400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Үнемділік инноваторы тәрбие сағаты қмжсы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты қмжсы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

Үнемділік иноваторы

Мақсаттары

Адам тіршілігіне қажетті жағдайлар туралы

түсінік беру, суды, электр энергиясын үнемдеудің маңызын

ұғындыру, ұқыптылыққа, үнемшілдікке т әрбиелеу



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Мұғалімнің кіріспе әңгімесі:

  • Оқушылар, сендер тіршілікке қажетті бес жағдайды білесіңдер. Егер атап айтар болсақ, олар: ауа, су, тамақ, жарық, жылу. Адам өмірінде осылардың қай қайсын алсақ та орны ереше. Дегенмен де біз бүгін сендермен ас атасы нан туралы, судың маңызы мен оны үнемдеу туралы әңгімелемекпіз. Ең алдымен үнемдеу дегеніміз не? Сол туралы ойланып көрейікші. ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)


Мұғалім:

-Олай болса алдымен күнделікті өзіміз дастарханда көретін ақ нан дастарханға қалай келеді? Сол туралы балалардың ойын тыңдап көрейік.


Бiздiң республикамыз – қазақ халқының қасиетi дарыған алтын дән даласы. Дән дегенiмiз – нан. Нан – бақытты өмiрдiң бастауы, өзегi. Нан – қасиет, нан - береке, нан - мереке, нан сән салтанаттың алтын дiңгегi.



Атамыз ертеде ардақтысын нанмен қарсы алып, алыс сапарға бiр уыс топырағы мен бидай күлшесiн берiп аттандырған. Нан тiршiлiк ұраны.



Ақ дастарқан үстiнде бiр үзiм нан жатса жарасып тұрады. Түсiне бiлген адамға бiр үзiм нан – қанша тiршiлiктiң тынысы, бiр түйiр дән – қанша адамның маңдай терiнiң жемiсi.

Нан болмаса бағаңның кетерi бар

Нанмен ғана өмiрдiң өтерi бар

Жолда жатса егерде бiр үзiм нан

Арланбай-ақ, сен оны көтерiп ал!



Диқанның еңбегiн,

Тер төккен ақтаңдар!

Әр дәндi жоғалтпай

Өмiрдей сақтаңдар!









Нанда өмiрдiң иiсi бар, дәмi бар,

Нанда өмiрдiң еңбегi бар, ары бар

Нанда өмiрдiң ана сүтi, арқауы

Нансыз жерде қай өмiрдiң сәнi бар



Мұғалім: -Міне балалар, нан дастарханға келу үшін қаншама адам тер төгетінін байқаған боларсыңдар. Ендеше нанды ұқыппен пайдаланып, үнемдеу керек.

  • Ал тіршілікке нәр беретін су туралы біз сендермен дүниетану сабағынан оқып білген болатынбыз. Қане білімімізді ортаға салып көрейікші.

-Адам тіршілігіне қажетті бес жағдайдың бірі су екенін білеміз. Су- тіршілік бастауы.Су- тазалық көзі. Өсімдіктер де, жануарлар да

Сусыз тіршілік ете алмайды.



-Жер бетінде су көздері көп, бірақ мұхиттар мен теңіздердің сулары өте ащы, ішуге жарамсыз.Сондықтан адамдар оларды арнаулы қондырғылар арқылы тұщыландырып пайдаланады.





- Арнаулы қондырғылар арқылы қалдық суларды тазартып пайдаланады. Балалар сендер де таза суды үнемдеп пайдаланыңдар. Ашық қалған судың шүмегін көрсеңдер оны жауып, судың бекерге ағуына жол бермеңдер.



Проблемалық ситуация

Мұғалім сөзі:

  1. - Балалар , қазір ғана судың бекерге ағуына жол бермеу керектігі туралы айтылды. Ал өздерің мектепте болғанда судың шүмегі ашық қалып, судың босқа ағып тұрғанын байқаған кездерің бар ма?

  2. Тағы қай кезде, қандай сабақтарда ысырапшылыққа жол берген кездерің болды? ( Оқушылар пікірі тыңдалады.)



  • Балалар сендерге ұқыптылық , үнемшілдік жақсы қасиет екенін

ұғындырып, түсіндіретін кімдер деп ойлайсыңдар?

-Әрине ұстаздарың, аналарың, әкелерің. Ендеше Айқожа Назираның орындауындағы Ана туралы әнді тыңдайық.













-Арықтарда ағып жатқан суларды күн көзінен қорғау үшін арық жағаларына ағаштар мен талдарды егеді. Арықтарды қоқыстан тазартады.

Мектеп оқушылары да мұндай істерге өз үлестерін қосады.



-Біздің мемлекетіміз суды қорғау үшін арнайы шаралар қабылдаған. Зауыттар мен фабрикалардан шыққан қалдық суларды өзендер мен көлдерге ағызуға тыйым салынған



презентация

Сабақтың ортасы



- оқушылар, сендер қазір ғана шешкен жұмбақтардың шешуінде

Электр шамы деген сөзді кездестіріп отырсыңдар.

Қазіргідей ғылым мен техниканың дамыған заманында электр энергиясын пайдалану көп мөлшерге өсіп отыр . Электр энергиясын күнделікті тұрмыста жиі пайдаланамыз. Дегенмен де оны да үнемдеу қажет. Мына суретке қарап қандай ой қорытуға болады.


енді жұмбақ шешіп көрейік:



Жұмбақтар: 1. Жіпке ілдім мен өзім

Кіп-кішкентай күн көзін. ( Электр шамы)

2.Сырт еткіздім түймені,

Жарқ еткіздім бөлмені. ( Электр шамы)

3.Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен. ( су )

4.Ел көреді,

Теңіз емес-тербеледі. ( егін )

5.Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында наны бар. ( бидай )





Интербелсенді тақта/ компьютер

Қорытынды

Қорытынды:

  • Міне, оқушылар бүгін біз адам тіршілігіне қажетті ас атасы нанды,

тіршілік көзі суды, электр энергиясын үнемдеу –ұқыптылыққа жататынын білдік. Сонымен бірге кез –келген нәрсені ұқыпты пайдаланудың маңызы зор екенін байқадық. Ендеше үнемді, әрі ұқыпты болайық.

















Тақырыбы:

Үнемділік иноваторы







Өткізген.























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
41 ұстаз жүктеп алған
27.11.2023
1735
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі