ҰОҚ, мүсіңдеу, тақырыбы "Сылдырмақ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҰОҚ, мүсіңдеу, тақырыбы "Сылдырмақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Ақбота» II - кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Күні: 25.09.2020 ж

Білім беру салалары: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: Сылдырмақ

Мақсаты: Сылдырмақ туралы түсінік беріп, оның дыбыс шығаруының сырын түсіндіру; домалақ және сопақша пішіндерді жасауды, тегістеп екі бөлікті біріктіре білуді, ұнаған түстерін таңдай білуді дамыту; ұқыптылыққа және еңбектене білуге тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: Сылдырмақ - погремушка

Қажетті құрал - жабдықтар: Балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған үлгі, сылдырмақ, тақтайша, ермексаз, сулық

Әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші балаларға сылдырмақ туралы өлең жолдарын таңдауды ұсынады.

Сылдырмақ

Сылдырмақ сылдырлап,

Бесікте тұрады.

Бөпешім былдырлап,

Сылдырмақ ұрады.

Бас салып, қолға алып,

Ауызға салады.

Сол кезде сылдырмақ

Сөйлемей қалады.

Ж. Смаков

(Сылдырмақты сылдырлатып көрсету).

Сөздік жұмыс.

Балалар өлең жолдарын тындайды, не туралы айтылғанын айтады.












Қайталайды.

Іздену -ұйымдастырушылық

Тәрбиеші:

- Бұл сылдырмақтың сыры неде? Бұл қалай дыбыс шығарады, зерттеп көрейік.

Пластмассадан жасалған ойыншықтың ішіне салынған моншақтарды ашып көрсету, қайта жауып, шайқап, сылдырлату. Осылай әртүрлі ұсақ заттар салу арқылы дыбыс шығарылатынын балаларға түсіндіру.

- Сылдырмақ не үшін керек?

- Кімнің үйінде сылдырмақ бар?

- Кімнің үйінде кішкентай іні-қарындастары бар?

Сол бөбектерге сылдырмақ жасап берсек қайтеді.

Тәрбиеші балаларға өзі дайындаған үлгіні көрсетеді.

Алдымен саусақ жаттығуларын жасап алайық.

Саусақ жаттығуы.

Қуырмаш (ойын - өлең)

Қуыр - қуыр, қуырмаш!

Тауықтарға бидай шаш!

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Халық ауыз әдебиеті.

Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру:

- Ермексаздан қалаған түсті таңдап алып, жұмсартамыз, оны екі бөлікке бөліп, алақанға салып домалақтаймыз;

- Екінші бөлікті алақан арасына салып, ширатып пішін жасаймыз;

- Екі бөлікті біріктіріп, әшекейлейміз.

Балалардың өз бетінше жұмысы.

Қиналып отырған балаларға көмек көрсету.

Сергіту сәті. «Сылдырмақпен би»

Қолымызда сылдырмақ,

Сылдыр-сылдыр етеді.

Аяғымыз тыпылдап,

Өзі билеп кетеді.

Тып, тып, тып, тып,

Тыпылдатып биге шық.

А. Меңжанова

- Жасаған сылдырмақтың түсі қандай? Сабынды қандай түспен жасадың? Не үшін ол түсті таңдадың? Кімге арнап жасадың? – сұрақтарын қойып, жауап алу.

Балалар тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды, сылдырмақтың сырымен танысады.



Үйлерінде сылдырмақтың кішкентай іні-қарындастарының барын айтып, сұрақтарға жауап береді. Оларды сылдырмақпен ойнататындарын айтады.








Саусақ жаттығуларын өлең жолдарын қайталай отырып орындайды.









Сылдырмақтың жасалу жолдарымен танысады.







Балалар тәрбиешімен бірге сылдырмақты мүсіндейді.




Қолдарына сылдырмақ алып, сылдырлатып, қимыл-қозғалыстар жасайды.




Балалар өздерінің жасаған сылдырмақтары туралы әңгімелейді.


Рефлексивті түзеуші

- Балалар, бұл жасаған сылдырмақтарынды ата-аналарыңа көрсетемін. Балалардың жұмысын талдау, мадақтау.

Балалар жасаған сылдырмақтарымен ойнайды. Өз текшелеріне қояды.

Күтілетін нәтиже:

Білуі немесе хабардар болуы: Домалақ, сопақша пішіндерді біріктіріп, ойыншық бейнесін келтіреді

Қалыптасқан әдет: Сылдырмақтың бөбектерге арналған ойыншық екендігін

Істей білуі: Ермексазды домалақ, сопақша пішінге келтіру дағдысын

Тәрбиеші: Мухаметкалиева Ж. С.

Тексерген: _______

Ескерту: _________











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.10.2020
724
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі