Ұйымдастыру кезеңі
(5мин)
|
Құрметті оқушылар! Ұлыстың ұлы
күні – Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз – көнеден келе жатқан
мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың
дәстүрлі мейрамына айналған. «Наурыз» сөзі – біріншіден, жыл
басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден, ай аты,
үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты айтылады. Наурыз –
бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған,
сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,
ағайын!
|
|
Компьютер,
ноутбук
|
Сабақ басы (10
мин)
|
Балалар көктем
келді, Көктем келсе айнала төңірекке жан кіреді, Алыс жақтан құстар
ұшып келеді, қысқы ұйқысынан аңдар оянады. Табиғат жаңарып
гүлденеді, бұған адамдар қуанады. Әр халықта Көктем мерекесі
әртүрлі тойланады: Балалар бұл мереке қалай
аталады?
Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау
дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы
замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”,
бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”,
“гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”,
буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар
“навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан
Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды
қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол.
Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн
тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май
құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ
кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін
тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап,
үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі
тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.)
ұйымдастырады.
|
Оқушылар мұғаліммен
амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары
бойынша
орындарына отырады.
|
Слайд
|
Ортасы (20
мин)
|
Наурыз
мейрамы — ежелгі заманнан
қалыптасқан жыл бастау мейрамы.
Қазіргі күнтізбе бойынша (наурыздың 22)
күн мен түннің теңесуі кезіне келеді.
Көне парсы
тілінде нава=жаңа
+ рәзаңһ=күн, «жаңа күн» мағынасында,
қазіргі парсы
тілінде де сол мағынамен қалған
(но=жаңа
+ роуз=күн; мағынасы «жаңа күн»),
яғни «жаңа жылды» (күн өсуін белгілеуі)
білдіреді.
2010
жылдың 10
мамырынан бастап Біріккен Ұлттар
Ұйымының Бас ассамблеясының
64-қарарына сәйкес 21 наурыз "Халықаралық Наурыз күні" болып аталып
келеді.[1] Бас ассамблея өзінің берген
түсініктемесінде "Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан
бері Балқан
түбегінде, Қара
теңіз аймағында, Кавказда, Орта
Азияда және Таяу
Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын"
мәлімдеді. Ал ЮНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде
Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұра тізіміне
кіргізді
|
Оқушылар тапсырма
орындайды
Әр қатар оқушылары ой талқы
сұрақтарына жауап береді.
|
|
Соңы (5
мин)
|
Наурыз күні жеті
немесе тоғыз түрлі тағамнан қазан толы көже
пісіріледі. Қазан аузы жоғары, - деп
жиналғандарға наурыз көже таратылады. Наурыз
көженің сүр ет салып пісірілуі
қыс тағаты етпен қоштасуды, ал құрамына ақтың қосылуы жас тағаммен
қауышудың мәнісін білдіреді. Наурыз күні қасиетті дәмненқадірменді адамдарға,
жолаушылап кеткендерге сыбаға
сақталады
|
Формула
құрастырады
|
|