Материалдар / Үнемі оқитын адам,табысты адам

Үнемі оқитын адам,табысты адам

Материал туралы қысқаша түсінік
Үнемі оқитын адам,табысты адам
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Күні:

Тақырыбы «Кітап оқитын адам-табысты адам»

Мақсаты: Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп ұстауға тәрбиелеу, кітаптың адам өміріндегі аса маңызды рөлін түсіндіріп, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықты күтіп ұстауға үйрету.

Құндылығық дарыту: «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Кітап арабтың   “жазу”деген сөзінен шыққан.Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады.”Оқымасан ой тоқырайды”деген сөз кітап оқымағанның ойы таяз,санасы төмен,өмірі қараңғы болатыны дәлелдейді.Алғашқы кітаптар осыдан бірнеші жыл бұрын пайда болған.Ол біздің қолымыздағы еш ұқсамайды.Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған.Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып,оны кептіріп,кейін күйдірген.Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған.Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған.Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған.Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып,кітап соған жазылған.Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды.Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады» деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас.Шынымен де, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының, інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Кітап-барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез-келген сәтте көмекке келетін ерен күш, әрі білімді жетілдіріп, жан-жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да, білімді адам шығаруда тап-тырмайтын баға жетпес дүние.
 «Кітапсыз өтілген бір күн, орны толмай бос кеткен күн». Сондықтан да кітап атаулы мен дос бола бастау сәби шақтан басталу керек.Баланың ой - өрісін дамытудағы дамыту ойын-дары, табиғатпен байланыс, музыкалық білім және т. б. қатар маңызды орындардың бірі кітап оқу болып табылады. Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды.
  Бүгін біз «байлықтың үлкені - рухани дүние» деп айтамыз. Ал, оған құмарлық адамның кіп -кішкене кезінен басталады. Сәби тілі былдыр-лап шыққаннан ақ сүтін емізген анасының әлди әуеніне құлақ түреді. Әжесі мен атасының жа-рыса айтқан ертегілерін қызыға тыңдайды. Жалмауыз кемпірдің жауыздығын естігенде жәудіреген жанарларына үрей ұялайды. Батырлық пен тапқырлық туралы айтылатын жерлерінде жаны жадырап, рақаттанып отыра-ды. Осы құштарлықты әдемі безендірілген суретті кітапшалар ұштай түсетінін де үлкендер жақсы біледі. Ал кітап таңдай алудың өзі үлкен өнер. Балалар үшін барлық іс - кітаптар таңдауда, на-шар таңдап алынған кітаптарды оқу бала үшін ештеңе оқымағаннан да гөрі жаман да, зиян-ды. . .
  Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов. 
  Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир. Өкінішке орай көркем әдебиетке деген өз бетімен балалардың қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген құлықсыздық пайда болды. Оның себептерін күнделікті қолданысқа енген ғалам торабын , компьютер секілді құралдардың әсері деп білеміз.  Бұдан соңғы себеп, аттаған әр қадамыңыз ақша керек болатын күнделікті тіршілік қамы адамдардың кітапқа деген ынтасын төмендетіп жіберетіндігі. Мұның барлығы балалардың кітап оқуына үлкен кедергі келтіреді. Қоғамымыздың рухани әлемін жұтаңдатып әкетіп бара жатқан осы мәселеге ден қоюымыз да тегін емес. Мақсатымыз – кітап неге оқылмайды деген сауалдың жауабын жан – жақты іздеу.Қазақ балаларын қазақ әдебиетінен алыстатып алмаудың амалын бірлесіп табу. Кітапқа деген баланың қызығушылығын арттыру. Менің ойымша қазіргі кезде оқырман баланың қызығушылығын арттыру үшін «балабақша - мектеп – кітапхана – мұғалім – ата – ана» деген ара – жігі ажырамайтын схемамен жұмыс жасау қажет.  Бала балабақша табалдырығын аттаған күннен бастап кітаптың құдіретін ұғындыру. Жыртпауға, сызбауға, боямауға үйрету. Бірінші сыныпта өзінің алғаш бастап оқыған пән оқулығы туралы мағлұмат беру. Алғашқы күннен бастап «Біздің кітапхана» деген балалар кітапханасында жыл көлемінде акция ұйымдастырылса..    Кітапханашыларға көмекші ретінде оқушылар арасынан кітапханашыларды сайлап қойсақ. Барлық оқушы кезекпен кітапханашы болып шыққаны дұрыс. Акцияға кезекші баланың ата – анасының біреуі айына бір – рет баласының жұмысын кітапхана келіп көрсе, танысса. Мүмкін болған жағдайда бірге бір күн жұмыс жасаса. Ол апта сайын ауысып, кезек келе береді. Бұл жұмыс оқушылардың кітапханаға деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын. Олар өзімен  бірге басқа оқушыларды тартары сөзсіз. Кітапханаға деген дұрыс көзқарасы қалыптасып өседі, кітапты ұқыптап ұстауына, уақытында алған кітапты қайтаруына, кітпаханашы маманыдығына деген үстірт ой, жаңсақ мінез қалыптаспауына болысады.    

Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Кітап елді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады. Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл – кеңес, тәлім – тәрбие, үлгі - өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз. «Кітап – ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Кітап – ғылым, ол бүкіл адам баласына ортақ. Кітап – ғылым, білім жемісін халық арасына жаюшы, таратушы. Кітап – ақылдың кені.
Кітап – бар білімнің, бар ғылымның бастауы. Кітап – барлық заманда да білім қазынасының ғажайып қоймасы. Өз бетімен кітап оқып, оның көмегімен үздік білім алған, сөйтіп атақты ғалым болған адамдар да дүние жүзінде аз емес. Мысалы: Әлемге әйгілі ағылшын физигі Майкл Фарадей бала кезінде кедейліктен оқи алмай жұмыс істейді. Ол кітап түптеп күн көреді. Ақырында өз бетінше білім алып, дүниеге әйгілі ғалым болады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбай ұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің, кітапты көп оқуының арқасында жетілдіреді әрі бірнеше тілді меңгереді, алдыңғы қатарлы ойшылдардың еңбектерімен танысады. Ұлы ақын, ойшыл дәрежесіне дейін көтеріліп, бүкіл әлемге танылады.Кітапта алма ағашы,
Жемісін біздер теретін. Тәтті алмаға балашы Кітабыңның әр бетін,-деп Музафар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар – сендерге білім көзі, рухани қазына. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білім мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.
Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі. Кітап – ең сабырлы ұстаз. Кітап – рухани қазынамыз деп жиі айтамыз. Бірақ айтуын айтсақ та, өмірде бұлай бола бермейтініде бар. Кітапты көп оқымаймыз бірақ мұнда бір кілтипан бар. Ол анық: арамызда кітапқа құлқы жоқ, кітап оқуға құныға қоймайтын, құныққаныңыз не, керек десеңіз, кітап оқып дағдыланбағандарда жоқ емес. Кім білер мүмкін бірден – бір жолы бұл кітапты сүю, кітаппен әуестену, оны қадір тұтып, қастерлеу. Яғни үлкеннің де кішінің де кітапты өзінің шын рихани сусар бұлағына айналдыру басты шарт. Тегінде кітапқа деген құштарлық,ынтықтық әр сәбидің бесігімен тербеліп, әрбір отбасында сәби санасына нұр болып құйылып, жан – жүрегіне ұялайтын ата – ананың аманаты болуы қажет – ақ. Мінекиіңіз кітаптың рухани сарқылмас қазынаңызға, мәңгілік қазынаңызға айналатыны да сондықтан.

Кітап оқымайды деп байбалам салғанша жан – жақты болып қызмет жасауымыз керек. Оқырман мен кітап оқушы қоғамды қалыптастыру ата – ана, мектеп, кітапханашы қызметі жоғары дәрежеде болуы керек. Әрине сауалдар мен себептер көп. Одан қалды түрлі сылтауға кезігеді екенбіз. Ал ол себептердің ар жағынан әдеби кітаптың оқылуы үшін кім қандай күш жұмсауы тиіс деген қисынды сауал туады. Кітапханашылар жас ұрпақты әдебиеттен тыс елеңдететін ақпарат түрлері көп, қазақ тілінде балаларға арналған әдебиеттер тым аз деп шырылдайды. Әр баланың жасына сай, тіліне жатық, безендірілуі көркем орыс тілінде басылған кітаптар сияқты қазақ тіліндегі басылымдардың сапасы осындай болуын өтінеді.Әр түрлі саладағы баларға арналған ана тіліндегі энциклопедиялардың жоқтығы. Қазақтың көркем тілі – қазақ тілі қазақтың көркем әдебиетінде. Ал әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың әдебиеті мен тілі ең алдымен әр ұлттың өзіне керек. Қазіргі қазақ қоғамының алдында жас ұрпақты кітапқа, оның ішінде қазақ тілінде жазылған кітапқа баулу. 2 сәуір – “Халықаралық балалар кітаптарының күні” ,ал 23-сәуір-”Дүниежүзілік кітап күні”болып табылады.                   



Мақал-мәтелдер

1.Оқу  - білім азығы,
Білім – ырыс қазығы.
Білім басы - бейнет, соңы - зейнет.
2.Кітап білім бұлағы-білім өмір шырағы
3.Кітап-ақыл ойдың айдыны
4.Кітапсыз үй-терезесіз бөлме
5.Кітап жинай берген мұрат емес,оқыған мұрат
6.Көп жасаған білмейді,көп оқыған  біледі
7. Өнер - ағып жатқан бұлақ,
Ілім - жанып тұрған шырақ.
8.Кітап - алтын қазына.
9.Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім.
                                  
                   

Кітап туралы ой-толғаныстар

**Кітап оқымай ми толмайды, көз көрмей, көңіл тыңбайды.
**Оқырмандарға айтарым: көңіліңе ұнаған кітапты күн сайын оқу керек, тіпті жылына бір рет қайталап оқу керек, сонда одан бұрын аңғармаған көптеген пікірлерді табасың.
**Саф саф алтын тапқын келсе, кітапты көп оқы, ол мың кітаптың бірінде жатыр, іздене бер, кездесесің!
**Кітаптан әнуар нәрсе таппадым, жылынасың я суынасың да, қуанасың да, мұңаясың да, сүйтіп өзіңді әлемнің бір бөлшегіндей сезінесің.
**Кітапты оқысаң, өзіңнің қай жерде адасып жүргеніңді білесің.
**Әр кітап оқыған сайын, бұрын беймәлім дүниенің есігін ашып кіргендей өзіңді сезінесің, кітаптың кереметтігі осында.
**Кітап бір үғымды әсерлеп көрсетудің әртүрлі жолын көрсетеді.
**Кітапта сыр-сипат көп, оқып шығу бірінші іс. Окығанды ой таразысынан өткізіп, салмақтау екінші іс, өз ойыңмен салыстырып саралау, қортындылау үшінші іс. Ал бұны істей алмасаң, окыған кітабыңның берері аз. Кітап сараң, кім-көрінгенге сыр-сипатын бере бермейді.
**Кітап алып күш қана емес, күркіреп-күрсініп жатқан өмірдің өзі.
**Кітапты көп оқыған кенже қалмайды.
**Адам өледі, кітап жасарып жасай береді.
**Кітаптың берер сабағы, ойы ғарыштан да шексіз, жарық, нұрлы, қуатты.
**Сезімтал, сергек жасқа ұлы ұстаз — кітап.
**Түсініксіз ұғымды, пікірді, сұрауды білу үшін талай кітаптың бетін ақтарасың, арқа етің арша, борбай етің борша етіп іздегенді табасың,
**Кітапты қалам жазбайды, қаламды ұстаған жазады
**Оқыған кітабыңдағы сөз өз ойыңдай, өз түсінігіңдей болса, онда ол
кітапты жаман жазылған деуге болмайды, себебі кітаптағы сөзді өз
ойыңмен салыстырып, салмақтап көресің, сүйтіп түсінігіңнің дұрыс
бағытта екеніңді, өз мөлшеріңді байқайсың.
**Жақсы кітап жолдағы бастау, әр адам керегінше сусандай алады.
**Жүрегіңді жылыту үшін кітапты көп оқы.
**Керексіз кітап болмайды, керегін таба алмаған оқырман болады.
**Әр оқыған кітабыңнан сезімге – сезім, ойға – ой, үмітке – үміт тудыратын пікірді тауып алсаң, өзіңді бақытты сана.
** Қай істе болмасың, басы мен соңы болады. Сол сияқты әр кітаптың басы мен соңы бар, оған ерекше мән бере оқу қажет.









35 И.Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейі













Тақырыбы «Кітап оқитын адам-табысты адам»



Үйірме жетекшісі А. Баджанова

ЖИ арқылы жасау
17 Қаңтар 2025
150
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі