абайды Абай еткен – Мұхтар» ,- дегендей «Абай жолы» роман – эпопеясын оқу әрбір қазақ азаматына парыз, міндет. Жұдырықтай жүрегімнен жарып шыққан асыл тілек - әрбір қазақ Абай мұрасымен сусындап, бағасын білсе екен, мақтаныш тұтса екен. Мен Абай атамыздың шығармашылығын оқи отырып, өзімді тануға, дүниенің небір керемет сырларын ұғынуға, өн бойыма көркем мінезді болуға үйрендім. Абай ұрпаққа анық, тура із қалдырушы десем артық кетпеймін!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.07.2021
245
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12