«Ұмыт болған ұлттық тағамдар»

Тақырып бойынша 23 материал табылды

«Ұмыт болған ұлттық тағамдар»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Ұмыт болған ұлттық тағамдар»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп


Сабақтың тақырыбы:

«Ұмыт болған ұлттық тағамдар»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты:

ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұмат беру.Балаларға өзіміз қазақ халқымыздың асыл қазыналы ұлттық дәстүрлеріміздің тағамдарымен таныстыра отырып, ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу. Бұрынғы ата-бабаларымыздың қалай өмір сүріп жүргені туралы айтып түсіндіру.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі фигур алғандарды

1-топқа «Тұлпар», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «Сұңқар» тобына бөлемін.


Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал


Оқушылар

дың пікірі тыңдалады


слайд

Жаңа сабаққа кіріспе




«Миға шабуыл» әдісі

-Еттен жасалған қандай ұлттық тағамдады білесіңдер?

-Сүттен жасалған қандай тағамдарды білесіңдер?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.Содан кейін презентация арқылы оқушылардың білімдері толықтырылады

Ет (жас ет, сүр ет).

Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.

Жөргем– бунақтап өрілген ішек.

Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.

Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.

Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек–қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.

Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.

Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.

Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.

Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.

Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам



Сабақтың ортасы

26 мин.

Айранды кейде қатық деп атаса, шұбатты қымыран дейді. Қатық – ұйытылған, бірақ араластырылмаған айран. Қойыртпақ-қатыққа, айранға,қымызға,ішетін іркітке сүт немесе су қосып,торсыққа құйып,қанжығаға байлап жүріп далада ішетін ақ, сұйық айран.Қанжығада жүріп көп шайқалғандықтан қойыртпақтың ашыған дәмі білінбейді, ішуге дәмді, асқазанға жеңіл болады. Қойыртпақ көбінесе малшыларға, сондай-ақ

Жолаушыларға өте қолайлы.

Сүтті тағамдар әр түрлі болды. Жылқы сүтінен қымыз, түйе сүтінен шұбат дайындалды. Сиыр, ешкі, қой сүттерінен май, ірімшік, тағы да басқа тағамдар әзірленді. Айран – қазақтардың сүйікті бір сусыны болған. Су мен айранның қосындысы «шалап» деп аталды. Сүттен май шайқалды. Көп уақытқа сақтау үшін майды суық сумен жуып, тұздап, қой қарынына салған. Тағамдардың ішіндегі ерекше орында – ірімшік болды. Күнде кептірілген құрты қыста ыстық сорпаға езіп салады. Ірімшіктің «сары ірімшік» және «ақ ірімшік» деген түрлері болды.


Іркіт. Құрт қайнату, кейде майын алып, іркітін сусынға ішу үшін сабаға, күбіге жинап ашытқан айран-қатық, шикі сүт. Іркіттің басын піскен сүттен ұйытып алып сабаға құяды да, үстіне шикі сүт құйып жинай береді. Содан кейін оны пісіп, сапырыпсусын орнына да ішеді.іркіттің түрлері: - қойдың іркіті, сиырдың іркіті, пісірілген іркіт, сабаның іркіті, күбінің іркіті.
Быршымы. Ұйытқысы нашар болған немесе көп тұрып қалған іркіт түрлері, одан көбінесе құрт қайнатылады.
Тұрнияз. сүтке май, су, езген құрт, ақтаған тары қосып қайнатқан соң бұқтырып қойып жейтін оңтүстік қазақтарының сүйікті асы, ұнды бөлек қуырып алып, тұрнияздың үстіне себелеп те әзірлейді.
Ежегей. Көбінесе қой сүтіне езілген құрт қосқан қойыртпақ. Ол адамды тер торлатады, оңалтады.
Ақірім. Сүр еттің сорпасына айран қатық немесе қымыз қосып сапырып ішетін қышқыл сусын. Ол әрі сусын, әрі тамақты бойға жақсы тартады. Ертеректе сүр етке тойғаннан кейін құр шай немесе ақірім ішу салт болған.
Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең бағалы дастарқын дәмінің бірі.
Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіштен өткізіп, жылы кезінде күбігідегі немесе сабадағы саумалдың үстіне құяды. Содан соң оны міндетті түрде 30-40 минут пісіп, аузын байлап не арнаулы ашытқының немесе қордың үстіне құйылады. Ашытқының көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйегін салып сүттен, ол жоқ боолғанда сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Қор дегеніміз ескі қымыз, ол – жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын, арнайы сақталған сарқыны.
Қымыздың түрлері. Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қыыз, күзгі қымыз, қысқы қымыздеп атаған.
Құнан қымыз. Құнан қымыз үш тәулік бойы ашытылады. Ол саумал ішпейтін адамдарға беріледі. Кейде ол ас пен тойларға апару, ұзақ отырыстарда ішу үшін даярланады.
Төрт тәулік бойы ашытылған дөнен қымыз, бес тәулік бойы ашытылған бесті қымыз, одан да күшті асау қымыз деген күшті қымыздар да көбінесе сондай мәжіліс, тойларға арналып ашытылады. Саумал баяу ашыған немесе ащы қымызға жаңа сауған бие сүтін қосып пісу арқылы жұмсартылған, қарттар мен балаларға арналған қымыз.
Сірге жияр қымызы. Күзді күні бие ағытарда соңы қымыз бірнеше күн жиналады. Салт бойынша ел шақырып, ет асып, сірге жияр қымыз бөліп ішіледі.
Қазақ этнографиясына тән жазбалы деректер мен ауыз әдебиеті бойынша қымыздың басқа да 25 түрлі атауы бар.



-Балалар, қандай жаңа мәліметтерді білдіңдер?

Ас, тағам туралы мақал-мәтелдерді кім тез жалғастырады?




Оқушылардың жауаптары тыңдалады.) Тәрбиелік сәттерде арасында болады



Қарны ашқан қазанға ... (қарар.)



Ас тұрған жерде... (ауру тұрмайды.)



Мешкей деген жақсы... ( атақ емес.)



Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа ... (қарайды.)



Ет дегенде бет... ( бар ма?)



Өле жегенше, ... (бөле же.)


Қарны ашқан қазанға ... (қарар.)



Ас тұрған жерде... (ауру тұрмайды.)



Мешкей деген жақсы... ( атақ емес.)



Жат асыңа қарайды,
Дос басыңа ... (қарайды.)



Ет дегенде бет... ( бар ма?)



Өле жегенше, ... (бөле же.)



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


-Балалар, сонымен біздің ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға рахмет.

Рисунок 23








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.02.2024
546
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі