Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, Жаратылыстану
Тақырыбы: «Су не үшін керек?»
Мақсаты: Су туралы түсінік беру(ағады, шомыламыз,киім - кешек жуамыз, тағам пісіреміз, ішеміз, гүлдерді суарамыз ). Судың қасиеттерімен (түсі, суға батады – батпайды, сіңімді, иісі) таныстыру. Ойлау қабілетін, алғашқы тәжірибе жасау дағдыларын дамыту. Суға деген ұқыптылықты және үнемділікті тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: тәжірибеге арналған құтылар, бояулар, сүлгілер, су, ойыншықтар, суреттер, стақан, ноутбук, сиқырлы қорапша, апельсин шырыны, мандариндер,
Сөздік жұмыс: су, мөлдір, сұйық.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу т.б.
Технологиялар: денсаулық сақтау, ойын технологиялары.
|
Іс әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбер Қонақтармен амандасады. Жақсы көңіл күйімен бөліседі. |
Шаттық шеңбер Балалар қонақтармен амандасады. Жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ұйымдастырушылық ізденіс |
Балалар, қараңдаршы, мына сиқырлы қорапта не бар екен? Қараймыз ба? Тәрбиеші қораптың ішінен суы бар графинді алып шығады. Ішінде не бар? Дұрыс, бұл су. Яғни, бүгін біз сендермен су туралы сөйлесеміз. Су туралы тақпақты есімізге түсірейік! Мөлдір, мөлдір, мөлдір су Мөлдір суға қолыңды жу. Тазалықтың досы, Су дегеніміз – осы! Су туралы көптеген қызықты көретін боламыз. Ол үшін мен сендерге бүгінгі оқу әрекетінде зертханаға баруға ұсынамын. Ол үшін менің соңымнан жүріңдер!
Жарайсыңдар, балалар, өте тамаша! Ал енді, мен сендерді тәжірибе жасауға шақырамын яғни, қызықты фокустар көруге шақырамын (үстел басына отырады) 1 тәжірибе. Балалар, қараңдаршы, судың түсі қандай? Дұрыс, ол түссіз.
Әрбір балаға суды жақындап көрсетіп, түсіндіреді. Қазір, сиқырлап көрейік! 4 ыдыстағы судың қақпағына бояу жағып қоямыз, араластырғанда су неше түрлі түстерге боялады. Әрбір бала жақындап келіп, түстерді атайды. Қорытынды шығару. Музыкалды сергіту сәті Су тамшылары. Балалар бейнетаспадан видео қарап, қимылдарын орындайды. 2 тәжірибе. Су сіңеді. Тәрбиеші суды төгіп алғандай болып, балаларға оны сүлгімен сүртіп алуға ұсынады. Су сіңімді екенін дәлелдейді. 3 тәжірибе. Суға не батады, не батпайды. 2 мандаринді алып, балаларға суға салуды ұсынады. Тәрбиеші 1 мандаринді аршып, суға қайтадан салуды ұсынады. Тәрбиеші түсіндіреді. Қабығы бар мандарин суға батпайды, өйткені, қабығы қорғаныш ретінде, оның кішкентай тесіктері бар, олар ауа жіберіп тұрады.Топқа оралып, сиқырлы қорапта шырын алады. |
Қорапқа қарайды. Иә. Бұл – су. Мұқият тыңдайды. Мөлдір, мөлдір, мөлдір су Мөлдір суға қолыңды жу. Тазалықты досы, Су дегеніміз – осы! Қуанады. Суды ішеміз, суға шомыламыз, тағамдар пісіреміз. Киім – кешектерді жуамыз, гүлдерді суарамыз. үстел басына отырады. Түсі жоқ. Тәрбиешіні мұқият тыңдап, сиқырлайды. Су құйылған ыдыстарды шайқап, судың түсі өзгергенін байқайды. Әрбір бала жақындап келіп, түстерді атайды. Музыкалды сергіту сәті Су тамшылары. Балалар бейнетаспадан видео қарап, қимылдарын орындайды. Қолдарына сүлгі алып, суды сүртеді, ыдысқа сығады. Екі бала мандаринді алып, суға батырады, олар суда қалқып жүреді, батпайды. Мандарин суға батып кетеді. Балалар мандариннің суға батпайтынын көреді, тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды. |
|
Рефлексивтік түзету |
Балалар, біз бүгін не туралы сөйлестік? Судың түсі қандай? Оның иіс бар ма? Тәрбиеші белсенді қатысқан балаларды мақтап – мадақтайды. Балаларға шырынды сиқырлы қораптан алып береді. |
Су туралы. Су түссіз. Иісі жоқ. Балалар қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: меңгерген сөздіктерді.
Түсінеді: су туралы түсінік.
Қолдана алады: судың қасиеттерін атайды, тәжірибе жасай алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҰОҚ конспектісі "Су не үшін керек?"

шағым қалдыра аласыз